5 1 Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері


Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері және олардың қаржылық іс - әрекеттерін талдау



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#137747
1   2   3   4

3 Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері және олардың қаржылық іс - әрекеттерін талдау

3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшелiктерi

Бірлескен кәсiпорындардың және шетелдiк компаниялардың қызметi сыртқы экономикалық заңдылықтарға сәйкес «Шетелдiк инвестициялар туралы» заңмен және 30 басқа да заң актiлерiмен реттеледi. Қазақстанда шетелдiк инвесторлардың қатысуы салықтық жеңiлдiктермен сүйемелденедi: алғашқы 5 жылда салық төлеуден босатылады және келесi 5 жылға 50% салық жеңiлдiгi, сонымен қатар жекешелендiруге қатысу мүмкiндiгi берiледi.

Бүгiнгi таңда бірлескен кәсiпорын Казақстанның барлық облысында қызмет атқарады. Бірлескен кәсiпорынның абсолюттiк көпшiлiгi республиканың астанасында – 889. Облыстардың iшiнде бiрлескен кәсiпорынның көп тiркелгенi Алматы, Оңтүстiк Қазақстан, Талдықорған, Қарағанды облыстарында байқалады. Бірлескен кәсiпорынның ең аз саны Торғай (4), Солтүстiк Қазақстан (8), Қызылорда және Жезқазған (14) облыстарында.

Бірлескен кәсiпорындардың сыртқы саудасының айналымы да өсiп келедi. Бірлескен кәсiпорындардың жалпы экспортының көлемi импорт көлемiмен салыстырғанда 59,3%-ға өскен. Экспорттың импорттан басымдығы Нидерланды елiнiң қатысуымен құрылған бiрлескен кәсiпорында кездеседi.

Ең көп бірлескен кәсiпорын Қытай фирмалармен (333), Туркиямен (187), Германиямен (125), АҚШ-мен (124) құрылған. Ең аз саны Жапонияның қатысуымен (4), Египетпен (5), Индиямен (7). Мөлшерi бойынша 4000 адамға дейiн орналасқан.

Қазақстан – ТМД елдерiнiң iшiндегi мұнайгаз саласын инвестициялау үшiн перспективалы елдердiң бiрi. «Шеврон» саяси проблемалар туындайтын әлемнiң көптеген аймақтарында жетекшi жұмыстарды жүргiзушi мұнай компанияларының iшiндегi ең iрiсi болып табылады («Шеврон» Суданда азаматтық тұрақсыздықпен байланысты жұмыстың тоқтатылуынан 14 млрд.доллар жоғалтты). Тенгиз жобасы 20 млрд. АҚШ доллармен бағалануда және осы жобаны iлгерi бастыруға қиындық тудыратын техникалық, көлiктiк проблемалардың және басқа да факторлардың сәттi шешiлген жағдайында, Қазақстан 2010 жылға дейiн жыл сайын 100 млн.тонн мұнай өндiре алады.

Қарашығанақ мұнайгаз кенiшi бойынша өндiру принциптерi туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Италияндық «Аджип», ағылшынның «Бритиш Газ», ресейлiк «Газпром» АҚ-ы шетел инвесторларының компаниялары болып табылады. АҚШ-тың 320 млн. долларға дейiнгi көлемдегi күрделi қаржымен 4 жылға есептелген келiсiмдер сұйық углеводтарды өндiрудi 4-4,5 млн.тоннаға және газды 4 млрд.куб.м дейiн жеткiзедi. Жалпы инвестицияның көлемi АҚШ-тың 8 млрд.долларын құрайды (кенiштi пайдалану төрт он жылдыққа есептелген). Бұндай принциппен кәсiпорын жұмыс iстеп тұрған мерзiмде Қазақстанға 40 млрд. АҚШ доллары көлемiнде инвестиция құятындығымен сендiрiледi.

Шетелдiк инвестицияны тартудың ұқсас жобаларының маңызды ерекшелiгi, оның ұзақ мерзiмдi және масштабтылығы болып табылады. Сондықтан бұл кәсiпорындарды iске қосу және олардың жұмыс iстеуi бұл аймақтарда сәйкес инфрақұрылымды демеу және қолдауды қарастырады. Бұл жобаларда маңызды орын кенiштiң аймақтық әлеуметтiк дамуының саласындағы қызметтерге, сол сияқты өңдеу және мұнайхимия кешендерiн (Қарашығанақ) салуға болашақ инвестицияға маңызды жол ашады /19/.

Жоба бойынша келiсiм шетелдiк құрылыс фирмалары үшiн маңызды перспективалар ашады. Қажеттi қаржы құралдарын, жаңа техниканы және технологияны тарту, жұмыс орындарын ашу, персоналдарды қайта дайындықтан өткiзу мүмкiндiгiн бередi және маңызды әлеуметтiк тиiмдiлiк шетел инвесторларының тiкелей қатысу артықшылығын өзiне тәуекел алуға және қаржылардың тиiмдi қайтару жауапкершiлiгiн жүктейдi.

Бүгiнгi таңда үкiмет мұнайгаз саласындағы 10 елдiң 24 компаниясымен келiсiм жасады.

Мұнайгаз iздестiру жұмыстары және өндiрудi жүргiзу мүмкiндiгiн алған компаниялар мына елдер бойынша белгiленген:


1. АҚШ - 9

6. Венгрия - 1

2. Германия - 3

7. Швейцария - 1

3. Англия - 3

8. Израиль - 1

4. Кипр - 2

9. Франция - 1

5. Оман - 2

10. Жапония - 1

Басым және тартымды сектордың игерiлу процесi әлi бiткен жоқ, жаңа фирмалар және жаңа жобаның пайда болуын күтуге болады.

Шетел инвесторларының қатысу санының масштабына қарамай-ақ, олардың көпшiлiгi күтiлген және күтiлмеген проблемаларға кездесуiнен, жұмыс көлемдерi қысқаруы байқалуда (Германия, Канада және Францияның қатысуымен ашылған фирмалар) және өндiрудiң жоспарланған көрсеткiштерi төмендеген («Шеврон»). Бұл инвестициялық климаттың жақсару проблемасын шұғыл өзгертедi, жұмыстың жүру барысын реттейдi және жоба бойынша барлық мiндеттемелердiң орындалуына бақылау қояды.

Iрi бірлескен кәсiпорындардың iшiнде Қазақстанда қызмет етушi мұнай мен газ саласынан басқа, АҚШ, Қытай, Туркияның фирмалары, сол сияқты Европаның бiр қатар елдерi: Австрия, Германия, ұлыбританияның фирмалары басым.

Экономиканың стратегиялық саласында құрылған қуатты бірлескен кәсiпорындар (Қазаххром, Шеврон) кәсiпорындары ең үлкен экспорттық әлеуеттi құрайды. Бірлескен кәсiпорындардың көбi iшкi рынокқа бейiмделген (70% шамасында) кестеде көрсетiлгендей. Бірлескен кәсiпорындардың экспорты бiрден өсiп, 1994 жылы жалпы импорттан АҚШ-тың 6 млн.долларына асып түстi.

Мәлiметтерге сүйенсек ұлттық экономикада қатысудың жеткiлiксiз реттелуiне қарамастан (қаржы институтының дамымауы, меншiктегi жерге таластың шешiлу механизмi және т.б.) шетелдiк кәсiпорындардың қатысуы көбеюде. Ойын ережесiн шұғыл, бiлiктi түзету және бірлескен кәсiпорындар қызметiнiң мықты негiзiн құру бүгiнгi таңда бiздiң экономикаға деген фирмалардың iскер көзқарастары мен сенiмдiлiгiн бекiтедi.

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен және шетелдiк кәсiпорындардың қызметiн талдау

2007 жылы инвестиция көлемiнiң жартысынан көбi жекеменшiк формасындағы кәсiпорындар (54,3%) арқылы жүзеге асырылады. Шетел кәсiпорындарының үлесi жоғары, жалпы негiзгi капиталға бағытталған инвестиция көлемiнiң 31,2%-ын құрады.

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның қомақты көлемi өнеркәсiпте (58,3%), көлiк пен байланыста (11,1%) шоғырланған. Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 70,5% - өнеркәсiпке, мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiруге және осы облыстарда қызмет көрсетуге, 9,9% - металлургия өнеркәсiбiне жұмсалды. Көлiк және байланыс саласындағы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның үлкен бөлiгi (49,1%) құбырмен тасымалдауға, 15,2% - темiр жол көлiгiне және 16,9% - байланысқа жұмсалды.

сурет 1

Кәсiпорындардың өзiндiк қаржылары негiзгi капиталға бағытталған инвестицияны қаржыландыру көздерi болып табылады. Жалпы кәсіпорындардың өз қаржысы 54 пайыз, бюджет қаржысы – 11 пайыз, шетел инвестициясы – 26 пайыз, тартылған басқа да қаржылар түрі – 9 пайыз құраған (Сурет 1).



Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның өзiндiк технологиялық құрылымы құрылыс–монтаждау жұмысынан, құрал-жабдықтардың барлық түрлерiн құрастыру және сатып алу шығындары, басқа да жұмыстар мен шығындардан тұрады. 2007 жылы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның машиналар мен құрал жабдықтарды орнатуға, құрастыруға, сатып алуға 39,9%-ы жұмсалды (кесте 2). Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 69% жаңа құрылысқа, 38,2%-ы техникалық қайта жарақтануға, реконструкциялауға және әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейтуге бағытталды (кесте 3).

Кесте 2


Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның технологиялық құрылымы

қорытындыға %-бен






2004

2005

2006

2007

Барлығы

100

100

100

100

оның iшiнде













Құрылыс-монтаж жұмыстары

27,8

26,1

26,9

26,7

Машиналар, құрал-жабдықтар, инструменттер, инвентарьлар

27,5

30,7

37,5

39,9

Басқа жұмыстар мен шығындар

44,7

43,2

35,6

33,4

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

Кесте 3


Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның құрылымы

қорытындыға %-бен






2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Негiзгi капиталға бағытталған инвестиция - барлығы

100

100

100

100

100

100

100

оның iшiнде






















Техникалық қайта жарақтандыру және әрекеттегi кәсiпорындарды реконструкциялау

35,8

40,4

33,3

32,8

36,8

22,0

38,2

Әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейту

13,8

9,0

6,1

7,8

27,1

3,9

17,5

Жаңа құрылыс

23,7

43,1

50,4

51,5

31,8

67,8

69,0

Әрекеттегi қуаттарды қолдау

3,3

3,1

3,6

2,1

1,2

2,3

4,0

Көрсетiлген бағыттарға жатпайтын жеке объектiлердi салу

23,4

4,4

6,6

5,8

3,1

4,0

1,3

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

Қазақстан жайлы инвестициялық климат жасауға тырысуда. Бұл мақсатта Қазақстандағы инвестициялық қызметтердi реттейтiн бiр қатар нормативтiк құқықтық актiлер дайындалып, енгiзiлуде.

1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан экономикасының басымды секторларына инвестиция құятын инвесторлардың жағдайы, сол сияқты шетелдiк инвесторлардың жеңiлдiктерi мен преференциялары анықталды.

Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына сәйкес бұрынғы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар бойынша комитетiнiң орнына Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Мемлекеттiк комитетi құрылды, оның негiзгi мiндетi экономика мен қоғамның динамикалық дамуы мақсатында инвестициялық белсендiлiкке жәрдемдесу болып табылады /3/.

Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және Қазақстанның инвестициялық позитивтiк бейнесiн жасау мақсатында үкiметтiң бiр қатар құжаттары қабылданды, оның iшiнде халықаралық инвестиялық конференцияларды, көрмелердi және басқа шараларды Қазақстанда, басқа елдерде өткiзудi қарастыратын Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi бойынша ақпараттық жоспар жасалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi рейтингтiк агентствомен жұмыс бойынша уәкiлеттi органы болып анықталды.

Қабылданған нормативтiк актiлер және ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына және жайлы инвестициялық климат жасайды.

Шетел инвесторларын мынадай факторлар қызықтырады: Қазақстанның бай табиғи ресурстары, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеует, стратегиялық кен орындары, iшкi саяси тұрақтылық, инфляциялық процестердiң тұрақтылығы, кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы, қаржыландыру ставкаларының төмендеуi және т.б.

2006-2007 жылдары Қазақстанға келiп түскен шетелдiк тiкелей инвестицияның көлемi 16980,2 млн. АҚШ долларды құрады. 2007 жылы Қазақстанға құйылған шетелдiк тiкелей инвестиция рекордтық жоғарғы деңгейге жетiп 4418,5 млн.АҚШ долларды құрап, ол 2006 жылғы деңгейден 59%-ға өстi.

Шетелдiк тiкелей инвестицияның негiзгi көлемi мұнайдың шикiзатын және табиғи газды өндiруге жұмсалды. 2007 жылы мұнайгаз саласына 3287,8 млн. АҚШ долл (74,4%) жұмсалды. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 458,9 млн.АҚШ долл (10,4%) геологиялық және iздестiру қызметiне, 125 млн.долл. (2,8%) құбырмен тасымалдауға жiберiлдi. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 301,1 млн.долл өңдеу өнеркәсiбiне, оның iшiнде 84,5 млн. АҚШ долл ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге, түстi металлургияға – 31,0 млн. АҚШ долл, қара металлургияға 22,4 млн.долл. жұмсалды.



Кесте 4

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасына экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялардың түсiмi



млн. АҚШ долл.

Қызмет түрлерiнiң атауы

2006

2007

барлығы

%

барлығы

%

Барлығы

2780,7

100

4418,5

100

Ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы

3,6

0,1

5,3

0,1

Тау-кен өнеркәсiбi

2026,8

72,9

3291,4

74,5

мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiру

2002,7

72,0

3287,8

74,4

металл кенiн өндiру

3,9

0,1

1,8

0

басқа салалар

20,2

0,7

1,8

0

Өңдеу өнеркәсiбi

245,9

8,8

201,1

6,8

- ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу

42,5

1,5

64,5

1,9

- металлургия өнеркәсiбi және металл өңдеу

101,2

3,6

53,4

1,2

- қара металлургия

71,4

2,6

22,4

0,5

- түстi металлургия

29,6

1,1

31,0

0,7

электр және электрондық қурал-жабдықтарды өндiру

47,1

1,7

67,5

1,5

радио, теле және байланыс үшiн аппаратура мен құрал-жабдық өндiру

45,4

1,6

66,9

1,5

басқа салалар

55,1

2,0

95,7

2,2

Электр қуатын, газ бен су өндiру және тарату

41,2

1,5

33,4

0,8

Құрылыс

12,0

0,4

36,6

0,8

Сауда, автомобильдердi жөндеу және үйде қолданылатын бұйымдар

48,5

1,7

56,6

1,3

Қонақ үйлер мен ресторандар

10,1

0,4

24,6

0,6

Көлiк және байланыс

95,1

3,4

144,8

3,3

- құбырмен тасымалдау

75,0

2,7

125,0

2,8

- байланыс

9,9

0,4

4,6

0,1

- басқа салалар

10,2

0,4

15,2

0,3

Қаржы қызметi

29,9

1,1

44,1

1,0

- ақшалы делдалдық

25,4

0,9

23,7

0,5

- басқа салалар

4,5

0,2

20,4

0,5

Қозғалмайтын мүлiктермен операция, жалға алу және кәсiпорындарға қызмет көрсету

258,5

9,3

472,8

10,7

кәсiпорындарда көрсетiлген қызметтер

252,9

9,1

463,0

10,5

сәулет және азаматтық құрылыс (геологиялық, iздестiру қызметтерiн қоса есептегенде) саласындағы қызметтер

189,8

6,8

458,9

10,4

басқа салалар

5,6

0,2

9,8

0,2

Мемлекеттiк басқару, бiлiм беру, денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызмет көрсету

5,6

0,2

7,9

0,2

Жоғарыда аталғаннан басқа қызмет салалары

3,3

0,1

0

0

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

Төлем балансы мәлiметтерi бойынша 2004 жылы Қазақстан кәсiпорындарының акционерлiк капиталдарына (АҚШ-тың 530 млн.долл.) тiкелей шетелдiк инвестицияның құйылуы негiзiнен 2006 жылы жасалған шарттар: «Шеврон» американдық корпорациясының «Тенгизшевройл» БК бес пайыздық мемлекеттiк үлесiн ЖШС-ке, индонезиялық компания «Сентрал Эйша Петролеум Компани» отыз пайыздық мемлекеттiк акциялар пакетiн «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ына сату бойынша қаматамасыз етiлдi.

Тенгиз, Шығыс Қашаған, Карачанск, Кұмкөл кенiштерiнде iздестiру, дайындау және инфрақұрылымды дамыту бойынша iрi инвестициялық жобалардың iске асыруы және Каспий құбыр желiсiн жүргiзуi трансұлттық компаниялардың өздерiнiң қазақстандық еншiлес кәсiпорындарын қаржыландыруларына жағдай жасады. 2007 жылы пайдаға инвестицияланғаннан кәсiпорынның басқа капиталына түсiм 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық.

Өндiрiс көлемiнiң өсуiнен, айналым құралдарын қаржыландыруға және күрделi қаржыға қажеттiлiктiң өсуi басқа жағынан кәсiпорындарға тiкелей шетелдiк инвестициясы бар алынған пайданың өсiмi есебiнен қарыздық

мiндеттемелерiн өтеуге, төлемдердiң өсуiне мүмкiндiк туғызды. 2007 жылы басты компанияның алдында пайыздық есеппен мiндеттер сомасы 3778 млн. АҚШ долларын құрады, 2006 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп, бұл соманың төрттен үш бөлiгi өндiрушi сала кәсiпорындарына тиесiлi.

2006-2007 жылдары тiкелей шетелдiк инвестицияның құрылымы 5 кестеде келтiрiлген. Қазақстанның 2007 жылы алған тiкелей шетелдiк инвестициясының ең көбi АҚШ-нан 1464,4 млн.долл болды, Канададан - 739,8 млн.долл, ұлыбританиядан - 595,4 млн.долл, Италиядан - 484,7 млн.долл, Ресей Федерациясынан - 211,9 млн.долл, Қытайдан - 210,6 млн.долл, Нидерландтан - 198,6 млн.долл. Осы аталған елдердiң тiкелей инвестициясы 2004 жылы барлық түскен инвестицияның 88,4%-ын құрады, оның iшiнде АҚШ-ның үлесi 33,1%, Канада –16,7%, ұлыбритания – 13,5%, Италия – 11%, Ресей Федерациясы және Қытай – 4,8%-дан.

Қазiргi бірлескен кәсiпкерлiктiң дамуы біріккен кәсiпорындардың тұрақты динамикалық өсiмiмен сипатталады. Қазақстан Республикасында 3995 бірлескен және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстейдi, оның iшiнде бірлескен кәсiпорындар саны 697, шетелдiк кәсiпорындар – 2298, 183293,3 млн.теңгелiк жарғылық капиталмен 107 елден партнерлардың қатысуымен 98. ( сурет2,3).

Шетелдiк инвестициямен кәсiпорындардың ең көп саны Алматы қаласында орналасқан 2461 (оның 903 – бірлескен, 1558 – шетелдiк кәсiпорын), Астана қаласында – 270 (108,162), Атырау облысында – 270 (132, 138), Қарағанды облысында – 191 (92,99), Шығыс Қазақстан облысында – 129 (74), Алматы облысында – 117 (72, 45), Маңғыстау облысында – 75 (30,45), Батыс Қазақстан облысында – 98 (35, 63).

Бірлескен кәсiпорындар бойынша серіктестер болып табылатын елдердiң географиялары әр түрлi елдердi келесi топтарға бөлуге болады: Европа елдерi мен Азия аймақтары елдерi, Ресей Федерациясы, даму жолындағы елдер мен өнеркәсiптi-дамыған елдер. Қазақстан Республикасы бірлескен кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындар құруда әр түрлi елдердiң партнерлерiмен географиялық байланысты кеңейтуде. 2007 жылы республика дүние жүзiнiң 107 елiмен сауда қатынасында болды, ол 2006 жылмен салыстырғанда 9 елге артық.

Сурет 2

Азия аймағының 26 елiнен 1452 бірлескен және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстедi. Ең белсендi инвесторлардың қатарында: Түркиядан 513, Қытайдан 336, Ираннан 122, Корея Республикасынан 119 кәсiпорын. Индиямен 72 кәсiпорын, Кипрмен 57, Пакiстанмен 53, Ауғанстанмен 34, Израильмен 30, Ливанмен 22, Жапониямен 18, Бiрiккен Араб Эмиратымен 16 қызмет еттi. Қазақстанның Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiндегi партнерлары болып Сингапур (15 кәсiпорын) мен Малайзия (4) саналады.



Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында Европаның 37 елiмен біріккен кәсiпорын құрылған. Қазақстан территориясында шетелдiк инвестициямен 1084 кәсiпорын қызмет атқарды (оның 15 елi Европалық Кеңестiң мүшелерi). Қазақстан Республикасында қызмет ететiн Европа елдерiнiң қатысуымен құрылған әрекеттегi елдердiң саны: Германия – 228, ұлыбритания – 212, Швейцария –84, Нидерланды – 81, Италия – 60, Чехия –51, Франция – 39, Венгрия – 38, Литва – 33, Бельгия мен Ирландия - 29-дан, Лихтенштейн – 20, Болгария – 18 кәсiпорын.

Сурет 3

Америка аумақтарының 20 елiнен бiздiң мемлекетiмiздiң негiзi партнеры болып АҚШ (290 кәсiпорын, оның iшiнде 109 бірлескен және 181 шетелдiк кәсiпорын) саналады, сонымен қатар Британияның Виргин аралдарымен (тиiсiнше 103,49, 54) және Канадамен (35, 18, 17). Венесуэламен, Панамамен, Барбадоспен және басқа да осы аймақтың елдерiмен байланыс дамуда.



Біріккен кәсiпкерлiк саласында Африка континентiнiң 10 елiмен (12 кәсiпорын) қызметтестiк жалғасуда, Ал Австралия мен Жаңа Зеландия аймақтарының 2 елiнен 9 біріккен және шетелдiк кәсiпорын қызмет атқаруда.

ТМД елдерiнiң арасында әрекеттегi кәсiпорындардың ең көп саны Ресей Федерациясымен – 834 кәсiпорын, Қырғызстанмен - 74, Өзбекстан және Украинамен – 53-тен кәсiпорын құрылды (сурет 4,5).


Сурет 4

Сурет 5

Шетел құрылтайшылары бірлескен және шетелдiк кәсiпорындардың жарғылық қорында 111470 млн.теңгенi құрады немесе жалпы жарғылық капиталдың 60,8%-ы. Жарғылық капиталдың нақты сомасының 48%-ы Алматы қаласының кәсiпорындарына тиесiлi.



Қазақстанның бірлескен және шетелдiк кәсiпорындарында қоса қызмет атқаратындарсыз жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны 291672 адамды құрады. Басқа кәсiпорындардан жұмысқа қабылданған қоса қызмет атқаратындардың саны 1287 адам, ал келiсiм шарт бойынша – 9755 адам. Біріккен және шетелдiк кәсiпорындарда барлық жұмыс iстейтiндердiң 44,5%-ы Қарағанды облысына, 17%-ы Алматы қаласына, 8%-ы Павлодар облысына, 5%-ы Актөбе облысына, 5%-ы Атырау облысына тиесiлi.

Шетелдiң қатысуымен құрылған кәсiпорындардағы жұмыс iстейтiндердiң ең көп саны өңдеу өнеркәсiбiнде (57%), тау-кен өнеркәсiбiнде (17%) және құрылыста (6%). Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң және қоса қызмет атқаратындардың еңбек ақы қоры 115705,4 млн.теңгенi құрады. Әрекеттегi біріккен және шетелдiк кәсiпорындардың 385-i (9,6%) экспортқа өнiм шығарды, 975-i (24,4%) импорттық түсiмдер қабылдады, 521 кәсiпорында (31%) өнiм өндiрiлдi, 2066 кәсiпорын (52%) iшкi рынокқа өнiм өндiрдi.



Кесте 6

Қазақстан Республикасы бойынша бірлескен және шетелдiк кәсiпорындар






Кәсiпорындар саны, бiрлiк

Әрекеттегiлер, барлығы

Экспортқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар

Импорттық түсiмдерi барлар

Өнiм өндiрушiлер

Iшкi рынокқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар


Қазақстан Республикасы

3995

385

975

521

2066

оның iшiнде
















Ақмола

17

5

5

7

11

Ақтөбе

81

10

35

17

63

Алматы

117

18

35

44

75

Атырау

270

24

74

16

129

Шығыс Қазақстан

129

12

24

29

79

Жамбыл

26

5

3

11

16

Батыс Қазақстан

98

8

37

12

82

Қарағанды

191

25

46

29

126

Қызылорда

15

4

6

9

13

Қостанай

65

16

12

46

38

Маңғыстау

75

16

27

45

41

Павлодар

37

7

10

19

25

Солтүстiк Қазақстан

76

13

18

30

43

Оңтүстiк Қазақстан

67

13

24

45

50

Астана қаласы

270

15

73

22

171

Алматы қаласы

2461

194

546

140

1104

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

2007 жылы бірлескен және шетелдiк кәсiпорындар арқылы 1057,5 млн.теңгеге өнiм (жұмыс, қызмет көрсету) өндiрiлдi. Шетелдiң қатысуымен кәсiпорындардың негiзгi қызметiнiң негiзгi түрлерi мұнай шикiзатын және табиғи газ (52,2% барлық өндiрiлген өнiмнiң) өндiру және металлургиялық өнiмдер шығару және металл өңдеу (23,8%) болып табылады, оның iшiнде түстi металл өндiруге 14,6%, қара металлургия өндiруге 8,8%-дан келедi.

Инвестиция өндiрiлген өнiмнiң шамамен 5%-ы мұнай өндiруге, электр қуатын, газ бен су өндiруге және таратуға – 4%, тас көмiрдi өндiру мен агломерациялауға – 2%-ы жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсiпорынның қызметi (өнiмнiң жалпы көлемiнiң 5%) әр түрлi және келесiлердi қамтиды: ет өнiмдерiн консервiлеу, шығару, өңдеу, өсiмдiк, мал майларын өндiру; сүт өнiмдерiн, сусындар, астық өнеркәсiбiнiң өнiмдерi; жемiс және жидектердi консервiлеу, темекi бұйымдарын өндiру.

Мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiрумен байланысты өнеркәсiптiк қызметтiң көлемi 19,3 млрд.теңгенi құрады. Одан басқа негiзгi кәсiпорындарға көрсетiлген қызметтер (сәулет және азаматтық құрылыс саласында техникалық сынақтар, талдау, жарнама, т.б.), сол сияқты жеке қызметтер көрсетiлдi.

Қазақстан Республикасы iшкi рыногындағы бірлесккен және шетелдiк кәсiпорындар 2007 жылы сатқан тауарларының (өздерi өндiрген өнiмдер, басқа кәсiпорындар және елдерден сатып алған тауарлар) көлемi 622,2 млрд.тенгенi құрады. Ең көп өткiзiлген тауар Алматы қаласы кәсiпорындарына (өткiзiлген өнiмнiң 38,6%), Атырау облысы (13,4%), Батыс Қазақстан облысы (8,2%), Қарағанды облысы (7,3%), Алматы және Қызылорда облыстарына (6%-дан) тиесiлi. Оның iшiнде халыққа 109,9 млрд.теңгенiң тауары өткiзiлдi, оның 48%-ы Алматы қаласында, 24,3%-ы Алматы облысында, 9,8%-ы Қарағанды облысында.

Iшкi рынокта өткiзiлген тауар мен қызмет көрсетудiң ең үлкен көлемiн мына салалар алады: өңдеу өнеркәсiбi (21%); сауда және автомобиль және үйде қолданылған бұйымдарды жөндеу (18%); мұнай шикiзатын және газ өндiрумен байланысты қызмет көрсету (15%); жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операция және жалға алу, көлiк пен байланыс (8%-дан).

Біріккен және шетелдiк кәсiпорындардың экспортқа шығарған өнiмi 5235,7 млн. АҚШ долл көлемiнде болды, оның экспорттық қызмет көрсетуi 387,7 млн. АҚШ долл (барлық көлемнiң 7,4%-ы). Бірлескен кәсiпорындардың сыртқа шығарған өнiмдерiндегi Атырау облысының үлесi 29,3%, Қарағанды облысы – 27,9%, Алматы қаласы – 10,9%, Ақтөбе облысы – 6,8%, Батыс Қазақстан облысы – 6,3%-ды құрады.

Біріккен кәсiпорындардың шетке шығарған өнiмдерiнiң тiзiмi әзiрше көп емес. Елден негiзiнде шикiзат ресурстары ғана шығарылады. Экспорттың тауарлық құрылымында минералдық өнiмдер (экспорттың жалпы көлемiнiң 55,7%), қымбат емес бағалы металлдар мен бұйымдар (26,4%), оның iшiнде қара металл – 118%, мыс және одан жасалған бұйымдар – 12,5%.

Тiкелей инвестицияның құйылуының көп бөлiгi өндiру саласының инфрақұрылымын құру және дамытуға бағытталуы, тауар импорты бағалық көлемi мен халықаралық қызмет көрсетудiң өсуiнiң негiзгi факторы болды.

Импортталатын инвестициялық тауар мен халықаралық қызмет көрсетуге жоғарғы сұранысты қамтамасыз ететiн өндiргiш күштерге инвестицияның өсiмi ағымдағы операцияның 1,75 млрд.долл тапшылық есебiн анықтады, немесе оның жалпы iшкi өнiмге қатынасы 7,8%. Келесi диаграмма мен кестеде төлем балансының ағымдағы есебiнiң базалық параметрлерiнiң сальдолық нәтижесiнiң мәлiметтерi келтiрiлген (кесте 7).

Кесте 7


Төлем балансының ағымдағы базалық параметрiнiң сальдолық нәтижесi бойынша мәлiметтерi




1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Ағымдағы есеп, АҚШ долл

-1,09

-1,40

-0,21

-0,75

-0,80

-1,24

-0,23

-0,41

-1,75

Сауда балансының сальдосы

-1,54

-1,39

0,11

-0,34

-0,28

-0,80

0,34

2,44

0,89

Қызмет көрсету балансының сальдосы

0,37

-0,14

-0,24

-0,25

-0,28

-0,25

-0,16

-1,02

-1,58

Кiрiс балансының сальдосы

-0,05

-0,09

-0,14

-0,22

-0,31

-0,31

-0,57

-1,19

-1,21

Ағымдағы трансферттер сальдосы

0,13

0,22

0,06

0,06

0,07

0,12

0,16

0,19

0,15

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

3.2 Бірлескен кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау

Бiздiң елiмiз экономиканы дамыту жағдайында әлемдiк рынокта толық құқылы мүше болып саналады, ол ел экономикасына әлемдiк тенденциялар ықпалының өсуiне әсер етедi.

Әлемдегi саяси жағдайлардың ушығуының әсерi дағдарыстың өсiмiнен, сол сияқты конъюнктураның төмендеуiнен, негiзгi экономикалық орталықтарда келесi факторлар жұмыс iстейдi:


  • Дамушы рыноктарда инвестицияның ары қарай кемуi;

  • Мағынасы ашылған тiзiмдер бойынша лицензиялауды көбейту түрiнде iшкi рынокты қорғаудың тарифтiк емес шаралардың күшею мүмкiндiгi, экспорттық бақылаудың күшеюi;

  • Қысқа мерзiмдi перспективада туризмнiң және аралас секторларда iскерлiк белсендiлiктiң кемуi;

  • Сақтандыру компаниялары инвестиция рыногындағы залалды жетекшi ойыншылардың бiрi, барлық әлемде оның iшiнде АҚШ-да жер құралы рыногында жетекшi сақтандыру компаниялары залал шектiрдi;

  • АҚШ тарапынан және олардың одақтастары жекелеген елдермен саудаға эмбарга енгiзуi;

  • Энергия тасуға бағаның өсу мүмкiндiгi, егер мұнаймен айналысатын аймақтар жанжалға тартылатын болса.

Алайда көптеген талдаушылар әлемдегi соңғы оқиғалардың әлемдiк экономиканың дамуына әсерiн асырып көрсетiп отырған жоқ, дегенмен жаңа проблемалардың туындауынан дағдарыс фазасынан шығу мүмкiндiгiнiң баяулауын жоққа шығармайды.

Толық көлемдегі экономикалық дағдарыстың дамуының қарсы аргументтеріне және келесі жылы-ақ экономикалық өсуді жаңғыртудың факторларына келесілер жатады:



  • АҚШ пен басқа да дамыған қор рыногы бар елдердің пайыздық өсімді төмендетуі;

  • Сұраныстың азаюына байланысты мұнай өндіруші елдердің бағаны айтарлықтай көтеруіне мүмкіндік бермейді;

  • Ақша-несие саясаты саласына халықаралық үйлестіруді нығайтуға АҚШ-тағы қайғылы оқиға әсерін тигізеді, сонымен қатар қаржылық әлемді жақындастыру процессінде жіберуші нүкте болуы мүмкін;

  • АҚШ-тың жұмылдырушы тәртібі елді дағдарыстан алып шығуды тездетуі мүмкін, бұл бүкіл әлемдегі дағдарыстан шығудың негізгі факторы болуы мүмкін;

  • Көптеген салалар секторында шоғырлану үрдісі күшейеді, бұл шығынды төмендетуге және бәсекеге қабілеттілікті және тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді;

  • Белгілі бір сектордағы іскерлік белсенділіктің төмендеуін, белгілі бір дәрежеде басқа салалар, оның ішінде ішкі өндірістік бақылауды күшейту арқылы орны толтырылып отырады.

  • Хай-течті дамытудың жаңа импульсі қауіпсіздік құралдарының аса жетілдірілген түрлерін құруға деген сұранысты арттыруға мүмкіндік беруі мүмкін.

Бірақ, ағымдағы мерзімде негізгі экономикалық орталықтарда, сонымен қатар әлемде толығымен жағымсыз үрдістердің көбеюі байқалуда.

Қазақстанның экономикалық дамуына әлемдік аренадағы осындай жағдайлар әсер етуі мүмкін? Қоймадағы қордың артуы, Қазақстан экспортының төмендеуі алғашқы дабылдар болып саналады. Дағдарыс жағдайында әлемдік тауар рыноктарының бағамының өсуі мүмкін, себебі қазақстандық биржа қорлары жеткілікті түрде дамымаған, сонымен қатар әлемдік биржа қорларындағы жағдайлардың өзгеруін өте әлсіз сезінеді.

Ең аса қауіпті минералды шикізат және металл рыноктары тудыруы мүмкін, себебі бұл тауарлар қазақстандық экспорттың 90 пайызын құрайды.

Сурет 7


Сонымен қатар осалдық, сыртқы сұраныстың тұрақсыздығынан ғана емес, кейбір көзқарастар бойынша экспорттық мүмкіндіктің тұрақсыздығынан да пайда болады.

Тауар рыноктарымен қатар дағдарыс негізгі сауда бойынша әріптес болып табылатын Ресей экономикасы арқылы да туындауы мүмкін. Себебі Ресей Қазақстанның импорты мен экспортында жетекші орынды иеленеді. Жағымсыз жағдайдың пайда болуы әлемдік дағдарыстың Ресей экономикасына қандай дәрежеде әсер етуіне тікелей байланысты болады. Себебі Ресей экономикасы әлемдік шаруашылық байланыстарында тек қана тауар рыноктары арқылы ғана емес, сонымен қатар қаржы капиталы арқылы шоғырланған.

Инвестицияны Қазақстанға тарту, әлемдік экономикалық дағдарысты таратудың үшінші бір жолы болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, әлемдегі жағымсыз жағдайлардың орын алып, дамуы кезеңінде ең алдымен аса тәуекелшіл рыноктары бар дамушы елдерге қиын соғады, бұндай елдерден инвесторлар тез уақытта өздерінің капиталын алып шығуға тырысады. Сонымен қатар, Қазақстан әскери әрекеттегі елдердің аумағына жақын орналасқан елге жатады /24/.

Бірақ, республикада портфельдік инвестициялардың іс-жүзінде жоқ болуына байланысты, тікелей инвестициялардың негізгі үлесі жоғары табыс беретін мұнай-газ секторына шоғырланған және жақын болашақта олардың көлемінің азаюы мүмкін емес.

Сонымен, саяси қақтығыстар мен әскери әрекеттер салдарының көлеңкесінде пайда болатын толық көлемдегі экономикалық дағдарыстың құлдырауы кезіндегі Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласында келесі жағымсыз үрдістер мен тәуекелдер орын алуы мүмкін:


  • Әлемдік экономикалық құлдырау тез арада әлемдік сауда көлемін төмендетіп тастады, оның ішінде Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бар (мұнай, металл, кен, көмір). Осының нәтижесінде сауда айырымы ең төменгі белгіге дейін төмендеуі мүмкін, бұл елдің сыртқы операциялар бойынша төлем төлеуге қабілеттілігіне үлкен қауіп төндіреді.;

  • Шетел инвесторлары тарапынан келетін валюталық қаржы ағымымен қатар, көптеген «қара және сұр» шығынды жабу жобаларын қайтару мен экспорттық алымдарды қайтармау қауіпі төнеді және жалған импорттық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

  • Дағдарыс жағдайында көптеген сауда әріптестері өздерінің валюталарын құнсыздандыруға баруы мүмкін, бұл республиканың сыртқы саудасының тиімділігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін;

  • Қаржылық мүмкіндіктерді қысқарту ең алдымен инвестициялық тауарлардың импорттық көлеміне әсерін тигізеді. Бұл қазақстан экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мен жетілдіру саясатын ары қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейді;

  • Контрабандалық тауарларды елге тасу көлемі онан сайын арта түседі, ал шекара аймағындағы елді мекендер көрші елдердің сауда аймағына айналуы мүмкін;

  • Өткінші жүк тасымалының көлемі күрт төмендеп кетуі мүмкін, бұл ағымдағы есеппен жағдайды онан әрі қиындатады.

Бірақ, бұндай қауіптер нақты болып тұрғанымен, бұл экономиканы дамытудың ең нашар түрі болып табылады. Айта кететін жай, 1998 жылғы дағдарыс кезеңінен бастап Қазақстанда беріктіліктің сыртқы жағымсыз жағдайларға қарсы тұруға және бұндай жағдайды қайта болдырмауға бейім жетерліктей қоры жиналды. Қазақстан экономикасында әлемдік рыноктағы сұраныстың азаюына қарсы тұратын ішкі сұраныстың көбеюі, дағдарыстың алдын алуға толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлемдегі рыноктарда мұнайдың ең төменгі бағасы орын алған жағдайда, Ұлттық қордың құрылуы, жетіспейтін валюталық түсімдердің орнын жабуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлемдік рыноктағы мұнайдың ең төменгі бағасы орын алған жағдайда, қазақстанның мұнай өндірудің ең төменгі өзіндік құны мұнай өңдеудің рентабельділігін бір деңгейде ұстап тұрады.

Қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігін жетілдіру, кедендік баға белгілеу, бюджеттік салықтар, несие саясаты және тағы басқада ішкі және сыртқы факторларға тікелей байланысты болады.

Бірнеше мемлекеттер аумағында бірыңғай экономикалық саясатты жүргізу, қазіргі уақытта Еуропалық Одақ деп аталатын Еуропалық экономикалық қоғамдастықты өмірге алып келді. еркін жеке тұлғалар мен капиталдарды, тауарлар мен қызметтерді ауыстыруы Еуропалық елдердің бірігуінің негізі болып табылады, бұл мемлекеттер арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамыту процесстерін күшейтуге және кедендік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қоғамдастыққа мүше елдер арасындағы экономикалық, сауда және қаржылық байланыстардың жалпы жүйесін ықшамдау, жеке және заңды тұлғаларға екі еселік салық салуды жою, мемлекеттер арасындағы валюталық және кедендік мәселелерді шешу Еуропалық Одақты құрудың тағы бір мақсаты болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыстарға мүше Қазақстандық кәсіпорындар үшін бұл бірігу анықталған қандай да бір мүддені көздейді, себебі ТМД елдерінің кәсіпорындарымен сауда және тағы басқа да байланыстар тарихи сипат алады және геосаяси жағдайлармен алдын ала анықталып қойған. Ерекше мүдде болып, жалпы жүйені, мүмкіндігінше бірыңғай валютаны құру болып табылады, бұл төлемдерді төлеуде және валюталық бағамдардың айырмасын анықтаудан құтылуға мүмкіндік береді.

Өндірілген тауарларға кедендік төлемдерді төлемеу, жүкті еркін түрде тасымалдау, ұлттық валютаның еркін айналыста болуы және төлемдерді төлеудің еркін түрде жүруі, Еуропалық Одақтың қабылданған келісімінде көрсетілген. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғау үшін, орнын толтыру шаралары және бәсекелестерді ығыстыру үшін тауарларды төмен бағамен сатуға қарсы механизм әзірленген, бұл кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін тарифсіз реттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің аумағында жүргізілетін транзиттік тасымалдар, көлік қызметтері салаларын дамытуға әсерін тигізеді, осыған байланысты оларды жүзеге асырудың тәртібін ықшамдау мемлекеттердің шекарасы арқылы тасымалданатын жолаушылар мен жүк көлемінің артуына мүмкіндік береді. Сонымен мемлекеттер арасындағы келісімдер реттелуде немесе темір жол тарифтерін бір жүйеге келтіру, рұқсат беруші жүйелерді өзгерту және автомобиль көліктерінің жүргені үшін төлемдер төлеу, су және ауа кеңістігін пайдаланғаны үшін төлемдер жинау туралы шешім қабылдауға әрекет етуде. Қабылданған келісімдер, кәсіпорын көліктерінің жолда жүру төлемдері мен тасымалдау тарифтерін арзандату мақсатында тасымалдау шығындарын төмендетуге бағытталған.

Көліктік қатынастармен қатар, өңірлік кәсіпорындар білім беру, медицина, өнер тағы басқа да салалар бойынша көптеген қызмет түрлерін көрсетуде.

Кәсіпкерліктің бұл саласында сонымен қатар, қалыпты бәсекелестік ортаны құру шаралары да қабылданған, бұл отандық кәсіпорындардың барлық достастық елдерінде рыноктың талаптарына сай шетелдік компаниялардан кем түспейтін өзінің тауарлары мен қызметін өткізуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта медициналық қызмет көрсету рыногы тұрақтанып келеді, бұл салада тегін медициналық көмек көрсетумен қатар коммерциялық медициналық және фармакологиялық кәсіпорындар, жекеменшік дәріханалар жүйесі, кеңес беру және тәжірбие жинақтаушы мамандарды даярлайтын кәсіпорындар қызмет етуде.

Қызмет көрсету рыногындағы сұраныс пен үкіметаралық келісімдер негізінде ТМД елдері аумағында СЭҚ қатысушы кәсіпорындардың жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Оның ішінде қызмет көрсету рыногында құрылыс, сәулет, коммерциялық жөндеу салаларындағы кәсіпорындар жақсы нәтижемен жұмыс істеуде.

Кесте 8


ЕуроАзиялық экономикалық байланыстардың Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық

қызметіндегі ерекшеліктері

ҚР ЕуроАзиялық экономикалық байланыстардың ерекшеліктері

Капиталды, еңбек ресурстарын, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасу

Елдер арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту процессін күшейту

Кедендік шығындарды, оның ішінде еке еселік салық салуды қысқарту
Жалпы бірыңғай жүйені құру
Сауда режимдері мен заңнамаларды бір жүйеге келтіру

Орнын толтыру шаралары және бәсекелестерді ығыстыру үшін тауарларды төмен бағамен сатуға қарсы механизм әзірлеу
Жүк тасымалдау шығындарын азайту

Жекеленген кәсіпорындардың сыртқы экономикалық байланыстарын нығайту
Экономикалық байланыстарды шоғырландыру

Экономикалық, сауда және қаржылық қатынастар жүйесін ықшамдау


ЕуроАзия қоғамдастығының бағдарламасын әзірлеуде басты назар, аймақта көші-қон қатынастары процесстерін, еңбек қатынастарын, еңбекті қорғау және тағы басқа да жұмыс күшін аймақтық бөлуді реттейтін мәселелерді келісіп алуға бөлінеді. Аталған мәселе өте маңызды болып табылады, себебі бұл мәселелер еңбек ресурстарының ағылуына өз кезегінде ықпалын тигізеді. Жұмыссыздық сақталған мемлекеттер жұмыс күшімен қамтамасыз етушілер қатарына жатады.

ЕврАзЭО Достастықтың iшiндегi импорт пен экспортқа қатысты кәсiпорындар арасында шаруашылық байланысты сақтау одақ кезiнен бұл үшiн жеткiлiктi, бiрақ жалғыз негiз емес. Бұндай байланыстың бекуi бұл елдердiң тауар өндiрушiлерi үшiн салықтың ставкасының төмендеуiне алып келедi. Бiрақ аймақтық тауар өндiрушiлердi протекционизмдi айқындау ретiнде қарауға болмайды, себебi қатысушы мемлекеттердiң жалпы шарттары БСұ-ға кiруге бағытталған өнiмдердi европалық, азиялық немесе әлемдiк рынокқа жылжытуға мүмкiндiк бередi. Берiлген проблематиканың контексiнде аймақ үшiн ең күштi бәсекелес болып арзан жұмыс күшiмен, арзан өнiмдерiмен және өз экономикасына шетел инвестициясының үлкен көлемiмен Қытай қала бередi.

Экспорт-импортттық операция жүргiзуде үлкен рольдi тұрақты төлем-есептiк және несиелiк жүйе құру атқарады. Достастық елдердегi банктiк инфрақұрылымдардың дамуында бұл процесс табысты жалғастырылады, себебi кәсiпкерлiкке, оның iшiнде сыртқы экономикалық қызметпен айналысатындарға бейiмделген банктiк операциялар мен қызмет көрсету спектрiн кеңейтедi.

Валюталық ресурстарды тарту және отандық тауарларды жылжыту мақсатын жүзеге асыру, экспортерларды қолдау, қаржыландыру, валюталық, көлiктiк және басқа тәуекелдi төмендету бойынша операциялар жүргiзу, сол сияқты сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушы- кәсiпорындарына кепiлдiк беру. ҚР көптеген банктерi қазiргi уақытта шетелдiк банктермен бәсекеге түсе алады. Тұрақтылықтың %-қ ставканың төмендеуi, несие операциялары спектрiнiң кеңеюi, лизинг, факторинг және ипотекалық, контакторендiк несиелеу сияқты қосымша операцияларды жүргiзу жатады.

Қандай қоғам болса да перспективалы дамуды болжамай өмiр сүруi мүмкiн емес. Инвестициялық қызметтi болжау үшiн терең талдау жүргiзуге және болашақтың проблемасын анықтауға болады. Облыс бойынша мәлiметтердi талдай отырып, келесi күштi және әлсiз жақтарды бөлуге болады:



  • Кәсiпкерлiк қызметтiң ақпараттармен толық қамтамасыз етiлуi;

  • Энергоресурстармен әлсiз қамтамасыз етiлуi;

  • Экспорт құрамында меншiктi салмақтың артықшылығы;

Облыс экономикасының күштi жақтары:

  • Пайдалы қазбалардың кен орындарының барлығы;

  • Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердiң көлемiнiң үлкендiгi;

  • Облыстағы кәсiпорындардың өндiрiстiк әлеуетiнiң барлығы;

  • Сыртқы рынокта интеграциялау үшiн мүмкiндiктердiң барлығы;

  • Туризмдi дамыту үшiн мәдени-тарихи кешеннiң бай қорының болуы.

Барлық ерекшелiктер мен жағдайларды есептей отырып келесi болжам жасалды:

Облыс экономикасында өндірістің аяқтаушы сатылары нашар дамыған. Облыс ауылшаруашылық өнімдерінің кең көлемді өңдеуі болмағандықтан ауылдық тауар өндірушілердің экономикалық көрсеткіштері нашарлайды.

Қазақстанның ДСҰ-на кіру барысында отандық экономикалық депрессияға ұшырау тәуекелділігі артады. Мәселен, облыстың жалпы өнімі жан басына шаққанда 1000 АҚШ долларынан тиеді, ал орташа республикалық көрсеткіш біржарым мың, жалпы әлемдік деңгей алты мың АҚШ доллары. Сондықтан экономиканы интенсивті түрде дамыту жолын пайдалану қажет. Бұл шикізатты кешенді пайдаланып және оны өңдеуді тереңдігін арттыруды білдіреді, бұл шаралар импорталмастыруға, тауарлы өнімнің артуы мен қалдықтардың төмендеуіне алып келеді яғни инновациялық қызметті дамыту.

Бұл мақсаттарды іске асыру үшін негізгі тірек табиғат-ресурстарын, кадрлар, облыстың ғылыми-техникалық потенциалы, адамның өндірістік және табиғаттық капиталын тиiмдi пайдалануына істеледі. Аймақта инновациялық қызмет жергілікті өнеркәсіптің және агроөнеркәсіп кешенінің даму талабының, сонымен қатар әлеуметті-экономикалық ерекшелік және экологиялық проблемалар базасында құрылады.

Облыста инновациялық саясаттың негізгі басымдығы болып:

экспортқа бағытталған және бәсекеге қабілетті тауарлардың қуат көлемін жетілдіру және құру;

өңдеу салаларында жаңа технологияларды енгізу, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудегі;

шаруа және фермерлер шаруашылығын қолдау және дамыту, жаңа агротехникалық әдістер мен технологияларды енгізу;

экономика аймағында тұтыну сектор салаларын дамыту.

Осы мақсаттарды қортындай отырып, аймақта индустриалды-инновациялық даму бойынша Координациалық кеңес, сонымен қатар мемлекеттік Инновациялық кор құрылды. Оңтүстік Қазақстан облысының 2002-2015 жылдарға арналған инновациялық даму бағдарламасы қабылданды, оның басты мақсаты – аймақта экономиканы дамыту үшін ғылыми-техникалық прогресті енгізе отырып, қолайлы орта және қажетті жағдай қалыптастыру.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін:

- аймақта инновациялық бағдарламаның қысқа-орта-ұзақ мерзімі жинақталған;

- аймақта ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылуда;

- болашағы бар ғылыми аумақты жұмыстар іріктелген;

- аймақаралық ғылыми-техникалық достастық дамуда.

Бағдарламаның қысқа мерзім кезеңіне қойылған мақсаттарды шешу шеңберінде, аймақтың ресурстық әлеуетіне талдау, өндірістік-технологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, мемлекеттік сараптаманы дамыту, сертификацияны, ғылыми-техникалық орталық құру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Қазіргі кезде аймақтық экономиканың алдында орта мерзімді кезеңін іске асыру міндеті тұр – Оңтүстік Қазақстан облысының инновациялық даму бағдарламасының маңызды бөлігі, осы басымдығының арасында:

нарықта байқалған және өндіріс көлемін ұлғайтуды қажет ететін, бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұйымдастыру;

ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа пайдаланатын, өнім шығаруға бағытталған, ғылыми аумақты өндірісті іске қосу;

тұтыну тауарлар өндірісін іске қосуды ұйымдастыру;

ауылшаруашылығы өнімін өңдеу бойынша өндірісті іске қосуды ұйымдастыру;

экспортқа бағытталған өнімдерді шығаруды қамтамасыз етуде, технологияны енгізу;

аймақтағы импорталмастыру өндірісі және технологияны енгізу;

инновациялық қызметтегі кадрларды дайындау және қайта дайындау;

ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жөндеу бойынша өндірісті ұйымдастыру;

лизингтік шағын кәсіпорындар ұйымдастыру;

техника және технология, инновациялық қызмет нарығын құру;

венчурлық қор құру;

Бағдарламаның орта мерзімгі кезеңін іске асыру нәтижесінде аймақтық экономиканың барлық өндіріс салаларында өсім және тиісінше оның өсімі ІЖӨ инновациялық қызметінің даму есебінен, бюждетке салық түсімінің өсуінен, жұмысшы санының өсуінен болады. Ғылыми аумақты секторда бір жұмысшы орны қосымша алты жұмысшы орнының шығуына алып келеді.

Ғылыми аумақты өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеру арқасында және жоғарғы технологияны енгізумен, Оңтүстік Қазақстандағы шикізат дамуын жылына экономиканың нақты секторындағы өнімнің 5-6% тұрақты өсуін қамтамасыз етеді, оның ішінде өнеркәсіп өндірісінде 4-7%-ға дейін, ауылшаруашылығында – 2-3%-ға, көлік және байланыс – 6-12%-ға.

Аймақта инновациялық қолайлы климат құру облыстағы жоғары индустриалды қоғамда әлеуметті бағдарланған және экономиканың нарықтық дамыған базалық факторы болады.

Инновациялық жолмен аймақты дамыту экономиканың барлық саласында өзгерістер әкеледі, сонымен жоғарғы технологияны енгізу едәуір қаржылық қайырым береді, ал бұл болашақта іске асыруда аз рентабельді, бірақ бағдарламалар мен жобаларда әлеуметті-маңызы көбірек.

Өндірістік тәжірибелік – сынақ базасын ұйымдастыру мақсатында қажетті өндірістік алаңдарымен бірге 7500,0 мың теңге сомасында «ордабасы агропромтехникалық» АҚ-ң 75 % акциясы алынды.

Жыл сайын инвестициялық инновациялық жобаларды қаржыландыруға облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бағытталып отыратын болады. Сондай-ақ барлық инновациялық жобалар жан-жақты қаржыландырылатын болады, оның ішінде 50%-ға жуығы – инновациялық мемлекеттік қор арқылы.

Инвестиция тарту саласындағы басты міндет ішкі және сыртқы инвесторларға қолайлы инвестициялық климат құру.

Шетелдік инвестицияларды тарту тиімділігн арттыру үшін облыста Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылған, онда бос тұрған өнеркәсіп ғимараттары, құрылысы аяқталмаған объектілер, бос жер терімдері туралы кеңейтілген мәліметтер базасы түрінде ақпараттық материал қарастырылып, қолда бар инвестициялық жобаларға инвестиция тартуға қажетті қаржы ресурстарының көлемі анықталады.

Облыс экономикасына инвестиция тарту мақсатында халықаралық қаржы институттарымен, шетелдік фирмалар, өкілдіктермен байланыс орнату жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты облыста халықаралық бизнес орталығы құрылды, оның қызметіне 10 халықаралық қордың өкілдіктері тартылды.

Облыста ACDI/VOKA халықаралық ұйымының өкілдігі қызметін жүргізуде, ал облыстық аудандарда әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда.

Сонымен қатар ТАСИС, американдық ЮСАИД халықаралық даму агенттігінің жобалары, ГЭФ Шағын Гранттар бағдарламасы жүзеге асырылуда, олар облыстың тауар өндірушілерін қаржыландыруға ықпал етеді.

Облыста инвестиция тарту міндеттерін шешу үшін төмендегідей механизмдерді пайдалана отырып аймақтық және салалық бағыттарда жұмыс жүргізілетін болады:


  • инвесторлармен интерактивті диалог;

  • екі жақты инвестициялық ынтымақтастық;

  • экономиканың нашар дамыған салаларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін аймақтық әдістер;

  • халықаралық қорлар мен ұйымдардың ара қатынастығын жандандыру;

  • ақпараттық-таныстыру іс-шаралары.

Оңтүстік Қазақстан облысында тікелей инвестицияларды тарту бойынша қабылданып отырған іс-әрекеттер мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтарымен байланысты болады. Осыған байланысты аймақ экономикасы мен басқа да қатарлас өндірістерді дамыту негізі бола алатын жекеленген объектілерді нүктелеп қаржыландыру механизмі қолданылатын болады. Оны іске асыру үшін алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін ескере отырып әлеуетті шетелдік және қазақстандық инвесторлар іздестірілетін болады.

Индустриалық-инновациялық даму саласында іске асырылатын мемлекеттік инвестиция көзі болып республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы табылады.

Бюджеттік инвестициялардың басымдықтары арасында индустриалық-инновациялық дамытуға интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар болады. Облыстағы бюджеттік инвестициялардың бағытталуы облыстық «Инновациялық мемлекеттік қор» арқылы іске асатын болады.

Мақсаты инвестициялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру сондай-ақ мемлекеттік даму институттары – Қазақстандық мемлекеттік қор, Қазақстан даму банкі, Инновациялық қор арқылы іске асады.

Облыста 1999 жылдан бері өткізіліп отырған импорталмастыру саясаты өнеркәсіптік өндірістің тұрақталуы мен өсіміне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Егер 2006 жылы 7,8 млрд. теңгенің импорт алмастыратын өнімі жетілсе, 2007 жылы жеткізу 9,9 млрд.теңгеге дейін артты.

Алға қойылған мақсатқа жетудің бір жолы Импорталмастыру бағдарламасын одан әрі іске асыру: 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда импорталмастыру өнімін жөнелтуді 2,5% арттыру жоспарлануда.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында негізгі басымдықтар анықталды:

1. Қазақстан Республикасының ірі ұлттық импорттаушы-компаниялармен жұмыс жүргізу.

2. Жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына жеткізу – ішкі импорталмастыру, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жөніндегі өткізілетін тендерлерге жергілікті тауарөндірушілерді қолдау. Жыл сайынғы «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік тауарлары» және «Оңтүстік өнеркәсіпшілерінің форумы» көрме-байқауларын өткізу.

3. Жаңа технологияларды алу үшін моральді және физикалық тұрғыдан тозған негізгі құралдарын жаңартуды инвестициялау механизмін әзірлеу.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарында 9000 сериялы ИСО сапа жүйесін енгізу

ИСО-9000 халықаралық стандарттары әлемдік экономикасының маңызды құралы болып қалуда. Әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығарудың қажетті бір шартының стандарттар талаптарына сай болуы.

ИСО-9000 сериялы халықаралық стандарттардың негізгі мақсаттары:

- саудадағы техникалық кедергілерді болдырмау;

- сәйкестілік бағасы нәтижелерін өзара мойындау;

- «тұтынушы-жеткізуші» қатынастарын реттеудің әмбебап механизмін құру.

ИСО-9000 МС енгізу – бұл республикалық әлемдік нарыққа шығуға рұқсатнамасы біздің экспортты арттырудың және өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсімінің басты шарты.

2001 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпорындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа жүйелерін енгізу бойынша жұмыс басталды: «Южмаш» ЖАҚ, «Кентау трансформатор зауыты» ААҚ, «Экскаватор» ААҚ, «Электроаппарат» АҚ. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары: «Шымкентмай» ААҚ, «JTI Central Azia» ЖАҚ, «ФудМастер-Шымкент» ЖШС халықаралық сапа жүйесін енгізу жұмысына белсене кірісті.



«JTI Central Azia» ЖАҚ облысымызда алғаш рет ИСО 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес келетін сапа жүйесін сәтті енгізіліп, сапа менеджменті жүйесіне сәйкес келетін сертификат табыс етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет