5-дјріс Микроорганизмдер экологиясы. Адам организмніѕ ќалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз


Адам организмнің микрофлорасын екі топқа бөледі



бет7/9
Дата19.11.2023
өлшемі411 Kb.
#483691
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4-дәріс Микроорганизмдер экологиясы Дисбактериоз (1)

Адам организмнің микрофлорасын екі топқа бөледі:

  • Тұрақты (резидентті, индигенді немесе автохтонды) микрофлора – организмде барлық уақытта кездеседі.
    • Облигатты микрофлора (бифидумбактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшасы, пептосрептококктар т.б) микробиоценоздың негізі болып табылады.
    • Факультативті микрофлора (стафилококктар, стрептококктар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар т.б) микробиоценоздың шамалы бөлігін құрайды.
  • Транзиторлы (тұрақсыз, аллахтонды) микрофлора адам организмінде ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды.

Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.

  • Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.
  • Микрофлораның саны мен сапасы адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне т.б қарай әр түрлі болады.
  • Нәресте дүниеге келгенде стерильді болады, алғашқы ауамен, жанасқан заттардан микробтар еніп, біртіндеп тұрақты микрофлора қалыптаса бастайды.
  • Микробтарға ең бай орган – тоқ ішек, оның 1 г-да (нәжістің) 10 12 дәрежеге дейін микробтар кездеседі, олардың 90% анэробтар құрайды.
  • Микробтардың негізгі орналасатын жерлеріне қарай: тері микрофлорасы, конъюктива, құлақ, жоғары тыныс жолдарының микрофлорасы деп ажыратады. Қалыпты микрофлораның пайдалы және зиянды әсері бар.

Қалыпты микрофлораның пайдалы жақтары:

  • организмнің бейспецификалық резистентілігін қамтамасыз етеді.
  • патогенді және шіріткіш микробтарға антогонистік әсер етеді.
  • тұз-су алмасуға, ішектің газдық құрамын реттеуге, ақуыздар, көмірсулар, майлы қышқылдар алмастыруға қатысады.
  • организмді витаминдермен, антибиотиктермен, фременттермен қамтамасыз етуге қатысады.
  • стероидты гормондардың және өт тұздарының рециркуляциясына қатысады.
  • шырышты қабаттарды физиологиялық қабынуға қатысып эпителияның жаңаруына әсерін тигізеді.
  • ішектегі канцерогенді заттарды ыдыратып антимутагендік әсер етеді.
  • экзогендік субстраттарды және метаболттерді қорытуға және детоксикациялауға қатысады.
  • қалыпты микрофлораның кейбір өкілдерін санитариялық көрсеткіш микроорганизм (СКМ-СПМ) ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет