5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет18/36
Дата06.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476759
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
фак 5-9-сыныптар-1

ІY кезең «Сөз тіркесі» деп аталатын бұл кезеңде әр топ басщысы математикалық термин жазылған қағаз таңдайды. Топ мүшелері сол сөздің соңғы әріпінен басталатын жаңа математикалық термин жазып осылай 1 минут ішінде жалғасады. Мысалы: Квадрат – төрт – төртбұрыш т.с.с.
Бөлгіш, Еселік, Жұп, Дөңгелек , Диаметр, Қасиет
Қанша терминнен құралған сөз тіркес болса, сонша ұпай саны беріледі.
2-жүргізуші:
V кезең « Жаңылдырып көр!» деп аталады. Бұл кезеңде ортаға топ басшылары шақырылады. Бірінші оқушы бір сан айтады, келесі оқушы бірінші оқушының айтқан санына өзінің санын қосып айтады, келесі оқушы бірінші және екінші оқушылардың санына өзінің санын қосып айтады. Бір оқушы жаңылғанша солай жалғаса береді. Бірінші шығып кеткен оқушының тобына 1 ұпай, екіншісіне 2, үшіншісіне 3, төртінші шыққан оқушының тобына 4 ұпайдан , бесінші шыққан оқушының тобына – 5 ұпай қосылады. Жеңген оқушының тобына 6 ұпай қосылады.
1-жүргізуші:
VІ кезең « Танграмма ойыны» деп аталады.
Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген 7 әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.
Ойын шарты: Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.
- Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.
- Фигуралар бір – біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда бір нүктеде жанасып тұруы тиіс. Яғни, қандай да бір фигура қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай болса ойын шарты бұзылады.
2-жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
1-жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?!
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Соңында жеңімпаз топ марапатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет