5В 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін


Қаржыларды басқару принциптеріне жатпайды



бет5/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#128494
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. Қаржыларды басқару принциптеріне жатпайды:


A. басқарудағы демократизм;

B. басқарудың ғылымдылығы;

C. басқарудағы жауапкершілік;

D. басқарудағы жоспарлылық;

E. қаржылық сұрақтарға саяси көзқарас;
2. Жоспарлық тапсырмаларды орындау үшін қаржылық ресурстарды маневрлау:


  1. қаржылық жоспарлау;

  2. қаржыларды ұйымдастыру;

  3. қаржылық реттеу;

  4. қаржылық бақылау;

E. қаржылық механизм.
3. Қаржылық басқарудың қандай элементі әртүрлі кері ауытқуларды жоюға бағытталған және қаржы ресурстары есебінен қызметтің барлық түрлеріндегі пропорцияны қамтамасыз етуге негізделген?

A. қаржылық ақпарат;

B. қаржылық жоспарлау;

C. қаржыларды ұйымдастыру;

D. қаржылық реттеу;

E. қаржылық бақылау.


4. Қаржылық және аралас экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатында әсер ету процесі:

A. қаржыларды басқару;

B. қаржылық реттеу;

C. қаржылық бақылау;

D. қаржылық механизм;

E қаржылық жоспарлау.


5. Кәсіпорынның барлық қаржыларын тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорынның ақшалай ағымдарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі:

A. қаржыларды басқару;

B. қаржылық бақылау;

C. қаржылық менеджмент;

D. қаржылық реттеу;

E. қаржылық жүйе.


6. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамудың ірі масштабты мақсаттарын шешуді қарастыратын және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген курс:

A. қаржылық стратегия;

B. қаржылық саясат;

C. қаржылық реттеу;

D. қаржылық механизм;

E. қаржылық бақылау.


5. Қаржылық жоспарлау және қаржылық болжау.

1. Қаржылық жоспарлау әдістері:

A. бюджеттік, сақтандыру;

B. экстрополяция, нормативтік, баланстық, бағдарлама-мақсаттық, экономика-математикалық;

C. экстрополяция, бюджеттік, бағдарлама-мақсаттық, сақтандыру, қайырымдылық жарналары;

D. кадастырлық, төлем көзінен, декларация бойынша, патент бойынша;

E. жоғарыдағылардың барлығы дұрыс емес.
2. Жоспарлауды және қаржыларды басқаруды ұйымдастыру түрлері, формалары және әдістерінің жүйесі-бұл:

A. қаржылық саясат;

B. қаржылық тактика;

C. қаржылық стратегия;

D. қаржылық бақылау;

E. қаржылық механизм.


3. Қаржылық жоспарлаудың негізінде халықшаруашылығын жоспарлаудың келесідей маңызды принциптері жатады:

A. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қатынастардың сәйкестігі, бірлік, үздіксіздік;

B. бірлік, үздіксіздік, жоспарлылық;

C. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қатынастардың сәйкестігі, бірлік, жоспарлылық;

D. аймақтық және ұлттық мүдделердің оптималды сәйкестігі, бірлік және үздіксіздік;

E. жоспарлылық, жауапкершілік, нақтылық.


4. Қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын тағайындау негізінде қаржылық жоспарлау әдісі:

A. баланстық;

B. нормативтік;

C. бағдарлама-мақсаттық;

D. экономика-математикалық;

E. экстрополяция.


5. Қаржылық жоспарлар келесідей бөлінеді:

  1. жалпымемлекеттік және салалық;

  2. жылдық және территориялық;

C. өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындарының жоспарлары;

D. кәсіпорындар, бірлестіктер жоспарлары;

E. алғашқы және жиынтық.
6. Қаржылық жоспарлау мақсаттарына жатпайды:

A. қаржылық ресурстардың қалыптасу қайнар көздерін анықтау;

B. қаржылық ресурстарды пайдалануды бақылауды ұйымдастыру;

C. оптималды пропорцияны белгілеу, қаржыларды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында тарату;

D. қажетті резервтерді құру;

E. қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.



6. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету.
1.Қаржыларды белгілі-бір төлеушілер мен алушыларға қатысты қолданатын құқықтық нормаларды нақтылайтын актілер:

A. заңдылық;

B. жеке;

C. ішкі заңдық;

D. жоспарлық-қаржылық;

E. нормативтік.


2. Біртекті қаржылық қатынастар тобын реттеуші актілер:

A. заңдылық;

B. жеке;

C. ішкі заңдылық;

D. жоспарлы-қаржылық;

E. нормативтік.


3. Акттердің қандай түріне бюджеттің барлық түрлері, кәсіпорын және ұйымдардың қаржылық жоспары, бюджеттің шығындар сметасы жатады?

A. заң шығарушы;

B. ішкі заңдық акттер;

C. жоспарлы қаржылық акттер;

D. жеке акттер;

E. нормативтік акттер.


4. Заңдық негіздері бойынша қаржы-құқықтық актілер бөлінеді:

A. нормативтік және жеке;

B. заң шығарушы;

C. ішкі заңдық;

D. жоспарлы – қаржылық;

E. барлық жоғарыда аталып өткендер.


5. Қаржы-құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

A. міндеттейтін, тыйым салатын, өкілетті;

B. жеке, жалпымемлекеттік;

C. міндеттейтін, тыйым салатын, реттеуші;

D. мәжбүрлі, ерікті;

E. нормативті, жеке, міндеттейтін, ішкі заңдық.



7. Қаржылық бақылау.

1. Сәйкес ақшалай қаржылар қорлары бойынша жалпы қоғамдық өнімнің құндық таратылуының негізделуін және олардың белгілі мақсаттарға шығындалуын тексеруге бағытталған спецификалық қызмет;


A. қаржылық құқық;

B. қаржылық бақылау;

C. қаржылық реттеу;

D. қаржылық жоспарлау;

E. қаржылық механизм.
2. Қаржы жылы және есептік кезең аяқталған соң жүргізілетін бақылау, бұл:

A. ағымдағы;

B. алдын ала;

C. кезекті;

D. толық;

E. тандап.


3. Қаржылық бақылау әдістеріне жатпайды:

A.тексеру;

B. зерттеу;

C. жоспарлау;

D. талдау;

E. ревизия.

4. Резервтерді анықтау және қаржылық ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану жолдарын белгілеу мақсатымен кәсіпорынның қаржылық қызметін кешенді түрде зерттеу, бұл

A. тексеру;

B. зерттеу;

C. жоспарлау;

D. талдау;

E. ревизия.


5. Құжаттарды тексеру ғана емес сонымен қатар ақшалар, материалдық құндылықтардың бар болуын білдіретін ревизия түрі:

A. құжаттық;

B. іс жүзіндегі;

C. толық;

D. тақырыптық;

E. таңдап.


6. Белгілі уақыт мерзімінде кәсіпорынның барлық қызметі тексерілетін ревизия түрі:

A. толық;

B. іс жүзіндегі;

C. тандап;

D. тақырыптық;

E. құжаттық.


7. Ведомстволық бағынушылыққа және меншік формасына тәуелсіз бақылаудың кез-келген объектісіне қатысты қолданылатын қаржылық бақылау түрі:

A. аудиторлық;

B. жалпымемлекеттік;

C. ведомстволық;

D. қоғамдық;

E. ішкі шаруашылық


8. Ақшалай айналысты іске асыру процессінде жүргізілетін, бақылау:

A. аудиторлық;

B. кезекті;

C. ағымдағы;

D. алдын ала;

E. ішкі шаруашылық.


9. Нақты кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде іске асырылатын қаржылық бақылау:

A. ішкі шаруашылық;

B. аудиторлық;

C. ведомстволық;

D. жалпы мемлекеттік;

E. қоғамдық.


10. Субъектісінен тәуелді қаржылық бақылау түріне жатпайды:

A. жалпы мемлекеттік;

B. ведомстволық;

C. ішкі шаруашылық;

D. ағымдағы;

E. тәуелсіз.


11. Аудиторлық қызметтің нәтижесі қандай құжатпен өңделеді:

A. тексеру актісі;

B. қорытынды;

C. жиынтық ведомость;

D. ақпараттық анықтама;

E. қаржылық нәтижелер туралы есеп.


12. Кәсіпорын және ұйымдардың мемлекеттік қаржылық қорларын қалыптастыру, тарату, пайдаланудың белгіленген тәртіптері мен ережелерін сақтау:

A. қаржылық бақылау;

B. қаржылық құқықтық қатынастар;

C. қаржылық тәртіп;

D. қаржылық жоспарлау;

E. қаржылық құқық.


13. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру формаларына жатпайды:

  1. ескертушілік сипат;

  2. бірлік;

C. жариялылық;

D. жан-жақтылық;

E. шешілетін сұрақтарға саяси тұрғыда қарау.
ОСӨЖ жүргізу формасы: ауызша сұрау, тесттерді орындау
Студенттің өздік жұмысы көлеміндегі сабақтар жоспары


  1. Қаржылардың пайда болуы. Қаржылар ұғымы.

  2. Қаржылар функциялары.

  3. Қаржылық ресурстар және олардың қалыптасу қайнар көздерi.

  4. Құндық экономикалық категориялардың өзара әсерi және өзара байланысы.

  5. Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесiнiң құрылымы.

  6. Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесiн жетiлдiру бағыттары.

  7. Әлеуметтiк-экономикалық процесстердегi қаржылық саясат мазмұны.

  8. Қаржылық механизм мазмұны және құрылымы.

  9. Қазақстан Республикасы қаржылық саясатының ерекшелiктерi.

  10. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыру.

  11. Кәсiпорындар қаржыларын басқару.

  12. Мемлекеттiң және кәсiпорынның қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерi.

  13. Қаржылық жоспарлауды жетiлдiру бағыттары

  14. Мемлекеттiң қаржылық қызметi.

  15. Қаржылық-құқықтық реттеу.

  16. Қаржылық заңдылықтар жүйесiндегi қаржылық-құқықтық акттер.

  17. Аудиторлық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері.

  18. Қаржылық бақылау әдiстерi мен жіктелуі.

  19. Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Қосымша әдебиеттер



  1. Насенов А. Финансовые ресурсы в системе обеспечения воспроизводственных процессов // Банки Казахстана, 2003 г., № 11, с.11-15

  2. Е. Дербисов Финансы Казахстана, Алматы, “Ихтисат”, 1996, с.42-67

  3. Влияние финансовой системы на экономику//Финансовый бизнес, 2001 г., №9, с. 56

  4. Основные тенденции развития современной финансовой системы//Вестник Моск.унив. Сер.6. Экономика, 1999, №6, с.10

  5. Финансовая политика//Менеджмент в России и за рубежом, 1999, № 2, с. 128

  6. Управление финансами //Аудит и налогообложение, 2000 г.,№6, с. 2

  7. Финансовое планирование в рыночных условиях // Финансовый бизнес, 2003 г., №9-10, с. 67

  8. Мельников В.Д. Закономерности и противоречия содержание сущности финансов экономической науки. Сб. Науч. трудов. КАЗЭУ- Алматы, 2001 г , с. 23

  9. Никольский Д.В. Государственный финансовый контроль в РФ и реформы //Финансы, 2003 г., №2, с. 72-75

  10. Сутулов Ф. Совершенствовать методику контроля // Каз. правда, 2003 г., 10 сентября



Тақырып 2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржылары.

Кәсiпорын және ұйым қаржыларының табиғаты, олардың ұдайы өндiрiс процесiндегi ролi. Кәсiпорын және ұйым қаржыларының функциялары. Кәсiпорын, мекеме және ұйым қаржыларының ерекшелiктерi. Кәсiпорын ұйым, мекемелердiң жiктелуi. Негiзгi ұйыдастырушылық құрылымдардың кәсiпорын қаржыларының ерекшелiктерi. Шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, мемлекеттiк кәсiпорындар қаржылары.

Коммерциялық негiзде қызмет ететiн кәсiпорындардың қаржыларын ұйымдастырудың негiзгi принциптерi. Коммерциялық есеп мазмұны. Кәсiпорындардағы қаржылық қорлар түрлерi. Негiзгi өндiрiстiк қорлар. Айналмалы өндiрiстiк қорлар және айналыс қорлары. өндiрiстiк қорлардың және олардың өсiмiнiң қайнар көздерi. Кәсiпорын шығындары және олардың жiктелуi. Кәсiпорын пайдасын қалыптастыру. Кәсiпорындардағы қаржылық менеджмент. Қаржылық менеджментте қолданылатын негiзгi коэффициенттер және көрсеткiштер.

Коммерциялық емес қызмет, оның түрлерi және әдiстерi. Коммерциялық емес ұйымдар және мекемелер қызметтерiнiң материалдық негiзi. Коммерциялық емес қызметтердегi қаржылық ауытқулар топтары. Коммерциялық емес қызметтi қаржыландыру спецификасы. Коммерциялық емес ұйымдар және мекемелердiң шығындары.

Әдістемелік нұсқаулар ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, берілген сұрақтарды дербес қарастырып талдай білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет