5-сынып Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы Тараз – 2020



бет4/38
Дата11.10.2023
өлшемі0.65 Mb.
#480483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
5 әдебиет

Орындау уақыты: 15-20 минут


1-тапсырма. «Қобыланды батыр» жырына байланысты кестені толтырыңыз.



Тапсырмалар

«Қобыланды батыр» жыры

Тақырыбы




Идеясы




Тақырыпқа сай қандай мақал-мәтел немесе нақыл сөз келтіре аласыз?




Өз көзқарасыңыз. Жырдан қандай тұжырым шығаруға болады?






2-тапсырма. Жырдан бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.



Бейнелеу құралы кездесетін тармақтар

Бейнелеу құрал түрі

Мағынасы

Өзімнің еншім болсын деп,
Тобылғы торы меңді атты,
Енші қылып мінеді.







Күнде киік аулайды,
Кездессе жауын жаулайды,
Жылқыда жатып Қобыланды,
Екпіні оттай қаулайды.







Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген,
Арттыруға сайланды.









Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

1

Жырдың тақырыбын анықтайды;

1

жырдың идеясын анықтайды;

1

жырдың тақырыбына байланысты мақал-мәтел не нақыл сөз жазады;

1

өз көзқарасын жазады.

1

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.

2

Теңеуді табады;

1

эпитетті табады;

1

ауыспалы мағынадағы сөзді табады;

1

мағыналарын анықтайды.

1

Барлығы







8


«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________





Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жақсы

Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Т ақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табу, мағынасын өз сөзімен түсіндіру, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтау қиындық туғызады.

Ж ырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табуда, мағынасын өз сөзімен түсіндіруде, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтауда қателіктер жібереді.

Ж ырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табады, мағынасын өз сөзімен айтады, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.

С өздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қиналады.

С өздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қателіктер жібереді.

С өздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтайды.

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа


Тақырып Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Оқу мақсаты 5.2.2.1.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
5.3.2.1.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Бағалау критерийі Білім алушы

  • Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды;

  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен байланыстырады.

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма. Асан қайғының жерге айтқан сындарын мұқият оқи отырып, Асан қайғы бейнесін ментальді картаға түсіріңіз.



Асан қайғы








Көріпкел





Дәлел


2-тапсырма. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз

«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ белгілері (ұқсастықтары)

Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері








Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды.

1

Асан қайғының бойындағы қасиеттерді анықтайды:
1 - қасиет
2 - қасиет
3 - қасиет
4 - қасиет
5 - қасиет

1
1
1
1
1

жазған қасиеттеріне байланысты дәлел келтіреді.

1

Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.

2

Ертегідегі Кендебайдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

1

қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

1

ортақ белгілерін анықтайды.

1

Барлығы

9



«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жақсы

Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды.



А сан қайғының бойындағы қасиеттерді анықтау қиындық туғызады.

А сан қайғының бойындағы қасиеттерді анықтауда қателіктер жібереді.

Асан қайғының бойындағы қасиеттерді анықтайды,толық дәлел келтіреді.



Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.



Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қиналады.



Ж ырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қателіктер жібереді.

Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет