5-дәріс. Мектептің білім беру үдерісінде білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу


Заманауи мектеп оқушысының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен проблемалары



бет4/7
Дата08.11.2023
өлшемі147.5 Kb.
#482711
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 5. Жеке тұлға семинар

4. Заманауи мектеп оқушысының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен проблемалары

Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, ра-диотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзге-руі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондықтан, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылы-сының ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында ай-қындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.


Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұ-рақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір- біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, деп атап көрсетеді Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-рініс береді. Ал, арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қа-білеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-сетуі. В. Крутецкийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де-ген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарын-дылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деген тұжырымынан дарындылықты қабілеттіктің жиын-тығы, іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі, дара ерекшелік деп бағалауға болады.
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың тем-пераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты болады.
Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық-психологиялық тұрғыда жан-жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістері т.б. атауға болады. Дарынды оқушының мәдени қарым-қатынас құндылықтары, тәрбиелік сапалық көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болуы дау туғызбайды. Диагностика жүргізу үдерісінде оқушының білімі, рухани құндылықтары, ынтасы, еңбексүйгіштігі, тұлғалық адамгершілік қа-сиеттері, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тану дағдылары, талғампаздығы, эрудициясы т.б. негізге алынады. Дарынды балалардың логикалық ойлау қабілетінде өзгешелік-тер басым,танымы жоғары, ішкі жан дүниесі жағынан сезімтал, ерік-жігері мықты, дарынды, қиялшыл т.б. болып келеді.
Инклюзивті білім берудің 8 ұстанымын меңгеруге қол жеткізуі:
1. адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне байланысты емес;
2. әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
3. әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар;
4. барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;
5. шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін;
6.барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;
7. барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу жасай алмайтын нәрсені жасауы болар;
8. адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау жүйесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік құралда нақты көрсетілген. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуының маңыздылығына баса назар аударылған. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты да-мыған балалармен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда бағалануы керек:
 арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;
 білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жаз-баша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;
 әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекват-ты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл ап-паратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психика-лық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемле-кеттік үлгідегі құжат алады.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискрими-нациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары.
- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп-терінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.
- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру ар-қылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптас-тыру және дамыту.
- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, меке-мелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім берудін мазмұны. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдар-ламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шек-теулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асыруды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет