3. Қогамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген косіпорындар.
4.Қүрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5.Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті косіпорындар.
6.Меншіктің жоғарыда келтірілген өр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің қүқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-қүқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің қүқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны жар-ғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмүнын анықтайды.
4.Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жүмыс істейді.
Кәсіпорындарды үйымдық-қүқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын үйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалга бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік қүнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объекгілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалга алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Үлестік жарна негізінде жүмыс істейтін кәсіпорындардың-шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің бірлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорымдар қаржысының қалыптасу жөне алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың қүрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары. мүліктер түрлі түрлері (үйлер, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті қүқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану күкыктары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі –жарғылық капиталы қүрылтайшылардың салымдарына (үлесіне) бөлінгем, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылык серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген:
1.толық серіктестік;
2.сенім серіктестігі;'
3.жауапкершілігі шекгеулі серіктестік;
4.қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5.акционерлік қоғам.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бүл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жүмыс істейді:
1.шаруашылық жургізу қүқығына негізделген кәсіпорындар; бүл қүқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған жөне осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету қүқықтарын
заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық қүқығы болып табылады;
2.жедел басқару қүқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
I) республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын қүрып мемлекеттік косіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік көсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметі негізгі міндетмақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлуеметгік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жүмыстар атқару,
қызметтер көрсету);
-
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1.төтенше және авариялық жағдайларда кен-қүтқару және өзгее арнаулы жүмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сүрапыл апаттардан қорғау;
2.заңнамада қаржыландырудың арнайы төртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақүрылым объектілерінің жүйесін үстау мен дамыту;
3.почта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
4.топографиялық-геодезиялық жөне картографиялық жұмыстар жүргізу;
5.денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметгік қорғау, ғылым жөне мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметі жүзеге асыру үшін қүрыла алады. Қазыналық көсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі уәкідді орган бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Көсіпорынның меншікті табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда қажетті жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық көсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік косіпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу қүқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен үйымдардың қаржысы деп өндірістік капитаддарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен үйымдардың қаржысын үйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
коммерциялық-шаруашылық есеп қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау;
жоспарлылық;
меншікгің барлық нысандарының тендігі;
қаржы резервтерінің болуы.
Жаргылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе қүрыл-тайшы берген көсіпорын (үйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді жене алғашқьща, шаруашылық жүргізуші субъектілерді қүрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым қүралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады:
Тутыну қорына мыналар жатады:
бүкіл қызметкердің (өндірістік жөне өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытывдысы бой-мпііш сыйақылар;
материалдық көмек:
еңбек жәпе әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мси салымдары бойыішіа мүліккс төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капжалды қалпына келтіруге жүмсалатып аморги іация лық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры үлғаймалы үдайы өндірісті қамтамасыз сту шығыңдарын қаржыландыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді иге-руге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылым объектілерін са-луға үлестік қатысуға;
әлеуметтік инфрақүрылым объектілерін салуға қатысуға пай-даланылады.
Ірі көсіпорындар мен үйымдар кешенді түтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмүны жағы-нан үқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін қүрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Үдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тоуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор
Қаржы менеджменті үғымы — тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
5.Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін түрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақ-тандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (үйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін үйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи түлға коммерциялық емес уйым деп танылады.
Коммерциялық емес үйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес үйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсатта-рына қол жеткізу; азаматтардың жөне үйымдардың қүқықтарын, занды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азамат-тардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азамат-тардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шы-нықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамгамасыз етуге бағыггалған басқа да мақсатгарда қүрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, түтьшу кооперативі, қор, діни бірлестік, қауым-дастық (одақ) нысанындағы заңи түлғалардың бірлестігі нысанын-да және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда қүры-луы мүмкін. Бүл үйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес үйымдардың қаржысы деп материалдық смес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық ондіріс салаларында жасалған үлттық табысты қайта бөлу нәтиижесінде қүрылатын ақшақорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес үйымдардың қаржысын үйымдастыруға негізінен олардың уйымдық-қуқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес үйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның қүрамына кіретін мекемелерді, үйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды үйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Сметалық қаржыландыру — меншікті табыстары жоқ үйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес мекемелерді үстауға жүмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсызданды-ру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қор-ғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржылавдырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржьшандыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді түтынушьшардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін.
Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдала-і іуды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері түрғы-сында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюд-жст қаражаттарын жүмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жургізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шы-і і.шдарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен үйымдарда колдапылады. Бүл үйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бүла рға ақылы негізде жүмыс істейтін білім беру мсн дснсаулык, сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, біркдгар шы-ғармашьшық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады.
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы кызмсет исгі иидсіі шаруашылық қызметін үйымдастыруды қаристырады, бүл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардыц колсміпс қатио ты анықталады. Бүл едіс мөдсни-ағарту қызмсті, бос уақытгы үйым-дастыру саласында (түрмыстық, көсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тіддерді, мүдцелер бойынша үлтгық клубтарда оқып - үйренудің курстары мен мектептері) қолданылады.
Тақырып 5. Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.
1. Мемлекеттің экономикалық қызметі.
2..Мемлекет қаржысының ұғымы мен құрамы.
3.Мемлекеттік кірістер ұғымы мен құрамы.
-
Мемлекеттік шығыстар жүйесі және мемлекеттік шығындар сыныптамасы.
1.Мемлекеттік экономикалық өмірге көптеген факторларға тәуелді қатысады. Мемлекеттің экономикалық қызметін келесідей функцияларға жинақтайды.
1) экономикалық дамудың қалыпты қозғалысына әсер еттетін заңдық базаны қамтамасыз ету;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табысты және асыл байлықты қайта қайтару;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта тарату;
Аталып өткен функциялар қызметі тікелей және жанама түрде қаржы категорияларын пайдаланумен байланысты. Көпшілік жағдайда бұл байланыс мемлекеттің 3-ші, 4-ші, 5-ші, функцияларында айқындалады.
Табысты және байлықты мемлекет қайта таратады, өйткені нарықтық жүйе олардың алғашқы таратылуына теңсіздік туғызады.
Мемлекет азаматтар табысын теңестіру үшін салықтық жүйе, трансферттерді, еңбек ақы, бағаны реттеуді пайдаланады. Экономиканы тұрақтандыру бойынша қызметі экономикалық коньюктураның тербелісін тудыратын жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылаудан, сонымен қатар экономикалық өсуді ынталандыру ьойынша шаралардан тұрады.
Экономикалық ресурстарды қайта тарату екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмеуінен болады.
-кейбір товарлардың тең көлемдегі өндірісінен ауытқуы;
-нарықтық ресурстарды бөлуден бас тартуды және олардың қоғамдық товарлар, игіліктер және қызметтер өндірісі үшін толық бөлінбеуі.
Бірінші жағдайда кейбір товарларды өндіру және тұтыну, осы товарларды тікелей тұтынушы және өндіруші болып табылмайтын субъектілердің шығындарын немесе пайдаларын туғызады. Бұл құбылыс жанама әсер немесе “переливтер” деп атайды және берілген шаруашылық пройестердің қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың немесе азаматтар тобының пайдасын немесе шығындарын көрсетеді. Жанама әсер шығындарына қоршаған ортаны ластаумен, шу шығарумен және т.б. әртүрлі қолайсыз жағдайлармен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін тұрғындарға ауыстырады және өндірушілердің шығындары азаяды.
Осының нәтижесінде өндірушілердің өндіріс көлемі артады, сәйкесінше берілген товарларды өндіру үшін ресурстар ұлғайтылған көлемде түседі.
Сонымен мемлекет өндіріс, салаларды қаржыландыруда тікелей қатысады.Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады.
2.Мемлекеттік қаржылар қаржылық жүйенің звеносы ретінде мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастарының қызметі мен байланысты.
Мемлекеттік қаржылардың экономикалық мазмұны олар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін қоғамдық өнім мен ұлттық байлықтың құнын тарату және қайта таратумен байланысты және алынған қаражаттарды мемлекеттің, мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын орындауға пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы сферадағы қаржылық қатынастардың субъектілері мемлекет, басқару органдары, кәсіпорындар,ұйымдар, мекемелер, азаматтар.
Мемлекеттік қаржылар тарату және бақылау функцияларын атқарады.
Мемлекеттік қаржылар құрамына келесідей: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылары. Экономикалық және әлеуметтік сфераны мемлекеттік басқарудың деңгейі бойынша мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Мемлекеттік қаржылар құрамына бюджеттік қатынастар маңызды орын алады. Бюджеттік қатынастар көмегімен ақшалай қаржылар қайта таратылады.
Республикалық бюджет ресурстары жалпы мемлеккеттік шараларды: мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламарды, қорғаныс,шекаралардықорғауды, мемлекеттік басқаруды, әлеуметтік сфераны дамытуды, халықаралық міндеттемелерді орындауды қаржыландыруға жұмсалады.
Жергілікті бюджет экономикалық процестерді реттеу, өндірістік күштерді орналастыру, территориялық инфрақұрылымдарды дамыту, еңбек ресурстарын ұдайы өндіру үшін қолданылады. Жергілікті бюджет әлеуметтік шығындарды қаржыландыруда маңызды роль алады.
Бюджеттен тыс қорлардың бағыты- арнайы мақсатты бөлулер және басқа қайнар көздер есебінен жеке мақсатты шараларды қаржыландыру.
Мемлекеттік несиеде қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақшалай қаржыларын шоғырландырып, оларды мемлекеттік органдарға берумен байланысты. Халықаралық несиеде қатынасқа шетел мемлекеттері, компаниялары, мемлекетаралық қаржылық мекемелер қатысады.
Мемлекеттік сектордың қызмет етуі мемлекеттік меншіктің бар болуына негізделеді.
Меншіктік жіктеу бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкі және мемлекеттік қазына деп бөлінеді.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңды түрде негізделген және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет етуі үшін негіз болады.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Республикалық қазынаға жағады:
-
Республикалық бюджет қаржылары;
-
Мемлекеттік алтын валюталық запастары;
-
Мемлекеттің меншігіндегі мүліктер (жер, оның байлықтары, өсімдіктер, аңдар, т.б. табиғи ресурстар)
Жергілікті қазынаға жатады:
- жергілікті бюджет қаржылары;
- коммуникалдық меншікке қатысты мүліктер.
Осылайша мемлекеттік қаржылардың ролі мен мәні мемлекеттің экономикалық функцияларын орындауға және әрбір этапта қоғамның даму мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға негізделуімен айқындалады.
3.Мемлекеттік кірістер болып меншіктің қызмет етуіне материалдық базаны құру үшін мемлекет меншігіне түсетін қаржылар жиынтығы қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады. Кірістер қаржылармен тығыз байланыста қызмет ететін зкономикалық категория. Олар бұл қаржыларды шығындаумен байланысты белгілі қызмет нәтижелері. Кірістер өндіріс нәтижелері болып табылады және қайта құрылған өнімнің тарату стадиясында пайда болады. Олар аралық сипатта болуы мүмкін, яғни қалыптасуынан кейін таратудың жаңа зтапына көшеді немесе өндірістің жаңа стадиясы айырбасқа көшу жолымен соңғы кірістер ретінде қызмет атқаруы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен кірістерге келесілер жатады:
1.Пайда қосылған құнға салынатын салық, акциздер, әлеуметтік сақтандыруға жарналар түрінде мемлекеттік кірістер және ұйымның таза кірісі.
2.Мемлекеттік мүліктен кіріс (мемлекеттік тұрғын үй қоры, жер, орман, су т.б.)
3.Мемлекеттік ұйымдармен, мекемелерден көрсетілетін ақылы қызметтен кірістер.
4.Бюджеттік мекемелердің арнайы қаржылары және т.б.
“Мемлекеттік кірістер” және “мемлекеттік қаржылық ресурстар” ұғымдарын шатастырмау қажет.Қаржылық ресурстар мазмұны бойынша мемлекеттік кірістер ұғымынан кең ұғым. Мемлекеттік кірістерден басқа қаржылық ресурстар құрамына табыстар болып табылмайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерде пайдаланылатын қаржылар кіреді. Мысалы:негізгі құралдарды қалыпқа келтіруге амортизациялық бөлулер,айналмалы қаржылардың артықшылықтары, кредиторлық қарыз сомалары және т.б. Бұл ақшалай қаржылар тікелей кірістер болып табылмайды, яғни қаржылар шығындарына байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Мемлекеттік заемдарда түсімдер мемлекеттің қаржылықресурстары болып табылады, бірақ бұлар мемлекеттік кірістер ретінде қарастырыла алмайды. Өйткені бұл қарыз қаржылар. Мемлекеттік қарыздың қайнар көзі ұлтық табыстар ,ал тарату және қайта тарату кезінде мобилизацияланады. Мемлекеттік мен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік кірістерді классификациялау мемлекеттік кірістеррдің экономикалық табиғатын, олардың құрамын және мақсаты бағын, қалыптасу
принциптерін, яғни мемлекеттік кірістердің барлық жүйесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Меншік формаларының ұйымдастыру –заңдық бейнеленуінен тәуелді мемлекеттік кірістер келесілерден тұрады:
1.мемлекеттік кәсіпорын және ұйым кірістерінен.
2.жеке меншік сектордың салықтық түсімдерінен.
3.тұрғындардың салықтық түсімдерінен.
4.коллективтік кәсіпорын және ұйымдардың салықтық түсімдерінен.
5.қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдерінен.
Құрылу сферасынан тәуелді мемлекеттік кірістер келесідей классификацияланады: материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер, өндірістік емес сферада қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша кірістер:
1.салықтық
2.салықтық емес (мемлекет игілігінен алу және жекешелендіру қаржылары, ақшалай-заттай лотереядан табыстар болып бөлінеді)
Салықтық табысты мобилизациялау жағдайында меншік формасының өзгеруі мүмкін. Мобилизациялау әдістері бойынша кірістер орталықтандырыл-ған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
4.Мемлекеттік шығындар мемлекеттің қызмет етуімен байланысты ақшалай шығындарды білдіреді. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғамдық өндірісті дамыту және жетілдіру мақсаттарына жалпы қоғамдық өнімді тарату және қайта таратумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік шығындар құрамына мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер шығындары жатады.
Мемлекеттік шығындардың ролі елдің тұрғындары қоғамдық товарлармен, игіліктермен, қызметтермен қамтамасыз ету үшін бағытталатындығымен анықталады.
Бағыттары және мақсаттары бойынша барлық шығындар жиынтығы мемлекеттік шығындар жүйесін құрайды.
Мемлекеттік шығындарды ұйымдастыруға оларды болжамдаумен, сонымен қатар қаржыларды пайдаланумен қатар қаржыларды пайдалану және қаржыландырудың қатаң тәртібін белгілеумен қол жеткізіледі. Сондықтан мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі-жоспарлық.
Сонымен қатар мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың келесідей түрлері бар;
1)мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың мақсатты сипаты;
2)мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың қайтымсыз сипаты;
3)жоспарлауды орындау шегінде қаржыландыру;
4)ресурстарды пайдалануды үнемдеу режимін сақтау;
5)оларды жабудың бюджеттік, несиелік және меншіктікті қайнар көздердің тиімді сәйкестігі.
Мемлеттік шығындарың жеке түрлері экономикалық мазмұны мен мәні
Мемлекеттік шығындардың бөлудің маңызды критериі олардың өндіріс процесіне және ұлттықтабысты құру процесіне қатыстылығы.Осыған cәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесідей топтарға бөлінелі:
1)материалдық өндіріспен байланысты және өндірістік сфераға қатысты шығындар;
2)өндірістік емес сфера қызметіндегі шығындар;
3)мемлекеттік резервтерді құруға шығындар.
Заттық (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттік шығындар экономикаға,әлеуметтік-мәдени шараларға,ғылымға, қорғаныс және басқару шығындарына бөлінеді. Территориялық белгісі бойынша мемлекеттік шығындар экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді.
Материалдық өндіріс сферасында салалық белгісі бойынша мемлекеттік шығындар өндіріске, құрылысқа,ауыл шаруашылығына, транспорт және байланыс, сауда, жабдықтау шығындарына, білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауа әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға бөлуге болады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар:
1)шаруашылық есептік (хозрасчетный) кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру;
2)сметалық-бюджеттік қаржыландыру.
Бюджеттік қаржыландырудың келесідей формалары қолданылады: дотация, субвенция, субсидия.
Экономиканы дамытуға шығындар өндіріс көлемінің үнемі өсуіне және оның тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған ақшалай қаржылар. Оларға келесілер жатады: күрделі салымдар; негізгі қорларды жөндеу; айналым қорларының өсімі (прирост); материалдық резервтерді құру; арнайы қорларды және мақсатты қаржыландыру қорларын құру; қалыптастыру;
Тұрғындарды әлеуметтік қорғауға шығындар.Шығындардың бұл тобы мемлекеттік шығындар жүйесінде көп үлесті орын алады.
Әлеуметтік қорғау қоғамдық дамудың нақты жағдайларына сәйкес азаматтарды кепілденген қалыпты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және басқа институттар арқылы оларды жүзеге асыру механизімі мен приоритеттер жүйесін білдіреді. Ол деңгей қоғамның әлеуметтік экономикалық даму жағдайынан, жалпы ішкі өнім көлемінен, жинақталған ұлттық байлықтан, оларды тарату сипатынан және осы жүйені жүзеге асыру механизімінің тиімді қызметінен тәуелді.
Минималды әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін орта жандық тұтынушылық бюджет, размерлі негіз болады.Ол үшін жанұяға қажетті негізгі тамақтану өнімдері, киім, медикаменттер отын,қызмет көрсетулер бойынша минималды тұтыну корзинасының құны мен құрылымы есептеледі. Тұрғындарды әлеуметтік қорғауға шығындар қаржылық құжаттарда, жоспарлар мен есеп берулерде әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке шығындар болып саналады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету қоғамның жұмысқа қабілетсіз жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау бойынша кең спектрлі қатынастарды қамтиды.
Осылайша әлеуметтік қорларды қаржыландыру үшін қаржыларды қалыптастырудың үш әдісін қарастыруға болады: сақтандыру, бюджеттік, қайырымдық жарналар.
Зейнетақы - бұл азаматтарды кәрілікте қамтамасыз ету үшін, толық және бөлшектеп жұмысқа қабілетсіздікті, қажетті еңбек стажына жетуімен байланысты кепілденген айлық ақшалай төлем. Жәрдемақы - жұмыстағы уақытша үзіліске (больничный) және белгілі бір жағдайларда жоғарғы шығындарды компенсациялау үшін (баланы күтуге, жерлеуге, босануға, санаторилерге жолдама алу үшін ) кепілденген ақшалай төлем.
Кез-келген мемлекет өзінің жаңа ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін қорғаныс қабілеттерін қолдау керек. Бұл мемлекеттің маңызды функцияларының бірі.
Қорғанысты қаржыландыру республикалық бюджет есебіне жүргізіледі
Мемлекеттік шығындардың маңызды бағыты болып әлеуметтік мәдени шараларға шығындарды, яғни оқу ағарту, ақпараттық қызметтер (баспасөз, радио, телевидение) мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыру болып табылады.
Осы топ шығындарының қалыптасу қайнар көздері- мемлекеттік бюджет пен арнайы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігі шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістері есебінен орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады.
Қазіргі кезде әлеуметтік сфера мекемелері қаржыландырудың шаруашылық есеп бастамасына біртіндеп көшуде. Білім беру сферасында- бұл кепілденген бюджеттік нормаларға қосымша білім беру және кәсіп қойлық тәжірибеде ақылы оқытуды қолдану, денсаулық сақтауда- ақылы медициналық қызмет көрсетулердің дамуы, әлеуметтік қорғауда- жинақтау зейнет ақы қорларына сақтанушылық бөлулер.
Тақырып 6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
-
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
-
Салық жүйесі және салық алуды ұйымдастыру.
-
Салықтардың түрлері және салықтарды аудыру
1.Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеті жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқа категориясы болып табылады.
Салық салудың негізгі принциптері:
-салық салудағы әділділік;
-қарапайымдылық;
-нақтылық;
-жеңілдіктердің ең аз саны;
-салық салудың экономомикалық бейтараптылығы;
-салық мөлшерлемесінің салыстырмалығы.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануы керек.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын фунциялар арқылы толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты үш функция атқарады.
«Салық» ұғымы мен «Салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты Мемлекетпен алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізді тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» заңына негізделеді.
2.Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастыр нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін,іс-қимылының тәсілдерін жүзеге асыратын салы механизмін құруға негізделеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субьектісі, салық обьектісі, салық базасы, салық салу бірлігі, салық мөлшерлемесі, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңдылығын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
3.Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
-салық салу обьектілері бойынша;
-салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
-пайдалану тәртібі бойынша;
-обьектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.
Жанама салықтар – бағаға және тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырланады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мсалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық). Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьетіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу обьекілерін есепке алу және оны бағалау тәсілдеріне қарай салық салудың келесідей түрлері қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Салықтарды аудару – салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті салынушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойнына алатын халыққа көшіру процесі.Ал, салық төлеуден жалтару - салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу обьектісін әдейі жасыруы және азайтуы.
Тақырып 7. Мемлекеттік бюджет.
-
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
-
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.
-
Мемлекеттік бюджеттің кірістер мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.
-
Бюджеттік процесс.
1.Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономиикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалау жолымен құоғамдық өнімнің тарату және қайта тарату процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты тарату және бақылау функцияларын орындайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады және негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарастыруға болады.
2.Бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың принциптері оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет элементтері мен құқықтарынң жиынтығы бюджет құрылысын құрайды
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет
Ұлттық қор
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет
Астана бюджеті
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Ауданның (облыстық маңызы барқаланың) бюджеті
Ауылдық округтердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республикалық маңызы бар қала ауданының бюджеті
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердің, сонымен қатар бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Бюджет жүйесінің құрылымы келесі сызбада көрсетілген:
3.Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджет кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады.Кірістер мелекетті қаждетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ал шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктергі сәйкес бөледі. Шығыстардың кірістерден асып түсуі бюджет тапшылығын тудырады. Ал, керісінще процесс бюджет профицитін білдіреді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері: ақша белгілерін шығару, мемлекеттік қарыздар, шетелдік қарыздар, ұлттық байлықты пайдалану.
Бюджет кірістері салықтық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарымсыз сипаттағы және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.
Бюджет шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығынардың қатаң мақсатты арналымы болады, олар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот қылмыстық атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік, көлік және коммуникация, және басқалар.
4.Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау және пайдалану жөніндегі бюджет заңдылығымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Тақырып 8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
-
Бюджеттен тыс қорлардың мәні.
-
Қазақстан Республикасының бюджеттентыс қорлары.
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.
1.Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең маңызды нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруды бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсаты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта тарату және пайдалану жөніндегі қатынасатр болып табылады.
2.Қаржы институттарының – бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Бюджеттен тыс қорларға келесілер жатады: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
3.Үкіметтің Ұлттық банкіндегі шотында шоғырланатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың коньюктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелдігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлістердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының оаерациялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізіндеҚазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.
Тақырып 9. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік қарыз.
-
Мемлекеттік кредиттің мәні.
-
Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері.
-
Халықаралық мемлекеттік кредит.
-
Мемлекеттік борыш және оны басқару.
1.Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге басқа елдердің және халықаралық қаржы-несие институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалауға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығын, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да ролінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаржаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредиттің функциялары: қайта тарату, реттеу.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Мемлекеттік кредиттің көздері- кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында , сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекеттік кредит ресурстарын:
-бюджет тапшылығын қаржыландыру;
-ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
-биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
-елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
2.Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары:
-мемлекеттік қарыздар шығару
-коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру.
-қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып болып табылады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы болып, орналастыру әдістері бойынша еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып, эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздары және биліктің жергілікті органдарының қарыздары болып және табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық, ұтыс немесе лотереялық қарыздар болып ажыратылады.
3.Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекет өзіне қажжет ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда.
Халықаралық мемлекеттік кредит – халықарарлық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы нарығында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта тарату болып табылады.
4.Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Орналастыру нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сыпаттау үшін арнайы көрсеткіш – борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады.
Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі немесе оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту және жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттік орган уәкілетті органдары арқылы ұтымды әрі тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төқлем баласының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі ара салмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеу мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.
Тақырып 10. Үй шаруашылықтарының қаржысы.
-
Үй шаруашылықтары экономикалыққызметтің субьектілері ретінде
-
Үй шаруашылықтары қаржы ресурстарынң ұғымы, олардың құрамы мен құрылымы.
-
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу.
-
Азаматтардың кәсіпкелік қызмет, оның түрлері.
1.Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан , халық өзінің ақшалй табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарды, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда «Көлік, байланыс, тұрмыстық секторжәне т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
2.Жалпы қаржы ресурстары-шаруашылық жүргізуші субьектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаты, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Жалпы қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Солның ішінде орталықтандырылмаған тәртіппен үй шаруашылығының қаржылары қалыптасады. Кез келген экономикалық категория сияқты үй шаруашылығының қаржылары кірістерден және шығыстардан тұрады. Үй шаруашылығының кірісі мелекттің әлеуметтік көмек реінде берілген ақша қаражаттары есебінен, өзінің кәсіпкерлік қызметінен түсетін табысы есебінен, еңбек ақылары есебінен және т.б. есебінен қалыптастырылады. Еңбек ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан әрі өсуі қаржы ресурстарынң құрамына тартылатын халық қаржыларынң мөлшерінің өуіне жеткізеді.Ал шығындары мемлекетке төлейтін міндетті төлемдерінің құрылымен сипатталады.
4.Азаматтардың жеке дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысуымен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік және мемлекеттік кісіпорындардың қаржысы сферасының бастапқы табыстары сондай-ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтыны ескеру керек және бұл тек теориялық жайт қана емес, өйткені бұл ресурстардың теориялық жиынтығы Қазақстанның қаржы ресурстарының баланстарында қамтып көрсетіледі.
Тақырып 11. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.
-
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
-
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
-
Міндетті әлеуметтік сақтандыру.
-
Сақтық нарығы.
1.Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің , өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктеді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
Сақтандыру орбьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.
2.Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процесс тікелей дүлей апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқығалардың нәтижеснде бұзылса, толтырумен байланысты.
Сақтандырудың түрлері: жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру, мүліктік сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыруөмірді сақтандыру аннуитеттік сақтандыру.
3.Міндетті әлеуметтік сақтандыру – заматтарды еңбек ету қабілеттерін жоғарылатуына және жұмысынан айырылуына, сондай – ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтікқорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидатыбар:
1)ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде;
2)әлеуметтік қорларға көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде.
Тақырып 12. Экономиканы мемлекеттік қаржыландыру және реттеу.
-
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
-
Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы.
-
Фискалдық саясаттың нұсқалары.
-
Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.
Тақырып 13. Қаржылық нарық.
-
Қаржы нарығы туралы ұғым.
-
Бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздардың түрлері.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.
-
Қор биржасы.
1. Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополияны шектеу, шағын кәсіпорынды, кәсіпкерлікті қолдау, ақша айналысын ұлғайту.
Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдарды мемлекет иелігінен алудың ең басты құралдарының біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудың тиімді құралдарына айналуда.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті-бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың- брокерлер мен инвестициялық дилерлердің қатысуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай курспен қағаздар шығару қажет екендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ол инвестициялық дилер өз есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Брокерлік және диллерлік операцияларды жүзеге асырышы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:
-әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және нақты ақпараттардың болуы;
-бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының (инвестициялық формалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.
Қор нарығы үнемі мемлекетпен реттеліп отыруы қажет. Қазақстанда қор нарығы жеткіліксіз реттелуде. Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды жетілдіру қажет.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты келесідей:
-макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
-жарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
-бағалар қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау;
Құқықтық қорғау: бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметтеріне лицензиялар мен сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ержелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау: бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтық сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Ведомоствалармен өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз етушілерге қор биржалары жатады.
2.Экономикадағы өзгерістер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үйлестірудің формаларын қолдануды қажет етеді.
Қор биржасы-бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының мәні және атқаратын қызметтері келесілерден көрінеді:
-қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уаұытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
-өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
-Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныспен ұсыныстың деңгейін көрсеттетін бағаларды белгілеу және жасалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қаржы нарығының ұлттық ерекшкліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Жеке құқықтық сипаттағы және топтық құқықтық сипаттағы.
Қор биржасына биржалық комитет және басқарма жетекшілік етеді.
Биржаның өзін-өзі реттеудің әрекет етіп отырған әдісіне – листинг жатады. Биржа ісіндегі листинг – бұл биржалық тізімге бағалы қағаздар эмитеттерінің бірқатарын қосуды білдіреді.
Листинг – биржаның қасиетті міндеттемесі ретінде, оның басты міндеттері потенциялды инвесторлардың қаражат жұмсауына дұрыс бағыт беру және олардың мүдделерін қорғау болып саналады.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология мен ақпараттық база) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.
Тақырып 14. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар.
-
Сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыттарының сипаттамасы.
-
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері.
-
Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
-
Елдің төлем балансы.
1.Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларыныңғ ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-несие институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысумен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады: сыртқы сауда; шетелдік инвестициялау; концессиялар; ҚР халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы; ынтымақтастық; есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу- нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіт, ақпарат жинау, валюта заңдылығының сақталуын бақылаужәне заңдарда көзделген санкцияарды қолдану.
2.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
-сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
-салық салу;
-инвестциялау;
-сыртқы қарыз алу;
-сыртқы берешек;
-экспортты қаржыландыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістері болып бөлінеді.
3.Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды роль атқарады. Халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта-теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді. Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамдас бөлігі болып табылады және сәйкес орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
-
Кез келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.
Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүниежүзінің басқа елерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:
-ағымдағы шот (сауда балансы);
-капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі шот);
-резервтік активтер;
-таза қателер мен рұқсатнамалар.
Тақырып 15.Қаржы және инфляция
-
Инфляцияның табиғаты және оның қаржылармен өзара байланысы
-
Инфляцияға қарсы саясат шаралары.
1.Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен шамадан тыс толып кетуі оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде тауар мен қызмет көрсетулерге бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Инфляцияға ішкі және сыртқы факторлар, сонымен қатар ақшалай және ақшасыз факторлар әсер етеді.
Қаржы және инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы және шығындар инфляциясы.
2.Инфляцияның өрістеп күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіьеретіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандырғаарналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс қимылының екі нұсқасы болалы.
1.бейімделу саясаты;
2.инфляцияға қарсы шаралар.
Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күреске бағытталған эконмиканы мемлекеттік реттеужөніндегі шаралар кешені.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауртпалығын күшейту және ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтау матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді.
Тәжірибелік сабақтар
«Қаржы» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Тақырып 1. Кiрiспе. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.
Экономикалық категория ретiндегi қаржылар мәнi. Қоғамдық өнiмнiң кеңейтiлген өндiрiс процесiндегi, қоғамдық өнiмдi алғашқы тарату процесi. Қаржылардың спецификалық ерекшелiктерi. Таратушылық және ұдайы өндiрiстiк концепцияға сәйкес қаржылар функицялары. Кәсiпорынның қаржылық қорлары және қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу қайнар көздерi.
“Қаржылық жүйе” ұғымы, оның құрамы және құрылымы. Қаржылық жүйе сызбасы, оны ұйымдастырудың негiзгi принциптерi. Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесi. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiнiң элементтерi және оның сипаттамасы. Нарықтық өзгерiстердiң қаржылық қаржылық жүйе құрылымына әсерi.
Қаржылық саясат мазмұнын ашу. Қаржылық тактика және қаржылық стратегия. Қаржылық саясаттың мазмұны, мiндеттерi, принциптерi, мақсаттары. Қаржылық механизм құрылымы.
Қаржылық жоспарлау мазмұны. оның ерекшелiктерi. Қаржылық жоспарлау объектiлерi және субъектiлерi. Қаржылық жоспарлау принциптерi, әдiстерi. Қаржылық жоспарлауды iске асыру этаптары. Қазақстан Республикасы қаржылық жоспарларының жүйесi. Қаржылық болжау қажеттiлiгi. Мемлекеттiң жиынтық қаржылық балансы. Кiрiстер және шығыстар балансы. Кәсiпорынның қаржылық көрсеткiштерi. Нормалар және нормативтер.Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу. Қаржылық-құқықтық механизм. Қаржылық-құқықтық нормалар. Қаржылық-құқықтық әдiстерi. Мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң мазмұны. Қаржылық-құқықтық актiлер.
Достарыңызбен бөлісу: |