5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен алынған нәтижелерді салыстыру



бет29/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Глава 5 новый

Жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен алынған нәтижелерді салыстыру




11- сурет Инновациялық іс-әрекет диагностикасы

Жоғары мектептегі инновациялық іс-әрекет инновациялық жүйе ретінде белгілі бір қызмет атқарады. В.С. Лазаревтың инновациялық жүйенің теориялық үлгісінде олардың саны бесеу:



  1. Педагогикалық жүйені өзгертудің қажеттігін анықтау;

  2. Педагогикалық жүйенің даму мүмкіндіктерін анықтау;

  3. Жаңашылдықты өңдеу;

  4. Өзгерістерді жобалау және жоспарлау;

  5. Жаңаны ендіру және институализация

Инновациялық жүйесі дамыған жоғары мектеп өз міндеттерін салыстырмалы түрде жақсы атқарады, себебі: мәселені анықтауға қабілетті; университеттің педагогикалық жүйесінің дамуы үшін ондағы мүмкіндіктерді анықтауға қабілетті; қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты өзінің болашағына біртұтас және нақты жобалар құруға қабілетті; өзгерістерді іске асыруға байланысты жоспарларды құруға және тиімді жүзеге асыруға қабілетті.
Кез-келген іс-әрекет субъектісі болады, ол топтық немесе жеке болуы мүмкін. Субъект мақсат қояды, жоспарлайды, ұйымдастырады және оған жету жолын бақылайды. Басқаша айтқанда, субъект іс-әрекет мазмұны мен формасын анықтайды. Отандық және шетелдік психологияда субъектілік бастау оның ішкі мотивациясы негізінде белсенділігінің бастамасымен байланыстырады.
Жоғары оқу орны оқытушысының инновациялық іс-әрекетке даярлығын құрайтындар:
– сол іс-әрекетке қатысу түрткісінің болуы;
– білім берудің инновациялық үлгілері, технологиялары, ЖОО–дағы білім беру нәтижесінің қазіргі уақыттағы талаптары туралы білімдер кешені;
– педогогикалық инноватика аймағындағы біліктілік.
Жоғары мектеп оқытушысының инновациялық іс әрекетке даярлығы – педагогтің меңгерген инновациялық педагогикалық технологияны өз іс тәжірибесінде қолдануға даяр болуы. Білім беру жүйесі қоғамдық жүйенің бір бөлігі болып табылады, сондықтан ол басқа да бөліктердің өзгеру ықпалында болады. В.С. Лазерев пайымдағандай: «Әр университет көптеген тармақтары бойынша оны қоршаған әлеммен байланысты, сондықтан сыртқы жағдайлардағы өзгерістер оның өміріне әсер етпей қоймайды. Кейбір өзгерістер тез арада реакция беруді талап етсе, басқа өзгерістер университеттің түп тамырымен мақсаттары мен оған жету жолдарына өзгеріс енгізуді талап етеді. Соңғы онжылдық көрсетіп отырғандай, ықпал ету факторлары күннен күнге білім беруге әсер ету күшін арттыруда, кейін бұл ықпал азаяды деп күтудің қажеті жоқ».
Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындарының инновациялық жүйесінің концептуалдық шешімін жобалаудың әртүрлі нұсқаларын құру және оның ішінен ең дұрысын таңдауда 12 - сурет мүмкіндік береді.
Инновациялық іс-әрекетке қойылатын шектеулердің азаюы білім беру жүйесінде ауқымды инновациялық қозғалысты туындатып отыр. Университеттің даму болашағына жаңаны өңдеу мен тарату үдерісі үлкен әсерін тигізеді. Басқа университетте туындап жатқан білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен өңдемелер, педагогикалық тәжірибе университеттің дамуына мықты түрткі болып табылады. Білім берудегі инновациялық технологиялар білім алушылардың өз бетінше жұмысын белсендіруге және оны мәселенің шешімін табуда қолдануға, зерттеуге, әріптестікке бағытталған. Оларды қолдану студент-оқытушы жүйесіндегі басқа сапалы өзара әрекетті талап етеді.

Жергілікті әкімшілік

Білім және ғылым министрлігі

Инвесторлар (мемлекеттік, жеке)



Ресурстар (материалдық, интеллектуалдық, қаржылық,...)



Жоғарғы оқу орындарының инновациялық өнімдерін тұтынушылар



Жоғарғы оқу орнының инновациялық құрылымы:
- Ректор
- ғылыми- зерттеу бөлімшесі
- оқу әдістемелік бөлімшесі
- ақпараттық-аналитикалық бөлім
- интеллектуалдық меншік бөлімі
- өндірістік бөлім
- маркетинг бөлімі
- халықаралық қатынастар бөлімі
- сапа менеджменті бөлімі
- бухгалтерия







Кадрлар (оқытушылар, студенттер, қызметкерлер)





Инфрақұрылым (үй, ғимарат, энергожабдықтау, технопарктер,...)



Технологиялар (өндіріс, басқару)





Бәсекелестер



Делдалдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет