44 беттің 16-ші беті



бет8/9
Дата14.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#198088
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма 1

Ұжымдағы келіспеушілік менеджерге көптеген жүйке ауруын, ал фирмаға шығындар әкелуі мүмкін. Сондықтанда, басшыға оларды уақытында тауып және сәйкесінше қортынды жасау қажет. Келіспеушілікті болдырмау үшін жұмыс стилін өзгерту керек.

Мысалы, тапсырмаларды көзбе-көз емес, жалпы кеңесте бөлу, тәжірибеге пікірлермен ашық ауысуды, жиі бірігіп қортынды жасауды енгізу.

Кейде басшы өзі сезбей келіспеушілік тудыруы мүмкін. Есіңізде болсын - басшы ретінде мыналарға жол бермеу керек:



  • өзіңіздің қол астыңыздағылардан қандай болсын іскерлік мәліметтерді жасыру;

  • қол астындағыларыңыздың белгілі біреуіне арнайы ықыласпен қарау;

  • өзіңіздің қол астындағыларыңызды жоғары тұрған басшыға қорықпай "талдауға" беру;

  • өз әріптестеріңіздің маманданғанына сенбеу

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ұжымда шиеленіскен жағдайлар тумау үшін менеджер не істеу керек?

  2. Егер шиеленіскен жағдай нақты болса, оны қалай басқару керек?

  3. Шиеленісті шешуде менеджер ретінде сіздің әрекетіңіз қандай?


9- Тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары (1-сағат)

1. Маркетинг түсінігі және мәні.

2. Маркетингтің даму кезеңдері.

3. Маркетингтің негізгі қағидалары.



Сабақтың мақсаты: Маркетинг ұғымы, мәні және мазмұны, маркетингінің негізгі тұжырымдамалары, маркетингінің негізгі мақсаттары, принциптері мен қызметтерімен және маркетинг кешенімен, «4 Р» жүйесі студенттерді таныстыру

СӨЖ тапсырмалары

  1. Сұраныс жағдайына байланысты маркетинг түрлерінің кестесін құрастыру

  2. «Қазіргі қоғамға маркетинг не береді?» тақырыбына эссе жазу


СОӨЖ №9.

9-тақырып. Маркетинг тұжырымдамасы жәнетеориялық негіздері

1-кесте. Қажеттіліктерді қамтамасыз ету тәсілдері




Қажеттілік

Қанағаттандыру тәсілдері

Жеке тұтыну

Бірігіп тұтыну

(біраз топ мүшелері арсында)



Бірігіп тұтыну

(үлкен топ мүшелері арсына қатысты)



Жаппай тұтыну













































1-тарсырма. Адамдардың бір нәрсеге қажеттілігін сипаттаңыздар:



  1. Өсімдік иайына;

  2. Ас үй құралдарына, ыдыс-аяқтарына;

  3. Тыңайтқышқа;

  4. Газет журналдарға жазылуға;

  5. Көмекшінің қызметіне;

  6. Үнемділік қызметтеріне;

  7. Аудармашы қызметіне;

  8. Мерекелерді ұйымдастыру қызметтеріне.

Әдебиеттер:

1.Романов А.Н., Маркетинг М:ЮНИТИ, 1996с. 13-17.

2.Уткин Э.А., Маркетинг. М: 1998с. 3-13.



10-тақырып. Маркетингтің мәні және мазмұны
1. Маркетинг тің негізгі қызметтері.

2. Маркетинг кешенінің түсінігі.



Сабақтың мақсаты: Қазақстанда маркетинг пайда болуының және даму эволюциясының алғы шарттарымен,нарықтағы сұранымға сәйкес, маркетингінің негізгі тұрпаттары және түрлерімен, ҚР маркетингінің қалыптасуы және даму келешегімен студенттерді таныстыру.
Семинар жоспары:

  1. Маркетингтің негізгі анықтамасы.

  2. Маркетинг – нарыққы бағытталған өндіріс философиясы

  3. Маркетингтің негізгі қағидалары мен қызметтері.

  4. Маркетинг тұжырымдамасы және оның сипаты

  5. Маркетингтің негізгі түсініктері.

  6. Маркетингтің даму кезеңдері.


СӨЖ №10 (3-сағат)

  1. нарық түсінігі, артықшылықтары мен кемшіліктері, негізгі атқаратын қызметтері;

  2. Нарықтың жіктелуі

  3. Нарықтық конъюнктура, сұраныс көлемі, нарық үлесі


СОӨЖ № 10

10-тақырып. Маркетингтің мәні және мазмұны (1,5-сағат)


  1. Мына тауарлардың қайсысы нарықта сұранычсты тудырады: зиянсыз темекілер, спирт сусындары, нан, сүт, зонтики, тіс емдейтін шаралар, балмұздақтар.

  2. Маркетингті қолданудың негізгі экономикалық шарттарын атаңыздар?

  3. Маркетинг тұжырымдамасының қандай элементтерін шағын және орта бизнесте қолданған жөн?


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, Москва: ЮНИТИ, 1996. С. 18-31

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы, 1999. С. 32-36


11-тақырып. Маркетингтің қоршаған ортасы.

1. Маркетинг ортасының түсінігі

2. Микроорта және оның негізгі факторлары.

3. Макроорта және оның негізгі факторлары.

4. Бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты зерттеу мақсаты және зерттеу объекті. Ақпарат көздері бойынша жіктеу.Ақпарат көздерін таңдау. Алғашқы ақпарат және оның мәні.Екінші ақпарат туралы түсінік және оның көздері.Маркетингілік ақпараттың жүйесі (МАЖ) және оның құрамалары.Маркетингілік орта және оның қосындыларымен таныстыру.
Семинардың жоспары:


  1. Маркетингілік орта және оның түрлері.

  2. Клиенттер нарығының түрлері.

  3. Микроортаның негізгі факторлары.

  4. Макроортаның негізгі факторлары.

  5. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениеті.


СӨЖ №11 тапсырма

Тақырыбы: Маркетингтің қоршаған ортасы (3-сағат)


  1. Макроортаның демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, саяси-құқықтық факторлардың қайсысын өндіруші ескеру керек:

а) спорт велосипедтерін;

б) қуыршақтардың колекциясын;

с) үрленетін қайықтарды;

d) нан өнімдерін;

е) сіріңкелерді.


  1. Бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;




  1. Сізге таныс бір кәсіпорынды талқылаңыз, сіз жұмыс істеген не болмаса тәжірибе өткен жеріңізді. Таңдаған кәсіпорын бойынша, оған қандай нарықтық қызметтің субъектілері сәйкес келеді:

а) жабдықтаушылар;

б) маркетингілік делдалдар;

с) бәсекелестер;

d) клиенттер;

е) байланыс аудиториялар.
Тақырып 12. Нарықты сегменттеу


  1. Сегменттеудің түсінігі.

  2. Сегменттеудің негізгі белгілері.

  3. Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау.

  4. Тауарды нарықта жайғастыру

  5. Нарық және конъюктура.

Сабақтың мақсаты: Тауарлы нарықтың кешенді зерттеуі және талдаудың негізгі бағыттарымен және бұқаралық, сараланған және мақсатты маркетинг туралы түсініктеме беру. Нарықты сегменттеуі. Критерийлері мен принциптерімен, нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау тәсілімен және тауарға нарықта жайлы (қолайлы) жағдай жасаумен таныстыру.
Семинардың жоспары:

  1. Сегменттеудің маңызы мен шарттары.

  2. Сегменттеудің негізгі белгілері мен критерийлері.

  3. Нарықты жаулап алу статегиясы.

  4. Тауарды нарықта жайғастыру

  5. Конъюктураны анықтау әдістері.


СӨЖ № 12-ге тапсырма (3-сағат)

  1. «Нарықты сегменттеу» сөзжұмбағын құрастыру.


СОӨЖ №12 (1,5-сағат)

Тақырыбы: нарықты сегменттеу
1. бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;

2. тауар өндіруші нарыққа шығуға жоспарланған жаңа тауарының нарықта жайғасуының варианттарын талқылаңыз.

а) созылмалы сағыздың;

б) кір жуатын ұнтақтың;

с) балалар киімін;

d) әйелдерге арналған журнал;

е) салқындатылған сусындар.

Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып 13. Тауар және тауар саясаты (2-сағат)
1. Тауардың жалпы сипаты.

2. Тауардың жіктелуі.

3. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)

4. Тауар саясатының міндеттері.



Сабақтың мақсаты: Тауар ұғымы. Тауарларды жіктеудің негізгі түрлері.Тауарды әзірлеу стратегиясы.Тауардың өмірлік циклының (ТӨЦ) кезеңдері.ТӨЦ кезеңдерімен байланысты тауардың сипаттамасы.Тауар саясатында белгіні (таңбаны) пайдалану.Орау, таңбалау және клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі шешіммен таныстыру.

Семинардың жоспары:

  1. тауардың сипаттамасы және деңгейі.

  2. Тауардың және қызмет көрсетудің жіктелуі.

  3. ТӨК негізгі этаптары және мәні.

  4. Тауарлы саясаттың мағынасы.


СӨЖ №13-ке тапсырма

  1. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі, оның маркетингтегі мәні.

  2. Тауардың өмірлік циклінің түрлері және оның мінездемесі.


СОӨЖ № 13

Тақырыбы: Тауар және тауар саясаты

  1. төменде берілген тауарларға тауарлық мінездеме беріңіз және оның тұтынушыларға деген қандай қажеттілігі бар екенін түсіндіріңіз:

а) электршәйнегі;

б) қол сағаты;

с) жеңіл автокөлігі;

d) гүл отырғызатын ыдыс кашпосы;

е) үстел лампасы;

f) сән журналы;

g) ағылшын тіліне арналған білім беру қызметі;

h) тоңазытқыш;

i) велосипед.

2. келесі мағынаны түсіндіріңіз: әдейі жасалынған тауар, іс жүзінде орындалған тауар. Мысал ретінде:

а) сіздің ойыңызша ең әйгілі салқындатылған сусын;

б) түрлі-түсті теледидар

с) роликтік конькилер

d) диван


е) екікамерлі тұрмыстық тоңазытқыш

f) тіс пастасы

g) сұйық сабын

h) фортепиано

і) электррадиаторы.

3. келесі тауарларға сыртқы орам варианттарын ойластырыңыз ( орамның формасын анықтау, түрін, тауардың маркісін анықтау).

а) жас әйелдерге арналған духи:

б) ер адамдарға арналған әшекей бұйымдары;

с) балаларға арналған шоколадтық дражесі

d) балалар конструкторы

е) тігіске арналған жіптердің бумасы

f) үстел сервисі

g) хрустальді люстра

h) пластикалық электрошәйнегі

і) 6 пирожый
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып -14. Баға саясаты

  1. Нарық жағдайындағы баға

  2. Бағаның негізгі қызметтері

  3. Нарықтың құрылымы және баға жасау

  4. Баға жасаудың міндеттері

Сабақтың мақсаты: студенттерді баға белгілеу проблемасына көзқарастар.Нарықтың тұрпаттарына байланысты баға белгілеу тәсілдерінің сипаттамасы.Баға белгілеу саясатына ықпал етуші факторлар.Бсекелесушілер бағасы мен тауарын талдаумен таныстыру.
Семинардың жоспары:

  1. Нарықтық шаруашылықтың категориясы немесе баға.

  2. Бағаның функциялары.

  3. Нарықтың құрылымы және баға.

  4. Баға жасаудың негізгі міндеттері.


СӨЖ № 14-ке тапсырма

  1. Бағаны құрудың негізгі этаптары және оның мінездемесі.

  2. Бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі.

СОӨЖ № 14

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі баға

1.Төмендегі тауарлар бағаға қалай әсер етеді: банандар, апельсиндер, клубникалар, картоп, ет, балық, сүт, кәмпиттер, дәптерлер, кітаптар, жиһаз, теледидар, бензин, газ.

2.сүттің бағалық икемділігі – 0,78, үйдің – 0,67, шоколадтың – 1,2, қоғамдық транспорттың – 0,8. осы тауарларға деген сұраныс пен пайда қалай өзгереді, егер:

а) баға 20% жоғарыласа

б) пайда 10 % төмендесе.

3.бағаға ең жоғары дәрежеде қандай фактор әсер ететінін анықтаңыз:

а) классикалық әйелдер костюмі;

б) дәрілік өнімдер

с) кітап басып шығаратын түрдің әртүрлілігі

d) күнделікті және сән аяқ-киімі

е) сүт және нан

f) консервіленген шырын.

Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 292-305б

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 166-176б.

3. Уткин Э.А. Маркетинг. М., 1998 146-222б.

Тақырып -15.Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы


  1. Өнімді өткізудің мәні

  2. Тарату арналары және оның қызметтері

  3. Делдалдарды таңдау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді нарық түсінігі және оның сипаттамасы,тұтыну нарығы және сатып алушылардың іс-әрекетімен, сатып алушылық іс-әрекеттің үлгісі және сатып алушының тұтыну нарығындағы сипаттамасымен, сатып алу жөніндегі шешімді қабылдау процесі және кәсіпорындар нарығымен, тұтынушы-ұйымдар нарығы, оның түрлері мен ерекшеліктерімен таныстыру.
Семинардың жоспары:

  1. Өткізу саясаттың мақсаты

  2. Делдалдарды пайдалану себептері

  3. Тарату арналары және оның қызметтері

  4. Тарату арналарының құрылымы

  5. Делдалдарды таңдау


СӨЖ № 15-ке тапсырма (3-сағат)

  1. Франгайзинг: бөлшектеп сату формасы ретінде.

  2. Тауарды орындау кезінде лизингті қолдану.


СОӨЖ № 15 (1,5-сағат)

Тақырыбы: Тауар қозғалысын ұйымдастыру

  1. 10 өндіруші және 20 тұтынушы бар нарықта қанша байланыс орнауы мүмкін делдалдармен және делдалсыз.

  2. төмендегілерге тарату каналын ұсыныңыз:

а) видеокасеталарды өндірушілерге

б) музыкалық аспапты шығаратын шағын фирмаға:

с) пластик және орамдарды шығаратын ұсақ өндірушілер

d) салқындатылған сусындар өндірушілеріне

е) полиграфиялық құрал-жабдықтарды шығаратындарға

Әдебиеттер:



  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.



Тақырып -16. Маркетингілік жоспарлау және бақылау


  1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және түсінігі.

  2. Стратегиялық маркетингті құрастыру үлгілері

  3. Маркетингілік жоспарлау

  4. Маркетингілік басқару

Сабақтың мақсаты: Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен ерекшеліктері.Маркетингінің стратегиясын таңдау.Маркетингінің стратегиясын жасау үлгілері.Қауіп пен мүмкіндіктер және Қазақстандағы маркетингтік жоспарлаумен таныстыру.

Семинардың жоспары:

  1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және түсінігі

  2. Базалық маркетингілік стратегиялар

  3. «Тауар нарық» қалыптамасы. Ансофф үлгісі

  4. «Нарық бөлігі-нарықтың өсімі» қалыптамасы

  5. Маркетингілік жоспарлау

  6. Маркетингілік құрылымның негізгі түрлері

  7. Маркетингілік бақылаудың түрлері.


СӨЖ № 16-ға тапсырма (3-сағат)

  1. Маркетинг бюджетін құрастыру әдістері

  2. Маркетинг жоспарының құрылымы


СОӨЖ № 16 (1,5-сағат)

  1. Шаруашылық портфельге кіретін бизнестің, мақсаттың, міндеттің, өнімнің түрлерін анықтаңыз және келесі кәсіпорындар үшін стратегияның дамуын түсіндіріңіз:

а) университет

б) сауда үйі

с) жиһаз фабрикасы

d) кітап дүкені

е) туристік фирма

f) құрылыстық бірлестік

g) көліктік фирма

h) көкөністі өндіретін фермерлік шаруашылық.

2.Стратегияны құрастыру мақсатында әртүрлі жағдайларды пайдалана отырып, төменде көрсетілгендерге стратегияны таңдау кезіндегі факторлардың әсер етуін түсіндіріңіз:

а) консервілік комбинат

б) кондитерлік фабрика

с) шағын нан пісіретін қоймалар

d) жанармай құю станциясы

е) темір жол вокзалы

f) әуежай.

Әдебиеттер:

1.Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 332-336б.

2.Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 245-262б.


4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


Тақырыптардың атауы

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

Менеджменттің пәні, әдістері және міндеттері

Эссе: менеджмент қызметтің спецификалық түрі болып келеді ме немесе онымен «қоғамдық бастамаларда» жұмыс істеуге болады.

Реферат: менеджер және оның функциялары. Тапсырма: қоғам алдында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Ұйымның құрылымы және ұйымдастырушылық нысандар

Тапсырма «ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы»

Тапсырма «менің ұйымым»

Менеджменттің теориясының және практикасының дамуы

Менеджмент теориясының жағымды және жағымсыз жақтары

Баяндама: қазіргі менеджменттің пайда болу шарттарының анализі

Менеджменттің әдістері

Қазақстан үшін шел елдердің басқару үлгісінің қайсысы сәйкес келеді

Тапсырма «істі енгізудің 7 қағидалары»

Менеджменттің қызметіндегі мотивация

1. эссе: «мен деген ұғымға мотивацияның қай тәсілі сәйкес келеді»

Тапсырма « мен күні бойы ауыр жұмыс істедім»

Жоспарлау және бақылау менеджменттің функциясы ретінде

1. тапсырма: Иерархиология

Реферат: шетел кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлауы

2. Тапсырма Мерфология



Ұйымдағы коммуникация

тапсырма: Басқарудың қай стилі ең жақсысы болып саналады?

Тапсырма: ойдың даму тиімділігі

Келіспеушіліктер мен стресстерді басқару

тапсырма: менеджер – келіспеушілік ситуацияларды басқару

Тапсырма»келіспеушілік және оны шешу жолдары»

Маркетингтің концепциялары мен негізгі теориялары

«маркетингтің негізгі концепциялары» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

Эссе дайындау: «маркетинг және қоғам»

Маркетингтің мәні және мазмұны

Маркетинг түрлеріне мінездеме құрастыру

Маркетинг кешенінің негізгі факторларының тізімін құрастыру

Маркетингтің ортасын зерттеу

Бақылау жұмысы «маркетингтің микроортасы»

Тауар нарығының жіктелуін құрастыру

Нарықты сегменттеу

Семей қаласының кәсіпорындарына негізгі мінездемелерді құрастыру

Нарықтағы арнайы тауардың ситуацияларын талдау

Тауар және тауар саясаты

Тауар саясатының міндеттері тақырыбы бойынша шағын сұрау жүргізу, ТӨК негізгі түрлерін талдау, кесте жасау

Орамдардың варианттарын, тауардың маркалық белгісін құрастыру,

Баға саясаты

«бағаның негізгі функциялары» және «нарықтың түрлері мен бағасы» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі» реферат құрастыру

Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы

Тауар қозғалысы арналарының функциялары тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«Өткізу саясатына» сөзжұмбақ құрастыру

Маркетингілік жоспарлау және бақылау

«бизнес жоспар», жоспарлаудың үлгілері, құрамы, құрылымы тақырыптарына шағын сұрау жүргізу

Реферат құрастыру: маркетингті басқару құрылымы, жетістіктері және кемшіліктері


4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.



Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет