5-тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару Тапсырма



бет4/6
Дата07.02.2024
өлшемі28.89 Kb.
#491194
1   2   3   4   5   6
Мектепті жаңашылдықты басқару

Дәстүрлі оқыту әдістері
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.
Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі.
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу демалыстары, үзілістер – бұл сынып-сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді, сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».
Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: жүйелелігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастыру; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпалы. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық; оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индивиуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қоладанылады.
Баяндау
Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп бандау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші – жаңа материалды игеруге оқушыны дйындау, екінші – берілген мазмұнды баяндау, үшінші – оқытуды аяқтау бөлімі.
Берілген әдістің тиімдігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады. Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Баяндау қысқа (10 минут) эмоционалды түрде болу керек. Баяндаудың тиімділігі басқа да оқыту әдісі – иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғарғы сыныпта) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.
Әңгіменің дамытушылығы елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психикалық процесстерді белсенді күйге әкеледі. Оқушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қзығушылығын қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
Лекция
Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материялының логикалықмазмұндалуы, ақпарат ағымының көптігі, берілген білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, обьектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материялдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекция әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.
Лекцияның оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материялдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лекцияның дамытушылық тиімдігі оқушылардың логикалық ойлау, диалектикалы ойлау тәсілдерін, мұғалім ойының нақты да абстрактілі ойлау ағымынында білу болып табылады.
Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет