5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет11/36
Дата06.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476759
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
фак 5-9-сыныптар-1

Курстың мазмұны
Аптасына 1 сағат.Барлығы 34 сағат.
Логикалық есеп 2сағат
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын есептер шығару
Зейінді байқау есептері 2сағат
Оқушылардың байқағыштық қабілетін дамытатын есептер шығару
Салыстыруға берілген есептер. Таразымен өлшеу 4сағат
Оқушыларды салыстыра білуге үйрету және ойлау қабілетін дамытатын есептер шығару
Комбинаторика 2сағат
Комбинаторика туралы мағлұмат беру, орналастырудың
әртүрлі тәсілдерін таба білуге үйрету
Сюжетті логикалық есептер 2сағат
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын мазмұнды есептер шығару
Дирихле принципі 2сағат
Дирихле принципімағынасын түсіндіру, есеп шығарғанда қолдана білу
Қызықты арифметика «Көңілді тапқырлар» жанұя сайысы 2сағат
Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау
Цифр және сандар. Натурал сандардың ондық жазылуы.
Сандық ойындар 6сағат
Цифр және сандармен берілген есептерді санға байланысты берілген логикалық есептерді шығара білу
Бөлінгіштік белгілер «Математика әлемінде» оқушылар сайысы 2сағат
2,3,4,5,6,7,9 т.б сандарға бөлінгіштік белгіні білу
Қалдықтар. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік. 4сағат
Қалдықпен бөлу. ЕКОЕ,ЕҮОБ қасиеттерін олимпиада есептерінде қолдана білу
Шамаларды салыстыру .Бағалар мен сандық қатынастар.
Уақыт, жылдамдық, жол. Кері үлесті шамалар 6 сағат
Бағалар мен сандық қатынастарға байланысты есептерді және уақыт, жылдамдық, жол арасындағы байланыстылыққа берілген есептерді шығара білу.
Үйірме жоспары : «Логикалық есептер»


5 сынып (аптасына 1сағат, барлығы 34сағат )



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты (нені білуі
керек?)

күні

1-2

А)Кіріспе
2)логикалық есеп

2

Логикалық ойлауын дамыту




3-4

А)санның шығу тарихы
Б)Зейінді байқау есептері

2

Байқағыштық қабілетін дамыту




5-6

А)Үлкен сандар.Шахеризада саны
Б) Салыстыруға берілген есептер

2

Салыстыру қабілетін дамыту




7-8

А) Пифагор сандары
Б) Таразымен өлшеу

2

Ойлау қабілетін арттыру




9-10

А)Қасиетті сандар (3 саны туралы)
Б) комбинаторика

2

Әртүрлі тәсілдерін таба білуге үйрету




11-12

А)Қасиетті сандар (7 саны туралы)
Б)Сюжетті логикалық есептер

2

Логикалық мазмұнды есептер шығара білу




13-14

А)Байырғы қазақ күнтізбесі
Б)Дирихле принципі

2

Дирихле принципін түсіндіру




15-16

Қызықты арифметика
«Көңілді тапқырлар» жанұя сайысы

2

Логикалық ойлауын дамыту,есептеу қабілетін арттыру




17-18

Цифр және сандар

2

Цифр және сандармен берілген есептерді шығара білу




19-20

Натурал сандардың ондық жазылуы

2

Натурал сан туралы логикалық есептер




21-22

Сандық ойындар

2

Сандық ойындар ,логикалық есептер




23-24

Бөлінгіштік белгілер «Математика әлемінде» оқушылар сайысы

2

2,3,4,5,6,,7,9 т.б сандарға бөлінгіштік белгіні білу




25-26

Қалдықтар

2

Қалдықпен бөлу




27-28

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік.

2

Логикалық ойлау қабілетін дамыту




29-30

Шамаларды салыстыру

2

Салыстыру қабілетін дамыту




31-32

Бағалар мен сандық қатынастар

2

Бағалар мен сандық қатынастарға байланысты есептерді шығара білу




33-34

Уақыт,жылдамдық,жол. Кері үлесті шамалар

2

Уақыт,жылдамдық,жол арасындағы байланыстылықты білу




Логикалық есептер
1.Сенде 5 литрлік және 3 литірлік ыдыс бар. Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай дәл өлшеп аласың?
2.Көбейтіндісі 1 000 000-ға тең екі санды тап. Бірде-бір санда 0 цифры болмауы тиіс.
3.Қосындысы 19 болу үшін 2-минут ішінде 4 тақ санды ойлап тап ( сандар қайталану мүмкін).
4.Мұғалім тақтаға «IX» санын жазып оқушылардан: «Бір ғана қосымша сызық сызу арқылы осыны 6 санына қалай айналдырамыз?( - деп сұрады.Мұны қалай жасауға болады?
5.Хайуанаттар бағының директорынан бақта қанша түйе мен түйеқұс бар екенін сұрады.Директор сұраққа былый жауап берді:
«Біздегі барлық түйелер мен түйеқұстарды қосы
п санағанда, 60 көз және 86 аяқ бар.»Хайуанаттар бағында қанша түйе мен түйеқұс бар?
* * *
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек.
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
* * *
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 4 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет