13 - сурет. Инновация мен «кайдзеннің» бірігуінің сызба үлгісі
Университеттегі инновациялық қызметті дамыту және қамтамасыз ету үшін Инновациялық қызмет жөніндегі бөлім жұмыс жасайды. Бөлімнің негізгі міндеттері факультеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінде жүргізілетін инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, ғылымды бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыруды белсенді қарастыру, Университеттің барлық бөлімшелеріне маркетинг концепцияларын енгізу болып табылады. ЖОО оқытушысының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру үлгісін құру үшін білім берудің жаңа парадигмасы мен білім берудегі инновациялық үдерістердің тенденциясын ескеру қажет.
Адам капиталы – оқыту үдерісінде және өмірлік тәжірибеде жинақталған білім мен дағдылар. Ол қалалар мен аймақтардың даму деңгейін анықтауда басты рөл атқарды. Гарвард университетінің профессоры Э. Глейзер өз зерттеуінде 1960–1990 жылдар аралығында тұрғындардың өсуі, америкалық қалалардың кіріс көлемінің ұлғаюы сол аймақтың адам капиталына бөлген қаржы көлеміне тікелей байланысты болғанын анықтады. Ол жоғары білімді қала тұрғындарын есептеді. 90-жылдардағы зерттеулерде де мұның өзгермегендігіне көз жеткізді.
Жоғары білімнің артықшылығын оның иесі ғана емес, сол аймақтың экономикасында да сезілетіндігі дәлелденген, яғни жоғары білімді адамдар көп болған сайын аймақтың барлық жұмыс күшінің өнімі артады, сонымен қатар айлық жалақының ұлғаюы бар. Білімді адамдар ұтқыр, болашағы зор, олар жаңа жолдарды іздестіруге ынталы.
Университеттер білім берумен ғана шектеліп қоймай мамандық ауыстыруға, біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Стенфорт университеті тоқсанға жуық қосымша білім беру бағдарламалары мен түрлі курстарды ұсынады. Әр тоқсанда университетке 2500–дей тыңдарман тіркеледі. Стенфорт – бұл жекеменшік университет, оқу ақысы жоғары және барлығына бірдей. Соған қарамастан білім алушылардың көп бөлігі Калифорниядан келеді. Мемлекеттік университеттердің басты миссиясы штаттың дамуын қамтамасыз ету болғандықтын жергілікті студенттердің оқу ақысында белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған. Нью-Йорк штатының университеті АҚШ-тағы ең үлкен мемлекеттік университет. Мұндай саясат АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының барлығында жүзеге асырылады.
ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
Достарыңызбен бөлісу: |