мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы журналға қол қояды. Сабақ
кестесімен танысады.
Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша
есеп жинайды. Практика соңында студент күнделігін және практика өткені
туралы құжаттарды мектеп басшысының қолымен және мөрімен нақтылап
жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді.
Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген
әдістемелік
материалдар туралы арнайы дәптерге материал жинайды. Практика соңында
барлық жиналған материалдарды қорытындылап практика туралы есеп
жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика
туралы есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде
қорғалып бағаланады.
Практикаға қатыспаған студентке
және практика кезінде барлық
педагогикалық ережелерді сақтамаған және оны бұзған студенттерге мектеп
директоры шара қолдануға құқықты және ол туралы университет ректорына
хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара
қолдануды шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: