5- сабақ. Моногенді тұқым қуалау, моногенді белгілердің тұқым қуалау типтері



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі127 Kb.
#495389
1   2   3
Ақпараттық-дидактикалық блок. Моногенді тұқым қуалау. 21-22ж. 469381feb70c09dfdea84211de09a78e

Тұқымқуалаушылық – тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын, екі еселейтін және ұрпақтар ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін барлық ағзаларға тән жалпы қасиет.
Өзгергiштiк - бұл тiрi ағзалардың орта факторларының әсерінен жаңа белгiлерге ие болу қасиеті.
Тұқым қуалау түсінігі белгілі биологиялық түр дараларының жеке белгілерінің структуралық-функциональдық құрылымдарының келесі ұрпаққа берілу процесін түсіндіреді. Тұқым қуалау – бұл тұқымқуалаушылықтың сыртқы көрінісі, тұқымқуалаушылықтың механизмдері тұқым қуалаудың ережелерін (заңдылықтарын) анықтайды.
Хромосомалардың диплоидты жинағындағы гендер жиынтығын генотип деп атайды. Генотип термині гендердің бір жұбы үшін және ағзадағы гендердің барлық жұбы үшін де пайдаланылады.
Ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын фенотип дейді.
Гомологты хромосомалардың бірдей локустарында орналасқан гендер аллельді гендер деп аталады. Аллельді гендер бір белгінің дамуын бақылайды (бұршақ пішіні, бұршақ түсі, бұршақ гүлдерінің түсі, адамның көзінің түсі және т.б.).
Аллелді емес гендер – гомологты хромосомалардың әртүрлі локустарында немесе әртүрлі хромосомаларда орналасқан гендер.
Бірінші ұрпақ гибридтерінде жарыққа шыққан (көрініс берген) белгілерді Мендель доминатты, ал жасырын қалған не көрініс бермеген белгіні – рецессивті деп атады. Доминантты белгілерді ол үлкен латын әріптерімен, рецессивті – кіші әріптермен белгіледі. Егер гомологтық хромосомаларда орналасқан аллельді гендер бірдей белгінің дамуын анықтаса, ондай ағзаны гомозиготалы.
Егер аллельді гендер қарама-қарсы белгілердің дамуын анықтаса, ондай ағза гетерозиготалыдеп аталады.
Гемизиготалы дара генотипінде бір ғана ген аллелі бар, мысалы, ер адамдарда Х - және Y жыныстық хромосомаларының (ХhY) гомологиялық емес локусындағы.
Белгілердің (гендердің) “тұқым қуалайтын факторларын” Мендель латын алфавитіндегі әріптермен белгілеуді ұсынды. Бір жұпқа жататын гендерді бірдей әріппен белгілеу енгізілді, бірақ белгінің доминантты жағдайдағы аллелін – үлкен, ал рецессивтісін – кіші әріптермен белгілейді. Доминантты аллель бойынша гомозиготалы дараны – АА, рецессивтіні – аа, гетерозиготаны Аа деп жазып көрсетеді. Рецессивті аллель тек ғана гомозиготалы жағдайда, ал доминантты – гомозиготалы және гетерозиготалы жағдайда да жарыққа шығатынын тәжірибе көрсетті.
Шағылыстыруды тәжірибе бойынша сызба түрінде жазу ұсынылды. Ата-аналарын Р (лат. рarentes – ата-ана) әріпімен атау, бірінші ұрпақтағы дараларды – F1 (лат. filii – балалар), екінші ұрпақтағы дараларды – F2 және т.с. ұсынылған. Шағылыстыруды көбейту (х) белгісімен көрсетеді, аналық дараның генотиптік формуласын бірінші, ал аталықтікін – екінші жазады. Бірінші қатарға ата-анасының генотиптік формуласын, екінші қатарға – олардың гаметалар типін, үшіншіге – бірінші ұрпақтардың генотипін жазады.
Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарын Мендель 1865 жылы ашқан.
Зерттеу барысында Мендель гибридологиялық әдісті жетілдіре түсті. Мендельдің зерттеу обьектісі қарама-қарсы белгілермен ерекшеленетін көптеген белгілері бар бұршақ болды. Альтернативті белгілері -өзара ерекше, қарама-қарсы белгілер (бұршақ тұқымының түсі сары және жасыл, пішіні кедір-бұдырлы, кара және көк көзділік).
Моногибридті будандастыру, яғни бір жұп белгілерімен ажыратылатын (мысалы, тұқымның сары және жасыл түстері бар) дараларды будандастыру (Мысалы, сары және жасыл түсті тұқым).
.

Р (ата-аналық ұрпақ) АА х аа


Гаметалар А, А а, а
F1 (бірінші ұрпақ гибридтері) Аа, Аа

Бірінші ұрпақ гибридтерінде ата-аналарының бірінің белгісінің тұқым қуалауы бірінші ұрпақ гибридтерінің біркелкілік заңы деп аталады.


Бірінші ұрпақтың гибридтердің беркелілік заңы тек кез-келген белгісі бір геннің екі аллелімен анықталатын диплоидты ағзалар үшін дұрыс.
Белгінің бірінші гибридтік ұрпақта доминанттылығы толық (толық доминанттылық) не толымсыз (толық емес доминанттылық) болуы мүмкін.
Толық доминанттылық доминантты белгінің гомозиготаларда (АА), сонымен бірге гетерозиготаларда (Аа) да бірдей көрініс беруімен сипатталады, яғни АА = Аа.
Толымсыз доминаттылық белгінің гомозиготалар мен гетерозиготаларда әртүрлі көрініс беруімен сипатталады (АА >Аа).
Толымсыз доминанттылық рецессивті геннің белгінің гетерозиготаларда фенотиптік көрініс беруіне әсер етуімен түсіндіріледі.
Толық доминанттылық:

Р АА (сары бұршақтар) х аа (жасыл бұршақтар)


Гаметалар А , А а, а
F1 (бірінші ұрпақ гибридтері) Аа, Аа (сары бұршақтар )
F1 Аа, х Аа
Гаметалар А , а А, а
F2 (екінші ұрпақ гибридтері ) АА Аа Аа аа

(сары бұршақтар) (жасыл бұршақтар)


Толымсыз доминанттылық:

Р АА (қызыл гүлдер) х аа (ақ гүлдер)


Гаметалар А , А а, а
F1 (бірінші ұрпақ гибридтері) Аа (қызғылт гүлдер)
F1 Аа х Аа
Гаметалар А , а А, а
F2 (екінші ұрпақ гибридтері ) АА Аа Аа аа

қызыл қызғылт ақ
Мендель асбұршақты әртүрлі белгілері бойынша будандастыру бойынша көптеген тәжірбиелерінің нәтижелерін талдай отырып, рецессивті белгілер жойылып кетпейтіндігін,келесі ұрпақтарда жарыққа шығатындығын болжады. Өз болжамдарын дәлелдеу үшін Мендель бірінші ұрпақ гибридтерін өзара шағылыстырды:
F1 Аа х Аа
Гаметалар А , а А, а
F2 (екінші ұрпақ гибридтері) АА Аа Аа аа

Мендельдің екінші ережесі былай деп құрастырылған: бір жұп альтернативті белгі бойынша талданатын екі гетерозиготалы (будандарды) дараларды шағылыстырғанда, ұрпақтарында фенотипi бойынша 3:1, генотипі бойынша 1:2:1 арақатынасында ажырау жүредi.


Екінші ұрпақ будандарындағы белгілердің ажырау заңдылықтарын түсіндіру үшін Мендель гаметалардың тазалығы туралы гипотезаны ұсынды, осыған сәйкес әр ата-ананың гаметалары тек бір ғана тұқым қуалайтын факторларды алып жүреді. Бірінші будан гибридтері (Аа) екі типті, тең арақатынастағы доминантты (А) және рецессивті (а) факторларды береді. Аа гибридті ағзада рецессивті белгілерді анықтайтын тұқым қуалайтын факторлар жоғалып немесе қосылып кетпейді, бірақ гаметалардың пайда болуының кезекті циклінде басым (А) факторлармен ажыратылады.
Рецессивті белгісі жарыққа шыққан ағзаның генотипін, оның фенотипі бойынша анықтауға болады. Егер ол ағза гетерозиготалы болса, онда ол ағзада доминантты белгі жарыққа шығуға тиіс. Сондықтан, рецессивті белгі көрініс берсе, ол ағза рецессивті белгі бойынша гомозиготалы болуға тиіс.
Доминантты белгілердің жарыққа шығуы фенотипі бойынша гомозиготалы және гетерозиготалы дараларда бірдей болады. Ол гомозиготалы да, гетерозиготалы да болуы мүмкін. Генотипін анықтау үшін талдаушы шағылыстыру жүргізіп, ұрпақтары бойынша дараның генотипін анықтайды. Талдаушы шағылыстырудың маңызы, генотипі белгісіз дараның генотипін анықтау үшін, оны рецессивті белгісі бар дарамен шағылыстыру. Егер талдаушы шағылыстырудан алынған ұрпақтары біркелкілік байқалса, талдаушы ген бойынша дара гомозиготалы, егер ажырау жүрсе,ол гетерозиготалы. Талдаушы шағылыстыру медициналық генетика және адам генетикасын зерттеу үшін маңызды.
Полигибридті шағылыстыру кезінде ата-аналық ағзалар бірнеше белгілер бойынша талданады. Р. Пеннеттің әр түрлі гаметаларының комбинацияларын есептеуді жеңілдету үшін пеннет тор деп аталатын тор түрінде қиылысуды жазу формасы ұсынылды.
Дигибридті будандастыруда, онда бұршақтың ата-аналық даралар бір-бірінен екі белгімен ажыратылады : тұқымның пішіні (Тегіс немесе кедір-бұдырлы) және олардың түсі (сары немесе жасыл). Тұқымның сары түсі - А, жасыл түсі-а, тұқымның тегіс формасы-В гені, кедір-бұдыр-в гені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет