- жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою кезінде кедергі жасайды.
- организмнің иммундық жүйесінің қызметі нашарлағанда (ауырып тұрғанда, операциядан кейін, үсікке, күйңкке қайға қасіретке шалдыққанда т.б) әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін (екіншілік инфекция, сепсис).
- қалыпты микрофлораның (тоқ әшектегі) өкілі Cl. Perfringens жарақат арқылы түскенде газды инфекция қоздыруға себепкер болады.
- әр түрлі дәрі –дәрмектерді, әсіресе антибиотиктерді, ретсіз қолданғанда дисбактериоз пайда болады.
Дисбактериоз - Микрофлораның қалыпты қызметінің бұзылуы нәтижесінде дамитын жағдайды дисбактериоз және дисбиоз дейді.
- Дисбактериоз кезінде қалыпты микрофлора құрамына кіретін бактериялардың арасында тұрақты сандық және сапалық өзгерістер пайда болады.
- Дисбиоз кезінде микроорганизмдердің басқа топтарының (вирустар, саңырауқұлақтар т.б) арасында өзгерістер пайда болады.
- антибактериялық емдік препараттарды, әсіресе антибиотиктерді ретсіз қолдану.
- су, топырақ, ауа құрамындағы улы заттар.
- тағамдық ереженің бұзылуы
- иммунды тапшылық туғызатын ішкі ағзалар аурулары (қатерлі ісіктер, эндокриндік бұзылыстар, ауыр операциялар т.б)
- радиациялық сәуленің әсеріне шалдығу т.б
Дисбактериоз кезінде байқалатын клиникалық өзгерістер - Инфекциялар дамуы, диарея (іш өту), іш жүрмей қалу, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісіктер, аллергия, несеп-жыныс жолдарының аурулары, кариес, артрит, бауырдың зақымдануы, гипо- және гиперхолестеринемия, гипо- және гипертензия және т.б.
Дисбактериоз түрлері (классификациясы): - этиологиясы яғни себепкер микробы бойынша (стафилококкты, кандидалы, ассоцияланған т.б)
- компенсациялану дәрежесіне қарай (компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған).
- клиникалық көрінісі бойынша (латентті, жергілікті, кең жайылған –бактеремиямен асқынатын)
- шартты-патогенді микробтар (ШПМ-УПМ) санына қарай дисбактериоздың 4 дәрежесін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |