Практикалық жұмыс тақырыбы
Мектептнгі білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу бойынша инфографика құрастыру
Семинар жұмысының тақырыптары
Тұлғаның биологиялық, әлеуметтік, биоәлеуметтік даму тұжырымдамалары.
Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторлары.
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасын ашыңыз.
Іс-әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыпта-суындағы рөлі.
Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптары.
СӨЖ/СӨЖП жұмысының тақырыптары
Жеке тұлғаны қалыптастырудың категориялық аппараты (адам, жеке тұлға, тұлға, даралық).
Тұлғаның қалыптасуындағы даму, қалыптастыру, тәрбиелеу.
Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері.
Тұлғаның дамуының, қалыптасуының негізгі факторлары.
Тұлғаның жас, психологиялық ерекшеліктері мен даму кезеңдері туралы түсінік және оларды мектеп тәжірибесінде зерттеу.
Педагогтың білім беру үдерісінде жеке, инклюзивті тәсілдерді есепке алуы.
Семинар сабағы № 3
Тақырыбы: «Тұлғаның қалыптасуындағы даму, қалыптастыру, тәрбиелеу»
Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың зерттеу жұмысы жайлы алған білімдерін шыңдау.
Тапсырма:
Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) және оған берілген анықтама жіктемелерін жасау.
Әдістемелік нұсқау.
Білім алушылар кемінде 5-8 ғалым педагогтардың ғылыми жұмыстарға байланысты еңбектерін оқып, олардың берген анықтамаларымен танысып, келесі кесте формасында жіктеме жасау қажет. Берілген әдебиеттерден басқа да әдебиеттерді қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |