5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Тележурналистика технологиясы және компьютерлік бейнемонтаж»



жүктеу 1.14 Mb.
бет4/6
Дата17.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6

14- Дәріс

тақырыбы: Объектив пен камераның орналасуы



Дәріс мақсаты: Теледидардағы жастар хабарлары туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы.

  2. Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігі.

Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы, темірқазығы – Қазақ теледидары жастар редакциясының тарихында құнды дүниелер мен айтуға тұрарлық естеліктер аз емес. Тарихи бастауларына бойлап, көз жүгіртелік (сөз болатын бағдарламалар жайлы деректер Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының 1489-қорынан алынды).

Қоғамдық өзгерістердің нағыз жаршысы бұқаралық ақпарат құралдары болғандықтан, ол қоғамдық формациямен тікелей байланысып, оның әр сатысында жаңа мазмұн, жаңа түрге ие болады. Кеңес Одағы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарының социализмді жырлағаны ақиқат. Алайда бір ғана коммунистік партия үстемдігін жүргізіп тұрған сәтте оған “партияның қолшоқпары болдың” деп айып тағу әділетсіздік болар еді. Теледидардың ойдағыдай дамып, жетілуіндегі социализмнің қосқан үлесін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тұстағы жастар бағдарламасының насихаттық рөлін ерекше айтамыз. Қоғамдағы елеулі оқиғалардың бәрі де экран бетінен көрініс тапты. Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігін “Құрдастар” мен “Ровесникидің” ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп отырған республикалық “Жолдас” фестивалі, “Жас жігер” телеэнциклопедиясы, жастар телехабарлары нәтижесінде көптеп құрылған республикадағы комсомол-жастар бригадалары, екпінді құрылыстардан көруге болады. “Құрдастардың” тарихи қойнауы тұрақты топтама хабарларға толы. Жыл он екі ай бойы үзбей берілетін, бірінен екіншісіне жалғасып жатқан 50-ге жуық топтамалардың әрқайсысынан-ақ жалынды жастық жігерді, қажырлы еңбек пен қауырт қимылды кездестіреміз. Бір тақырыпты әр қилы қырынан бүге-шігесіне дейін талқылап, тұжырым жасап, ой түйген айдар, хабарлар топтамасынан өзге телеклуб, тележурнал, телеальманах, телеспектакль, телеинсценировка, телеанықтама, телекалендарь, телеплакат, телетолғау, телевикторина тәрізді әр алуан пішіндер теледидар табиғатына лайықталып, өзіндік түрге ие болды. Жастар редакциясының студиясы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды. Ұлы Абай, Шоқан,Ыбырайдың ғылымның әр саласындағы еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұраларын зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, олардың өмірлерінің жастар үшін ерекше үлгі тұтарлық өнеге екендігін дәлелдеп, телекөрермендерге тағылым бере алды. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”), “Жалын”, “Арай”, “Балдырған” журналдары, сондай-ақ “Жалын” баспасы қызметкерлерімен жиі, қызықты кездесулер ұйымдастырып, тақырып таңдау, кейіпкер іздеу, табу т.б. шығармашылық ізденістер хақында танымал ақын, жазушы, журналистер сөз тізгінін алған-ды. Жастар студиясының қасиетті төріне кімдер келіп, кімдер кетпеген. Асыл сөздің арнасы тарихтың бір қойнауында қатталған күйі қалып қойғандай. Қазақ теледидары жастар бағдарламалардың алтын діңгегі, қайнар бұлақ бастауы. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – жастардың тіршілігі, ойы, арманы. Ол – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жетілген жаңа ақпараттық технологиялардың ішінде теледидардың орны ерекше. Сондықтан жастарға арналған телехабарлар жарқын, өнегелі мазмұнымен жетіле берері даусыз. Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-бағдарын анықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанымы, өмірдегі күрделі құбылыстарға деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де жалғастығын табуы тиіс. Өйткені Жастар редакциясының жастарды тәрбиелеудегі жылдар бойғы жүйесі қалыптасқан. Өткенсіз – бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің мәні болмақ емес. Дәуірлер арасындағы сабақтастық пен жалғастық, тарих тағылымы мен болашақты бағамдау рухани дүниенің құлдырауына жол бермесі анық. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен жолында аты неше рет өзгергенімен, заты өзгерегн жоқ, жастардыкі болды. Уақыт рухына сай тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақста-мүддесі өзгерген жоқ. Сондықтан бұрынғы жастар бағдарламасы мен бүгінгі жастарға арналған хабарлардан ұқсастық табарымыз әбден мүмкін.

Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер – оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш.

Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы хабарларының озық ойлы парасатты азаматтар тәрбиелеп, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатын ерекше айтуға болады, ол шын мәнінде жастардың «көзі мен құлағы және тілі» бола білді. Жастар редакциясының 50 жылдық тәжірибесі теледидардың шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз. Олай болса, жастарды тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Әйтсе де, өзіндік өшпес тарихы бар деп ауыз толтырып айтқанымызбен, жетіспейді деген желеумен магниттік таспадағы хабарлар өшіріліп, үстіне басқа хабар жазылғандықтан, Қазақ теледидарының қорында жастар редакциясы тарихының көнекөз санаулы жазбалары жетімсіреп тұр. Қандай құнды дүниелер еді десеңізші... Өкініштен өндіреріміз шамалы болғандықтан, барды бағалап, қастерлеп, қанағат тұтуға тура келеді.

Жастар бағдарламалары көптеген қызықты хабарлар топтамасы, айдар, тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылықтың соны әдістерін меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре алу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Сатиралық, публицистік тұрғыдағы төл туындыларынжасай білген. Жастар бағдарламасының маңызы өз дәуірінің жыршысы бола отырып, жастарды еңбекке үндей білді, ұлттық тәрбиені сіңіріп, әдебиет, мәдениет, өнерді насихаттады. Телекөрермендермен етене жақын араласып, жаңашыры болды, тұрақты аудиториясын қалыптастырды. Жастардың көкірегіндегі мәселелерді толғап, ашық сырласты. Әлі де Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнайы берері даусыз.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. «Хабар» арнасындағы жастар бағдарламалары

2. «Қазақстан» арнасы және ондағы тұрақты айдарлар

3. Жастар хабарлардың берілу тәсілі



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


15- Дәріс

Сандық телехабар тарату жүйесі

Дәріс мақсаты: Телерадио хабар жасау технологиялары туралы түсінік.

Дәрістің жоспары:

ТД хабарларын 4 топқа топтастырамыз:



  1. Ақпараттық публицистикалық бағдарлама

  2. Әдеби драмалық

  3. Көркем публицистикалық

  4. Оқу-ағарту немесе арнайы дайындалған хабарлар.

Ақпараттық – публицистикалық бағдарлама негізінен ақпараттық жаңалықтарды, жедеғабыл ұйымдастыратын сұхбат, репортаждар жатады. Көбінесе ақпараттық бағдарламалар тікелей эфир арқылы аудиториясын табады. Ақпараттық-публицистикалық бағдарлама - өмір шындығын нақты етіп өтіп жатқан жерінен тікелей немесе түсіріп алып эфир арқылы көрсете отырып көтерген мәселелеріне ерекше көңіл аударып істің мән-жайын жан-жақты талдау, талдай отырып нақты деректі құжаттарды пайдалану. Оның ерекшелігі оперативтілігі, жеделдігі және пәрменділігі, қысқалығы, яғни әрбір репортаж 3 минуттан аспау керек. Текстің әрі түсінікті, әрі ұғынықты, қысқалығы және стилі телеграфтық (ешқандай үзіліссіз) айтылып, оқылуында. Осыған байланысты ақпараттық-публицистикалық бағдарламалар жанрлық құрылымы:

а) Кадрдегі хабарлау

ә) Сюжет (бейне) корреспонденция

б) Сұхбат

в) Репортаж

түрінде болып келеді. Жалпы ақпараттық-публицистикалық хабардың дайындалған кезінде журналист 5 сұраққа хабар дайындауы керек: Кім? Қайда? Неге? Қашан? Қалай?

Ақпараттық-публицистикалық хабарларға негізінен “Хабар” ұлттық агенттіктің жаңалықтары жатады. “Сәлем Қазақстан” публицистикалық бағдарламаға жатады. Сол сияқты бұрынғы кездегі “Ақшаш”, “Алатау” хабарлары 2 минуттан 40 минутқа созылуы мүмкін. Бағдарлама – бірнеше хабардың топтануынан жасалады. 2. Кадрдегі хабарлау. Оның басты ерекшелігі журналист, редактор, диктордың кез-келген оқиғаны жаңалықты ауызша түрінде де кадрде оқиды (за кадровый текст).

Осыған байланысты кадрде оқылудың түрлері бар.



  1. Дикторлық – хабар ред-ң уақиға туралы жаңалықтар бойынша жазып, дайындап келген текстін, диктордың кадрде оқуы жатады. Диктор оқуындағы басты ерекшелік, хабардың текстін өзгертуге ешқандай хақысы жоқ.

  2. Текстікке – негізінен журналистің, редактордың уақиға бойынша жазған, дайындаған жаңалықтар текстін өзі оқуы жатады. Оның өзі дайындаған тексті қысқартуға, толықтыруға, анықтама беруге құқығы бар.

  3. Тезистік баяндау – көбінесе журналистердің белгілі бір уақиға құбылыс бойынша түйінді-түйінді мәселелерді енгізіп баяндауын айтады. (Үлкен роман болса да қысқартып айту). Кейде тезистік баяндауда жоспар ақпарат ретінде беріледі. Кейде есеп түрінде.

  4. Импровизациялық баяндау – негізінен тәжірибесі мол, білімді, ой-өрісі кең журналист қана хабар барысында баяндай алады және де текссіз баяндау ақпараттық хабарларда суфлер на промтер үзіліп қалған кезде болады.

Промтер дегеніміз – журналист дайындап жазған тексті арнайы электронды қондырғы арқылы камераның алдына орналастыратын шыны арқылы электронды текстің жазылып көрсетілуін айтады. “Хабарда” суфлер бар. Ақпараттық публицистикалық бағдарламада сұхбат жанрлары жатады. Сұхбат жанрлары ТВ көп қолданылып, пайдаланылады. Негізінен сұхбаттың өзі кадрдегі 2 адамның диалогы немесе журналист пен кейіпкердің арасындағы сөйлесу, пікір алысу. ТВ-да сұхбаттың бірнеше түрі болады:

  1. Сұхбат әңгіме

  2. Баспасөз мәслихаты

  3. Сұхбат суреттеу

  4. Сұхбат анкета

  5. Сұхбат портрет

  6. Брифинк.

Сұхбат әңгіме негізінен сұрақты хабардың мазмұнын-мағынасын композициясына негізделіп, тұрақ-ы, іріктеліп беру. Әр қойылған сқрақты өз ара байланысы болу керек. Кез-келген тосыннан қойылған сұрақ сұхбат әңгімеге жатады.

Сұхбат анкета – немесе аналитикалық сұхбат. Бұл негізінен бір сұрақтың негізінде хабар ұймдастыру, яғни бір сұрақ мыңдаған адамдарға қойылу арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру.



Конференция – ағылшын сөзі (convertion) әңгімелесу. Ал баспасөз конференциясы белгілі бір уақиғаға дейін немесе уақиғадан кейін бір топ баспасөз қызметтің ұйымдастыруымен өткізілетін (жазушы, банкир, саяси қайраткер) сол уақиғаға көз қарасын, ойын анықтау үшін ұйымдастырылатын сұхбаттың бір түрі. Кез-келген ТВ журналистер кез-келген уақиғаға өткен кезде ұйымдастырады. Баспасөз мәслихатында сұрақты бірден қысқа әрі нақты қоя білу керек, түсінікті айту керек.

Сұхбат суреттеу – репортаж жанрына өте ұқсас, алайда оның ерекшелігі оқиға кезінде сол оқиғаның куәгерлерінен немесе уақиғаға қатысқан адамдардан сол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналистер әр түрлі сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргізеді.

Сұхбат портрет – басты ерекшелігі өмірде бар, не бұл өмірден өткен адамның, қоғам қайраткерінің портретін сомдау үшін, оның жора-жолдастарын, туған-туыстарынан жауап алу үшін ұйымдастырылады.

Брифинкт – өте оперативтілікпен ұйымдастырады, орынды талдамайды. Мысалы: Н. Назарбаев шетелге ұшар кезінде алынады. Сол ұшақтың жанында және 1-2 сұрақ төңірегінде болады. Жалпы сұхбаттың негізгі ерекшелігі кез-келген адамға сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Яғни белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің БАҚ журналистері алдында шағын мәжіліс өткізіп, болған мәселені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

Сондықтан сұхбат ТВ қолданатын ерекше жанр. Сұхбат жанрына байланысты ТВ “Өмір-Өзен”, “Час Пик” т.б. хабарлар болды. Сұхбат жанрында ұйымдастырылатын тағы бір хабар түрі, пішіні болады. Мысалы: дөңгелек үстел айналасындағы 2-3 адам студияға шақырылып әңгіме жүргізіледі. (Бетпе-бет) сұхбатқа қатысатын әңгімені кейіпкер бірнеше түрге бөледі.

а) Пікір білдіруші

ә) Ақпарат беруші (Күлекеев)

б) Эмоцияға берілу (Жириновский)

в) Әлеуметтік ой қозғаушы.

Сол сияқты “Заметка”, “Сюжет”, “Корреспонденция”.

Заметка – теле сюжет кезінде бір оқиға құбылыс алынып, бейне таспаға түсіріледі. Жалпы қысқа кадр сыртындағы текст 30 секунд 1 минутқа дейін созылады. Бірнеше бір тақырыппен беріледі. Тілі қысқалығымен ерекшелінеді. Телеграфтық стильде дайындалу керек.

Теле корреспонденция – ерекшелігі өмірден типтік деректерді жинақтайды, талдайды, өзінің ойын, пікірін білдіреді. Корреспонденцияның тілі нәрлі, көркем, тартымды болу керек, публицистік стилде жазылу керек. Публицистік стиль дегеніміз – көркемдеп сөйлеу амал-тәсілінің жиынтығы, ауызша сөйлеудің қалыптасқан жүйесі, тілдің айрықша белгілерінің бірі. Корреспонденция негізінде факт – бірнеше факт жинастырылып өзара салыстырылады. Белгілі мәселелер жөнінде ұсыныс беріледі. Мысалы: Қазақстанда зейнеткерлерге зейнетақы берілмейді. Сол себеппен үкімет адамдарына құлақтарына алтын сырға деп айтылған. Корреспонденция негізінде көрініс пен құбылыстық немесе текстің сәйкесінде міндетті түрде көрінеді. Текст пен дыбыстың сәйкестігі “синхрон” деп аталады.

Үй тапсырмасы:



  1. Ақпараттық-публицистикалық бағдарламаға мысал келтіру, 1 арнаның хабарларын алып талдау, тілі, мерзімділігі, жүргізуші, стилі, авторы т.б, хронометражды.

  2. Болашақ журналист ретінде өзін-өзі таныстыру.

  3. Өз телеканалын құру. Берілетін хабардың программасын жасау.

  4. Мәдениетті жігіт деген тақырыпта сценарий құру.

  5. Алдағы сессияға немесе сессия кезіндегі студенттердің, университеттегі құбылыстарға қатысты ақпарат жазу.

Радиожурналистиканың даму процесінде пайда болған жанрлар мен пішіндердің әдістемелік сипаты

Радиожурналистика жанрлары өзінің дыбыстық сипатымен ерекшеленеді. Радиожурналистика жанрларының негізгі компоненттері: репортердің әңгімесі, диалог түріндегі әңгіме, өмір шындығының дыбыстық көшірмесі, материалды әдеби-көркем өңдеу, сондай-ақ тікелей эфирді жүргізу шеберлігі. Әлбетте, эфирден тікелей берілген хабар – радиожурналистиканың ең күшті, ең керемет қасиеті. Сондықтан да радиожурналистика жанрларына (ақпаратты, талдамалы, деректі-көркем) жалпы шолу жасаумен қатар, қазіргі таңда тікелей эфирде өткір қолданыс тапқан заметка, яғни, ақпараттық хабарлама, сұхбат, репортаж, комментарий жанрларына арнайы тоқталып өтуге тура келеді. Өйткені, сұхбат ақпарат алудың бірден-бір тәсілі. Ал тікелей репортаж – оқиға ортасынан қолма-қол жүзеге асатын құбылыс, радиожурналистикадағы оперативтіліктің нақты көрінісі. Тікелей эфирде жасалатын комментарий журналистің жетекші ролін, айқындап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін әдістің бірі ретінде қарастырылады. Радиожурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі ретінде тікелей эфир пішіндері және олардың қолданыс аясындағы артықшылықтары мен кемшіліктері аталып өтіп, соған орай эфирлік материалдардың электронды нұсқалары ұсынылады.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Текст пен дыбыстың сәйкестігі не деп аталады?

2. Бетпе-бет сұхбатқа қатысатын әңгімені неше түрге бөледі.

3. Сұхбат портрет деген не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997

3 Тәжірибелік (семинар) сабақтар
Тәжірибелік (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.

1-семинар

тақырыбы: Трансфокаторды (ЗУМ) пайдалану
Сабақтың мақсаты: Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар.

  2. Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Телерадиохабарларын жасаудың әдістері.

  2. Хабар жасаудағы цензура.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телерадиохабарларын жасаудағы негізгі басшылыққа алынатын қағидалар, хабар жасауда халық мүддесінің қорғалуы.

2. Хабар жасаудағы негізгі тұжырымдар мен зерттеулер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

2-семинар

тақырыбы: Фокусқа апару
Сабақтың мақсаты: Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Тікелей эфир дегеніміз не?

  2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық.

  2. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап.

  3. Тікелей репортаждың өзіндік белгілері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібінің бүгінгі таным тұрғысынан зерттелуі.

2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


3-семинар

тақырыбы: Телехабарлар жасаудың негізгі әдістері
Сабақтың мақсаты: Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Сценарий ұғымы.

  2. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Автор сценарийді жазу кезінде нені басшылыққа алады?

2. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Сценарий ұғымының, жинақталуы, зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998



4-семинар

тақырыбы: Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
Сабақтың мақсаты: Микрофон және оны меңгеру тәсілдері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері.

  2. Микрофонның аса сезімтал құрал екендігі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы микрофондар және оларға арналған тіреулер.

  2. Микрофондарды басқарудың 3 тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Қазіргі заманғы микрофон және оны меңгеру тәсілдерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тоғына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


5-семинар

тақырыбы: Жазу түрлері
Сабақтың мақсаты: Телепублицистиканың зерттелуі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Публицистика термині.

  2. Публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік.

Бақылау сұрақтары:

1. Тележурналистиканың басты міндеті.

2. Монологтық жанрдағы қандай бағдарламаларды білесіз?

3. Жалпы теледидар хабарларын неше топқа бөлеміз?



Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телепублицистиканың зерттелуі туралы журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар.

2. Телепублицистиканың зерттелуіндегі бүгінгі күнгі көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997



6-семинар

тақырыбы: Динамикалық жазуды жасайтын тәсілдер
Сабақтың мақсаты: Алғашқы ұлттық хабарлар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Алғашқы ұлттық хабарлар.

  2. Журналистика тарихында алғашқы ұлттық хабар «Айтыс».

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны.

  2. Хабар жасау жолдары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Телепублицистиканың міндеті – тек болған оқиғаны тіркеу ғана емес, жетістіктің де, кемшіліктің де сырын ашу, соған азаматтық көзбен қарап, қоғамдық пікір ұйымдастыру.

  2. Алғашқы ұлттық хабарлар туралы ғылыми тұжырымдар.
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет