5-дәріс. Мектептің білім беру үдерісінде білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу


Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдерінің оқу-тәрбие процесіндегі көрінісі



бет3/7
Дата08.11.2023
өлшемі147.5 Kb.
#482711
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 5. Жеке тұлға семинар

3. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдерінің оқу-тәрбие процесіндегі көрінісі

Оқу-тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалып-тастыру», «әлеуметтендіру» бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеу-меттік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адам-дарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие-әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемле-кеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.


Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері. Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық үдеріс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық үдерісінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекеттерінің ынтымақ-тастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтас-тық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету қажет. Педагогикалық қолдау –қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педа-гогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін ше-шуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынас-тар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. қамтиды. Педаго-гикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасын-дағы қарым-қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық- психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуі, көмек көрсетуі, оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашы-лық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканың гу-манистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гу-манистік парадигмаізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жас-тарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап еті-леді. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталан-дыру, бағалау, мадақтау т.б. негізінен басшылыққа алынады. Педагогикалық қолдаудабаланың білімге қызығушылығын оя-туды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұратқақол жеткізу және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптас-тыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі, жылдамдығы, логикалық ойлау, ой-лаудың дәлдігі, сыни тұрғысынан ойлауы, ойының кеңдігі, интуи-цияның дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, феноменологиялық т.б. тұрғылардан қарастыруға болатыны белгілі. Осы тұрғыларға сәйкес интеллектің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынандай анықтамаларын атап өтуге болады:
 әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда интеллект – әлеуметтенудің және тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі;
 генетикалық тұрғыдан, интеллект – адамның қоршаған әлеммен табиғи жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;
 үдерістік-іс-әрекеттік тұрғыдан, интеллект – адам іс-әрекетінің ерекше формасы;
 дидактикалық тұрғыдан, интеллект – мақсатқа бағытталған оқыту үдерісі;
 ақпараттық тұрғыдан, интеллект – ақпаратты өңдеудің элементарлық үрдістер жиынтығы;
феноменологиялық тұрғыдан, интеллект – сана мазмұнының ерекше формасы;
 құрылымдық-деңгейлік тұрғыдан, интеллект – түрлі деңгейдегі танымдық үдерістер жүйесі;
 реттеушілік тұрғыдан, интеллект – өзін-өзі түзету факторы.
Ал қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллекттің төрт негізгі түрі маңызды болып табылады. Интеллекттің түрлері: жалпы, әлеуметтік, эмоционалдық, тәжірибелік интеллект.
1. Жалпы интеллект – кез-келген өмірдегі өзекті мәселені танып білу мен шешуге қатысты жалпы қабілет. Индивидтің танымдық үдерістерінің жүйесі (ойлау, сезіну, қабылдау, жадына сақтау, қиял-дау, елестету және т.б.) негізінде жатқан таным мен мәселелерді шешудің жалпы қабілеттілігі.
2. Әлеуметтік интеллект – адамдардың білімдері мен әлеумет-тік жағдайларын және оларды әлеуметтік өзара әрекеттесуде шешу дағдысын анықтауға мүмкіндік беретін білім, білік немесе дағыдыны меңгерген, тұлғалық белгілерінің жоғарылығымен ажыратылатын таным түрі.
3. Эмоционалдық (әсершіл) интеллект – эмоциямен берілген ақпараттарды қайтадан өндіру және адамдардың өзара қарым-қа-тынасы барысында ойлану және шешім қабылдау үшін эмоционалды ақпараттарды негіз ретінде пайдалану қабілеті.
4.Тәжірибелік интеллект – тұлғаның кәсіби қызмет барысында білімін тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін кәсіптік қызметтің мазмұнды (білімділік) және үдерістік (тәжірибелік) интегративті сипаттамасы негізінде тәжірибе жинақтауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет