5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет25/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Глава 5 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Әлеуметтік педагогиканы әдіснамалық талдауының логикалық-гносеологиялық


деңгейдегі өзара байланысын түсіндіріңіз.

  1. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымының мазмұнын ашып

көрсетіңіз.

  1. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарын (Л.В. Мардахаев, И.А. Липский, В.С. Торохтийдің оқулықтары бойынша) сипаттаңыз.

4. К. Ж. Қожахметованың еңбектері негізінде этнопедагогиканың теориялық- әдіснамалық негіздерін кестеге түсіріңіз.
5. Тәрбие мәселелерін зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарының жиынтығын сипаттаңыз.

5.5. Кәсіптік білім беру, білім беруді басқару мәселелерін зерттеу

Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бұл жүйедегі маман даярлаудың мазмұнын жаңарту жолдарын белсенді іздестіру жүріп жатыр. Олар:


-Шетелдегі техникалық және кәсіптік білім беру тәжірибесі;
-Қазақстанда еңбек рыногының кәсіптік мамандық құрылымының өзгерістері;
-Кәсіптік және техникалық білім беру саласында кәсіби даярлық мазмұны.
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері даярлық деңгейі мен өндіріс бағыттарының сәйкес келмеуімен тығыз байланысты. Сол себепті кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бағытында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Ең әуелі осы Отандық техникалық кәсіптік білім беруді жаңарту терең түсіну мақсатында білім берудің шетелдік модельдерін салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы арқылы жүргізу керек. Кәсіптік білім беру көптеген елдердің стратегиясында басшылыққа алатынын атап өту қажет. Әсіресе, бұл Европалық кеңестің, АҚШ-тың, Жапонияның стратегиясынан анық көрінуде.
Зерттеудің екінші кезеңінде кәсіптік стандарттарды жобалаудың әдіснамалық тұғырлары іздестірілуде. Кәсіптік стандарт қызметкерлердің кәсіби әрекеті сапасына бағдар ретінде алынады: а) құзыреттіліктердің деңгейлік жүйесі; б) кәсіптік міндеттер жүйесі; в) қызметтік карта; д) тұлғалық қасиеттер жүйесі.
Зерттеудің үшінші кезеңінде кәсіптік және білім беру әрекетінде тиімді және үйлесімді стандарттарды жобалаудың ғылыми-әдістемелік құралдары жасалды.
Зерттеу Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясында профессор Ә.Қ. Құсайыновтың басшылығымен жүргізілуде. Зерттеу пәні – кәсіптік стандарттарды жобалау.
Кәсіптік стандартты жобалау тұжырымдамасы әдіснамалық негіз+ғылыми аппарат элементтері (нысана, пән, мақсат, міндеттер)+категориялар, ұғымдар жүйесі+ұстанымдар жүйесі+ғылыми-әдістемелік құралдар: модельдер, әдістер, құралдар.
Тқсәж= ӘН+ҒАЭ+КҰЖ+ҰЖ+ҒӘҚ.
Кәсіптік стандарттарды жобалау. Кәсіптік және білім беру саласындағы жобалауға әдіснамалық бағдар болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық базасы көп деңгейлі әдіснама мен ғылыми зерттеулер әдістемесі зерделенген еңбектер. (В.Е. Гмурман, Н.Д. Хмель, Н.Д. Никандров, Б.Л. Вульфсон, Ә.Қ. Құсайынов және басқалар).
Бұл зерттеу нәтижесінде профессор Н.А. Шамельханова «Модернизация содержания профессионального образования» атты монография (Алматы, 2011, - 232 с.) жариялады.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін мәселенің шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады.
Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек ете алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби – дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білімді, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылатыны айтылған
Болашақ мұғалімнің бойына ондай қасиеттерді сіңіруге кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндік береді деп санаймыз.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдарда ғана қарастырыла бастады.
ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер болды. Бұл кезеңді тек ғылыми-техникалық прогреске сай ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы әлеуметтік сұранысқа сай дайындалатын маманның үлгісін қалыптастырудың зерттеушілік және практикалық жұмыстарының бастамасы деуге болады. Осыған байланысты ғылыми әдебиеттерде жоғары білімді маман дайындау мәселесінде модельдеу қажеттігі туралы мақалалар шыға бастады. Мұның өзі ғылымның көптеген салаларында модельдеудің тиімді тәсіл ретінде қолдануға жол ашты және зерттеулердің әртүрлілігі бір үлгідегі нормативтік құжат ретіндегі маманның біліктілік сипатамасын жасауға әкелді. Өткен ғасырдың 70-жылдарында қысқа мерзімде жүзге жуық маманның кәсіби-біліктілік сипаттамасы жасалды. Жоғары білім беру жүйесінде мұндай қозғалыс 1979 жылдан басталып, министрліктің нұсқау хатымен кәсіби-біліктілік сипаттамасын жасауға нұсқау берілді.
Егемендік алғаннан кейін әр республика жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет болды. Қазақстан Республикасы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне сәйкес өзінің тұжырымдамасын анықтады. Тұжырымдаманың негізі Халықаралық білім берудің біліктілік стандартының ұсыныстарына сүйенді. Жоғары кәсіптік білімді дамытудың қабылданған тұжырымдамасына сәйкес бакалавриат, магистратура стандарттары жасалды. Оларда алғаш рет «маман моделі» термині қолданылып, «түйінді құзыретіліктеріне қойылатын талаптар» белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің ҚР МЖМБС 3. 08. 252-2006 мемлекеттік стандартында 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірген түлекке «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалаврі» академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 21. 11. № 273–П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігі анықтамасына» сәйкес анықталады.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже ретінде төмендегілерді көрсетеді:
-құзыреттілік ұғымы тек танымдық және технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез – құлықтық, яғни ол оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйелерін, әдет және т. б. қамтиды.
-құзыреттілік – алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен мінез – құлық тәсілдерін нақты іс -әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді
Студенттерді жоғары педагогикалық оқу орындарында кәсіби дайындау мәселелерімен С. А. Архангельский, Л. М. Митина, Б. Т. Кенжебеков, А. Нұғысова, Б. Д. Сыдықов және т. б. , мұғалім тұлғасын қалыптастырудың жалпы дидактикалық мәселелерімен Т. А. Ильина, В. Н. Кузьмина, В. А. Сластенин, Т. Сабыров және т. б. , мұғалім дайындығының жалпы психологиялық мәселелерімен В. В. Давыдов, Қ. Жарықбаев, С. Л. Рубинштейн және т. б. айналысты.
Қазіргі кезде психология, педагогика ғылымдарында болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы мен дамуы үдерісіндегі мазмұны мен құрылымын зерттеудің профессиографиялық, деңгейлік және міндеттік сияқты бірнеше тәсілдері бар екені байқалады. Сонымен қатар И. Ф. Исаев, Н.Д. Хмель және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұнын анықтаудың ұстанымдары түрліше айқындалған. Профессиограмма – маңызды құжат. Оның талаптарында кәсіби дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады.
Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев профессиограмманы түрліше жетілдіріп, маманның кәсіби сапаларын анықтауда бірнеше нұсқаларын ұсынды. В. А. Сластенин педагогтың профессиограммасында оның жеке тұлғасының инвариантты, мұрат етілген параметрлері болуы керек деп есептейді. Ол мұғалімге қойылатын талаптарды бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын жалпы азаматтық сапалар, мұғалім кәсібінің өзіндік ерекшелігін көрсететін сапалар және мамандық бойынша арнайы білім, икемділік және дағдылар түріндегі үш негізгі компонентке біріктіреді.
Айталық, зерттеуші Б.Т. Барсай жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мазмұнын анықтаудың ұстанымдарын нақтылап көрсетті: кәсібилік (профессиографиялық) ұстанымы; біліктілік (квалификациялық) ұстанымы; құзыреттілік ұстанымы.
Педагогикадағы келесі амал тұлғамен байланыстыра анықталады. Бұл топтағы ғылыми жұмыстардың арасында Н.В. Кузьминаның зерттеулері ерекше мәнге ие. Мұғалім еңбегінің психологиясын қарастыра отырып және педагогикалық қызметінің құрылымын анықтай келе, ғалым педагогтің тұлғасына үлкен мән береді. Көрсетілген кәсіби шеберлік пен бірізді дағдылар даярлық үдерісінде тұтас механизм құрайды. Н.В. Кузьмина кәсіби даярлаудың төрт компонентін атап көрсетеді, олар: құрастырушылық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық. Оларды автор белгілі бір педагогикалық қабілеттердің қатарына жатқызады: құрастырушылық-оқу материалдарын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау, баланың жеке тұлғасының жобалану, диагностикалық және даму бейнесін есепке алу; коммуникативтік - балармен қарым-қатынас қалыптастыру, оларды ситуацияға байланысты әрекет етуге бейімдеу; ұйымдастырушылық - іс-әрекеттің алуан түріне қатыстыру, ұжымды әрбір жеке тұлғаға ықпал жасау құралына айналдыру; гностикалық – заңдылықтарды анықтайтын, тәуелділікті белгілейтін талданған педагогикалық ситуациялар.
Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі.
Сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие. Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру – мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру - әрекеттік (өзінің және оқушының іс - әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады. Ұйымдастырушылық қызметі – мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс жасай алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата – аналармен, қоғаммен мақсаттты қарым – қатынас орната білуімен айқындалады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, құзыреттіліктің құрамы төмендегідей: кәсіби дайындықтың әдіснамалық бағыттылығы; қоғамдық саяси пәндердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы; психологиялық–педагогикалық дайындықтың бағыттылығы; математикалық дайындықтың кәсіби бағыттылығы; әдістемелік дайындықтың ғылыми-теориялық және практикалық бағыттылығы; студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасының ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру; мамандарды дайындауда тұлғалық - әрекеттік тұғырды жүзеге асыру; болашақ мамандарды қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиямен қаруландыру; студенттердің үздіксіз компьютерлік дайындығын жүзеге асыру; оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешен жасау.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен тікелей байланысты болғандықтан, зерттеу барысында зерделенген Қазақстанның білім саласының жағдайы мен маман кадрлар даярлау мәселелеріне арналған ғылыми-педагогикалық еңбектерде: еліміздегі педагогика ғылымының, мектептердің дамуы (Қ. Бержанов, А. И. Сембаев, Ә. Сытдықов, Т. Тәжібаев, Г.М. Храпченков, С. Мусин, И. Б. Мадин, Қ. Б. Сейталиев, К. Қ. Құнантаева және т. б.); болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда дайындау (А. Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, Т.С. Сабыров, М. Ж. Жадрина, С.А. Жолдасбекова, Ә.А. Молдажанова, С.С. Маусымбаев, А. Нұғысова, Д. Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б. Қасқатаева және т. б.); экологиялық тұрғыда дайындау (М.Н. Сарыбеков, Қ. М. Беркімбаев және т. б.); болашақ мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, Е. Жұматаева, С.Т. Каргин, А.С. Карбаева, К.С. Успанов және т. б.); педагогтің зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру (З.А. Исаева, Е. И. Бурдина, Б.А. Тұрғынбаева, Н.А. Шамельханова және т. б.); қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту, эстетикалық, кәсіби тәрбиешілік тұрғыда (Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, Б.А. Тойлыбаев, К.Ж. Қожахметова, А. А. Қалыбекова, А. С. Мағауова, Р. К. Төлеубекова, Қ. Бөлеев, М. Х. Балтабаев, А.Б. Абибулаева, С.А. Ұзақбаева, А.Б. Нұрлыбекова, Ш. М. Мұхтарова және т. б.); болашақ маманға кәсіптік білім беру тұрғысынан (М.Ә. Құдайқұлов, К.А. Дүйсенбаев, А.П. Сейтешев, И. Б. Сиқымбаев, А. А. Жолдасбеков, А.М. Әбдіров және т. б.), жоғары оқу орындарында студенттерге кәсіби білім беру мәселелері (Ш.А. Абдраман, Т.Ә. Қышқашбаев, О. Мұсабеков, О. Сыздықов, А.Қ. Қозыбай және т. б.), салыстырмалы педагогика мәселелері (А. Қ. Құсайынов, Қ.С. Мусин, Г.Қ. Нұрғалиева және т. б.); компьютерлік технологияны оқу үдерісіне енгізіп, болашақ мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау (Т О. Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Ж. Ж. Жаңабаев, Қ. Қ. Қабдықайыров, Ж.А. Қараев, С. М. Кеңесбаев, Ж.У. Көбдікова, М. С. Мәлібекова, Б.Д. Сыдықов, Л.А. Шкутина, Г.О. Тәжіғұлова және т. б.) мәселелері жан - жақты талданған.
Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік-математикалық дайындығы мәселелері Ресейлік ғалымдар К. Абдуллаев, С.И. Волкова, В. Ф. Ефимов, Т.В. Зацепина, Н.Б. Истомина, Г.М. Коджаспирова, Л.С. Подымова, О.В. Тарасова, М. И. Айзенберг және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.
Бастауыш мектептерде оқытуды жетілдіру мәселелері Ш.А. Амонашвили, В. В. Давыдов, Л.В. Занков, С.Н. Лысенкова, Н.Ф. Талызина, В.Ф. Шаталов, П.М. Эрдниевтің және т. б. зерттеулерінде көрініс тауып, олар осы тұрғыдағы өз тұжырымдамаларын ұсынды.
Елімізде бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық және әдістемелік аспектілерін (Қ. Аймағамбетова, С.Р. Рахметова, Ш.Х. Құрманалина, Т.Қ. Оспанов, Ж. Т. Қайыңбаев, Б. Қасқатаева, Г.И. Уәйісова, Қ. Меңдаяқова, Ә.С. Әмірова, С.Н. Жиенбаева, С.Е. Қаңтарбаев, Қ.А. Сарбасова және т. б.), бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау, бастауыш білім беру мен бастауыш сынып мұғалімін даярлаудың тарихы мен дамуын (Р.К. Бекмағамбетова, Қ.Т. Ыбыраимжанов, Б.М. Қосанов, Ш. Майғаранова және т. б.), бастауыштағы білім интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниеге көзқарасы, тәрбиелеу мәселесі тұрғысынан (Ә.М. Мұханбетжанова, Р.К. Төлеубекова, А.Х. Аренова және т. б.) зерттеген еңбектер бастауышта оқытуды жетілдіруге, мұғалімдерді даярлаудың сапасын арттыруға қосылған мол үлес болды.
Мұғалім тұлғасы, оны кәсіби дайындау барлық уақытта да зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ.
Республикада білім беруді басқару саласында жоғары оқу орындарын, олардағы білім беру үресін бықару, мектепті басқару, педагогикалық менеджмент мәселелері зерттелуде (С. Әбдіманапов, Н.А. Асанов, Г.С. Минажева, Т.М. Баймолдаев, З.М. Садвакасова, Н.А. Лебедева және т.б.).
Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде тұлғаға жекелеген психикалық үдерістердің жиынтығынан ғана емес, өзара байланысты сапалар мен элементтер жиынтығынан тұратын тұтас жүйелі –құрылымдық тұрғысынан қарау басымдық алып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет