Курстың мақсаты:
“Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы“ курсын оқытудың мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін біртұтас жүйе ретінде қарастыру; жеке тұлғаны жан жақты дамытуды қалыптастыруда информатика курсының орны мен мәнін түсіндіру, мектеп информатикасын оқытудың мақсаттарын түсіндіріп, меңгерту; информатиканы оқытудың негізгі тұжырымдамаларын үйрету; әр түрлі деңгейлерде мектеп информатикасын оқытудың мазмұндық және әдістемелік әдістерін үйрету; мұғалімнің информатика сабағын ұйымдастыру, жоспарлау және қамтамасыз етуге үйрету; оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ойлау іс әрекетін басқарып, сабақты ұйымдастырудың түрлерін меңгерту; әр түрлі жас топтарындағы оқушыларда пәнге деген қызығушылықты дамыта отырып, информатикадан сабақты ұйымдастыруға үйрету.
Деректемелері/Пререквизиттері:
Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін қолданбалы программалар мен программалау тілдерін жақсы меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны:
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде; мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері; компьютерлік сауаттылық, білімділік, ақпараттық мәдениет; информатиканы оқытуға қажетті құжаттар; мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы; бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп оқытылуы; мектептің жоғары буынында информатиканы саралап оқыту; мектептің информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау; информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру; информатика курсы бойынша оқу процесін жоспарлау және іске асыру; сабаққа педагогикалық талдау жасау; оқушыладың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру; оқыту нәтижесін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Халықова К. Информатиканы окыту әдiстемесi, Алматы, 2000ж.
-
Бидайбеков Е.Ы., Абдулкаримова Г.А. Информатика и средства инорматики в начальной школе, Алматы, 2002ж.
-
Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики, Москва, 2001 ж.
-
Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике, Москва, 2004 ж.
-
Информатика пәнiнен Мемлекеттiк бiлiм беру стандарты
-
Информатика, физика, математика журналының басылымдары
-
Информатика негiздерi журналының басылымдары
Сабақ беру әдістері: лекциялық және практикалық сабақтар, интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы:
Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Пәннің коды: IOA 3214
Пәннің типі: Базалық, міндетті пән
Оқу жылы: 3-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 6
Кредит саны: 2 / ECTS 3 кредит
Дәріс беруші: аға оқытушы Аубакирова Ж.К.
Курстың мақсаты:
Студенттер курсты оқу нәтижесінде білім беруде және оны басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын, білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын, білім беруді ақпараттандырудың техикалық және негізгі құралдарын, мультимедиа технологиясын, компьютерлік программалық әдістемелік қамтамасыз етуді, ақпаратттық білім беру ортасын білу керек. Педагогтардың ақпараттық мәдениетін, білім беру ақпараттандырудың психологиялық педагогикалық негізін, ақпараттандырудың оқыту әдістемелік жұмысына әсерін меңгеру керек.
Деректемелері/Пререквизиттері:
Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін информатиканы, қолданбалы программалар мен программалау тілдерін жақсы меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны:
Білім беруде және оны басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттары. Білім беруді ақпараттандыру зерттеу жұмыстарында және педагогикалық кадрларды дайындау бағыты ретінде. Білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы жайында. Білім беруді ақпараттандырудың техникалық және негізгі құралдары. Мультимедиа технологиясы. Компьютерлік программалық әдістемелік қамтамасыз ету. Ақпаратттық білім беру ортасы. Педагогтардың ақпараттық мәдениеті. Білім беру ақпараттандырудың психологиялық педагогикалық негізі. Ақпараттандырудың оқыту әдістемелік жұмысына әсері.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Гриншкун В.В. Теория и практика применения иерархических структур в информатизации образования и обучении информатике. Москва, 2004 ж.
-
Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики, М, 2001 ж
-
Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г. Гриншкун В.В. Информационное интегрирование и анализ образовательной областей в разработке электронных средств обучкния. А,2002ж . Информатика и средства инорматики в начальной школе, Алматы, 2002ж.
Сабақ беру әдістері: лекциялық және практикалық сабақтар, интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапхана қоры
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Анимациялық технологиялар негіздері
Пәннің коды: ATN 3303
Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті
Оқу жылы: 3-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 1
Дәріс беруші: Кенесары А.Б.- информатика магистрі, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Курсты оқыту мақсаты студенттерге өндіріс пен жаңа технологияларды пайдалануды меңгертіп, анимация жасаудың негіздерін үйрету.
Деректемелері/ пререквизиттерi: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін Компьютерлік графика пәні бойынша материалдарды білу керек.
Курстың/пәннің мазмұны: Macromedia Flash программасының интерфейсі. Панельдермен жұмыс. Macromedia Flash программасында сурет салу. Веекторлық графикамен танысу. Сурет салу иинструменттері. Бояуды пайдалану. Macromedia Flash программасында растрлық беейнелерді пайдалану. Импорттау, трассировкалау, жіктеу, сығу. Macromedia Flash программасында мәтінмен жұмыс жасау. Text инструменті. Мәтін параметрлері. Macromedia Flash фильмінің элементтерімен жұмыс жасау. Символдар, экземплярлар. Библиотека элементтері. Macromedia Flash программасындағы видео. Видеоны интеграциялау. Импортталған видеомен жұмыс. ActionScript тілімен жұмыс. Actions панелі. Айнымалыларды, берілгендерді және берілгендер типтерін басқару.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Гурвиц Майкл, Мак-Кейб Лора. Использование Macromedia Flash MX. Специальное издание.: Пер. с англ. — М.: Издательский дом "Вильяме", 2003. — 704 с.: ил. — Парал. тит. англ.
Достарыңызбен бөлісу: |