Қаржылық бақылау мәнi. Қаржылық бақылаудың принциптерi және мақсаттары.Субъектiлерiнен тәуелдi қаржылық бақылау түрлерi. Аудиторлық бақылау. Қаржылық бақылау әдiстерi. Ревизия қаржылық бақылаудың негiзi ретiнде. Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
Әдістемелік нұсқаулар – ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, берілген сұрақтарды дербес қарастырып талдай білу.
Тапсырма: семинарлық сабақ сұрақтарын талқылау, негізгі терминдер бойынша экономикалық диктант.
Практикалық сабақтар жоспары
Тақырып 1. Кiрiспе. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.
Сұрақтар:
1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні және ролі.
2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру.
3. Қаржы саясаты және оны жүзеге асыру механизмі..
4. Қаржыны басқару.
5. Қаржылық жоспарлау және болжамдау негіздері.
-
Қаржы қатынастарын құықтық қамтамасыз ету.
-
Қаржылық бақылау.
Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы көлеміндегі сабақтар жоспары.
-
Кiрiспе. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні,
функциялары мен ролі.
1. Жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты тарату және қайта тарату кезінде қаржылық салымдар және мемлекетпен, кәсіпорынмен, ұйымдармен қалыптасатын қаржылық салымдар мен қаржылық қорлар-бұл:
A. қаржылық саясат;
B. қаржылық ресурстар;
C. қаржылық қорлар;
D. қаржылық қатынастар;
E. кәсіпорындар қаржылары.
2. Қаржылардың спецификалық белгілеріне жатпайды:
A. ақшалай формада болуы;
B. таратушылық сипатта болуы;
C. мақсатты бағытты қорлардың болуы;
D. Қаржылық қорлардың бір жақты қозғалысы;
E. дұрыс жауабы жоқ.
3. Берілген экономикалық категорияға тән қызмет өрісі, қызметтің мәнімен айқындалуы, категорияға тән қасиеттерді айқындаудың спецификалық тәсілдері:
A. принцип;
B. функция;
C. тәсіл;
D. әдіс;
E. мақсаттар.
4. Таратушылық концепцияға сәйкес қаржы функциясы:
A. ақшалай қаржы қорларын қалыптастыру және пайдалану;
B. ақшалай қаржы қорларын қалыптастыру, ақшалай қаржы қорларын пайдалану, бақылаушы;
C. тарату, бақылау;
D. тарату, бақылау, реттеу;
E. тарату, қайта өндіру.
5. Ұдайы өндірістік концепцияға сәйкес қаржылар функциялары:
A. тарату, бақылау;
B. ақшалай қаржылар қорларын қалыптастыру, ақшалай қаржылар қорларын пайдалану, бақылау;
C. тарату және ұдайы өндірістік;
D. ақшалай қаржылар қорларын қалыптастыру, ақшалай қаржылар қорларын пайдалану, тарату;
E. тарату, бақылау, реттеу.
2. Қаржылық жүйенi ұйымдастыру.
1. Орталықтандырылмаған қаржыларға жатады:
A. мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит;
B. кәсіпорын қаржысы, тұрғындар қаржысы;
C. мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, кәсіпорын қаржылары;
D. мемлекеттік кредит, бюджеттен тыс қорлар, тұрғындар қаржылары;
E. материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының қаржысы, материалдық емес өндіріс сферасы кәсіпорындарының қаржысы, мемлекеттік бюджет.
2. Қаржылық жүйені құру принциптеріне жатпайды:
A. орталықтандыру мен демократизм сәйкестігі;
B. ұлттық және аймақтық қатынастарды сақтау;
C. біртұтастық;
D. жоспарлылық;
E. қаржылық жүйе элементтерінің функционалдық белгілері.
3. Қоғамдық ұдайы өндірістің қандай стадиясында қаржылар неғұрлым жоғары деңгейде айқындалады:
A. өндіріс;
B. тұтыну;
C. тарату;
D. айырбастау;
E. жинақтау.
4. Қаржылық жүйе қандай бөлімдерден тұрады:
A. қаржылық қатынастар жиынтығы, ақшалай қаржылар қорларының жиынтығы, басқарудың қаржылық аппараты;
B. жалпымемлекеттік қаржылар, тұрғындар қаржылары, кәсіпорын қаржылары;
C. материалдық өндіріс сферасы, материалдық емес өндіріс сферасы;
D. ақшалай салымдар, басқарудың қаржылық аппараты;
E. басқарудың қаржылық аппараты, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар.
5. Қаржылық қатынастар жиынтығы, ақшалай қорлар жиынтығы, басқарудың қаржылық аппараты бұл:
A. қаржылық жүйе звенолары;
B. қаржылық жүйе бөлімдері;
C. қаржылық жүйенің ішкі звенолары;
D. қаржылық механизм звенолары;
E. қаржы принциптері.
3. Қаржылық саясат және қаржылық механизм.
1. Жалпы мақсатты бағытты белгісі бойынша бірлескен біртекті өзара байланысқан элементтер жиынтығы – бұл:
-
қаржылық механизмнің ішкі жүйесі;
-
қаржылық механизм блогы;
C. қаржылық механизм элементі;
D. қаржылық механизм әдісі;
E. қаржылық механизм формасы.
2. Қаржылық механизмінің ішкі жүйесіне не жатпайды:
A. қаржылық жоспарлау;
B. қаржылық рычагтар мен ынталандырулар;
C. қаржылық көрсеткіштер;
D. қаржылық жүйенің құқықтық режимі;
E. ұйымдастырушылық құрылым.
3. Ақшалай кірістерді және қорларды қалыптастыру және пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастардың айқындалу формалары және әдістері- бұл:
A. қаржылық минимум;
B. қаржылық механизм;
C. қаржылық рычагтар;
D. қаржылық саясат;
E. бюджеттік процесс.
4. Қаржылық саясат қалай бөлінеді?
A. қаржылық стратегия және қаржылық тактика;
B. салықтық саясат және бюджеттік саясат;
C. қаржылық жоспарлау және қаржылық басқару;
D. қаржылық стратегия және қаржылық жоспарлау;
E. мемлекеттік және жергілікті саясат.
5. Қаржылық саясат – бұл:
A. абстрактылық түрде көрсетілген және экономикалық өмірдің белгілі жағын сипаттайтын біртекті экономикалық қатынастар;
B. қаржыларды басқару, жоспарлау және ұйымдастыру формалары, әдістері және түрлерінің жүйесі;
C. өзінің функцияларын және міндеттерін іске асыру үшін мемлекетпен жүргізілетін мақсатты бағытталған шаралар жиынтығы;
D. қаржылық механизмнің ішкі жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі;
E жоспарлық тапсырмаларды орындау үшін қаржылық ресурстарды қолдану.
6. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамудың ірі масштабты мақсаттарын шешуді қарастыратын және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген курс:
A. қаржылық стратегия;
B. қаржылық саясат;
C. қаржылық реттеу;
D. қаржылық механизм;
E. қаржылық бақылау.
4. Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |