5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет26/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Глава 5 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Кәсіптік стандарттарды жобалау саласындағы зерттеулерге шолу жасаңыз.

  2. Кәсіби-педагогикалық білім беру саласы зерттеулерінің бағыттарын саралаңыз.

  3. Білім беруді басқару мәселелерін зерттеу логикасын түсіндіріңіз.

  4. Білім беру саласындағы басқару мен менеджменттің зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтаңыз.



5.6. Инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу

Инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жоғары мектеп оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығын қалыптастыру алғы шартын зерттеу мысалында қарастырдық.


Инновациялық қабілеттілік оқытушыға өз педагогикалық іс-әрекетін зерттеу үшін және білім алушыға өзінің оқу іс-әрекетін жетілдіру үшін қажет.
Инновациялық ЖОО-дар жаңа білім беру үлгілерін құрып, жаңа технологияларды өңдеу арқылы жаңа педагогикалық жүйеде әлі пайда болмаған мәдени білімді қалыптастыра бастайды.
Оқытушының инновациялық мәдениетін арттыру жағдайына ғылыми-әдістемелік жұмыс жатады (кафедрадағы, зерттеу топтары және т.б.), озық педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық инновацияның ғылыми талдауы, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде ендіру; психологиялық-педагогикалық түрлі теориялардың өзара әрекетін жүзеге асыру, мына сызба бойынша: «теория – тәжірибе – теория», педагогикалық инновациялық әрекет, зерттеу жұмыстары. Құрастырылған үлгінің оқу үдерісінде жүзеге асыру тетіктері магистрлерді инновациялық іс-әрекетке даярлау тиімділігін арттырудың дидактикалық жағдайларымен анықталады (10-сурет ЖОО оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығы үлгісі). Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын диагностикалау тәжірибелік-педагогикалық жұмысты бастамас бұрын және аяқталған соң анықталып отырды. Инновациялық іс-әрекетке даярлығын анықтау өлшемдері ретінде келесі көрсеткіштерді анықтадық:

  • инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін түсіну;

  • ЖОО-ның тәжірибелік жұмысына жаңаны ендіру бойынша шығармашылық іс-әрекетке даярлығы;

  • инновацияны ендіруге бағытталған әрекетінің жемісі болатынына сенімділік;

  • жеке мақсаттары мен инновациялық іс-әрекет мақсаттарының сәйкестігі;

  • шығармашылық сәтсіздіктерді жеңуге дайындығы;

  • инновациялық іс-әрекеттің кәсіби және жеке тұлғалық мәдениетте негізделуі;

  • инновациялық іс-әрекетті орындауға технологиялық дайындық деңгейі;

  • өткен тәжірибесін инновациялық іс-әрекетте қолдану;

  • инновациялық іс-әрекеттің кәсіби дербестілігіне әсері;

  • кәсіби рефлексияға қабілеттілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет