Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет8/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь. «Не қалай дауыстайды?»
Дидактикалық ойын:
Ойын шарты: Педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады.
Қой маңырайды:
Сиыр мөңірейді:
Жылқы кісінейді:
Түйе боздайды:
Ешкі бақырады:
Бұл ойында үй жануарларының жүрісін де салуға болады.
– Балалар, жазу үшін бізге не керек?
Үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен – басбармақ, сұқ саусақ, орта саусақтармен ұстайды (көрсету). Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Басбармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді. Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді).
Саусақ жаттығуы:
Педагог қаламды екі немесе үш саусақпен айналдыртады.
Саусақ жаттығуы:
«Сорпаға тұз себейік».
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №1 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметінен не түсіндіңдер, түсінбеген жерлерің бар ма? Оқу қызметінің ең қызықты сәтін еске түсіріңдерші.
2 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: Дыбыс.
Мақсаты: Дыбыс туралы түсініктерін пысықтау.
Міндеттері: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру, жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
Қағылезділікке, бастаған істі аяқтай білуге баулу. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қысқа және ұзын таяқшаларды жазуды;
Түсінеді: дыбыс айтылуына қарай әртүрлі болатынын;
Қолданады: өткен тақырыпты естеріне түсіруді, дидактикалық ойында әртүрлі ойындар ойнауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет