Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
мына сұрақты: «1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?» қарастыру кезінде жұппен немесе бүкіл сынып болып өз пікірлерін айта алады
Пәнге тән лексика және терминология:
Қайта өркендеу, Византия, Шығыс Рим империясы, Ортағасырлық Еуропа, Ренессанстың өркендеуі кезіндегі Еуропа, перспектива, реализм, шынайылыққа жақын, нимб (нұр сәуле), путти, гравюра (нақыш), утопия.
Диалог және жазу үшін пайдалы сөз орамдары:
Бұл сурет мені мыналарды сезуге ............ итермелейді.
Суретші мені осы заттарды ....... арқылы сезуге мәжбүрледі.
Суретші ........... арқасында осы суретті шынайы етті.
Мен бұл сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды деп есептеймін, себебі ........
Екі сурет арасындағы ұқсастық пен айырмашылық мынадай .......
Суретшілер көрермендерді мыналарды сезуге мәжбүрлеуге тырысты.
200 жыл ішіндегі өнерде орын алған өзгерістер ............
Бұл сурет өзге суретпен байланысты, себебі ..........
|