Кітаппен жұмыс
Мектепте кітаппен жұмыс істеу – өзіндік білім алудың негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай кайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.
Оқулық кітаптар оқу әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық ойлау және т.б.
Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материялдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелерге әдебиеттер таңдай білуінде.
Берілген біліктердің барлығы оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.
Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қалыптастырып, дұрыс орындағандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталған материалдарда берілген. Демек, мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.
Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қаншама рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп беру біліктілігін меңгергенін бақылау керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
Әңгіме
Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтары арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендендіреді, білімбі, білікті игертудің диагностикалық танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық құнды болып табылады Егерде бұндай демонстрпция өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді модельдеу арқылы танып білу негізгі рөл атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, обьектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |