5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет12/36
Дата06.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476759
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
фак 5-9-сыныптар-1

Түсінік хат
«Математикалық логика» факультативінің бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің, гимназия, лицейлердің 5 - сыныптарына арналған. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнді меңгеру деңгейлері, пәнге деген қызығушылықтары, ескеріліп дайындалды. Оқушылар теориялық материалды нақты әрі тура тұжырымдауға, қиындығы жоғары есептерді шығаруда математикалық тұжырымдарды және формулаларды пайдалана білуге дағдыланады. Оқушылар жаңа теорияның қажеттілігіне, оның өмірде қай салаларда қолданылып келе жатқанына көздерін жеткізеді. Математика ғылымына деген оқушылардың бойында құрмет пен қызығушылық оянады. Математиканы оқытудың мақсаты – оқушыларды қызығушылықтарын математиканың маңызды салаларын оқып үйрену үшін, сондай-ақ сол салалардағы процестер мен құбылыстарды сипаттау және модельдеу үшін математикалық әдістер мен олардың қолдану ерекшеліктерін зерделеу үшін қажетті жағдай жасау.
Мақсаты:

  • оқушының теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу;

  • ғылым мен техникада алар орны мен қажеттілігін түсіндіру;

  • оқушылардың жалпы дайындық деңгейлерін жоғарлату, білім алу дайындығын жалғастыру, шығармашылық және практикалық мүмкіндіктерін ашу, дамыту болып табылады;

  • оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, әр түрлі есептерді шешу жолдарын көрсету;

  • оқушылардың математика пәніне қызығушылық арттырып, олимпиада есептеріне дайындау.

Міндеттері:

  • математикадан алған білімін дамыта оқыту;

  • математикалық тұжырымдардың, формулалардың мәнін, шығу тегін түсіндіру;

  • есеп шығару арқылы меңгерген білімдерін тереңдету;

  • оқушылар материалды толық түсінуі және оған есептер шығара алуы қажет;

  • оқушы жеңілден ауырға және оңайдан күрделіге көшу бағытымен міндетті күрделілеу есептерді шығара алуы тиіс;

  • олимпиада есептерін шығаруға дағдыландыру;

  • сапалы білім алу үшін «өзін-өзі» тексеру әдістерін қолдана алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет