2 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі
2.1 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі — бұл зкспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты - сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезіну, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі — активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті оған әрі дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы
саясат.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.
Экспорт — бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен зиялылық меншіктің нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық
Импорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушылардың алып келетін тауарлары.
Реэкспорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.
Ыңғайлас сауда (ыңғайласпа мәмілеме) — экспортты, импортты операцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің Тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұган ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде баспа-бас ыңтымақтастық мысал бола алады.
2.2 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары.
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) - бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
• валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.
Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат - кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау - ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық
операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.
Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.
Егер "ұлттық" және "мүдде" деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету - абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа "ұлттық мүдде" сипатын береді. "Ұлттық мүдде" ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары "ұлттық мүдде" түріне айналады.
Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы - мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.
Қазіргі кездегі дуниеде "үлттық мүдде" саясаты бір түр^ рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі ретінде, екінші жагынан - Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.
Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген, олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.
Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:
• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;
• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;
• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;
• дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;
• халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
• сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және т.б.
Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.
2.3 Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның ролі
Жиырмасыншы ғасырдың аяқталу кезеңі мынадай белгімен ерекшеленеді, яғни бұрын екінші реттегі қызығушылықты туғызған Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық өсу көзқарасынан да, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан да күн санап күрделеніп отыр. Ол үлкен көлемдегі әскери, теңіз және әуе базаларының орналасуымен айқындалады, тиісінше оның өзі көптеген елдердің, әсіресе АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай сияқты ұлы державалардың сырткы саясатында векторлықты қалыптастырады. Халықаралық ынтымақтастықтың формаларын белсенді ету үшін үл аймақтың тартымды болуы төмендегідей түсіндіріледі: бұл аймақта үлкен шамада адам ресурстары, табиғи шикізаттың қорлары, жоғары дамыған өнеркәсіп, сонымен бірге кең көлемдегі кеңістік шоғырланған.
Геократтық (жердің стратегиялық маңызды кеңістігіне билік) және талассократтық (теңіз және мұхит кеңістігіне билік) модельдер аймағында орналаса отырып, экономикалық дамудың ұшар шегіне жете келе, "азия жолбарысты" ұлы державалар міндеттерінен кем түспейтін міндеттерді өз алдарына қойды.
Азиялық мемлекеттердің мұндай жедел өркендеуі дамудың еуропалық емес моделін мойындау қажеттілігін көрсетті.
Бірақ та, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің гүлденген экономикасы өте жоғары аймақтық құрылымдарды құруға бет бұрган кезде, еуропалық үлгіні жүзеге асыруы мүмкін екендігін мойындау керек.
Нарықтық принциптегі әрбір еуропалық елдің ортақ нарық еңберінде өз жағдайларына бейімделуі - Азия-Тынық мұхиты аймағында да табысты түрде қолданылуы мүмкін, мұндай экономикалық бірлесу аймақтағы саяси көп түрліліктің алуан сипатын немесе алуан ажарын сақтауға мүмкіндік береді.
Азияға тән өндіріс әдісінен туындаған Азиялық нұсқа мемлекеттің шаруашылық өмірге катысудағы маңызды рөлі айқындады.
Осы жағдайда үкіметтердің жүргізіп отырған саясатты экспансияға мөлшерлеме жасады, оның өзі мемлекеттерді халықаралық экономикалық қатынастардағы жаңа позициялар тартты.
Экономиканың дамуының бұл үрдісі бұрын-соңды әлсін болған, экономикасы дамымаған мемлекеттердің жаңа сапалы жағдайға көшуі - қазіргі кезде ұлтаралық деңгейде нарықты үлгілерді кұру тенденциясына мойын бұрып отыр (ОШАМААТЭС).
Әлемдік нарықтың тенденцияларының жекелеген елдер арасында емес, жекелеген интеграциялық блоктар арасыңда туындауы XXI ғасырға тән ерекшелік болып табылады.
Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) құрылымында өзгерістер болып жатыр:
- ауыл шаруашылығы өндірісі мен қазба өнеркәсібі үлесінің азаю тенденциясы бар;
- қызмет көрсету саласы мен қаржы-несие саласының үлесі өсуде (Токио, Нью-Йорк, Сингапур, Гонконг сияқты әлемде төрт ірі қаржы орталықтарының дислокациясы, олардың әрқайсысындағы келісімдер көлемі жылына 150 млрд $-дан асады);
- техника мен технология, өндірістің автоматтандырылу жетістіктері және басқарудың жаңа әдістері негізіндегі өңдеу өнеркәсібі-экономиканың алдыңғы қатарлы секторы болып отыр;
- ғылыми және интеллектуалдық салалардың дамуы жеделдетілуде олардың ЖІӨ құрылымындағы үлесі өсуде (Жапония мен Кореяда - 3%, АҚШ, Сингапурде - 2,8%, Тайваньда-1,5%);
- қазба өнеркәсібінің даму қарқынын төмендету барысында, экономиканың тұрақты түрде өсуін қалыпты жағдайда ұстауда оның рөлі сақталып отыр;
- ссудалық инвестициялардың ірі көздері болып табылатын Әлемдік банк пен Азия даму банкі сияқты ірі халықаралық қаржын ұйымдарының осы аймаққа орналасуы;
- Азиялық Жаңа индустриялық елдердің кәсіпкерлік капиталынын шетке шығарылуы динамикалык тұрғыда өсуде (Гонконгте -12, Тайваньда - 6, Сингапурде - 6, Оңтүстік Кореяда - 5 млрд. доллар);
- Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттердің сыртқы сауда операциялары көлемінің өсуі, ол әлемдік сауданын 40-50%-не тең;
- адам басына шаққандағы табыс пен еңбек өнімділігі деңгейі бойынша "азия жолбарыстарының" топ жарып, алға шығуы, ол мемлекеттер рейтингін көтеруде;
- ұлттық экономиканың қайта құрылу базасы ретінде сыртқы сауданың дамуына басымдық сипат беру;
- сыртқы экономикалық саясаттағы өнімнің бәсекелестік кабілетін қамтамасыз ету принципіне басымдық сипат беру.
Қазақстан-2030 бағдарламасы белгілі дәрежеде республиканың халықаралық экономикалық координаторлар жүйесіндегі шегін сызып көрсетті.
Онда әлемде болып жатқан өзгерістердің динамикалығы ескеріле отырып, Республика алдына мынандай даму стратегиясын құру тапсырмасы қойылған, яғни бұл тапсырма ынтымақтастық жиектерін және келешекте басқа мемлекеттермен болуы ықтимал бәсекелестіктерді көруге мүмкіндік береді.
Бұл кезде Қазақстан күштердің әлемдік орталықтарының даму стратегиясы векторына түсуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық саясатын құрушы факторлар ретінде әр түрлі құбылыстар қарастырылады, бұл кездегі геоэкономикалық революция салдары оның негізін қалайды.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ерекшеліктер - даму стратегиясы бағамын анықтаушы факторлар болып табылады.
Олар: - Азия-Тынық мұхиты аймағы жүйесіндегі күштердің әлемдік орта (АҚШ, Жапония; ҚХР, "Азия жолбарыстары", Ресей) мүдделерінің өзара тоғысуы.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, күштердің әрбір тобы белгілі бір саясатты жүргізеді және күштердің кез келген тобында шамшылдық бағдарламалардын бар екендігін көруге болады. Мысалы, Тайвань бағдарламасында осы үлкен аралдың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды орынды алатын ірі аймақтық орталыққа айналу мақсаты көрсетілген және дамудың келесі сатысында - әлемдегі маңызды орынды алу мақсаты тұр:
- күштердің қарама-қайшылығы мемлеттердің инвестициялық өктемдігін жүргізуінде жүзеге асырылады.
Мысалы, Үлкен Қытай экономикасында инвестициялау көлемі бойынша Тайвань, Сянган, Аоэмень (Аомынь), Сингапур лидерлік орынға ие, екінші орынды - Жапония, үшінші орында АҚШ пен Канада инвестициялары тұр. Инвестициялар көлемдері бойынша Еуропалық Одақ елдер\ атап айтқандай Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия келесі орындарда тұр.
- мемлекеттердің өзара қатынастарындағы потенциалдық мүмкіндіктерде лайықты емес жағдай туындауда.
Мысалы, ҚХР мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарында саяси кикілжіңдер мен қақтығыстар орын алып отыр, олардың әрқайсысының пайда болуы жағдайында АҚШ саясаты американдық - қытайлық қатынастардың басымдылығын қалыптастырады.Мұндай саяси шиеленіс жапон-қытай қатынастарының жақсаруына ықпал етеді, бірақ жапон-қытай қатынастары 60 - жылдары азды-көпті реттелді, дегенмен, бірқатар жер мәселесіндегі түрлі талаптар, екінші дүниежүзілік соғыс салдары бұл жүйеде шектеуші параметрлерді қалыптастыруда
Азия Тынық мұхиты аймағы (АТМА) жүйесіндегі ЖИЕ-гі техника, технология және тауарлардың басты тұтынушылардың ретінде анықтай отырып, жапондық саясат қытайдың әлеуметінің өсуін ұстап тұратын реттегіштерді қолданудан жобалап отыр.
Төрт кіші "айдаһардың" келешектегі сауда серіктестері болып табылатындығы ескеріле отырып, Жапония мен Қытай арасында өткізудің бұл нарықтары үшін бәсекелестік күшейіп жатыр. Тиісінше, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер ассоциациясының (ОШАМА) елдер мен төрт "айдаһар" аумағында ірі қаржылық ағымдарды салуды жүзеге асырып жатыр. Бұүл аймақтың болашағын бағалай отырып, Еуропалық Одақ елдері мынадай саясатты жүргізіп отыр, яғни саудадан АТМА экономикасын тікелей инвестициялауды ұлгайтуға ауысу жүзеге асырылады. ОШАМА және "төрт айдаһар" елдерінің өзара қарым-қатынастарындағы күрделі процестерді ескере отырып, күшті мемлекеттер өздерінің әрбір тактикалық қадамын әрбір қолайлы жағдайда өздері үшін позитивтік позицияларды бекіту мақсатында қолданып отыр.
Бұған Оңтүстік Корея теңізіндегі жағдай, Қытай тарапынан әскери қауіптерден қорғау қызмет ете алады. Соның салдарынан белгілі бір дамудың, келіспеушіліктердің ақталуы негізгі державалар үшін сыртқы-саяси мүдделердің өзектілігін анықтайды.
Барлық кеңістіктегі күштердің мұндай балансын ескере отырып, Үлкен Қытай елдері күшті экономикалық бірлестіктердің құрылуы қажеттілігін сезінуде, ол басқа мемлекеттер мен блоктардың бәсекесіне төтеп бере алуы тиіс, сонымен бірге шлемдік капиталды тартатын алып әлемдік супердержаваның туындалуына әкеліп соғады.
Бұл аймақ, ең алдымен АҚШ әскери қатысудың ғаламдық жүйесінде маңызды буын ретінде қабылданады. Бұл кезде күштер элементтері ретінде әскери және экономикалық күш-қуат; сонымен бірге халықаралық ұйым қызметіндегі жоғары беделділік қарастырылады.
АҚШ алдында тұрған екі міндет: біріншісі - Қытайға "тұсау салу", екіншісі - Ресейге қарсы, яғни Қытайды өз жағына тарту, АҚШ-тың үкімет органдарын АТМА жүйесіндегі адекваттарын кеңейтуге итермелейді.
Сонымен бірге, мемлекеттер арасындағы тарихи түбірі бар қақтығыстар, қарама-қайшылықтар мен дауларды ескере отырып, АҚШ дипломатиясы осы дауларды шешуде "әлемдік сот" деңгейін алуға бағытталған.
Бұл аймақтағы экономикалық, технологиялық, коммуникациялық, ақпараттық эксианциялардың күш-қуатының күшеюіне теңіздік әскери базалардың шоғырлануы бойынша құрылатын фон қолайлы түрде әсер етеді.
Бұл аймақтағы Қытайдың өзі екі мәселені шешуге бағытталған: елдегі тұрақтылыкты қамтамасыз ету және экономиканы өзгерту бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды, сонымен бірге қарулану базасын құру әлемде жетекші орынды алу және АТМА-ға жоғары деңгейде әсер етуді қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға қол жеткізу Ресей позициясының жойылуы мен қайта қалпына келмеуі, ТМД елдеріндегі исламның өсу факторына, сонымен бірге Синьцзян мен Тибеттің сепаратистік күштерін шектеуге Қытайды мүдделі болуы ол үшін тиімді болып табылады.
Оның сыртқы экономикалық саясатының курсы Жапон мен АҚШ арасындағы тартыс кезінде қайсысының күші басым болатындығына байланысты болады. Бұл құрлықтағы Жапон жаңа нарықтарды игеру және саяси әсер етуді ақырында күшейтумен қатар өз әсерін сақтап қалуға ұмтылып отыр.
Әскери және экономикалық тұрғыда толыққанды державаға айналу мақсатын көздей отырып; белгілі бір дәрежеде өзін маңызды одақтасы АҚШ-ты мазалап отыр. Бұл кезде мынаны атап өту керек, АҚШ-тың әскери стратегиясының блогы АҚШ - қа Ресей тарапынан болатын қауіпті азайту емес, сонымен бірге Жапон зқономикасының әскери дамуын басқару міндетін қамтамасыз етеді.
Территориялық дауларда, әсіресе Ресей мен Жапония арасындағы дауларда "әлемдік сот" рөлін атқара отырып, сонымен бірге экология проблемаларын көтере келе, АҚШ, Ресей мен Жапония арасындағы байланыстардың жүзеге асуына мүмкіндік бермейді. Аймақтағы бұл жағдайды талдай отырып көптеген сарапшылардың болжауы бойынша, таяудағы онжылдықта шиеленісу ошақтары сақталуы мүмкін. Әр алуан жоспарлық, біртекті емес стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру процесінде бұл аймақтағы сыртқы экономикалық климатты сипаты мен мазмұндылығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |