5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет45/74
Дата16.06.2016
өлшемі4.85 Mb.
#138509
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды - Inf1102

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 1 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1 семестр

Кредиттер саны - 3 кредит

Дәріс беруші: Әлібаева Н., Бисенбаева Ж

Курстың мақсаты: Берілген курс болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатиканы жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәні ақпараттың, құрылымын, жалпы қасиеттерін, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдістерін зерттейді. Пәнді оқу нәтижесінде студент мыналарды игеру қажет:

- ақпаратты сипаттау және өңдеу, оның құрылымы мен түрлерін талдау әдістерін білуі тиіс;

-басқарушылық сипаттағы есептерді компьютер көмегімен шешудің алгоритмдері мен программаларын жасау әдістерін меңгеру тиіс;

- дербес компьютермен, операциялық жүйелермен, түрлі редакторлармен, кестелік процессорлармен, деректер қоймасын басқару жүйелерімен, қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және компьютерлік желі қызметін қолдана білуге тиіс;

- деректер қоймаларын, ақпараттық жүйелерін жобалау және жасауды үйрену;

- арнайы есептерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасай білу;

- компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологиялардың заман талабына сай жиі өзгеріске түсуін қадағалай білу.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Бөрібаев Б. "Инфоматика және компьютер" - Алматы, "Рауан", 1996ж.

2. Камардинов О. "Информатика"- Шымкент, 2000ж.

3. Байжұманов М.Қ.,Жапсарбаева Л.Қ. Информатика-Астана, 2004ж.

4. Комягин В.Б.,Коцубинский А.О. "Современные самоучитель работы на персональном компьютере", Москва, 1997г.

5. Микляев А. "Настольная книга пользователя" - Москва, 1997г.

6. Фигурнов В.Э. "IBM РС для пользователя" - Москва, 1999г.

7. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б.,Даулетқұлов А "Информатика 30 сабақ Жаңа ақпараттық технологиялар"-Алматы, "Шартарап", 2001ж.

8. Балапанов Е.Қ.,Б.Бөрібаев, Г.Мадиярова. "Жаңа ақпараттық технологиялар"-Алматы, 2000ж.

9. Балапанов Е.Қ.,Б.Бөрібаев, Г.Мадиярова.,Р.Дүзелбаева "Жаңа ақпараттық технологиялар"-Алматы, 2001ж.

10. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001ж.

11. Инфомаика для юристов и экономистов. Под редакцией С.В.Симоновича. Санк -Петербург, 2001ж.

12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.Информатика және компьютерлік техника. Алматы, 2002ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd1105

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Ізбасарова Ж.

Курстың мақсаты: Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістерін талдау. "Тұрақты даму" түсінігінің анықтамасын сипаттау. Экологиялық факторлар мен оларды жіктеп, түсіндіру. В.И. Варнадскийдің негізгі биогео-химиялық заңдарын талдау. Тұрақты даму концепциясынан мәлімет беру. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері.

Деректемелер/Пререквизиттері: Оқылатын курс бойынша студент пән бойынша базалық білімі болуы керек:биология, өндірістік экология, химия, валеология, және т.б. әдебиетпен жұмыс жасай білуі ақпараттарды анализдеу дағдысы, өз бетінше қорытындылар мен түйіндер жасай білу, ПК бойынша дағдылары болуы қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Даралар экологиясы: ағзалар және олардың коректенуі, эколо-гиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфорд-тың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: ста-тикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогео-ценоз туралы түсінік: экожүйедегі тұрарлық байланыстардың негізгі формалары; экожүйе-дегі энергия және химиялық элементтердің айналымы: биоценоздың трофикалық құрылы-мы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гометоз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюция-сы. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факорлары. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г. "Экология" Алматы, 2002ж.

2. Баешов А және т.б. "Экология негіздері" Түркістан, 2000ж.

3. Сағымбаев Ғ. "Экология негіздері" Алматы, 1995ж.

4. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. "Экология" Алматы, 2001ж.

5. Риклефк Р. "Жалпы экология негіздері" Москва, 1981ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шет тілі

Пәннің коды: ShT1(2)103

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 1 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1-2 семестр

Кредиттер саны - 6 кредит

Дәріс беруші аға оқытушылар: Оспанова Б.Ж.,Танибергенова С.С.

Курстың мақсаты: Студенттерді ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде - ауызекі тілде (устная разговорная речь) сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарды қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды

Пререквизиттер: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру;

Курстың/пәннің мазмұны: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарға сай болуы керек:

- фонетика: дыбыстарды анық айту, кейбір жекелеген дыбыстар мен дыбыс әріптер мен әріп тіркестеірнің оқыту ережесін, дауыс ырғағының (интонация) ерекшеліктерін:

- орфография: ағылшын тілінде сөз құрамындағы әріптердің қатесіз жазылуын қадағалауды;

- лексика: көптеген сөздердің, терминдердің және сөз тіркестерінің көп мағыналық қырын және негізі мамандығы бойынша лексикалық қор меңгеру керектігін;

- грамматика: ағылшын тілінің базалық және инженерлі-техникалық терминологиясының су, мал, құрылыс шаруашылықтар салаларына тән негізгі грамматикалық ерекшеліктерін білуі қажет.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Игнатова Т.Н. Английский язык. Москва, 1992

2. Курашвили Е.И., Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991

3. Жаңабаева К.Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003

4. Жапбаров Н.А., Каримова Г.А. Учебное пособие. Тексты для самостоятельного языка для студентов факультета нефти и газа. Кызылорда, 2004

5. Жапбаров Н.А., Каримова Г.А. методическая разработка по обучению чтению и пониманию английского языка студентами яакультета нефти и газа.

6. Дудкина Г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения.

7. Ысқақова Ж.Ы., Каримова З.Н. Английский язык. Хрестоматия Алматы, 1991

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілікгі қауіпсіздігі негіздері

Пәннің коды: OKN1103

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 1 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Жиенбаева Л.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: ""Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау"" курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту

Курсты оқытудың негізгі мақсаты: "Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау" курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту. Төтенше жағдай кезінде өзара және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Азаматтық қорғаныстың оқулықтарымен таныстыру және өндірістік нысандардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу тұрақтылығын, құтқару мен кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды ұйымдастыруын оқытып-үйрету. Сонымен қатар Төтенше жағдай кезінде халықтың іс-әрекеті мен психологиялық дайындығы туралы тақырыптарды қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. "Безопасность жизнедеятельности". Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

2. Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов - М.: Высшая школа, 2002г.

3. Атаманюк В.Г., Гражданская оборона: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа , 1986 г.

4. Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва ВШ, 2001.

5

Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.



6 Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. - Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы - 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Сахиев С.Е с.ғ.к,аға оқытушы, Абикенов Ж.О. аға оқытушы.

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану., т.б. қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста оқытылады.

Курстың мақсаты: Қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын; социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда.

Әлеуметтану пәні де Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқытылатын әлеуметтік гуманитарлық пәндер қатарына қосылады.

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. "Экономическая социология" А,2002

2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. "Общая социология" Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. "Социология" А,2002

4. Арон Р. "Этапы развития социологической мысли" М,1992

5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. "Әлеуметтану негіздері" А, Экономика,2004

6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. "Социология" М,2005

7. Әбсаттаров Р., Дәкенов М."Әлеуметтану" алматы, Ғылым, 2003

8. Әженов М., Садырова М. "Қоғамның әлеуметтік құрылымы" Алматы, Қазақ университеті, 2002

9."Әлемдік Әлеуметтану антологиясы " Алматы, Қазақстан, 2006 , 4-том

10. "Әлемдік Әлеуметтану антологиясы " Алматы, Қазақстан, 2006 ,3-том

11. "Әлемдік Әлеуметтану антологиясы " Алматы, Қазақстан, 2006 , 5-том

12.Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ) Алматы: Ғылым,1995

13. Абай "Қара сөздері" . Алматы, 1993

14. Тажин .М., Аяған.Б. Социология негіздері. Алматы,1992

15. Сорокин. П. Человек. Цивилизация.Общество. М.,1992

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ETN2107

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 1 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Шайхисламова Г.

Курстың мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Постреквизиттер: Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді;Студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды;өндірістің негізгі факторларын;рынок қызметтерімен инфрақұрылымын;әлеуметтік экономикалық жағдайларды талдау;қазірігі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998,

2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999,

3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993,

5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2106

Пәннің типі - Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 1 курс

Оқу жылы - 1-оқу жылы

Оқу семестрі - 1 семестр

Кредиттер саны - 3 кредит

Дәріс беруші: Оспанов Б.

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жа?анданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жа?андық мәселелер философиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. - А., 2005.

2. Ғабитов Т. Философия. - А., 2005.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. - А., 1998.

4. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. - А., 2000.

5. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. - А., 2004.

6. Кішібеков Д. Философия.-А., 2005

7.Шаймухамбетова Г.Б. Арабоязычная философия средневековья и классическая философия. - М., 1979.

8. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. - А.,

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Қындыбаева Р

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория, Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Постреквизиттер: Қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдірудегі мемлекет пен құқықтың рөлін дұрыс ұғыну және түсіндіру үшін, осы пән бойынша білім қажет.

Бағдарламаның қысқаша курсы:. "Құқық негіздері" курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады.

Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. "Мемлекет және құқық теориясы". Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

10. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

11. Оспанов "Құқық негіздері" Алматы "Жеті жарғы" 2007ж 2 басылымы

12. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.

13. Стамкулов Ә.С. "Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

14. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. "Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы". Қарағанды, "Болашақ- Баспа", 2005ж.

15. Төлеубекова Б.Қ. "ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы". Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж.

16. Алиев М.М "ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары". Астана, 2004ж.

17. Айтжан Б.Е,Шіркінбаев Т.Б.Отбасы құқығы (Элементарлы курс). Алматы, Жеті Жарғы, 2006ж.

18. Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д. Отбасы құқығы. Практикум

19. Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі. Оқу құралы. Алматы, 2006ж.

20. Ахметов А, Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. Алматы, 2006ж.

21. Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А,. Ахметов Ғ. "Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы". Оқу құралы, Алматы, 2005ж.

22. Найманбаев С.М. "Банктік құқық". Алматы, Жеті жарғы,2005ж.

23. Әлібеков С.Т. "ҚР-ның кеден құқығы". Оқулық. Алматы, 2007ж.

24. Байділдинов Д.Л. "ҚР-ның экологиялық құқығы". Алматы, 2005ж.

25. Қызылов М.А. Карпекин А.В "ҚР-ң әкімшілік құқығы" (схемалар). Алматы, 2000ж.

26. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім). Практикум 1 бөлім. Алматы, 2004ж.

27. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық.Ерекше бөлім 1 том. Алматы, 2004ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы - 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Аяғанова Н.Т аға оқытушы, Нұрымов А.С с.ғ.к,аға оқытушы.

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы; Философия; Әлеуметтану

Постреквизиттер: Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.

Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады. Қоғамның дамуының теориялық негізін меңгермей, саяси білімсіз, саяси сана мен мәдениетті жетілдірмей ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сол мақсатта, қазіргі жоғарғы оқу орындарында саясаттану курсын оқыту жүзеге асырылуда. Саясаттану пәні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім жүйесіне енгізілген жаңа пәндердің бірі болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы "Дәуір", 2005.

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет