Механизмдердің дұрыс жұмыс істеуін сыртқы белгілері бойынша тексеру.
Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
Шаю сапасын тексеру.
Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.
74. Білуге тиіс:
теміржолмен жүретін мрамор машина және автоматты ағынды конвейерлі желідегі жылжымалы құрамды шаю және ысқылау құрылғыларының құрылымы;
метрополитен қабырғаларын қаптау материалдарының қасиеті;
электр техника негіздері;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жолдары.
21. Мотовоз машинисі
75. Жұмыс сипаттамасы.
Мотовозды басқару.
Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, жұмысшыларды тасу және материалдарды тасымалдау жұмыстарын орындау. Станцияларда, түйән жинау базаларында маневрлік жұмыстарды орындау, жол машиналары қозғалысы, жол машиналарың жарамды бөліктері қуаты.
Газ баллон және газ генератор мотовоздарына қызмет көрсетуде дизельді, электр жабдықтарын, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, сигнал беру және жүретін бөлшектерін, оның көтергіш жабдықтары мен газ тарату механизмін жарамды қалыпта ұстап отыру.
Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.
Прицеп платформалардағы жүктің дұрыс тиелуін және бекітілуін қадағалау.
Дизель механизмдерінің, бактардың, салқындату жүйесі мен мотовоз бөлшектерін майлау және толтыру.
Мотовозды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.
76. Білуге тиіс:
мотовоз құрылымы және оны жүргізу ережесі;
мотовоз механизмдерінің жұмысындағы ақаулық себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері;
жанар-жағармай материалдары сипаттамасы және қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;
бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылымы;
мотовоз тораптарын, дөңгелек жұптарын және оның кран жабдықтарын техникалық байқау, жөндеу және куәландыру ережесі, түрлері, мерзімдері;
тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі мен тәсілдері;
адамдар мен жұктерді мотовозда тасымалдау ережелері;
электр техникасы, механика және гидравлика негіздері.
Кең рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталмаған тар рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін мотовозды басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд;
орман және шымтезек таситын тар рельсті уақытша теміржолдарда істейтін мотовозды; кең рельсті теміржолдарда істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталған мотовозды басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;
электростанция мотовоздарын; күштеуші генераторлармен, крандармен немесе басқа дизельді қозғалтқыш қуаттылығы 220 кВт дейінгі арнайы құрылғылармен жабдықталған мотовоздарды басқару мен қызмет көрсетуде - 6-й разряд.
77. Ескерту.
Мотовоз машинисінің көмекшісі басқарып отырған машинисттен бір разряд төмен тарифтеледі.
22. Теміржол су жабдығының насос құрылғысы машинисі
78. Жұмыс сипаттамасы.
Насостық-күш беретін жабдықты, іштен жанып қозғалтқыш, бу қазаны және басқа да насос станциясының жабдықтары: іске қосу, қозғалтқыш пен насостар жқмысы режимин реттеу және тоқтату, насос станциясының құбыры жүйесінде қайта қосу.
Бақылау-өлшеу аспаптарын бақылау.
Насос станциясының жабдықтарын ағымдық жөндеу.
Хлорлау құрылғысы жұмысын басқару.
Суды хлорлау үшін реагенттерді дайындау.
Суға қалған хлорға анализ жасау.
Теміржол станциясының су жабдығы құрылғысына қызмет ету және дқрыс жағдайда күту: арматуралы қысымды ажыратқыш су құбыры жүйесін, су бөлетін кран және құрылыс.
Бұлақтағы су деңгейін және гидротехникалық құрылыс жқмысын бақылау.
Санитарлық аймақтарды тиісті жағдайда күту.
Теміржол станциясының су құбырларын қысқы жұмысқа дайындау.
Теміржол станциясының поездарын және басқа да техникалық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерін сумен үздіксіз қамтамасыз ету.
79. Білуге тиіс:
Насостар мен қозғалтқыштар құрылғысы, қызмет ету принципі, пайдалану ережесі, резервтік энергия жабдығы, насостық станцияның агрегаттарын автоматты басқару;
Сору, қысымды, ажыратқыш құбыр сызбасы, арматураның құрылымы және құбырға әсері;
Жолаушылар поезды вагондары, адамдар эшелоны, тасымалданатын жануарлар суаты вагондарына су құю үшін және жылжымалы құрамды жуу үшін теміржол станцияларының, артезиан ұңғымасының, гидротехникалық және суайдауыш құрылысының, су бөлетін мұнара және крандардың су жабдығының қалған элементтері құрылғысы.
Күніне 500 куб.м.-ге дейін су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
күніне 500-100 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
күніне 1000-2000 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
күніне 2000-2500 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;
Күніне 2500 куб.м.-ден жоғары су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.
80. Ескерту.
Теміржол су жабдығы насос құрылғысының аға машинисті өзі басшылық ететін жоғары дәрежелі мамандықты машинисттен бір разрядқа жоғары тарифтеледі.
23. Паровоз машинисі
81. Жұмыс сипаттамасы.
Паровозды басқару және теміржол қатынас жолы пішінен, поезд салмағынан тәуелді, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықпен поезды енгізу және паровозды басқару.
Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.
Көмір және мұнай өнімдерінің минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.
Паровозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.
Паровозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.
Паровоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.
Паровоздың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.
Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поровоз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.
Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау. Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.
Паровоз машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес паровозға техникалық қызмет көрсету.
Бу машинасы, қазан және оның гарнитурасы мен темір арқауын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, оттыққа көмір жіберу немесе мұнай өнімдерін жіберу жабдығын, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.
Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігн қамтамасыз ету.
Паровоздың механикалық бөлігінің, тұрғызу тораптарының, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаған кездегі жағдайын тексеру.
Паровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.
Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде паровозды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.
Паровоз машинисті көмекшісін, сонымен қатар, «Паровоз машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды паровозды күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.
82. Білуге тиіс:
Паровоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;
паровозды пайдалану кезінде күтім тәртібі;
тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;
теміржол қатынас жолы пішіні;
қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;
теміржол қатынас жолы сызбасы;
жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;
паровозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;
отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;
Бу машинасы, қазан және оның гарнитурасы, электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық, тежегіш құрылғысы, көмір жіберу немесе мұнай өнімдерін оттыққа жіберу жабдығы ақауларын шығару және жою тәсілдері;
темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;
поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;
теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;
жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер; стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;
қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;
автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;
тежегіш башмағын қолдану ережесі;
поездар қозғалысы кестесі
электр техникасы, жылу техникасы, теориялық механика негіздері.
83. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.
24. Құм жіберетін құрылғы машинисі
2-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы.
Белгіленген жұмыс режимін сақтай отырып тәулігіне 20м³-ке дейінгі өнімділіктегі құм жіберетін құрылғыны басқару.
Құм кептіретін пешті толтыру, кептіру және құм тарататын бункерлерге құм жіберу.
Компрессор және оның электр қозғалтқышын тексеру.
Құрылғы механизмдерінің бөлшектерін майлау.
85. Білуге тиіс:
құрылғыны қолдану принципі, жұмыс режимдері, басқару және күту ережесі;
құрылғы бөлшектерінің ерте тозуы себептері мен олардың алдын алу тәсілдері;
қолданылатын майлау материалдарының түрлері мен сапасы;
майлау режимдері;
локомотивке салынатын құмға қойылатын талаптар.
өнімділігі тәулігіне 20-40 кубометр (бұдан әрі м³-ке) дейінгі құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде - 3-разряд;
өнімділігі тәулігіне 40 м³-ден асатын құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд.
25. Көпір бұру және көтеру машиналарының машинисі
4-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы.
Жұмыстың берілген режимдерін сақтай отырып қуаттылығы 100 кВт-қа дейінгі көпір бұру және көтеру машинасы механизмдерін басқару.
Машина жұмысындағы кемшіліктерді айқындау және оларды жою.
Машина механизмдерінің бөлшектерін майлау.
87. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен жұмыс режимдері;
машина жұмысындағы ақаулық себептері, басқару және күту ережелері;
электр техника негіздері.
Қуаттылығы 100 кВт-тан жоғары көпір бұру және көтеру механизмдерін басқаруда - 5-разряд.
26. Рельстік автобус машинисі
88. Жұмыс сипаттамасы.
Рельстік автобусты басқару және теміржол қатынас жолы пішінен тәуелді, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықпен рельстік автобусты басқару.
Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және рельстік автобустың сақталуын қамтамасыз ету.
Дизельдік отынның минимум шығынында рельстік автобусты енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.
Рельстік автобусты қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.
Рельстік автобусты жұмысқа дайындау және жабдықтау.
Рельстік автобустың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.
Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, рельстік автобус қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.
Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.
Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.
Рельстік автобус машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес рельстік автобусқа техникалық қызмет көрсету.
Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.
Рельстік автобус жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жолаушылардан рельстік автобус қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
Рельстік автобустағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – рельстік автобус тұрған теміржол аумағын рельстік автобустың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.
Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде рельстік автобусты тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.
Рельстік автобус көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.
Релсьтік автобусты пайдалану кезінде оған қызмет көрсететін жұмысшылар жұмысын басқару, қызметтерін бақылау.
Релсьтік автобус машинисті көмекшісін, сонымен қатар, «рельстік автобус машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды релсьтік автобусты күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.
89. Білуге тиіс:
Релсьтік автобус құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;
релсьтік автобусты пайдалау кезінде күтім тәртібі;
тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;
теміржол қатынас жолы пішіні;
қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;
жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;
релсьтік автобусына ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелерінің негізгі тәртібі;
дизельдік отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;
электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары міндеті және орнатылуы;
тораптар мен дөңгелек жұптарын техникалық тексеру, жөндеу, куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;
электр техникасы, радиобайланыс негізі;
гидро хабар жұмысы принципі және негізгі функциялары;
темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;
поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;
теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;
жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;
стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;
қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;
автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;
тежегіш башмағын қолдану ережесі;
поездар қозғалысы кестесі.
90. Кәсіптік дайындық пен релсьтік автобусты басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.
27. Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі
91.Жұмыс сипаттамасы.
Кірме және таразылау жолдары шегінде оларды жылжыту кезінде өзі жүретін салмағын тексеретін вагонды және өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды басқару.
Кран балканың көмегімен жолдағы өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды түсіру және орнату.
Өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларға үлгілік гирлерді салу.
Вагон таразыларын, бақылау-таразы платформалар мен тауар таразыларын тексеру.
Электр станция қозғалтқыштарына, көтергіш-көлік жабдықтары мен жетектеріне қызмет көрсету.
Салмақ тексеретін вагон қозғалтқыштары мен жабдықтарын баптау және реттеу.
Үлгілік гирьлердің жарамдылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тексеру таңбаларын тексеру.
Салмақ тексеретін вагондардың жабдықтары мен құрылғыларын жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу.
Поезд құрамына қосқаннан кейін оны өз бетінше жылжыту және тоқтату кезінде вагонның салмағын өлшейтін вагон механизміне қосу.
92.Білуге тиіс:
салмақ тексеретін вагон құрылымы;
салмақ өлшейтін вагон құрылымы және пайдалану ережесі
өлшейтін вагонды техникалық тексеру, жөндеу және куәландыру ережесі мен мерзімдері,
үлгілік жабдықтар мен арбаларды мемлекеттік тексеру және белгі салу ережесі,
салмақ өлшейтін құрылғыларды салмақ тексеретін вагонның көмегімен тексеру тәртібі мен әдістері,
салмақ өлшейтін арбаларға гирь салу ережесі мен тәсілдері,
вагонға, арбаға және көтергіш-көлік жабдықтарын толтырудың шекті жүктемесі,
айлабұйымдар мен керек-жарақтарды куәландыру мерзімдері,
электр техника, жылу техникасы және механика негіздері.
Жүк өлшеуге арналған статикалық жағдайдағы вагон таразыларға қызмет көрсетуде - 6-разряд;
Қозғалыста жүкті өлшеуге арналған вагондық электр механикалық таразыларға қызмет көрсетуде - 7-разряд;
Жоғары дәлдіктегі салмақ өлшейтін эталондық және үлгілік салмақ өлшейтін аспаптар мен таразыларға және тіркеудің электронды құрылғыларымен және өлшеу нәтижелерін қашықтықтан беретін электронды құрылғылармен жабдықталған таразыларға қызмет көрсетуде - 8-разряд.
93. Ескерту:
Өзі жүретін салмақ өлшейтін вагон машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
28. Тепловоз машинисі
94. Жұмыс сипаттамасы.
Тепловозды қозғалыс кестесін сақтай отырып, теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді бекітілген жылдамдықпен тепловозды басқару және поезды енгізу. Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жүк пен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.
Пойызды дизельдік отынды минимум шығындау кезінде енгізудің рационалды режимдерімен қамтамасыз ету.
Тепловозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, торап, электрлік, механикалық, тежегіш және қосымша жабдықтар, бақылау-өлшеу аспабы, радиобайланыс және дөңгелек жұп астына топырақ төсеу құрылғысын қарау және қызметін тексеру.
Тепловозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.
Тепловоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.
Тепловоздың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.
Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.
Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.
Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.
Тепловоз машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес тепловозға техникалық қызмет көрсету.
Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.
Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тепловоздың механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаға, кездегі жағдайын тексеру.
Жалпы қолданыстағы және жалпы қолданысқа арналмаған теміржол қатынас жолында маневрлік жұмыстарды орындау.
Жүк вагондарын Бекітілген жылдамдықта сұрыптау төбешігінен немесе кескінделіп созылған жолдан тарату, вагондарды жүк пен техникалық операцияларды өндіру пунктінде тиеу-түсіру фронттары бойынша орналастыру.
Тепловоздағы немесе поезд құрамындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.
Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.
Тепловоз көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.
Тепловоз машинисті көмекшісі, сонымен қатар, «тепловоз машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды тепловозды күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.
95. Білуге тиіс:
Тепловоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;
тепловозды пайдалау кезінде күтім тәртібі;
тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;
теміржол қатынас жолы пішіні;
қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;
теміржол қатынас жолы сызбасы;
жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;
тепловозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;
отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;
электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;
темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;
поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;
теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;
жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;
стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;
қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;
автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;
тежегіш башмағын қолдану ережесі;
поездар қозғалысы кестесі;
электр техникасы негіздері.
96. Кәсіптік дайындық пен тепловозды басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.
29. Тартым агрегатының машинисі
97. Жұмыс сипаттамасы.
Тартым агрегатын жолдың сұлбасы мен құрамының салмағына
байланысты басқару.
Поездарды қүру станциясында маневрлік жұмыстарды орындау.
Жүк тиеу және жүк түсіру жұмыстары кезiнде думпкарларды беру.
Тау-кен массасын разрезден шығару.
Думпкарларды тіркеу және ажырату.
Қолдық корсеткіштерін бұру.
Поездың жүру кезiнде тежегiштерді басқару.
Тартым агрегатын жабдықтау және құм жабдығына құм салу.
Тартым агрегатын қорғайтын бақылау-өлшеу құралдарының
көрсеткiштерiн байкау.
Баскару механизмдерi мен жүріс белшектерiн тексеру және сынау.
Жұмыстағы жүріс бөлігін ақаулықтарды жою.
Жөндеу жүргiзу.
98. Бiлуге тиiс:
Тартым агрегатының техникалық сипаттамарын, құрылымын, жол сұлбасын, оның жағдайын, станциялар мен аралыктардағы жолдар және дабылдарды нөмiрлеудi;
жұмыстыңн әр түрлі жағдайларында локомотивтің (тартым агрегатының) тартым сипаттамаларын, жол схемаларын;
коммутациялар мен энергиялық куат көзiн;
тежегiш құрылғылар жүйесiн;
бағыттамалы бұрмалар құрылымын;
поездарды тіркеу және ажырату ережесін;
рельстан шығып кеткен тартым агрегаты мен думпкарларды көтеру үшін колданылатын тәсілдер мен құрылғыларды;
аккумуляторлы батарейлер құрылымын, оларды зарядтау және күтiп ұстayды ережесiн;
Достарыңызбен бөлісу: |