50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Эндогендiк пигменттер түрлерi, даму механизмдерi, морфологиялық сипаттамасы



бет11/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
001-3

9. Эндогендiк пигменттер түрлерi, даму механизмдерi, морфологиялық сипаттамасы.
Хромопротеидтер алмасуы жоғарыда
10. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы. Подагра, несеп-қышқылды инфаркт, несеп жолдарының тастары ауруы.
Нуклеопротеидтер алмасуының бузылуы Организмде нуклеопротеидтер катарына дезоксирибону-клеопротеидтер (ДНП) жэне рибонуклеопротеидтер (РНП) кіреді. ДНП ядроның, сонын ішінде, хромосомалар кұрамына кіріп, организмде тұкым куалау белгілерін аныктайды. РНП болса, нәруыз түзілуінің (синтезінің) негізгі реттеушісі болып есептеледі. Нуклеопротеидтердің ыдырауы нэтижесінде несеп кышкылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртка шығарылады. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда несеп кышкылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп калады. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: • организмге пуриндердің сырткы ортадан (ет кұрамында) келіп түсуі күшейгенде; • олардың организмнің өзінде көп түзілуі нәтижесінде; • пуриндердін ыдырау өнімдерінің несеппен бөлініп шығуы киындағанда (бүйрек ауруларында); • нуклеопротеидтер калдыктарынын бүйректен, баска ағзалардан (тері арқылы, ішектен) бөлініп шығуы бүзылғанда байкалады. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда дамитын сыркаттар катарына: подагра, бүйрек тас ауруы, несеп кышқылына байланысты инфаркт кіреді. Подагра майда (кол-аяк буындары) жэне ірі (тізе, иык буындары) буындарда, синовиалдык кабыктарда, шеміршектерде несеп кышкылының натрий тұздарының шөгіп калуына байланысты болатын сыркат. Көбінесе бұл сыркат тұкым куалайды, ата-анасы ауру балаларда подагра ерте басталып, өте ауыр өтеді. Подаграмен негізінен еркек кісілер ауырады. Несеп кышкылы шөгіп калған жердегі тін некрозға үшырап, айналасында кабыну реакциясы өрістейді жэне көп ядролы алып жасушалар жиналады. Бірте-бірте некроз ошағы капсуламен коршалып буындар айналасында үлкендігі жаңғактай түйіндер (подагра түйіндері — tophi игісі) пайда болады. Подагра сыркатында негізінен аяк-кол буындары ісіп, домбығып, мезгілмезгіл катты ауырады. Егер осы өзгерістер иык буынында болса, ол омагра, тізе буынында — гонагра, кол буынында — хаирагра деп аталады. Несеп кышкылы әсерінде пайда болтан инфаркт жаңа туылған нәрестелерде, олар 2 тәуліктен көп өмір сүргенде кездеседі. Сот медицинасында бүл жағдай баланың тірі туылғандығын анықтау үшін пайдаланады. Несеп кышкылының түзілуі физиологиялык кұбылыс болып, бала туылғаннан кейінгі организмнін сырткы ортаға бейімделу реакииясынын бірі болып есептеледі. Бұл осы кезендегі зат алмасу үдерісінін өте каркынды өтуіне байланысты бүйрек кызметінің күшеюінің нәтижесі. Бүйректерді кесіп карағанда олардың кыркысты кабығында кызғылт-сары түстегі жолакшаларды көреміз. Егер бүл үдеріс күшті дамыса, онда болашакта бүйрекасты сырқатына алып келуі мүмкін. Бүйректе ураттардан түзілген тастардың пайда болуы да организмде нуклеопротеидтер алмасуының бүзылуынан хабар береді.
Тастардың пайда болуы Тас деп эр түрлі куыстарда, өзектерде, тұздардың шөгіп калуы нэтижесінде пайда болған, катты заттарды атайды
Тастардың пайда болуы себептері өте көп. Олардың бэрін жергілікті жэне жалпы себептер деп екіге бөдуге болады. Жалпы себептерге зат алмасу үдерісінің бұзылуы кіреді. Холестерин алмасуының бұзылуы өт жолдарында холестериннен түзілген тастардың пайда болуына соктырады. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы нәтижесінде несеп жолдарында несеп кышкылынын тұздары шөгіп калады. Жергілікті себептерге: • ағзаның секреторлык және реабсорбциялык кызметінің бұзылуы; • секреттің іркіліп калуы; • жергілікті қабыну үдерістері кіреді. Сонымен катар, «корғаушы коллоидтар» деп аталушы биоколлоидтардың да маңызы өте зор — олар ерімейтін заттарды ерітіндіде шөктірмей сактап тұрады. Осы рөлді от жолында от кышкылы, несеп жолдарында несеп кышкылы аткарады. Егер де бір жерде секрет түзілуі мөлшерден тыс көбейсе немесе оның үздіксіз бөлініп шығарылуы бүзылса, секрет коюланып, сол жерде эр түрлі шөкпелер, кейінірек тас пайда болуына жағдай туады. Ал кабыну үдерісінде түзілген заттар тастың органикалык ядросы рөлін аткарады. Осы органикалык затка түздар шөге бастайды. Тастардың үлкендігі де эр түрлі, кейбіреуі тек микроскоп астында аныкталса, екіншілері бірнеше килограмға дейін жетеді. Мысалы, Самарканд медицина институтынын патологиялык анатомия кафедрасында куык ішінде үлкендігі 20x10 см тас сакталған. Тастың пішіні кай жерде жатканына, оның түсі — кұрамында химиялык заттарға байланысты. Кристаллоидты тастар күн сәулесі тэрізді (радиалды) жайғаскан болса, коллоидты тастар кабат-кабат болып жатады. Тастар от жэне несеп жолдарында көп кездесіп осы ағзалардың созылмалы ауруларына себеп болады. Өттасы ауруы от калтасында, от жолдарында таза холестериннен, өт пигменттерінен, кальцийден түзілген жэне аралас кұрамды тастардын пайда болуымен сипатталады. Тастын химиялык күрамы организмде кайсы зат алмасуы бұзылғанынан хабар береді. Тастардын от жолында тығылып калуы сарғаюы белгілерімен көрініс береді немесе от калтасының кабынуына соктырады (тасты холецистит). Өттің от жолында іркіліп калуы билиарлы циррозбен аскынады (24-сурет). Буиректасы ауруы (тынжытас) кезінде ураттардан, оксалаттардан, фосфаттардан түзілген (соңғы екеуінің кұрамында кальций болады) жэне аралас тастар табылады. Балаларда цистинді жэне ксантинді тастар кездеседі, олар осы белоктар алмасуыньщ туа пайда болтан бұзылуынан хабар береді. Несепағар таспен тығындалып калғанда несеп бүйрек түбекшелерінде жиналып калып, эсте-әсте гидронефроз үдерісі, оған инфекция косылса, пионефроз дамиды. Айта кететін бір жағдай, кейде пайда болтан тас (мысалы, от калтасында) ешкандай ауру белгілерін шакырмай тек операция жасаганда немесе мэйітті ашып каратанда тана кездейсок табылады. Клиникалық маңызы. Тастар жолдарга тытылып, оте катты ауыру (шаншу) туындатады, ауырудың күштілігінен кейде адам есінен танып калады. Тастар кейде өз ауырлығымен ағза кабырғасын некроздап, кейде тесіп жіберуі мүмкін. Мысады, өт калгасымен ұлтабар арасында осы жағдайға байланысты саңылау пайда болып өт тасы ұлтабарға түседі, егер осы тас көлемі үлкен болса, ол ішектің жедел түйілуімен аскынады. Бұл кезде жедел операция жасау керек болады. Өт, бүйрек тастары осы ағзалардың кабынуында себеп болады. Қазіргі кезде тастарды сол түрған жерінде ұнтактап жою әдістері тәжірибеде кең колданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет