40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



бет8/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#127883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылыс, әрекет принципі мен құрылымдық ерекшеліктері; жабдықтарды пайдалану, реттеу, жөндеу, құрастыру және майлау ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері оларды түзеу тәсілдері; майлау карталары; майлау материалдарының түрлері мен қасиеттері; жабдықтарды жөндеу ережесі.
152. Бумаларды ораушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орау станогында бумаға оқшаулағыш, таспасын, рубероидты, пергаминді, қарақағазды және басқа да жабын материалдарды орау процесін жүргзізу. Метражды есептегіштің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Орау станогын іске қосу және тоқтату. Қордың дүкеніне таспаны сабақтау. Таспаны белгіленген метражға кесу. Туманы ұқыпты және тегіс орауды қамтамасыз ету. Буманың ұзындығын бақылаулық өлшеу. Көзбен көретін белгілер бойынша таспаның ақауларын алып тастау. Станоктардың жұмысындағы ақауларды түзету. Орау бөліктерін тазалау, үйкелетін бөлшектерін майлау.

Білуге тиіс: орау станогы мен метраж өлшеуіштің құрылысы, жұмыс принципі, рубероидты, оқшаулағышты, пергаминді, қарақағазды және басқа да жабынды орама матералдарды әзірлеудің технологиялық процесі, жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері; стандарттардың орау сапасы мен өндірілетін өнімдерге талаптары.
153. Цемент салушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоцемент тасушыға цементті тиеу. Автоцемент тасушыны тиеу алаңшасына орнату. Механизмдендің көмегімен немесе қолмен әртүрлі сыймдылықтағы қаптарға цементті салу. Аспирациялық қондырғыларды іске қосу және тоқтату. Автоцемент тасушыға цементтің біркелкі түсуін және болуын бақылау. Пневожүйенің жұмысын тексеру. Саңылаусыздықты қамтамасыз ету, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципін, тиелетін маркалардың маркасы, цементті тасымалдау сұлбасы; шаңдалған ауаны тазарту тәсілдері; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
154. Цемент салушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Цементті темір жол вагондарына тиеу. Вагондарды байқау, тазалау және тиеуге дайындау. Цементтің вагондарға біркелкі түсуі мен толуын бақылау. Цемент тасушылардың, вагондардың люктерін, есік орындарын ашу, жабу. Көлік құралдарына қызмет көрсету. Жабдықтар мен вагондардың саңылаусыздығын бақылау. Пневможүйенің жұмысын тексеру. Қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларының алдын алу және түзету. Буып-түйетін машиналарда цементті қапқа буып-түю. Қаптарды буып-түйетін машиналардың калпандық тесігіне ілу. Қаптарға цементтің толуын бақылау және оларды көлік құралдарына қатарлап орналастыру. Буып-түйетін машиналардың, көмеші жабдықтардың үздіксіз жұмысын және қалыпты жағдайын қамтамасыө ету. Аспирациялық қондырғылардың жұмысын бақылау. Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалық көрсеткіштерін байқау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі, вагондардың техникалық жағдайына қойылатын талаптар; цементті тасымалдау сұлбасы, тиелетін цементтің маркалары; цементті тиеуге арналған темір жол вагондарын жабдықтау ережесі; буып-түйетін машиналардың, көмекші жабдықтардың техникалық сипаттамалары мен құрылымдық ерекшеліктері; қапқа цементті толтыру нормалары; қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары; майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
155. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі күйдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахталық пештерде доломит пен әктасты күйдіру процесін жүргізу. Пешті дайындау, тұтандыру, іске қосу, тоқтату. Күйдірудің температуралық және тарту режімдерін реттеу. Шикізат пен отынды мөлшерлеу, салу. Бақылау-өлшеу құралдарын және пештер мен футеровкалардың, желдету және үрлеу қондырғыларының, жүк тиеу-түсіру, аспирациялық құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын байқау. Күйдіру процесі барысында шикізаттың көп күюін немесе аз күюін анықтау. Күйдірілген доломитті сөндіруге беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештердің құрылысы; шикізат пен отынның сапасына қойылатын талаптар, түрлері, қасиеттері, күйдіру процесінің параметрлері; дайын өнімге техникалық шарттар; пештің бір текше метр көлемін өнмі алу нормалары; жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері және оларды түзету тәсілдері; блокадаярлау жүйесі, пештер мен механизмдерді іске қосу және тоқтау тәртібі, газды суыту, тазалау, аспирация сұлбасы.
156. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі күйдіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конвейерлік және тоннельдік пештерде диатомитті, трепелді, пермитті бұйымдарды күйдіру, сондай-ақ шахталы немесе барабанды пештерде пермит пен вермикулитті ісіндіру процесін жүргізу. Пештерді, механизмдерді, желдеткіштерді дайындау, іске қосу және тоқтату. Пештерді және аймақтар бойынша күйдірудің температуралық және тарту режимдерін, отынның жұмсалуын реттеу. Пешке шикізатты салуды, бұйымдарды конвейерге және вагонеткаға дұрыс тиеуді басқару. Пештердің дұрыс жұмыс істеуін, футеровканың, желдету және үрлеу қондырғыларының, аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштердің, шіптерлердің жағдайын байқау. Шикізат пен бұйымдарды күйдіру сапасын көзбен анықтау.

Білуге тиіс: әртүрлі түрдегі пештердің, желдету және аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштер пен шіптерлердің бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; шикізат пен бұйымдарды күйдіру технологиясы; шикізаттар мен шала өңделген өнімдерге, дайын өнімдерге техникалық талаптар; технологиялық режимнің бұзылу белгілері мен себептері, оларды түзету тәсілдері; пештер мен механизмдерді іске қосу, тоқтату жүйелері; блокадалау жүйесі; суыту сұлбасы; шикізатты отырғызу тәсілдері және тиеу нормалары; отынды жұмсау нормалары; газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
157. Әктасты күйдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен едендік, айналмалы, сақиналы және шахталы пештердебелгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру. Автоматты қондырғылардың, электр сүзгіштердің және көмекші жабдықтардың жұмысын байқау. Футеровканың, пештердің, тоңазытқыштардың, жүк тиеу және түсіру камераларының жұмысын байқау. Отынның жұмсалуын есептеу. Жабдықтарды жөндеуге және техникалық байқауға қатысу. Жұмыс орнын жинау.

Білуге тиіс: пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмыс принципі; әктасты күйдіру кезінде қолданылатын отынның түрлері мен сипаттамалары; отынды жұмсау нормалары.
158. Әктасты күйдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Едендік, табиғи тартылуымен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннаға дейінгі сақиналық және қосынды өнімділігі санатына 10 тоннаға дейінгі айналмалы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру. Пешті тұтандыру және оны жұмыстың тиісті режиміне дейін жеткізу. Дайын өнімдерді сұрыптауды және толық күймегендерді алып тастауды байқау. Әктасты түсіруді басқару. Жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Табиғи газдың толық жануын бақылау. Пештердің жұмыс журналын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы; пешті тұтандыру ережесі; шикізатқа, отынға және дайын өнімдерге қойылатын талаптар; пештердің жұмыс журналын жүргізу ережесі.
159. Әктасты күйдіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жасанды тартумен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннадан асатын сақиналық және қосынды өнімділігі сағатына 10 тоннадан 20 тоннаға дейінгі айналымы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру. Бақылау-өлшеу құралдарының кқрсеткіштері және зертханалық талдау деректері бойынша пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмысын реттеу. Пешке тас пен көмірді тиеу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау қызмет көрсететін жабдықтарды икемдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен иемдену ережесі; әктасты күйдірудің белгіленген режимінен ауытқуды түзету әдістері; отынды барынша тиімді және үнемді жұмсау тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі.
160. Әктасты күйдіруші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 25 тоннадан асатын айналмалы пештерде белгіленген технологиялық режимге сәйкес әктасты күйдіру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жұмыстың температуралық және тарту режимдерін реттеу. Жүк тиеу-түсіру қондырғылары мен желдету жүйесін футеровкалау. Күйдіру процесі бұзылған кезде пешті жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; пештің футеровкасын салу әдістері; пештердің жұмыс режимін реттеу тәсілдері; өнімдердің сапасын бақылаудың негізгі тәсілдері; пештерді жөндеу ережесі.
161. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың күйдірушісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен сақиналық пештерде және агломерациялық машиналарда кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдар мен материалдарды күйдіру. Отынның пеште берілуін және оның жануын байқау. Газды шіптерді жағу және сөндіру. Аглоремациялық машиналардағы немесе агломерациялық тостағандардағы желтартқыш торкөздерге түйіршіктелген шихталарды және төселетін түйіршік қабатын қабылдау, салу. Тельфердің көмегімен тостағанды ваккум-камераға орнату. Пештерді, түтін сорғыштарды және басқа да жабдықтарды футеровкалау жағдайын байқау. Коллекторлар мен газ түтіктерін тазалау.

Білуге тиіс: Қызмет көрсететін жабдықтардың әрекет принципі, күйдірудің технологиялық процесі; отынның құрамы мен қасиеттері; материалдарды, отындарды, отқа төзімді материалдарды жұмсау нормалары; коллекторла мен түтіктерді тазалау ережесі; тельфермен жұмыс ережесі.
162. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың күйдірушісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процеске сәйкес айналмалы, камералық, едендік пештерде, тәуліктік өнімділігі 20 мың данаға дейін сақиналық пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды, басқа да бұйымдар мен материалдарды күйдіру. Өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдарды күйдіру. Таспалы агломерациялық машиналарда балшықты жыныстардан, күлден және көмірді байыту қалдықтарынан шикізаттарды күйдіру процесін жүргізу. Шихтаны құраушы бөліктердің дұрыс қатынасын бақылау. Белгіленген технологиялық процесіне сәйкес материалдардың, отынның, ауаның берілуін, температура мен қысымды реттеу. Кірпіш-шикізаттың, тастың дұрыс орнатылуын және алынатын материалдардың сапасын бақылау. Пештердегі температураны, тартуды, доңғалақты дұрыс және уақытылы салуды байқау. Күйдірілген бұйымдардың дайындығын анықтау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін жазумен пештердің жұмыс журналын жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы бұйымдар мен материалдарды күйдіру режимі; күйдірілетін бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптар; кірпіш-шикізат пен тастарды орнату тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.
163. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың күйдірушісі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық режимге сәйкес тәуліктік өнімділігі 20 мыңнан 40 мың данаға дейінгі сақиналық пештерде және газды немесе сұйық отындарда жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдарды күйдіру. Пешті тұтандыру және оны жұмыстың қалыпты режиміне дейін жеткізу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы; белгіленген технологиялық режимнен ауытқуды түзетудің тәсілдері; пешті тұтандыру ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.

Тәуліктік өнімділігі 45 мың данадан асатын сақиналық пештерде және қатты отынмен жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа бұйымдарды күйдірген кезде - 6-разряд.


164. Цилиндрлерді қаптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау машиналарының цилиндрлеріндегі пайдаланылған торларды ауыстыру. Цилиндрдан металл тордың үстіңгі және төменгі қабатын алып тастау. Цилиндрдің тесіктерін және оның бетін асбест-цементті массадан тазалау. Дәнекерлеушіні және дәнекерлеп жапсыруға қажетті қорытпаны жұмысқа дайындау. Дәнекерлеп жасауға қажетті қорытпаны әзірлеу. Цилиндрге жаңа торларды тартып салу, тігу немесе торларды дәнекерлеу. Цилиндрлердің шеттерін тігу және бояу.торларды жөндеу пайдаланылған шұғадан ваннадағы цилиндрді тығыздау үшін қорғаныс белдіктерін әзірлеу.

Білуге тиіс. Цилиндрдің торларын қаптау тәсілдері, дәнекерлеу процесінің негіздері және дәнекерлеуден кейін бұйымға қойылатын талаптар; қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесі; дәнекерлеу жұмыстарын орындау реттілігі.


165. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қысқарту пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларды тазалау және праймирлеу процесін жүргізу. Праймерді дайындау. Кептіру және конвейерге беру үшін құбырларды үздіксіз беруді қамтамасыз ету. Майлау және суыту жүйелерінің жұмысын байқау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы мен жұмыс принципі; оны іске қосу мен тоқтату тәртібі; құбырларды тазалау мен праймирлеу әдістері; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
166. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде оларға жылу оқшаулағышты енгізумен құбырларды өңдеу процесін жүргізу. Құбырдың шет жақтарын тазалау, оларға битум жағу. Оқшауланған құбырларды тасымалдауға арналған механизмдерге қызмет көрсету жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы; оқшауланған құбырларға техникалық шарттар; технологиялық процесс; құбырларды өңдеу, маркалау және өлшеу тәртібі; дайын өнімдерді беру және қоймалау тәртіп; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
167. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларға битумцементті-перлитті жылу оқшаулағышты және жабу қабатын енгізу процесін жүргізу. Баспақтаушы қондырғыларды және орау торабын басқару. Баспақ-камералардағы температураларды реттеу. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жабдықтарды дайындау, іске қосу, ретету және тоқтату. Жұмыстағы ақауларды түзету және желіні жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: автоматтандырылған желі механизмдерінің принципті сұлбалары мен өзара әрекеті; оқшауланған құбырларға техникалық шарттар; жылу оқшаулағыштар мен жабын материалдарының қасиеттері; технологиялық процесс; жабдықтарды реттеу тәсілдері; үлгі мөлшерлер бойынша жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі үшін тораптарды құрастыру мен бөлшектеу тәртібі; температураны реттеу ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету әдістері.

Электр доғалық металдау тәсілімен құбырларды жылу оқшаулау процесіне қызмет көрсеткен кезде- 6-разряд.


168. Толқындатқыш-тоқтатқыш агрегаттың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық толқындатқыштарда дымқыл асбест-цементті табақтарды толқындау процесін жүргізу. Басқару пультімен агрегатты қосу және айыру. Дымқыл асбест-цементті табақтарды толқындау және олардың бойлық кесілу сапасын байқау. Салуға түсер алдында ақаулы табақтарды сұрыптау. Салушының жұмысын айырлы траверстің қозғалысын, тасымалдаушыларды, қатыру камерасын, кесектерді тиеу мен түсіруді; жоғары қысымдағы желдеткіштер мен гидрожүйенің жұмысын байқау. Агрегат механизмдерін тазалау мен майлау, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Толқындатқыш-тоқтатқыш агрегатты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: толқындатқыштың, салушының, тасымалғыштың, желдеткіштің, гидрожүйенің және арбаларды автоматты лайлау жүйесінің құрылысы, жұмыс принципі; желілік мөлшері, үлгісі және сыртқы түрі бөлігінде асбест-цементті толқынды табақтарға стандарттың талаптары; ақаулардың алдын алу мен түзету тәсілдері.

Толассыз-автоматты желіге қызмет көрсеткен кезде -5-разряд


169. Түйіршіктеу операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түйіршіктеуіште белгіленген мөлшерде, беріктікте және ылғамдағы түйіршікті алу процесін жүргізу. Түйіршіктеуіштерді шикізаттың ұнмен, тозаңмен және сумен қоректендіруді реттеу, агрегаттарды түйіршіктелген шикізаттық қоспалармен біркелкі қоректендіруді қамтамасыз ету. Түйіршіктеуіштің тәрелкесін тазалау механизмінің жұмысын бақылау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету. Үздіксіз әрекеттгегі түйіршіктеуіштерде минералды мақтаны түйіршіктеу. Түту-қопсыту агрегаттары мен түйіршіктеуіштердің, сепараторлар мен көмекші жабдықтардың тиісті жұмыс режимін қолдау. Үйме салмағының белгіленген мөлшерін; шомылдыру деңгейін және түйіршіктердің өлшемін сақтау. Барлық жабдықтардың жұмысын байқау. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: түйіршіктеуіштердің және көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; шикізаттыңқ үн мен тозаңның сипаттамалары; түйіршіктеуіште материал мен суды беруді реттеу тәсілдері; түйіршіктерді әзірлеу сапасын бақылау әдістері; бақылау-өлшеу құралдарының, дабыл беру мен блокадалау жүйесінің міндеті және әрекет принципі; қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары, майлау материалдарының сұраптары мен қасиеттері; түйіршіктеуіштердің жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері; түту-қопсыту агрегаттарының, сепараторлардың, оларға көмекші жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылысы; жабдықтарды іске қосу және жөндеу ережесі; аспирациялық құрылғылардың құрылымы мен әрекет принципі; минералдық мақтаның қасиеттері мен сапалық сипаттамалары; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
170. Құбырларды бейімдеу конвейерінің операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауалық қатыру конвейерінде құбырларды дұрыс бейімдеуді қамтамасыз ету. Асбест-цементті құбырлардағы сызаттарды тегістеу. Құбырлардан біліктер мен өзекшелерді алу. Тығындарды қою және алу. Құбырларды қат-қабатқа ілиектеу және салу. Құбырларды алдын ала қатыру алаңшасын дайындау. Құбырлардың қисаюын және эллипстігін түзету. Құбырларды қат-қабатқа імектеу және салу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау және қатысу. Қалыптық білікке оралған құбырларды пышақ-бізбен піскілеу, оны жаныштап үгіту. Біліктер мен өзекшелерді құбырларға енгізу.

Білуге тиіс: ұзындық мөлшері бөлігінде асбест-цементті құбырлардың стандарттары (техникалық шарттары); асбест-цементті құбырларды қатыру режимдері мен бейімдеу ережесі; құбырлардың өзгерістері мен басқа да ақауларының алдын алу және түзету әдістері; бақылау-өлшеу құралдарының әрекет принципі мен қолдану ережесі; құбырларды ілмектеу және орналастыру ережесі.
171. Құбырларды бейімдеу конвейерінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конвейерде асбест-цементті құбырларды қатыру процесн жүргізу. Құбырларды бейімдеудің белгіленген режимін қамтамасыз ету үшін конвейердің қозғалыс жылдамдығын реттеу. Конвейер мен жартылай автоматтың жұмысын, тарту шынжырларының, белдіктердің және басқа да механизмдер мен конвейер қондырғысының жұмысқа жарамдылығын байқау. Құбырлардың конвейерде дұрыс орналасуын байқау. Конвейерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: конвейердің құрылысы мен әрекет принципі; асбест-цементті құбырлардың механикалық қасиеттері; әртүрлі диаметрдегі құбьрларды бейімдеу үшін қажетті уақыт.
172. Конвейерлік желі жабдықтарының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағымдыдан тыс конвейерлік желі жабдықтарында минералды-мақталы плиталар, тікқабатты төсемдер, цилиндрлер өндірісінің процесін жүргізу. Тасымалдаушылардың, дайындамалардың, плиталардың жабын материалдарының, минералды-мақталы кілемдердің, гидромассаның қозғалыс жылдамдығын реттеу. Минералды-мақталы кілемді жылумен өңдеу процесін жүргізу. Жабдықтардың жұмысын байқау, бұйымдардың үлгі мөлшерлері өзгерген кезде желіні қайта бейімдеу. Бұйымның шығуын және сапасын бақылау.

Білуге тиіс: барлық механизмдер мен агрегаттардың құрылысы механизмдер жұмысындағы ақаулардың себептері және оларды түзету тәсілдері; өнімдердің номенклатурасын және оларға техникалық шарттар, өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сапасын анықтау тәсілдері; байланыстырғыштардың, желімдеуіш құрамның, минералды-мақталы талшықтың қасиеттері; өнімдерді буып-түю әдістері мер ережесі; материалды, отынды жұмсау, дайын өнімдердің шығу нормалары; дабыл беру; бақылау, блокадалау және механизмдерді майлау жүйесі; газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
173. Конвейерлік желі жабдықтарының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Талшық тұндыру камерасымен тасқанға орналастырылған конвейерлік желіде орамалы цилиндрлер үшін минералды-мақталы плиталар, қауыздар, дайындамалар өндірісі процесін жүргізу. Талшық тұндыру картасынан кілемнің қозғалуын байқау. Кілемнің қалыңдығын және байданыстырушының түсуін реттеу. Тасқынды желінің жылдамдығын реттеу, минералды-мақталы талшықтың сапасын бақылау. Желдетқіштердің, түтін тартқыштардың жұмысын байқау, оларды іске қосу және тоқтату. Тозаң аулау қондырғыларын іске қосу, жұмысы және тоқтату. Бақылау-өлшеу құралдарын, жылу жеткізушінің температурасын байқау, жылумен өңдеу режимін сақтау. Айналымды, соратын желдеткіштердің, суыту аймағы желдеткіштердің жұмысын байқау.

Басқару қалқанына кернеу жіберу. Түйіршіктегіштердің, ұсақтаушылардың, қалдықтарды талшық тұндыру камерасына беру желдеткіштердің жұмысын байқау және іске қосу, тоқтату. Технологиялық сұлба бойынша жабдықтардың жұмысын байқау.



Білуге тиіс: талшық тұндыру және полимерлеу камераларының, тозаң аулау қондырғыларының, тасымалдаушыларды ылғалды тазалау жүйесінің, талшық тұндыру камерасының құрылысы; минералды мақта өндірісінің технологиялық процесі; талшыққа, байланыстырғышқа, кілемге қойылатын талаптар; блокадалау, дабыл беру жүйелері, тасқынды желі жұмысын іске қосу тәртібі, барлық агрегаттар мен механизмдерді қайта бейімдеу мен тоқтату; бұймдардың номенклатурасы; газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
174. Бұйымдарды бояу желісінің операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Камерада акустикалық плиталардың үстін бояу. Бояу үшін плитаның табандарын бекіту. Араластырғыштарды бояуды әзірлеу. Құрамды мөлшерлеу мен әзірлеу. Араластырғышты, баяуды беру үшін сорғыларды қосу, айыру. Механизмдердің, бүріккіштердің дұрыс жұмыс істеуін, баяулардың қоюлануын және күрделі және қарапайым фактурасының біркелкі қабатын жағуды байқау. Бүріккішке ауа мен баяуды беруді реттеу. Араластырғыштарды, бүріккіштерді, құрал-саймандарды тазалау мен жуып-шаю.

Біліге тиіс: плиталардың бетін жабуға арналған кабиналардың, араластырғыштардың, бояуларды беруге арналған сорғылар мен бүріккіштердің, тасымалдау үшін құрал-саймандардың құрылысы, бояулардың қасиеттері мен түрлері; оларды әзірлеу технологиясы; акустикалық плиталарды жабудың қасиеттері және оларға талаптар; жабылу түрлері; әртүрлі жабылуларды кептіру режимі; жабылу сапасын бақылау әдістері; бояу кезінде бұйымдарды орналастыру және бекіту ережесі; бояу және кептіру үшін плиталарды тасымалдау тәртібі; бояу әдістері, бүріккіштерді, араластырғыштарды тазалау тәсілдері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет