50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Тромбоз. Себептерi, тромбоз түзiлуiнiң механизмi. Тромб түзiлуiнiң жергiлiктi және жалпы факторлары



бет14/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
001-3

13.Тромбоз. Себептерi, тромбоз түзiлуiнiң механизмi. Тромб түзiлуiнiң жергiлiктi және жалпы факторлары.
Тромбоз Тромбоз деп канның кан тамырлары ішінде ұйып калуын атайды. Ұйыпкалған зат тромб деп аталады. Тромб кан тамырлар саңылауын тарылтып немесе бүтіндей тығындап, кан айналысына кедергі жасайды. Артериямен кан келмей калғанда, ағзалар некрозға дейін болатын аса кауіпті өзгерістергеұшырайды. Тромбоздын негізінде физиологиялық кұбылыс — кан ұю үдерісі жатады. Бұл организмнін коршаған ортаға бейімделу реакцияларының ең бір маңыздытүрі, себебі, тамырлар жаракаттанғанда кан ағу токтамаса, организм сәл ғана жаракаттан кансырап өледі. Сонымен катар, кан үю үдерісіне белсенді катынасатын, канның ең майда түйіршіктері — тромбоциттер — кан тамырының ішкі кабатын (эндотелиін) үздіксіз бүтіндеп түрады. Тромбоциттердің 15 пайызы тек осы кызметті аткару үшін пайдаланылады. Тромбоциттер көшіп түскен эндотелий орнына жабысып (адгезия), сол жерді желімдеп, кан тамырынын физиологиялык регенерациясын камтамасыз етеді. Каннын ұюы өте күрделі, көп салалы үдеріс, ол эрдайым канды үйыгушы жэне кан үюына карсы жүйелердін бакылауында болады. Қазіргі кезде организмде кан ұюына карсы эрекет ететін екі жүйе барлығы анықталды (В.А. Кудряшов). Бірінші жүйеге калыпты жағдайда кан кұрамында болатын антикоагулянттар: гепарин, антитромбин мен фибринолизин жүйесі кіреді. Олар каннын кан тамыры ішінде ұйып калуына жол бермейді. Патологиялык жағдайларда, егер бірінші жүйенің күші жеткіліксіз болса, екінші косымша, гемостазды, рефлекторлык-гуморалдык жолмен реттеуші кан ұюына карсы — фибринолиздік жүйе іске косылады. Осыған байланысты тромбин мөлшері канда көбейіп кеткенде, рефлекторлы жолмен гепариннің жэне фибринолизді күшейтуші заттардың канға шығуы молайып, тромбин мөлшерінін одан эрі артуына каннын ұйып калуына жол берілмейді. Осылайша канды ұйытушы жэне кан үюына карсы жүйе кері байланыс механизмі аркылы реттеліп тұрады. Демек, кан ұюы үдерісінде гемостаздың үш бөлігі де: тромбоцитті аппарат, плазма факторлары (фибринді ыдыратушы, кининді жэне комплементті жүйелер) жэне қан тамырларының өз компоненттері бірлесіп әрекет етуі керек. Бүл эрекет молекулалар деңгейінде өтеді. Сонымен, тромбоз осы екі, бір-біріне байланысты жүйенің аракатынасы бүзылуының ңәтижесі. Қан ұю үдерісі тромбоциттердің белсенділігімен басталады. Қан тамырының кемері жаракаттанғанда сол жерге бірінші болып тромбоциттер жетеді, олар эндотелий асты элементтерімен әсерлесіп бір-біріне жабыса жайылып (адгезия) тамырдың закымданған жерін бітейді. Сонымен катар, тромбоциттер кұрамынан кан ұю үдерісін іске косушы биологиялык эрекетшіл заттар, адгезивті нәруыздар — фибриноген, фибронектин, тромбоспондин бөлініп шығады. Олар біріншілік тромбоциттік тромбты тұрактандырады. Біріншілік тромбоциттік тромб микроциркуляция арнасындағы кан ағуды токтатады. Ірірек тамырлардағы тромбтардың беріктігі, кан ұю үдерісі нәтижесінде фибриннің түзілуімен байланысты (А.И. Струков, С.М. Струкова). Тромбоздың шығу механизмі (патогенезі) өте күрделі. Кдлыпты жағдайда кан тамырларда үйымайды, ал тромбтың түзілуі организмде канды ұйытушы жэне кан ұюына карсы жүйелердің өзара катынасының бұзылуынын анык белгісі. Тіндер жаракаттанғанда, операция уакытында, миокард инфарктында жэне басқа ауруларда тіннен тромбопластин факторы канға көп мөлшерде бөлініп шығады. Көптеген аурулар, мысалы, атеросклероз, гипертония, кантты диабет, катерлі ісіктер; шок, кан ұю үдерісін күшейтіп кана коймай, кандағы фибринолиз (фибрин ұйындысының еруі) үдерісін төмендетіп, тромбтын пайда болуына жағдай тудырады. Сонымен катар, тромбоз үдерісіне жоғарыда аталған канның сапасының өзгеруі де себеп болады. Аталған факторлар тромб дамуының жалпы жағдайлары болып есептелсе, ал тромбтың орны жергілікті факторларға байланысты. Оларға кан тамырларынын кемеріндегі өзгерістер, кан ағымының баяулауы жэне т.б. кіреді. Мысалы кан тамырларынын аневризмасы, кан тамыры кемерінің қабынуы сол жерде тромб пайда болуына соктырады. Қазіргі деректер бойынша канның ұю үдерісі төмендегі 4 кезеңнен тұрады. • Белсенді тромбопластиннің пайда болуы. • Тромбопластин кальций әсерінде протромбиннен (проферменттен) тромбиннің пайда болуы. • Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин-мономерге айналуы. • Фибрин-мономердің фибринді белсендіретін заттардың әрекетімен фибрин-полимерге айналуы. Белсенді тромбопластин ішкі қан ұю жүйесінде тромбоциттер закымданғанда, сырткы кан ұю жүйесінде тіндік факторлардан жасушалар мен тіндердің закымдануына байланысты бөлініп шығады. Ал, протромбин гепатоциттерде дәрумен К-нің бақылауында синтезделеді. Тромбин болса, протромбиннен протромбиназа әсерінде түзіледі. Тромбиннің негізгі қызметі фибриногеннен фибринопептидтер А жэне В-ны ажыратып алу, соның нәтижесінде фибрин үйындысы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет