IV-тур Математикалық фокустар.
1. Сиқырлы сандар (1 топқа екі тапсырмадан)
а) арифметикалық амалдар қолданып төрт 9 цифрын пайдаланып, 10-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып төрт 7 цифрын пайдаланып, 78-ді жаз.
а) арифметикалық амалдар қолданып үш 6 цифрын пайдаланып, 30-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып алты 7 цифрын пайдаланып, 100-ды жаз.
2. Сиқырлы шаршылар.
а)Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі жұп сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 шығатындай етіп орналастыру керек..
ә) Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі тақ сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 33 шығатындай етіп орналастыру керек.
3. Көңілді көбейту. Екі топ бір-біріне екі таңбалы екі санды айтады. Ол санды топтан бір оқушы шығып тақтада көзі байлаулы тұрғанда көбейтуді орындайды.
«Көрермендер көзайымы» ойыны (жұмбақ жасыру)
1-жүргізуш:
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз деп, кезекті Математикалық лото ойынына береміз.
V-тур Математикалық лото ойыны
Арифметика
1. Қоян мен түлкі жүгіріп бара жатыр. Қоян 100 дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы орманға бұрын жетеді? (10 ұпай)
2. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандардың несі көп: көбейтіндісі ме, әлде қосындысы ма? (20 ұпай)
3. Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар, ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? (30 ұпай)
Есепте
1. Егер ойлаған санды 3-ке көбейтіп, оны 70-тен азайтса, сонда 34 саны шығады. Ол қандай сан? (10 ұпай)
2. Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың ең кішісін тап. (20 ұпай)
3. Сыныптағы 15 оқушы көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы өлең де айтады, домбыра да тартады? (30 ұпай)
Формула
1. Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? (10 ұпай)
2. Бірінші шаршының ауданы 16 м2, екінші шаршының ауданы одан 4 есе үлкен. Екінші шаршының периметрін тап. (20 ұпай)
3. Қағаздан үш шаршы кесілген. Бірінің қабырғасы 4 см, ал қалған екеуінің қабырғалары 2 см-ден. Олар бір-біріне төртбұрыш болатындай етіп қосылған. Осы төртбұрыштың периметрін тап. (30 ұпай)
Логика
1. 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 кіші бұтақ бар, ал әр кішкентай бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар? (10 ұпай)
2. Екі адамның бірі ылғи жалған, екіншісі ылғи шын айтады. Екеуі бірдей жауап беру үшін, оларға қандай сұрақ қоюға болады? (20 ұпай)
3. Әкесінің жасы 27-де болғанда, ұлы небары 3 жаста еді. Ал қазір ұлының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Әрқайсысы неше жаста? (30 ұпай)
Әр нәрсенің бастауы
Жетекшіге тиісті.
Оның әрбір істері
Өз ісінің жемісі. -дей отырып Топ басшылармен сайысты бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |