5-тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару Тапсырма



бет1/6
Дата07.02.2024
өлшемі28.89 Kb.
#491194
  1   2   3   4   5   6
Мектепті жаңашылдықты басқару


5-тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару
Тапсырма:
1.Инновациялық жобаларды басқарудағы педагогикалық логистиканың талдауын əзірлеңіз.
2. Оқыту технологиясы мен əдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу.


1. Инновациялық жобаларды басқарудағы педагогикалық логистиканың талдауы
Өндіріс саласын инвестициялау жобадан басталады. Жоба – бұл белгілі бір шараның (оқиғаның) ойы, ойдың сипаттамасы және оны жүзеге асыру жоспары. «Инновациялық жоба» түсінігіне келесідей анықтамалар беруге болады:
1) инновациялық қызметті мақсатты басқару нысаны;
2) инновацияны жүзеге асыру процесі;
3) құжаттар жинағы.
Инновациялық жоба – бұл өзара байланысқан мақсаттар және оны жүзеге асыру бағдарламалары, ол ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, өндірістік, ұйымдастырушылық, қаржылық, коммерциялық және басқа да шаралардың кешені түрінде жасалған жобалық құжат.
Инновациялық жобаның негізгі элементтеріне келесілер жатады:
Ø жобаның негізгі бағытын көрсететін, мақсаттар мен міндеттердің құрылуы;
Ø қойылған мақсаттарды жүзеге асыру және инновациялық мәселелерді шешу бойынша жобалық шаралар кешені;
Ø жоба шараларын орындауды ұйымдастыру;
Ø жобаның негізгі көрсеткіштері, оның ішінде тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды қалыптастыру келесідей міндеттерді қамтамасыз етеді:

  • ғылыми-техникалық дамудың нақты міндеттерін (мақсаттарын) шешуге бағытталған кешенді, жүйелі ұстанымдар;

  • ғылыми-техникалық дамудың мақсаттарының сандық нақтылығы және инновацияны басқаруда соңғы мақсаттарды және жоба нәтижесін қатаң көрсету;

  • инновацияны жасау, игеру, өндіру және тұтыну процестерін үздіксіз басқару;

  • жоба мақсаттарын ең тиімді жүзеге асыру жолдарын таңдау;

  • инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, ресурстардың тепе-теңдігі;

  • жоба бойынша күрделі жұмыс кешенін тиімді басқару және мекмелер арасындағы үйлестік.

Ғылыми-техникалық дамудың алуан түрлі мақсаттар мен міндеттеріне байланысты, инновациялық жобалардың түрлері көп. Бірақ олардың жалпы қабылданған топтамасы жоқ. Инновациялық жобаларды мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады: жобаны жүзеге асыру кезеңі, жоба мақсаттарының сипаты, қанағаттандырылатын қажеттіліктің түрі, инновация типі және шешімдер қабылдау деңгейі.
Жобаны жүзеге асыруға және оның мақсаттарына жетуге жұмсалған уақытқа байланысты, инновациялық жобалар ұзақ мерзімді (стратегиялық), орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жоба мақсаттарының сипаты бойынша соңғы, яғни тұтас инновациялық міндеттерді шешу мақсаттарын көрсететін, және де аралық, күрделі мәселелерді шешуде аралық нәтижелерге жетумен байланысты.
Жобаның қанағаттандырылатын қажеттілік түрлері бойынша бар қажеттілікке немесе жаңасын жасауға бағытталған болады.
Инновация типі бойынша инновациялық жобалардың топтамасы келесідей жобаларға бөлінеді:
1) жаңа немесе жетілдірілген өнімді еңгізу бойынша;
2) жаңа немесе жетілдірілген өндіріс әдісін еңгізу бойынша;
3) жаңа нарықты ашу бойынша;
4) шикізат немесе жартылай фабрикаттарды жабдықтайтын жаңа көздерді игеру бойынша;
5) басқару құрылымын қайта ұйымдасытру бойынша.
Инновациялық жобалармен қабылданған шешімдер деңгейі бойынша: мемлекет аралық, президенттік, аймақтық, салалық және жеке кәсіпорындар болып бөлінеді.
Инновацялық жобаларды басқаруды функциялар жүйесі ретінде, басқару шешімдерін қабылдау процесі және ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет