ІІІ кезең «Логика». Әр түрлі тақырыптар бойынша күрделілігі әр түрлі бірнеше логикалық есептер беріледі. Алғашқы 2 кезең бойынша ұпай саны жағынан алда тұрған топ бірінші болып сұрақты таңдайды, содан соң керісінше ұпай саны аз топ бірінші болып сұрақ таңдайды. Әр топқа 2 сұрақтан келеді, ойлануға 5 минут уақыт беріледі. 5 минуттан соң таңдау кезегі бойынша оқушылар өз жауаптарын айтады, әділ қазылар ұпай сандарын белгілеп отырады.
Көңілді сұрақтар:
5 – Тәулік қай мезгілде қысқарырақ. Қыста ма, әлде жазда ма?
10 – Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?
15 – Бес май жанып тұр. Екеуін сөндіріп тастаса, неше май шам қалады?
Қазақтың байырғы есептері:
5 – Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда канша тартады?
10 – Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне карап канша асык ұттык - дейді. Ол онша көп ұтқыза коймаппың, сегіз асығым калыпты, - деді.
- Онда сендегі барлык асык менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді. Үшінші бала асыктарын түгендеп түрып,
- Ен көп асыктан ұтылган мен болдым, -дейді мүңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асык болды?
15 – Жайылымда бұзаулар мен қаздар жүр. Бұзаулардың аяқтарының жалпы саны 392, ал қаздардың аяқтарының саны бұзаулардың санынан 94-і кем. Жайылымда неше қаз және неше бұзау жайылып жүр?
Қанша екенін тап:
5 – Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
10 – Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бер Алашқа,
Қалады сонда қанша алма?
15 – Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтағы 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай болды?
Мақал-мәтелдер:
5 – Жеті жұрттың тілін біл , ...
10 – Білгенің бір тоғыз, ...
15 – Досыңның мың болғанына мақтан, ...
Әділқазылар ұпай сандарын айтады.
1-жүргізуші:
Келесі кезеңімізді бастамастан бұрын ортаға әр топтың сынып жетекшілері мен мұғалімдері шақырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |