Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет1/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz



Тұрсынбаева Г.Ж., Үкібас Қ.І.
Сауат ашу негіздері

Әдістемелік нұсқау


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы

2018


Тұрсынбаева Г. Ж.
Сауат ашу негіздері. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5–6 жас) педагогтеріне арналған /Г. Ж. Тұрсынбаева, Қ.І. Үкібас – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2018. – 61 бет.

Кіріспе


«Сауат ашу негіздері» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды; 2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына балаларға арналған жұмыс дәптері, педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау кіреді.
Сауат ашу негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.
Міндеттері:

  1. Артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау.

  2. Білімдерін тереңдету, қоршаған орта туралы түсініктердің негізінде балалардың сөздік қорларын байыту.

  3. Баланың тілін байыту барысында тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.

  4. Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру.

  5. Баланың байланыстырып сөйлеу және әңгімелеу, диалог арқылы тілдесу дағдыларын жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет