5- сабақ. Моногенді тұқым қуалау, моногенді белгілердің тұқым қуалау типтері



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі113.29 Kb.
#495389
  1   2   3
Ақпараттық-дидактикалық блок. Моногенді тұқым қуалау. 21-22ж. 469381feb70c09dfdea84211de09a78e








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Молекуалық биология және медициналық генетика кафедрасы

Ақпараттық блок

Редакция: 1

64 беттің беті








5- сабақ. Моногенді тұқым қуалау, моногенді белгілердің тұқым қуалау типтері


Ақпараттық-дидактикалық блок
Генетика – тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы ғылым. «Генетика» терминін ғылымға 1906 жылы ағылшын ғалымы У. Бэтсон енгізген.
Генетика пәні-тірі ағзадағы гендердің тұқым қуалаушылығының материалдық негіздерін молекулалық-генетикалық, субжасушалық, жасушалық, ағзалық және популяциялық-түрлік деңгейде зерттеу.
Генетиканың міндеттері:
1) генетикалық ақпараттың сақталу жолдарын зерттеу (вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және адамдардағы);
2) тұқым қуалау ақпаратының ағзаларлармен жасушалардың бір ұрпағынан келесіне берілу жолдарын талдау;
3) онтогенез үрдісінде генетикалық ақпараттың іске асырылу механизмдері мен заңдылықтарын және оларға тіршілік ету ортасының әсерін анықтау;
4) өзгергіштік заңдылықтары мен механизмдері және оның ағзаның бейімделімен эволюциялық үрдістегі рөлін зерттеу;
5) бұзылған генетикалық ақпаратты түзету әдістерін қарастыру.
Адам генетикасы және медициналық генетикада генеалогиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, иммунологиялық, иммуногенетикалық зерттеу әдістері, сонымен бірге адам геномын молекулалық-генетикалық талдау әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет