Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: сырға – серьги, білезік – браслет.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Төмендегі өлеңді бірге айтады.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз.
Негізгі бөлім
Балалар өткен тақырыпты естеріңе түсіндіріңдерші?
Не жайлы айттық?
Педагог: Дыбыс айтылуына қарай әртүрлі болып естіледі.
Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы?»
Ойын шарты: Педагог үнтаспадан әртүрлі көлік түрлерінің табиғат құбылыстарының, жан-жануар, жәндіктердің дыбыстарын естіртеді. Балалар ненің дыбысы екенін табу керек. Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады.
Дидактикалық ойын:
«Дауысынан таны»
Ойын шарты: балалар шеңбер болып тұрады, бастаушы санамақ санау арқылы бір баланы ортаға шығарып, көзін байлайды. Санамақ арқылы келесі баланы шығарады, ол көзі байлаулы тұрған баланың атын айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады. Сыңғыр, сыңғыр сырғалар Құлағымда сыңғырлар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік,
Санап көрші, кәнеки,
1, 2, 3 – бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
Билингвалды компонент: сырға – серьги, білезік – браслет.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 2 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. – Бүгінгі сабақта не ұнады? Қай тапсырма ең қызықты болды?
№3 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлім: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Сөз. А дыбысымен таныстыру.
Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп, айыра білуге үйрету.
Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету, сызбалар жасауға үйрету. "А" дыбысымен таныстыру, танып білуге деген қызығушылықтарын дамыту.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |