472 бұйрығы бойынша жасалған Қмж келесі бетте


Қысқа мерзімді жоспар №16 сабақ



бет64/122
Дата24.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468655
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122
Алгебра 3-тоқсан 7-сынып

Қысқа мерзімді жоспар №16 сабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Тригонометрия.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.14
тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
7.2.1.14
алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
7.2.1.15
қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;

Сабақтың мақсаты

Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды;
Формулалардың көмегімен өрнектерді түрлендіреді;
Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіру барысында қолданады;

Бағалау критерийі

• Қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды;
• Формулалардың көмегімен өрнектерді түрлендіреді;
• Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіру барысында қолданады

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика және терминология:
Қысқаша көбейту, формула, көбейткіш, түрлендіру, қосынды, ықшамдау, көбейту, квадрат
Диалогтар және жазу үшін керекті тіркестер:
- көбейту формуласы деп нені айтады?
-Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесі;
-Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы;
-Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесі;
-Екі өрнектің айырмасының Қысқаша квадратының формуласы;
-Қысқаша көбейту формулаларын дәлелдеңдер.

Пәнаралық
байланыс

Геометрия

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
8 мин.
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.

I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.
«Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренингін жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын.


Топқа бөлу
«Мен таңдаймын» стратегиясы бойынша топқа бөлемін.
Мұғалім капитандарды атайды.(3 адам)
Үй жұмысын тексеру
Әр топтың басшылары үй жұмысын интерактивті тақтадағы дұрыс жауаппен сәйкестедіріп тексереді, өз тобындағы үй жұмыстарының дұрыстығына қарай « + ; ­ » қою арқылы бағалайды.

Осы әдіс арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Ал капитандар қалған топ мүшелерін таңдап алады.
Топтар
I топ
II топ
III топ

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Үй жұмыстарының дұрыстығына қарай « + ; ­ » қою арқылы бағалайды.

Оқулық 7-сынып.

формулалар



Сабақтың ортасы


10 мин.
Жеке жұмыс.

Теңдеуді шешіңдер:
1)4x²-(2x-1)²=15;
2)9x²-1=(3x-2)²;
3)(3x+1)²-(3x-1)²=11x+1,2;
4)(5+2y)(y-3)-2(y-1)²=0.
Саралау: қабілеті жоғары оқушылар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға көмек көрсетіп, бірлесіп жұмыс жасайды.

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет