Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; әртүрлі түрдегі және сыртқы пішіндегі үлгілік, жалатылған және ішкілік блоктарды қалап салу ережесі; ерітіндінің рецептурасы; дайын блоктар мен панельдерге қойылатын талаптар.
67. Калибрлеуші - пішуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. №3-6 шағылған сұрыптамаларды қажетті қалыңдыққа дейін калибрлеу (бөлшектеу). Қолмен және гильотинді қайшымен қимаүлгі бойынша калибрленген пластиндерді пішу және кесу. Мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес түрлері, маркалары, мөлшерлері бойынша бұйымдарды сұрыптау. Гильтонды қайшылардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету.
Білуге тиіс: калибрленген пластиналарды кесу мен пішудің үнемді әдістері; шағылған сұрыптамаларға және дайын бұйымдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; шығулар нормалары; ақаудың түрлері, оны алдын алу мен түзетудің әдістері; қимаүлгілерді және бақылау - өлшеу құралдарын пайдалану ережесі; лиьтонды қайшыларды жөндеу мен реттеудің ережесі; станоктардың ұсақ ақауларын түзету тәсілдері.
68. Калибрлеуші - пішуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. №1-2 шағылған сұрыптамаларды қажетті қалыңдыққа дейін калибрлеу (бөлшектеу). Қолмен және гильотинді қайшымен қимаүлгі бойынша калибрленген пластиндерді пішу және кесу. Мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес түрлері, маркалары, мөлшерлері бойынша бұйымдарды сұрыптау.
Білуге тиіс: калибрленген пластиналарды кесу мен пішудің үнемді әдістері; шағылған сұрыптамаларға және дайын бұйымдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; шығулар нормалары; ақаудың түрлері, оны алдын алу мен түзетудің әдістері; қимаүлгілерді және бақылау - өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.
69. Слюданы калибрлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауданы 25 шаршы сантиметрге дейінгі өнеркәсіптік шикізатты, №8 шағылған сұрыптамаларды, мөлшері 4-10 мм жартылай тазартылған сұрыптамаларды слюдадан тиісті түрлердегі бұйымдар мен жартылай фабрикаттар үшін көзделген мемлекеттік стандарттағы және техникалық шарттағы қалыңдыққа калибрлеу (бөлшектеу). Калибрленген слюданы қалыңдықтар, сұрыптар, мөлшерлер, маркалар мен міндеттер бойынша бөлу.
Білуге тиіс: өнімдерге және жартылай фабрикаттарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, шикізаттан олардың шығу нормалары; калибрлеу әдістері мен тәсілдері; құрал-саймандар мен бақылау - өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.
70. Слюданы калибрлеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауданы 25 шаршы сантиметрден жоғары өнеркәсіптік шикізатты, №1-7 шағылған сұрыптамаларды, мөлшері 15-50 мм жартылай тазартылған сұрыптамаларды слюдадан тиісті түрлердегі бұйымдар мен жартылай фабрикаттар үшін көзделген мемлекеттік стандарттағы және техникалық шарттағы қалыңдыққа калибрлеу (бөлшектеу). Калибрленген слюданы қалыңдықтар, сұрыптар, мөлшерлер, маркалар мен міндеттер бойынша бөлу. Калибрленген пластиналарда қақпақшалар мен тығырықтардың орналасуына белгі салу.
71. Тас балқытушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептура бойынша шихта дайындау. Тасымалдағыштарға, мөлшерлегіштер мен араластырғыштарға қызмет көрсету. Шихта мен тас сынықтарын тиеу құрылғысына салу, оларды мөлшерлеу және балқыту пешіне салу. Балқыту пештерінің еңкейту механизмдерін басқару. Балқытпаны ағызып алғаннан кейін өңешті жабу. Құятын астауды арбашыққа орналастыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен балқыту пештерін жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: шикізатқа қойылатын негізгі талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен балқыту пештерінің құрылысы; ақаудың түрлері мен оның алдын алу тәсілдері.
72. Тас балқытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары тас балқытушының басшылығымен тасты балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес балқыту режимін реттеу. Доғалық электр пештерінде электродтарды көтеру және түсіру жолдарымен токтың күшін реттеу. Берілетін мазут пен ауаның мөлшерін өзгерту жолымен мартен пештерінің жұмысын реттеу. Грифиттік электродтарды өсіру. Балқытпаны балқыту пешінен ағызып алуға және балқытпаны қалыпқа құюға қатысу. Пешті және қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пештерінің құрылысы; тасты балқыту режимі мен технологиясы; бақылау - өлшеу құралдарын қолдану ережесі; орындалатын жұмыстар шеңберінде электротехника негіздері.
73. Тас балқытушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Доғалы электрлі немесе мартенді балқыту пештерінде тасты балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері негізінде балқыту пештерінің жұмыс режимін реттеу. Балқытпаның газсыздану және гомогендену деңгейін анықтау үшін сынақтаманы іріктеу. Балқытпанң дайындалуын анықтау. Балқытпаны пештен шығарып алу. Пештің жарамдылық жағдайын бақылау.
Білуге тиіс: балқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктері мен олардың жұмыс режимі; бақылау - өлшеу аппаратураларын пайдалану ережесі; шикізатқа және оның химиялық құрамына қойылатын талаптар; пешті жөндеу үшін қолданылатын отқа төзімді материалдардың қасиеттері; орындалатын жұмыстар шеңберінде электротехника негіздері.
74. Тас қашаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары тас қашаушының басшылығымен тасты өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау. Ауқымды емес блоктарды кеңейте бұрғылау, іздер салу, кесектерді жару, ұяны өрескел өңдеу және артқы бетін түсіру сүргіленген фактурамен тастан жасалған бұйымға ендірмені желімдеу.
Білуге тиіс: өңделетін табиғи тас жынысының физикалық қасиеттері; тасты өңдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері; желімнің құрамы мен оны әзірлеу әдісі; қолданылатын қол және механикалық құрал-саймандардың түрлері мен оларды пайдалану ережесі.
75. Тас қашаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қол, пневматикалық немесе механикалық құрал-саймандардың көмегімен табиғи тастардан қарапайым бұйымдарды дайындау. Өңдеу үшін қажетті мөлшердегі дайындамаларды іріктеу. Ауқымды блоктарды бұрғылау әдісімен өңдеу. Дайын қоныштар бойынша кесектерді жару. Плиталарды жіктеу. Тастың шеттерін алып тастау. Ұяны қырнау және тастың артқы бетін қыру. Тастарда ішкі бұрыштарды салу. Тастарда нығайту үшін іздер, ширектеме мен ұялар бұрғылау. Қимаүлгі бойынша қарапайым бұйымдарды тегістеу.
Білуге тиіс: өңделетін табиғи тас жынысының физикалық қасиеттері; тасты өңдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері; дайындаманы өңдеу және дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын құрал-саймандардың түрлері, оларды қайрау, құю және пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
-
Блоктар – қолмен бұрғылау әдісімен өңдеу, іздермен ұялар салу.
-
Ернеулі тік тастар - әзірлеу.
-
Плиталар – шеттерін жіктеу, кесу.
76. Тас қашаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қол, пневматикалық немесе механикалық құрал-саймандардың көмегімен табиғи тастардан қарапайым бұйымдарды дайындау. Қисық және үлгілік бұйымдарды тегістеу кезінде тасты өрескел өңдеу. Жалпақ бұйымдарды жартылай таза тегістеу, жүзді және таспаны тегістеу. Гранит бұйымдарын бұрғылау. Плитаны «ішік бойынша» өңдеу.
Білуге тиіс: тас жыныстары мен оларды өңдеу тәсілдері; дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;жапсырмалы және қолданбалы қимаүлгілерді пайдалану ережесі; қолданылатын пневматикалық және механикалық құрал-саймандардың құрылысы мен пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
-
Ернеулі тік тастар - әзірлеу.
-
Бағандар – бөлшектерді дайындау.
-
Арналы плиталар - әзірлеу.
-
Парапеттік плиталар - әзірлеу.
-
Терезе астының плиталары -әзірлеу.
77. Тас қашаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен және пневматикалық, механикалық, термоқопару құрал-саймандардың көмегімен күрделі бұйымдарды әзірлеу. Күрделі пішіндегі бөлшектер мен бұйымдарға белгі салу. Тастың, жүздің және таспаның жалпақ, дөңес және иілген беттерін таза тегістеу. Күрделі қимаүлгілер мен сызбаүлгілер бойынша сәулеткерлік сызықтық бөлшектерді өңдеу. Қарапайым оюларды, әріптер мен сандарды ойып салу. Орта күрделіліктегі қимаүлгілерді, сызба үлгілерді сызу, дайындау.
Білуге тиіс: тас жыныстары мен оларды өңдеу тәсілдері; дайындалатын бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; сызбаларды оқу ережесі; бақылау - өлшеу құралдарын пайдалану ережесі; қолданылатын құрал-саймандардың әрекет принципі мен пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
-
Бағаналар базасы - әзірлеу.
-
Әріптер мен сандар – белгі салу мен әзірлеу.
-
Сыртқы ернеулер - әзірлеу.
-
Маңдайшалар - әзірлеу.
-
Геометриялық оюлар - белгі салу мен әзірлеу.
-
Тұтқалар - әзірлеу.
-
Сыртқы ернеулердің, маңдайшалардың, тұтқалардың қимаүлгілері мен сызбаүлгілері - белгі салу мен әзірлеу.
78. Тас қашаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тастан ерекше күрделі бөлшектер мен бұйымдар әзірлеу. Ерекше күрделі сәулеткерлік қимаүлгілер мен сызбаүлгілер бойынша қолмен, пневматикалық, механикалық және термоқопару құрал-саймандар мен бұйымдарды таза өңдеу. Ерекше күрделі қимаүлгілер мен сызбаүлгілерді сызу мен әзірлеу. Өзінен біліктілігі төмен тас қалаушылардың жұмысына басшылық жасау.
Білуге тиіс: қолданылатын кен орындағы, жыныстағы және құрылымдағы тастардың физикалық қасиеттері; табиғи тасты өңдеудің барлық түрлері мен тәсілдері; шығарылатын бұйым номенклатурасы бойынша сызбаларды оқу ережесі; қолданылатын құрал-саймандардың құрылысы.
Жұмыс үлгілері
-
Балесиналар - әзірлеу.
-
Сауыттар - әзірлеу.
-
Бағаналар капительдері - әзірлеу.
-
Балесиндердің, сауыттардың, бағаналар капительдерінің қимаүлгілері мен сызбаүлгілері – белгі салу мен әзірлеу.
-
Өсімдік және стильденген оюлар – белгі салу мен әзірлеу.
79. Карбонизаторшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. өзінен біліктілігі жоғары карбонизаторшының басшылығымен доломитті сүтті карбонизациялау процесін жүргізу. Карбонизаторларға пеш газын беру. Сынамалар алу. Карбонизаторлардың, құбырлардың, шүмектердің ақауларын түзету, тазалау және жуып-шаю.
Білуге тиіс: карбонизаторлардың, құбырлардың, шүмектердің құрылысы; жабдықтарды іске қосу, тазалау тәртібі; доломитті сүттің, газдың қасиеттері.
80. Карбонизаторшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технология бойынша доломитті сүтті карбонизациялау процесін жүргізу. Карбонизаторларды дайындау, іске қосу және айыру. Температураны, қысымды және басқа да параметрлерді реттеу. Бақылау - өлшеу аппаратураларын байқау. Қайта кристалдаушыға доломитті айдау. Карбонизациялау деңгейін анықтау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы мен жұмыс принципі; карбонизациялау химиялық процесінің мәні мен параметрлері; карбонизациялау деңгейін анықтаудың тәсілдері; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзетудің тәсілдері.
3-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>81. Слюданы жүйелеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүйелеу қондырғысында слюданы жүйелеу. Құм електе тарамдалған слюданы мөлшері бойынша сұрыптау. Қондырғылар мен құм електер шлюздік түсірушілерінің жлектр моторларын іске қосу және айыру. Механикалық бөлшектеуге келмейтін слюданың жекелеген кристалдарын алып тастау. Мерзімді сынама алу жолымен таралған слюданың сапасын тексеру және мөлшері бойынша сұрыптау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; қондырғылардың өнімділігі мен жүктеме нормасы; өңделетін шикізат пен таралған слюдаға техникалық шарттар; ақаудың түрлері және оны алдын алудың тәсілдері; жабдықтардың жұмысындағы бұзылуларды анықтау мен түзету тәсілдері.
82. Слюданы ұсақтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слюданың өнеркәсіптік шикізатын топтамаға жарылу бағытының жазықтығы бойынша қолмен пышақпен бөлшектеу. Ұсақталған топтамаларды олардың мөлшері мен міндетіне байланысты топтар бойынша қатарлап салу.
Білуге тиіс: слюда кристалдарын ұсақтау тәсілдері; әртүрлі міндеттегі шикізаттар мен ұсақталған топтамалардың техникалық шарттары.
83. Слюданы ұсақтаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі түрдегі ұсақтау станоктарында слюданың өнеркәсіптік шикізатын топтамаға жарылу бағытының жазықтығы бойынша бөлшектеу. Ұсақталған слюданы мөлшері мен сапа санаттары бойынша сұрыптау. Олардың мөлшерлері мен міндетіне тәуелді топтар бойынша ұсақталған топтамаларды кейіннен қатарлап салумен кесетін роликті станоктарда шеткі ақауларды алып тастаумен ұсақталған топтамалар өндірісі.
Білуге тиіс: ұсақтайтын және кесетін станоктардың құрылысы; слюда кристалдарын ұсақтау тәсілдері және пластиналар міндетін анықтау; ұсақталған топтамаларға техникалық шарттар.
84. Панельдерді жинақтаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы қабырғаның панельдерін ағаш шеберлігі бұйымдарымен, терезе астындағы тақтайлармен және суағарлармен жинақтау. Ойықтарға терезе және балкон қорапшаларын орнату, оларды ағаш тығындарға бекіту. Ағаш қорапша мен ойық арасындағы саңылауды бітеу (саңылаусыздандыру немесе тығындау). Терезе жақтаулары мен балкон есіктерін ілу. Маңдайшаларды, терезе астындағы тақта мен суағарды орнату. Жақтаулар мен есік бөлігін келістіру.
Білуге тиіс: панельдерді жинақтау технологиясы және панельдер мен жинақтаушы бұйымдарға техникалық талаптар; қолданылатын құрал-саймандардың құрылысы мен әрекет принципі; жинақтаушы материалдармен бұйымдарды ілмектеу және беру ережесі.
85. Тастан жасалған бұйымдардың бақылаушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тастан дайындамалар мен қарапайым бұйымдар әзірлеудің технологиялық процесінің сақталуын пооперациялық бақылау. Жүкқұжаттарды, төлқұжаттарды және ақаулар актілерін ресімдеумен жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді қабылдау. Дайын өнімдерді тапсыру есебін жүргізу. Бұйымдар мен дайындамаларды дұрыс орау мен қоймалауды бақылау.
Білуге тиіс: дайындамалардың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің міндеті мен қасиеттері; бақыланатын бұйымдар мен дайындамаларды әзірлеу технологиясы; пооперациялық және түпкілікті бақылаудың ережесі мен тәсілдері; бақылау - өлшеу құрал-саймандарын пайдалану ережесі; сызбаны оқу ережесі.
Жұмыс үлгілері
Пооперациялық бақылау мен қабылдау:
-
Ернеулік тастар.
-
Өрнекті, жентек тасты плиталар.
-
Еден мен қабырғаның жалатылған плиталары.
-
Паратиттік плиталар, баспалдақтар.
-
Декоративті қиыршық тастар.
86. Тастан жасалған бұйымдардың бақылаушысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тас құймасынан бұйымдар және тастан күрделі бұйымдар әзірлеудің технологиялық процесін сақтауды пооперациялық бақылау. Жүкқұжаттар, төлқұжаттар және ақауға актілер ресімдеумен шығарылатын дайын өнімдердің барлық түрлерін қабылдау. Дайын өнімдерді тапсыру есебін жүргізу. Бұйымдардың дұрыс орналасуы мен қоймалануын бақылау.
Білуге тиіс: шығарылатын өнімдерді әзірлеу технологиясы; шығарылатын өнімдердің барлық түрлерін пооперациялық және түпкілікті бақылаудың ережесі мен тәсілдері; шығарылатынөнімдерге қолданыстағы стандарттардың талаптары; сызбаны оқу ережесі.
Жұмыс үлгілері
Пооперациялық бақылау мен қабылдау:
-
Бағаналар базасы.
-
Балесиндер.
-
Сауыттар.
-
Бағана капительдері.
-
Ернеулер.
-
Маңдайшалар.
-
Оюлар, сандар мен әріптер.
-
Тұтқалар.
87. Құрылыс бұйымдары мен материалдарының бақылаушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кірпіш – шикізаттың, керамикалық тастардың, жабынқыштарды, кептіру құбырларының, құрғақ гипсті сынақ табақтарының, борлардың және басқа да бұйымдардың сапасы мен мөлшерлерін бақылау. Олардың техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Ақауды тасымалдағышқа және құрғақ гипсті сынақ табағын электроарбашыққа салу. Балшықты кесекті автоматты кесуді, температураны, автоматты салғыштың, көтергіштің, түсіру үстелінің және басқа да механизмдердің жұмысын байқау. Кесу ішегін ауыстыру. Қатырудан кейін табақты асбест-цементті бұйымдардың, құбырлар мен жалғастырғыштардың олардың желілік мөлшері, пішіні мен сыртқы түрі бойынша стандарттардың талаптарына сәйкес сапасын бақылау. Асбест-цементті бұйымдарды маркалау сапасын бақылау. Сұрыпталған бұйымдарды табандарға дұрыс қатарлап салуды, асбест-цементті бұйымдарды қоймалау сұлбасы мен нұсқамасын сақтауды, өнімді тиеу үшін берілген вагондардың жағдайын, асбест-цементті бұйымдарды көлік құралдарына тиеу сұлбасын сақтауды бақылау. Түрлері бойынша стандартты бұйымдар мен ақаулар санын есептеуді жүргізу. Дайын өнімдерді маркалау. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, таралған слюданың, тік пішінді слюдадан бұйымдардың сапасының мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау. Технологиялық регламенттердің сақтауын бақылау. Қарапайым және орта күрделілікті бетонды және темір – бетонды бұйымдарды: іргетастар мен ішкі қабырғалар блоктары, маңдайшалар, жол, жаяу жол және трамвай плиталары, іргелі тастар, қырқымалар, аралық плиталар, каналдар, бағанашалар, шпалдар, терезе астындағы тақтайлар, баспақшалар, баспалдақтар, шарбақтар, дуалдар бөлшектері және басқа да тектес бұйымдар әзірлеу кезінде технологиялық процестің сақталуына пооперациялық бақылау. Талап етілетін қорғаныс қабатын сақтауды; төсеме бөлшектері мен ішпектердің дұрыс орналасуын тексеру. Пішіндердің, төсеме бөлшектерінің, арматуралық торлар мен қаңқалардың сызбалардың, техникалық шарттардың немесе стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылау. Дайын өнімдерді маркалаумен және төлқұжатын және ақауға актілерді толтырумен қабылдау. Жабындық және гидрооқшаулағыш материалдарының техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкестігін бақылау, қабылдау және тексеру. Сыртқы белгілері бойынша өнімнің сапасын анықтау. Бақыланатын өнімдердің ақауын табу және маркалау. Өніс сапасын түгел және таңдап тексеру кезінде сынамаларды іріктеп алу. Бақылау - өлшеу жазбаларын, дайын өнімдерді есептеу журналын жүргізу. Бұйымды дұрыс қоймалауды бақылау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі; бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды сынау әдістемесі; шикізаттар мен дайын өнімдердің сапасына, өндіріс технологиясына қойылатын талаптар мен негізгі қасиеттер; ашамаларды іріктеу тәсілдері, сапаны анықтау әдістемесі; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; бақылау - өлшеу құралдары мен қимаүлгілерді пайдалану ережесі; ақаулардың түрлері мен себептері бойынша кондицияға жетпеген өнімдерді есептеу жүйесі; пооперациялық және түпкілікті бақылау ережесі мен тәсілдері; бұйымдарды маркалау мен қоймалау тәсілдері; технологиялық карталардың талаптары; сызбаларды оқу ережесі.
88. Құрылыс бұйымдары мен материалдарының бақылаушысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі (үлкен ауқымды, жұқа қабырғалы) бұйымдар мен құрылғыларды: бағаналар, ригельдер, арқалықтар, түйіспе желілері мен шамдар тіректері, қысымсыз құбырлар, кассеталық және икемдеу бөлшектері, панельдер және аралық пен жабу плиталары, сыртқы қабырға панельдері мен блоктары, метро мен тоннельдерді әрлеу құрылғылары, баспалдақ марштары, сәулеткерлік бұйымдар және басқа да тектес өнімдер әзірлеу кезінде технологиялық процестің сақталуына пооперациялық бақылау. Өлшеу құралдарының көмегімен құбырлардың қалыңдығын бақылау. Сынау үшін құбырлар мен жалғастырғышты іріктеп алу. Сыналатын құбырларды (жалғастырғыштарды) гидравликалық баспаққа орнату. Оның баспақ бүркеншігіне жабысу тығыздығын тексеру. Құбырды сумен толтыру. Қысымман құбырдан ауаны сорып алу және тұщыландыру. Сыналған құбырларды (жалғастырғыштарды) қысу құрал-саймандарымен босату. Стандартты және кондицияға жеткізілмеген құбырларды (жалғастырғыштарды) есептеуді, сондай-ақ гидравликалық баспақта құбырларды бақылау сынамасының нәтижесін жүргізу. Слюдадан, миканиттен, микалекстен, слюдапластан, микатаспадан, асбовермикулиттен үлгілік бұйымдарының және олардан жасалған бұйымдардың сапасының мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау. Технологиялық регламенттердің сақталуын бақылау. Слюда негізінде электрооқшаулағыш бұйымдарын әзірлеу кезінде компоненттердің сандық құрамын анықтау.
Білуге тиіс: шығарылатын бұйымдарды әзірлеу технологиясы; пооперациялық және түпкілікті бақылау ережесі мен тәсілдері; материалдарға, жартылай фабрикаттарға, бұйымдар мен пішіндерге қойылатын талаптар; бұйымдарды маркалау және оларды қоймалау тәсілдері.
89. Құрылыс бұйымдары мен материалдарының бақылаушысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі бұйымдарды: сүрлемдер үшін темір – бетонды сақиналар, лифтілердің көлемдік шахталары, коллекторлардың, фермалардың көлемдік секциялары, құрылыстық және итарқа астылық блоктар, көпірлер мен жол өткелдерінің аралық құрылымдары, қысым құбырлары, кран бағаналары, құдықтардың жұмыс камералары және басқа да тектес өнімдер әзірлеу кезінде технологиялық процестің сақталуына пооперациялық бақылау. Шикізаттардың, байланыстырушылардың, жартылай фабрикаттардың және дайын жылу оқшаулағыш өнімдердің техникалық шарттарға, стандарттар мен нормаларға сәйкестігін бақылау, қабылдау және тексеру. Өндіріс процесінде және дайын өнімдер қоймасында толық және таңдамалы тексеру үшін сынамаларды іріктеп алу. Технологиялық процесті жүргізудің, өнімдерді қоймалау мен тиеудің дұрыстығын байқау. Нәтижелерін журналға жазу.
Білуге тиіс: шикізатқа, байланыстырушыға, жабу және орау материалдарына, дайын өнімдерге техникалық шарттар, стандарттар мен нормалар; сынау тәсілдері; сынаманы іріктеп алу ережесі; өнімдерді қоймалау мен маркалау тәртібі; өндірілетін өнімдерді әзірлеу технологиясы; пооперациялық бақылау ережесі мен тәсілдері.
90. Кептіру барабандарының от жағушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кептірілген материалдар бойынша қосынды өнімділігі сағатына 15 тоннаға дейінгі кептіру барабандарында (қондырғыларында) материалдарды кептіру процесін жүргізу. Отынның жануын реттеу, тиімді жылу техникалық режимді және кептіру барабандарын (қондырғыларды) қоректендіруді сақтау. Қалдықты ылғалдылықтың белгіленген нормасына дейін материалдарды кептіру. Оттықты күлден және қождан тазалау. Кептіру барабандары (қондырғылары) мен көмекші жабдықтардың үздіксіз жұмысы мен жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету. Кептіру барабандарының (қондырғыларының) және көмекші жабдықтардың механизмдерінің үйкелетін бөліктерін майлау. Белгіленген есеп пен есеп беруді жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кептіру барабандары (қондырғылары) мен көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; жұмыс режимін реттеу әдістері мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері; отынды үнемді жағудың сыпаттамасы, қасиеттері мен шарттары; шығатын газдың температурасы мен жалындауы; кептірілуі тиіс материалдардың құрамы мен қасиеттері; бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика, блокадалау және дабыл беру аспаптарының міндеті мен әрекет принципі; майлау карталары, майлау материалдарының қасиеттері мен сұрыптары.
Кептірілген материалдар бойынша өнімділігі сағатына 15 тоннадан астам кептіру барабандарына қызмет көрсеткен кезде - 4-разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |