Күтілетін нәтиже:
Пәнаралық байланыс: математика, өзін-өзі тану
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Математикалық логика» факультатив бағдарламасы 34 сағатқа (аптасына 1сағат) есептеліп құрастырылған.
Ұйымдастыру формасы: жеке-жеке жұмыстану, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Қолданылған технологиялар: «Сыни тұрғыдан ойлау».
Қорытындылау формасы: сыныптан тыс іс-шара, мектепшілік олимпиада өткізу.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
қалалық, облыстық олимпиадаларға, математикалық жарыстарға оқушылар қатыстыру;
жыл бойына өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, алғыс жариялау.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
Г. И.Глейзер. «История математики в школе»;
М. И. Сканави. Математика в задачах;
И. С. Петраков. «Математические кружки»;
М.В. Балк. «Математика после уроков»;
Я.И.Перельман. Жанды математика.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:
М.Гарднер. «Математические чудеса и тайны»;
Математика және физика журналы;
Математика журналы;
Электрондық оқулық.
Оқу пәнінің базалық мазмұны:
І бөлім. Математиканың шығу тарихынан (11сағат)
Сандар туралы алғашқы түсінік, арифметиканың, жай және құрама сандардың, бөлшектің шығу тарихы, көру иллюзиясына, көзбен мөлшерлеуге, Гаусс әдісіне есептер шығару.
ІІ бөлім. Математикалық тарихи есептер шығару (13сағат).
Математикалық тарихи есептер шығару, математикалық софизмдерді, математикалық фокустарды, арифметикалық ребустарды шешу.
Сандарды әртүрлі жүйеде жазу. Математикалық ойындар, тарихи викториналар ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |