Басы
|
Ширату.
Мұғалім 1300 жылы және 1500 жылы жазылған екі суретті көрсетеді. Және бірқатар сұрақтарды қояды:
|
Қай сурет бұрынырақ жазылған?
Бұл суреттер қай уақытта жазылды, сіздер қалай ойлайсыздар? Ерте, орта немесе кейінгі орта ғасырда?
Өз пікіріңді түсіндір.
Мұғалім бүгін қандай сұрақ қарастырылатынын сұрай отыра сабақтың тақырыбын қалыптастырады. Содан кейін оқытудың, сабақтың мақсаттары мен табыс критерийін айқындайды.
|
Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық.
|
Ортасы
|
Ұғыну.
Ресурстар бағанында көрсетілген немістің Қайта өркендеу дәуірінің өкілі Грюневальдтің Исаның крестке танылу бейнесі бар суретті көрсетіңіз. Оқушылар бұл суретке тыныштықта қарасын. Оны қарай отыра сурет оларда қандай сезім тудырғанын жазулары керек.
К «Суретші сізді қалай сезінуге итермелейді» сұрағын қойыңыз. Жұптарды осы сұрақтарды талқылауын сұраңыз.
Оқушылар не сезінгенін айтыс. Бұл сөздерді тақтаға жазыңыз.
К Сұрақтың жауабын талқылаңыз.
Суретшіге бір нәрсені өмірдегідей етіп салу қиын ба?
«Перспектива» ұғымын түсіндіру. Оқушылардың назарын сурет өнеріндегі «ая (фон)» аударту, бүкіл суреттер тегіс емес көлемді салынғанын, яғни ондағы объектілер кенеппен бір деңгейде орналасып тұрғандай екенін түсіндіру.
Сөйтіп, суретші өмірдің көрінісін салуға тырысты.
Суреттің Германияда Қайта өркендеу кезеңінде аяқталғанын (ол екінші туылуын» білдіреді), ол кезде суреттер шынайы бола бастады және Еуропадағы үлкен өзгерістер уақытын білдіретіндігін айтып өтіңіз.
|
Сәби Иса және Дева Мария бейнеленген тағы екі діни суретті көрсетіңіз. Оқушыларға суреттерді тыныштықта қарап шығу үшін уақыт беріңіз. Жұптарға сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды ма деген сұрақты талқылауын және олар неге олай ойлайтындығын сұраңыз.
Олардың пікірлерін тыңдаңыз.
П. Сыныпқа осы екі сурет арасында 200 жылдан астам уақыт өтті. Олар осы 200 жылдық кезең аралығында қоғамдағы өзгерістер суреттердегі қандай өзгерістерге әкеліп соқтырғанын топшылай алады ма?
Жұптасып талқылаңыз:
Суреттегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар?
Қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде салынды (толықтай түсіндіру)
Суретшілер көрермендерде қандай сезім тудырғысы келді?
П. Христостың бастапқыдағы суретіне қайтып оралыңыз. Енді ресурстар бағанынан осы жағдайдың орта ғасырларда бейнеленуін табыңыз. Оның бірінші суретпен салыстырғандағы ұқсастығы мен айырмашылығы (орта ғасырдағы суреттегі нұр сәулеге назар аударыңыз) туралы пікірлерді тыңдаңыз және қай сурет Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ал қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылғанын сұраңыз (бекіту үшін).
Ресурстар бағанындағы сілтеме бойынша Джорджо Вазари жазған XV ғасырдағы Флоренцияның бейнесін көрсетіңіз. Қалалардың пайда болуы туралы пікірлерін айтуды ұсыныңыз: үлкен / шағын, бай / кедей және т.б. Итальяндық қала Флоренцияны кей кездері «Қайта өркендеу бесігі» деп атайды. 1500 жылдар шамасында саяси қарама-қайшылықтарды сипаттайтын Еуропа және Италия карталарын көрсетіңіз
Қайта өркендеу дәуірі тек сурет өнерін ғана емес, ғимараттарды жобалау, дін, білім мен ойлаудың барлық түрлерін, музыка, мүсін, әдебиет, саясат және т.б. қоса алғанда еуропалық өмірдің барлық салаларын қозғады.
Г Оқу ресурстарындағы тоғыз кәртішкеден тұратын және Италияда Қайта өркендеу дәуірінің пайда болуына септігін тигізген әр түрлі факторлардың маңыздылығын ашатын жиынтықты таратыңыз.
Оқушыларға Қайта өркендеу дәуірінің Италияда басталу себептерін зерделейтіндіктерін түсіндіріңіз. Бүл өз кезегінде сурет өнері неліктен 1500 жылы өзгергендігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Топтарға кәртішкелерді мұқият оқуларын және оларға атау бере отыра топтастыруын сұраңыз, мысалы, ақша, суретшілер, өткенге қарай отыра.
|