5В 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін



бет1/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#128494
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К

042-14-3-02.1.12.03-2009


«Қаржы» пәнінен оқу әдістемелік материалдар

№ 2 баспа



5В 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін

«Қ А Р Ж Ы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2009



1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:
Құрастырушы ___________Акишева Д.М. - Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
«____»____________200 жыл
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді


Хаттама №__ _________ 200__ ж
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі,

э.ғ.к., доцент ____________Масалимова С.Ж.


2.2.Экономика және бизнес факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №__ _____________ 200__ ж
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы,

э.ғ.к., доцент __________ Айдарханов М.Х.



3. БЕКІТІЛДІ:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №__ _______________ 200__ ж
Оқу-әдістемелік кеңесінің

төрағасы, бірінші проректор, ___________ Молдажанова А.А.



Мазмұны:





1.

Глоссарий




2.

Дәрістер




3.

Тәжірибелік сабақтар




4.

Курстық жұмыстар тақырыптары




5.

Емтихан сұрақтары






Глоссарий
Айлық есептік көрсеткіш – зейнетақы, жәрдемавқы және басқа да төлемақыларды есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану үшін республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін көрсеткіш.

Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі.

Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінгензаңи тұлға,акциялардың саны олардың пайдадан өзінің ұлесін (дивидендтер) алу құқығын куәләндырады.

Акция – акционерлік қоғам шығаратынжәне акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік капиталына қатысатын және иеленушісіне қоғам таратылған жағдайда олның мүлкінің құқықтардыкуәләндыратын бағалы қағаз.

Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін және жер учаскесін пайдаланғаны үшінтөлемді есптеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін олдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Аудит – аудиторлың келісім шарт негізіндешаруашылық жүргізуші субьектілердің бухгалтерлік (қаржы) есептемесін, төлем есеп айырысу құжаттамалар, салық мағлұмдамаларын және басқа қаржылық міндеттемелер ведомстводан тыстәуелсіз тексерулерді жүзеге асыру жөніндегікәсіпкерлік қызмет түрі.

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуғақұқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүліктік құқықты куәләндыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы .

Банкротттық – ұқаржылық күйреу, жұтау, жоспардың күйреуі.

Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті малихат бекіткен құжат.

Бөлшек сауда – тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшін сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет

Банк – бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Брокер – қор және тауар биржаларында, валюта нарықтарында таураларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтардысатып алушылар мен сатушылар арасында мәміле жасау кезіндеарада жүретін делдал.

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұллттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет профицитін пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының қалдықтарын жұсау. Бюджет профитин пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі реінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығы – таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандаға операциялық сальдоға тең тапшылық.Теріс белгімен алынған шама – бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.

Бюджет кірістері - салық және басқа да міндетті төлемдер , ресми трансферттер, мемлекетке қайтарымсыз берілетінжәне мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан Реепубликасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиіс ақша.

Бюджеттік шығындар – қайтымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты.

Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.

Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кетуқатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Жалпы табыс – кәсіпорынның, фирманаң өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған ақшалай есептелген жиынтық табысы.

Жалпы ұлттық өнім – кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бір, ол елдің бір жыл бойына өнідірлген дайын өнімнің нарықтағы бағамен есеителге құны болып табылады.

Жалпы ішкі өнім – аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де сондай –ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің нарықтық бағамен есептелген жжиынтық құнын білдіреді.

Инвестициялар – лизнг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай – ақ оларға құқықтарды қоса алғанда заңды тұлғаның жарғылы капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері немесе кәспкерлік қызмет үшін пайдаланылатынтіркелген активтерді ұлғайту.

Қазынашылық міндеттеме – ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куәләндырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

Қаржы – ақша құаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісітұрғысынан алып қарайтын, сондай – ақ шаруашылық жүргізушк субьектілер арасындағыөзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин.

Қаржы менеджменті – кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер әзірлеужәне бақылау сатыларын қамтиды.

Қаржылық саясат – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды тарату нысандары мен әдістерінде қаржы заңнамасында мемлекеттік кірістер мен шығыстар құрылымында көрініс табады.

Қор биржасы – бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары құратын акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емсе ұйым.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Материалдық емесп активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді кезең ішінде пайдаланылатын активтер.

Мемлекеттік бюджет– араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепк алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдама-лы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік кредит – кредит қатынастарының жүйесі, бұл қатынасарды мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, алд жеке және заңды тұлғалар кредиторлар болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттің шығындарын қаржыландыру үшін ақшалай қаражаттар шоғырландырады.

Негізгі құралдар – қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық активтер.

Облигация – шығару кезінде айналыс мерзімі алдын-ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе эзге де мүліктік балама түріндегі нақты құнын алу құқығын куәләндыратын бағалы қағаз.

Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңдылық мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Салықтар – мемлекеті біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілді бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсаға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толыөқ көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.



Төлем балансы – төлем түріндегі ақшаның елден елге қозғалуын сипаттайтын кете, тізімдеме. Төлем балансы елдің шетелде белгілі бір кезең бойына төлеген төлемдері мен осы кезең бойына елге түскен төлемдер сомасының арасалмағын сипаттайдытез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

Төтенше мемлекеттік бюдж – республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасындағыб төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізілетін бюджет. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Трансферттер – бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жэеке немесе заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.

Ұлттық қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай – ақ материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де мүлік түріндегі активтер.

Хеджирлеу - белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.



Эмиссиялық бағалы қағаздар – заңдылық актілерде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.

Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Дәрістер
Тақырып 1. Кіріспе. Қаржылардың экономикалық мәні,

функциялары мен ролі.


  1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі.

  2. Қаржының функциялары мен ролі.

  3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.

  4. Қаржылық қатынастардың обьектісі ретінде қаржы ресурстары мен қорлары.




  1. «Қаржы» түсінігі ақшалай формада қоғамдық өнімді таратумен байланысты экономикалық катынастыр жиынтығын қамтиды. «Қаржы» термині латынның «finis» - соңы, төлемнің аяқталуы, экономикалық қатынастар субьектілерінің арасындағы есеп айырысуды білдіреді. Кейіннен бұл термин «financia» деп түзетіліп, ақшалай төлем, кейіннен мемлекеттің немесе кез келген шаруашылық жүргізуші субьектің кірістері мен шығыстарының жиынтығы ретінде кең мағынанда қолданылып келеді. Қаржылардың ақшалай сипаты олардың құндық экономикалық категорияларға қатыстылығын көрсетеді.

Қаржылардың негізі болып ақшалй қаржылардың айналымы табылады. Товарлы - ақшалай қатынастарының қозғалысы қаржылардың қызмет етуіне жағдай жасайды. Тауарлы - ақшалай қатынастардың тіршілік ету себептері: қоғамдық еңбек бөлінісі, еңбектің ерекшелігі, сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы. Қаржылар ақшалай қатынастардың үздіксіз бөлігі, сондықтан олардың ролі мен мағынасы экономикалық қатынастардан ақшалай қатынастардың алатын орнына тәуелді болады. Бірақ кез келген ақшалай қаржылық қатынастарды бейнелейді.

Ақшалай қаржылар өндіріс процесінде еркін қозғалыста қызмет етеді Ұдайы өндірістік процесс өзара байланысқан, бір-бірінен тәуелді, бірін-бірі өзара жалғастыратын келесідей стадиялардан тұрады: өндіріс, тарату, айытбас және тұтыну.

Қаржылардың спецификалық белгілері:


  • қаржылар ақшалай формада болады;

  • қаржылық қатынастар тьаратушылық сипатта болады;

  • олар әртүрлі мақсатты бағыттағы ақшалай қорлар қозғалысында айқындалады;

  • мақсатты ақшалай қаржылық қорлар қоғамдық өндірістің және өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларында қаржылық әдістер көмегімен қалыптасады.

2.Қаржылардың функциялары олардың қызмет ету аясын, яғни оның мәнін, категорияларға тән ерекшеліктерін айқындайды. Сонымен қатар функция арқылы категорияның қоғамдық сипаты және оның экономикалық табиғаты сипатталады.

Қазіргі кезде қаржылардың екі концепциясы бар: таратушылық және ұдайы өндірістік. Таратушылық концепцияға сәйкес қаржылар екі функция атқарады: тарату және бақылау.

Ал ұдайы өндірістік концепция жақтаушылары қаржылардың келесідей функцияларын көрсетеді:


  • ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастыру;

  • ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;

  • бақылау.

3.Қаржылар жалпы қоғамдық өнімді, ұлттық табысты тарату және қайта таратуға қатыса отырып таратудың басқа да құндық категорияларымен, яғни баға, несие, еңбек ақы, сақтандырумен тығыз байланысты. Бұл ақшалй категориялар тарату процесімен қатар ұдайы өндірістік циклдің басқа да стадияларына қатысады. Бірақ олардың қатысу формасы мен мөлшері біркелкі емес.

Еңбек өнімінің натуралдық-заттық формадан ақшалай формаға ауысуын және оның бір иеленушіден екінші иеленушіге сату және сатып алу актісі негізінде қозғалысын сипаттай отырып, баға алғашқы құндық категория ретінде болады.Қаржылар мен несиенің өзара байланысы қаржылық және несиелік ресурстарды қалыптастыру негізінде байқалады. Қаржылар еңбек ақымен де, сақтандырумен де тығыз байланысты.

4.Экономикалық ғылымда қаржылар тек экономикалық категория ретінде ғана емес, сонымен қатар ерекше өндірістік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады. Қорлар мен оларды қалыптастыру қайнар көздері ұлттық шаруашылықтың сәйкес звеноларының қаржылық ресурстарын көрсетеді. Осылайша, қаржылар-бұл мемлекетпен, басқа экономикалық агенттермен жалпы қоғамдық өнімді, ұлттық табысты тарату және қайта таратукезінде құрылған ақшалай жинақтар мен ақшалай қорлар.

Қаржылық ресурстар мемлекеттің қаржылық қуаттылығының ерекше көрсеткіші. Қаржылық ресурстардың қалыптасу қайнар көздері алуан түрлі.

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтанған тәртіппен мемлекеттік бюджет, зейнетақы қоры, бюджеттен тыс қорлар ресурстары қалыптасады. Ал орталықтандырылмаған әдістермен материалдық өндіріс сферасының шаруашылық субьектілерінің тұтыну қоры, амортизациялық бөлулер қоры, қаржылық резервтермен валюталық қорла, шаруашылық органдардың басқа да ақшалай қорлары қалыптасады.
Тақырып 2. Қаржылық жүйені ұйымдастыру.


  1. Қаржы жүйесі туралы түсінік.

  2. Қаржы жүйесінің құрылымы.

  3. Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері.

1.Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Қаржы ждүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттік қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданыларды бұл жеткіліксіз.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті

Жалпы институтционалдық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет