2. Тұлға болмысының даму эволюциясының ғылыми сипаттамасы.
Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары тұлға болмысының даму эволюциясының негізі болып табылады. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама беретін болсақ балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалық шақты төмендегідей жас кезеңдерге бөлінеді:
1) жаңа туған бала (1-2 ай);
2) нәрестелік шақ (1-2 айдан 1жасқа дейін);
3) ерте сәбилік шақ (1-3 жастар);
4) мектеп алды балалық шақ (4-5 жастар);
5) бастауыш мектеп (6 -10 жастар);
6) жеткіншек шағы (11-16 жастар);
7) жасөспірімдік шақ ( 17-18 жастар).
Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сез-гіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет-терінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:
Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашу-ланғыш болып келеді.
Сангвиник– эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ-танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе, аяқтап шығады.
Флегматик– эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Бала денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық нерв жүйесіне байланысты болады.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетіс-тіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қа-сиеттерді иемденуін білдіреді. Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.
Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныс-тардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет ба-рысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін ал-дын-ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі бо-луын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтар-дың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыдаотбасына әлеу-меттік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |