5-сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар ТҮсінік хат



бет14/21
Дата21.12.2023
өлшемі304.5 Kb.
#487414
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
түсінік хат 5-11 cыныптар информатика 2022-2023

Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;
3) ақпараттық процестер және жүйелер;
4) қосымшаны құру;
7. "Компьютерлік жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) бұлттық технологиялар;
2) ақпараттық қауіпсіздік.
8. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) дизайн теориясы;
2) видео контент құру;
3) веб-жобалау;
4) 3D – модельдеу.
9. "Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.
10. "Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мобильдік қосымшалар;
2) IT STARTUP (ай-ти стартап).
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Компьютерлік жүйелер"
Ақпараттық қауіпсіздік: "ақпараттық қауіпсіздік", деректер "құпиялылығы" және "тұтастығы"; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;
2) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"
Дизайн теориясы: "дизайн", "қолданылуы", визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; "жақсы дизайн" қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
3) "Ақпараттық процестер мен жүйелер"
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет