Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суретке қарап, «т» дыбысынан басталатын сөздерді айтады, дыбыс арқылы адам жүрісін ажыратады, тапсырманы орындайды;
Түсінеді: сөздердің бәрі дыбыстан құралатынын, «т» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін; Қолданады: сөздерді дыбысқа бөлуді қолданады, ойын арқылы «т»дыбысын табуды, сөздерді қолдарымен өлшеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: тоқылдақ – дятел, түймедақ – ромашка.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог бір адамның қатты жүріп келе жатқан дыбысына назар аудартады. – Не естідіңдер?
Негізгі кезең
Дыбыстарды сендер естисіңдер, бірақ дыбыстар қалай естіледі?
Балалар, жалпы дыбыстар дауыссыз, дауысты болып екіге бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен, дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.
Өткен тақырыпта қандай дыбыспен таныстыңдар?
«Т» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
Кәне, бірге қайталайықшы.
Педагог «Т» дыбысының айтылу артикуляциясын балалардан сұрайды.
Педагог балаларға «Т» дыбысынан басталатын көркем суреттер көрсетеді.
Балалар, сендер айтқан сөздердің бәрі де дыбыстан құралады. Сөзде дыбыс аз болса, ол қысқа сөзді құрайды. Мысалы: Ту, тас, тал.
Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзақ сөзді болады. Мысалы: тоқылдақ, түймедақ. Билингвалды компоненттерді қайталатады .
Сергіту сәті:
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз, Гүл, гүл жайнап жанамыз, Жақсы серігіп қаламыз.
Дидактикалық ойын: «Күн мен түнді» ажырат.
Ойын шарты: Педагог қай сөзде «Т» дыбыс бар?
Күндіз аспанда не бар болатынын, түнде аспанда не бар болатынын түсіндіреді. Сурет қималарымен ажыратып көрсетеді.
Педагог саусақ бұлшық етіне дамыту жаттығуларын жасатады.
Ағайынды екеу екен:
Біреуі оқымаған, Біреуі сауатты екен,
Көп іске жауапты екен. Ататын асықты да,
Ұстайтын қасықты да,
Хаттарды жазатын да,
Есікті ашатын да, өзі екен.
Жұмыс дәптермен жұмыс: № 6 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар, бүгін қандай дидактикалық ойын түрлерін өттік?
Ойын сендерге ұнады ма?
№7 ҰОҚ
Достарыңызбен бөлісу: |