Инновациялық жобаларды басқару – бұл инновациялық ойларды жүзеге асыруға бағытталған мақсатты, ұйымдастыру құрылымын анықтау, шараларды жоспарлау және оның орындалуын бақылаумен байланысты басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру процесі.
Инновациялық жобаларды басқару екі кезеңнен тұрады: 1) инновациялық жобаны дайындау; 2) инновациялық жобаны жүзеге асыруды басқару. Бірінші кезеңде жобаның мақсаты мен күтілетін соңғы нәтижесі анықталады, жобаның болашақтағы нәтижесі мен бәсеке қабілеттілігіне баға беріледі, жобаның шаралар кешені мен міндеттер құрамы құрылады, жобаны жоспарлау және оны дайындау жүзеге асырылады. Бұл кезеңде ең маңыздысы жүзеге асырылатын жобаны бағалау болып табылады. Екінші кезеңде басқарудың ұйымдастырушылық нысандары таңдау, нәтижелерге жету бойынша болып жатқан жедел жағдайлардың өлшемдер, болжамдар және бағалау міндеттері шешу, уақыт, ресурс және қаржы шығындары, дайындалған жоспардан ауытқу себептерін жою және талдау, жоспарға түзету еңгізу жүзеге асырылады.
Инновациялық жобалады басқару ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген принциптер жиынтығына негізделуі қажет. Негізгі принциптерге жататындар:
· сұрыпталған басқару принципі. Бұл принциптың мәні ғылым мен техниканың дамуының приоритетті бағыттары бойынша жобаларды және кешенді жобалардың инноватор-авторларын қолдау;
· соңғы нәтижені қамтамасыз етуге жобалардың мақсатты бағытталу принципі. Бұл принцип инновацияға деген қажеттілік пен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысты көрсетеді;
· жобаларды басқару циклінің толықтылық принципі. Басқару процесінің толық циклы, қажеттілікті анықтаудан бастап алынған нәтижелерді тапсыруды басқаруға дейінгі шешімдердің барлық жиынтығын көрсетеді;
· инновациялық процестер және жобаларды басқару процестерінің қезеңділік принципі. Бұл принцип жобаларды жасау және жүзеге асырудың әр кезеңдерінің толық циклін көрсетеді;
· инновациялық процестерді басқару және ұйымдастырудың иерархия принципі. Осы принципке сай инновациялық процестер белгілі иерархия деңгейіне сәйкес нақтыланған дәрежеде болу мүмкін. Қызметтің барлық деңгейлері бір-бірімен келсілген, төмеңгі деңгей жоғарғы деңгейге бағынады, ал жоғарғы деңгейдегі процесс жағдайы (қабылданатын шешімдер, мақсаттар, аралық және соңғы нәтиже) оның төмеңгі деңгейінің жағдайын анықтауда міндетті болып табылады.
Басқару принциптері:
· басқару шешімдерін дайындау кезінде көп нұсқалық принципі. Инновациялық процестер басқару процесінде ескеру қажет белгісіз факторлар ықпалымен жүзеге асады. Белгісіздік деңгейін төмендету үшін жобаның соңғы мақсаттар құрамын, оларды жүзеге асырудың баламалы тәсілдерін, жұмысты қамтамасыз ететін кешенділік нұсқасы, орындаушылардың әртүрлі құрамын қоса, жұмысты орындау ұзақтығы мен құны, материалдық-техникалық ресурстар және орындаушыларды ынталандыру жағдайын таңдау туралы баламалы шешімдерді дайындауда көп нұсқалыққа өту қажет.
· жүйелік принципі, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, шаралар жиынтығын (ұйымдастырушы-экономикалық, заңдамалық, әкімшілік, технологиялық және т.б.) дайындаудан тұрады.
· кешенділік принципі, шағын мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, жоба құрылымының жеке өзара байланысқан элементтері жобаның бас мақсатымен сәйкес жүзеге асырылып, дайындалуы қажет.
· қамтамасыздық принципі, жобада қарастырылған оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық, ақпараттық, материалдық және еңбектік ресурстармен қамтамасыз етілетін барлық шаралардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |