5В060800 Экология мамандығының күндізгі оқу бөліміндегі студенттеріне арналған



Дата11.07.2016
өлшемі285.46 Kb.
#192686

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Биология және экология кафедрасы

5В060800 Экология мамандығының студенттеріне арналған

Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

____________ Ахметов Қ.Қ.

2013 ж. «___»____________


Құрастырушы: б.ғ.к., доцент Оспанова А.К _______________
Биология және экология кафедрасы

5В060800 Экология мамандығының күндізгі оқу бөліміндегі студенттеріне арналған

Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
2013 ж. «___»____кафедра отырысында ұсынылған №___ хаттама.

Кафедра меңгерушісі _____ Ш.М.Жумадина 2013 ж. «___» _______


Химиялық технология және жаратылыстану факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2013 ж. «__»______ №_ хаттама
ОӘК төрайымы ________________________ Ю. М. Каниболоцкая

1 Оқу пәнінің паспорты

Пән атауы Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері


Міндетті оқыту бойынша пән
Кредит саны және оқыту мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45сағат

Дәріс-22,5

Практикалық /семинарлық сабақтар - 15 сағат

Зертханалық сабақтар - 7,5

СӨЖ – 90сағат, соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Барлығы - 135 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 4 семестр.


Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: экология және тұрақты даму, қоршаған орта туралы ілім, өнеркәсіптік экология.

Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: диплом алдындағы тәжірибе, болашақ кәсіптік қызмет.

2 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:


Оспанова Айнаш Кенжешовна

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

Биология және экология кафедрасы, А-бас корпус (Ломов көшесі 64)

Тел. (8-7182) 67-36-49 (ішкі.12-57)

Қабылдау сағаттары сәрсенбі – сағат 1400-1600 № ауд.417


3 Пәнді оқытудағы мақсат мен міндеттері
Пәнді оқытудағы мақсат - популяцияның, биосфераның даму заңдылықтарын анықтау және келешекте оны меңгеру.

Пәнді оқытудағы міндеті популяциялық, биосфералық көзқарастардың даму тарихымен студенттерді таныстыру; биосфераның негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері, байланыстар туралы және биосфералық ілім туралы студенттерде ғылыми көзқарастар қалыптастыру.
4 Білімге, икемділікке және дағды машықтарға қойылатын талаптар

студент білу керек:

Пәнді оқу нәтижесінде студенттерде міндетті:

- тірі табиғаттың нақты, күрделі және көпқырлы бірлігі ретінде биологиялық түр туралы көзқарастар, биосфераның даму заңдылықтары, популяция мен биосфераның себептері мен заңдылықтарын ашу туралы түсініктер болу;

-биосфера туралы ілім,; тірі ағзалардың әр алуандылығы оның тұрақтылық негіздерінің даму кезеңдерін және негізгі ерекшеліктерін білу;

- популяциялық және биосфералық заңдылықтар туралы білімді зерттеу жұмыстарында, қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалануда қолдана білу;

- пәнді оқыту әдістері мен тәсілдерін мектептегі экология курсында қолдануды; популяция және биосфера туралы қазіргі заманғы көзқарастарды қалыптастыруды дағдылана білу;

- биосфералық процестерді білу үшін ғылыми әдістерді құрастыру туралы сұрақтарда білікті болу.

тәжірибені алу:


  • экологиялық талаптар сәйкес;

- зерттелетін нысананы құрастыру бойынша.
5 Пәннің мазмұны

Академиялық сағаттардың сабақ түрлеріне байланысты бөлінуі


Пәннің тақырыптық атауы


Аптасына берілген сағат саны

Дәріс

Практ.

Зерт

СӨЖМ

СӨЖ

1

Кіріспе.

1,5




1,5

1,5

5

2

Популяцияның биоценотикалық деңгейі

2

2




2

10

3

Биосфералық деңгей

3

2




3

15

4

Биосфера туралы ілім

3

2




3

15

5

Тірі ағзалардың әр алуандылығы-биосфера құрылымымен тұрақтылығының негізі

3

3

3

3

15

6

Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

5

3




5

15

7

Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау

5

3

3

5

15

Барлығы пән бойынша:

22,5

15

7,5

22,5

90



6 Пәннің қысқаша мазмұны

Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе.
«Экология» терминін 1866 ж ірі неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған. Термин екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, баспана, «логос» - ғылым, зерттеу деген сөз.

Өсімдіктер географиясына экологиялық бағытты Александр Гумбольдттың еңбектері салды. Экологиялық ойларға орыс зоологтары К.Ф.Рулье (1814-1858) мен Н.А.Северцовтың (1827-1885) және т.б. ғалымдар еңбектері зор үлес қосты.

Ғылым ретінде экология тарихындағы ерекше күн – 1866 жылдың 14-қыркүйегі болды, сол күні Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» деген кітабын бітіріп, онда осыған ең алғаш рет анықтама берді: «Экологияның астарынан біз ағзалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасы туралы жалпы ғылымды ұғынамыз».

1913-1920 жылдары В.Шелфордтың, Ч.Адамстың, С.А.Зерновтың экологиялық еңбектері шықты, экологиялық ғылыми қоғамдар, журналдар пайда болды, экологияны университеттерде оқыта бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерістерінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі тікелей немесе жанама түрде осы өзгерістердің құрбандығына айналды.


Тақырып 2. Популяцияның биоценотикалық деңгейі.

Популяциялар экологиясы – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі.

Популяция – белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы. Кейде популяцияны бір тұқымдас бір белгілі кеңістікті аймақта тіршілік ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы деп те түсінеді.

Тұқым қуалаушылық деректердің нуклеин қышқылдары түрінде хромосомаларда сақталатыны белгілі. Олардың молекулалары немесе гендер деп аталатын жеке бөліктері әр түрдің генетикалық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді. Барлық гендердің жиынтығы генотипті құрайды, ал генетикалық мәліметтерді сақтайтын және келесі ұрпақтарға тұқым арқылы беріп отыратын барлық түрлер генетикалық қорды немесе популяцияның генофондын құрайды.

Әрбір популяцияда оның өзіне ғана тән өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерге олардың сол жердегі температураға, дымқылдыққа, топырақ табиғаты мен өсімдігіне, тамақтық ресурстарға сәйкес келетін сандық мөлшері мен сол өмір сүретін ортасындағы тығызыдығы жатады.

Популяцияның сандық мөлшері деп осы түрдің сандық көлемін айтады. Популяцияның сандық мөлшері қоршаған өмір сүру ортасындағы әр түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Популяция тығыздығы деп өмір сүру ортасының бірлік көлеміндегі түрлер санын айтады.



Туу және өлу. Популяциялар көлемі көрші популяциялардан иммиграциялану нәтижесінде немесе дарақтардың көбею есебінен өсуі мүмкін. Көбеюдің көрсеткіштерінің бірі ұрықтылық болып табылады, ол бір аналық дарақтың ұрпақтарының санымен өлшенеді. Ұрықтылықты зерттелетін ағзаның ерекшеліктеріне және зерттеу мақсатына байланысты түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Сүт қоректілер туралы сөз еткенде туу термині қолданылады, оны бір аналықтың жыл ішінде туған ұрпақтарының саны ретінде анықтайды. Адамда әдетте тууды жыл ішіндегі тууларды 1000 адамға шаққандағы санмен көрсетеді. Әлеуметтанушылар қоғамдағы туудың жоғары сатысынан төменгісіне көшуде туындаған мәдени өзгерістерді демографиялық өткел деп атайды.

2) Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық, жыныстық және кеңістіктік. Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде және т.б. жағдайларда. Популяцияны зерттегенде олардың сол уақыттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяциялық экологияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады.

Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық және т.б. түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің сандары бірдей болса, онды бұл популяцияның өмірсүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп атайды.

Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон динамикасы бойынша жүргізілетін бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда жүргізіледі. Өсімдіктер популяциясының динамикасы жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан мысалы, адам популяциясын (демография) зерттегенде әдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық-түлік ресурстарын да санатқа алады.



  1. Популяцияның өсуінің бастапқы фазасы біткен соң популяциялардың

көлемі ұрпақтан ұрпаққа ауытқуларын жалғастыра береді. Оған климаттық жағдайлардың өзгеруі (мысалы, температураның) тәрізді қоректік ресурстар да, дұшпандары да және т.б. айтарлықтай ықпал тигізуі мүмкін. Кейде ауытқулар жиі болады, оларды циклдер деп атауға болады. Оларды зерттеу қиын, ол үшін өте ұзақ уақыт қажет, өйткені жабайы ағзалар туралы мәліметтерді көбіне бірнеше жылдар бойы жинауға тура келеді. Бірқатар жағдайларда мәліметтер алу үшін тіршілік циклы қысқа зертханалық ағзалар, мысалы, дрозофилдер, егеуқұйрықтар не кенелер пайдаланылған. Олардың популяция үлгі ретінде зерттелді, өйткені зертханалық жағдайды даладағы егістікке қарағанда қатаң бақылауға алуға болады.

Популяцияның көлемі ұрықтанудың немесе өлім-жітімнің өзгерінің, ал

кейде екеуінің де нәтижесінде тұрақсыз болуы мүмкін. Популяциялардың көлемдерін және олардың өзгерістерін зерттегенде әдетте негізгі факторды, яғни ұрпақтар ауысқанда өтетін байқалған өзгерістердің басым бөлігі үшін жауапты факторды табуға тырысады. Зерттелген жағдайлардың көпшілігінде бұл өлім-жітімге ықпал етуші фактор болып табылады.

Популяциялар көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп күтуге болса да ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар факторлар бар. Бұлар өлім-жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын факторлар. Кейде мұндай факторларға қоректің жетіспеуі немесе жауларының көбеюі де жатады. Олардың өлімге тікелей ықпал ететіндігі айқын. Ұрықтануға ықпал ететін, жақсы зертелген реттеуші екі механизмге ағзалардың тығыз қоныстануының физикалық салдары және аймақтық әрекеттері жатады.

Санды реттеудегі кеңістіктің үлкен роль атқаратын тағы бір формасы – бұл артық мекендеу әрекеттілігі. Егеуқұйрықтармен жүргізілген зертханалық тәжірибелер көрсеткендей, популяцияның артық мекендеуі белгілі бір мөлшерге жеткенде, тіпті қоректің жетіспеушілігі болмаса да, жануарлардың ұрықтануы кемиді. Жыныстық мінез-құлықтарға әсер ететін түрлі гормондық өзгерістер жүреді: шағылысуға қабілетсіздік, ұрықсыздық, түсіктер, ата-аналарының өз ұрпақтарын жеп қоюы жиі кездеседі. Ата-аналарының ұрпақтарына қамқорлығы кемиді де, төлдері ұяны тым жас кезінде тастап шығады, бұл олардың тірі қалу мүмкіншіліктерін төмендетеді. Жануарлардың агрессивтілігі өседі. Мұндай өзгерістер бірқатар сүтқоректілерге тән және ол зертханадан тыс, табиғи жағдайларда өте алады.

Тақырып 3. Биосфера деңгейі

Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) – тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік блған және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.

Бірінші рет «Биосфера» түсінігі ұлы француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің жұмыстарында кездеседі. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған белгілі орыс геолог ғалымы В.И.Вернадский болды. Ілімнің негіздері оның «Биосфера» кітабында баяндалған.

В.И.Вернадский планеталық тірі заттардың планетаның бет-әлпетін өзгертуге және оның және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В.И.Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық жұмысқа жұмсалатын энергия бөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды.


Тақырып 4. Биосфера туралы ілім

Биосфера адамның және басқа да тірі ағзалардың жалғыз мекендеу ортасы болып табылады. В.И.Вернадский мен басқа да бірқатар ғалымдардың тұжырымдарынан биосераның ауыстырылмайтындығы заңы шығады. Осы заңнан табиғатты қорғаудың түпкі мақсаты – бұл биосфераны адамзат қоғамының жалғыз ғана өмір сүретін ортасы ретінде сақтау екені көрініп тұр.

Биосфера эволюциясының осы қазіргі заманғы кезеңі саналы даму кезеңі ретінде қарастырылады, яғни оны ноогенез (грек. ноос – сана) деңгейіне жатқызады. Соған сәйкес биосфераның біртіндеп ноосфераға айналуы процесі жүреді. «Ноосфера» ұғымын ХІХ ғасырда француз ғалымы Ле Руа енгізіп, оны әрі қарай Тейяр-де-Шарден дамытқан.

В.И.Вернадский ноосфера – бұл Жердегі жаңа геологиялық құбылыс деп санады. Онда адам тұңғыш рет қуатты гелогиялық күшке айналады. Алайда басқа да тірі заттар сияқты адам да тек тіршілік жайлаған аймақта, яғни өзі ажырамастай байланысқан және одан тыс кете алмайтын биосферада ғана ойлап, әрекет жасай алады.

2) Жалпы түрде биосера эволюциясының мынадай сатылы кезеңдерін келтіруге болады: органикалық, қарапайым жәй заттардың синтезі, биогенез, антропогенез, техногенез және ноогенез.
Тақырып 5. Тірі ағзалардың әр алуандылығы-биосфера құрылымымен тұрақтылы-ғының негізі
1. Жер геосферасында ультракүлгін радиация әсерімен қарапайым жай органикалық заттардың – сутегінің, метанның, аммиактың, су буларының синтезделуі. Этаптың басталуы – 3,5-4,5 млрд жыл бұрын.

2. Биогенез – жер геосферасындағы өлі заттардың тірі заттарға айналуы (геофизикалық факторлардың әсерінен жай заттардың күрделі органикалық заттарға айналуы). Этаптың басталуы – 2,5-3,5 млрд жыл бұрын (биосферада тірі заттың пайда болуы).

3. Антропогенез – адамның пайда болуы және оның қоғамдық тіршілік иесіне айналуы, өндірістік еңбек ету нәтижесінде адамзаттық қоғамдастықтардың түзілуі. Этаптың басталуы – 1,5-3 млн жыл бұрын (адамның пайда болуы).

4. Техногенез – адамның өндірістік іс-әрекетінің нәтижесінде биосфераның табиғи кешендерінің өзгеруі және техногендік пен табиғи-техникалық кешендерінің түзіле бастауы, басқаша айтқанда биосфераның негізгі бөлігі ретінде техносфераның қалыптасуы. Бұл этаптың басталуы – 10-15 мың жыл бұрын болды.

5. Ноогенез – биосфераның қоғамдық-табиғи жүйемен саналы түрде басқарылатын жаңа түріне айнала бастауы. Ноосфераны табиғатты саналы түрде және адамзаттық қоғамдастықтың тұрақты дамуына сәйкес келетін биосфераның жоғарғы кезеңі деп сипаттауға болады.

3) Биосферада шартты түрде 4 ірі кешенді қарастырады – атмосфера, литосфера, гидросфера және тірі ағзалар.

Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қалқасы немесе озоносфера – атмосфераның стратосфера шегіндегі 22-26 км биіктікте озонның ең көп тығыздығына ие қабаты болып табылады.
Тақырып 6. Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

Атмосфера – бұл қабатталған құрылысы бар және бірнеше сфералардан (тропосфера, стратосфера, мезосфера т.б.) тұратын, жердің өзімен бірге айналатын газды қабығы, биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера құрамын азот (78,08%), оттегі (20,95%), көмірқышқыл газы (0,03%) және аз мөлшерде (0,01%) басқа газдар құрайды.

Тропосфера – атмсофераның Жер бетінен 9-15 қашықтықта орналасқан аумағы. Тропосферада атмосфера массасының 80% және бүкіл су булары жинақталған.

Стратосфера – тропосфераның жоғарғы шегінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймағы. Бұл аймақта озон қабаты бар. Озон қабаты барлық тіршілік иелеріне өте қауіпті күннің ультракүлгін сәулелерін Жерге қарай өткізбейді. Міне сондықтан да озон қабатын Жердегі өмірді қорғап тұратын қалқан ретінде қарастырамыз.

Гидросфера – бұл мұхиттардың, теңіз, көлдердің, өзендердің, тоғандар, ми батпақтың, жер асты суларының жиынтығын құрайтын Жердің сулы қабаты.

4) В.И.Вернадский тұжырымдамасындағы орталық түйін туралы түсінік. Тірі зат қарапайым сандық мөлшерлі химиялық құрамы, салмағы, энергиясы бар барлық тірі ағзалардың жиынтығы. Ол қоршаған ортамен биогенді атомдардың ағынымен – өзінің тыныс алуымен, қоректенуімен, көбеюімен тығыз байланысқан.

«Биосфераға оның әдеттегі қалпын беретін энергияның ғарыштық тегі бар екені шүбәсіз. Ол Күннен сәулелі энергия түрінде шығады. Алайда тек осы тіршілік иелері ғарыштық сәулелі энергияны жердегі энергияға, химиялық энергияға айналдырып, біздің дүниеміздің шексіз сан алуандығын жасайды» (Вернадский). Тіршілік – бұл Ғарыш пен Жердің арасын байланыстырушы түйін.
Тақырып 7. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау

Биосфераның түзілуінде өсімдіктер шешуші роль атқарады. Бұлар энергиялары аз минералды заттардан көмірқышқыл газын, суды және күн энергиясын пайдалану арқылы тіршілік әлемінің негізін салушы құрамы күрделі энергиясы мол органикалық заттарды синтездеуге қабілетті бірден-бір ағзалар тобы. Жер бетіндегі барлық басқа тіршілік иелері негізінде осы органикалық заттардағы химиялық байланыстардың биохимиялық энергиясын пайдаланады.

Сонымен Биосфера – энергияны тірі зат пен қоршаған ортаның арасындағы зат алмасу жолымен тасымалдайтын, жинақтайтын, тұтып қалатын күрделі жүйе. Ол барлық құрамдас бөліктердің арасындағы күйдің тепе-теңдігін сақтап тұрады. Биосфераның динамикалық тепе-теңдігінің және тұрақтылығының негізі болып энергия өзгерісін жасап отыратын заттар айналымы болып табылады.

Биосферада заттардың айналымын қамтамасыз етіп отыратын күрделі жүйе түзілді. Ол биогенді элементтер мен ағзалардың қорынан тұрады, оны үш топқа бөлуге болады:



  1. продуценттер (өндірушілер);

  2. консументтер (тұтынушылар);

  3. редуценттер (жоюшылар).

Экожүйе мен заттар айналымын сүйемелдеп отыру үшін энергия ағымы

болып тұру керек.

Қоректену тәсіліне қарай ғаламшардың барлық мекендеушілері 2 топқа бөлінеді: автотрофтылар және гетеротрофтылар. Автотрофтылар күн энергиясын биохимиялық энергияға айналдыру арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайды. Гетеротрофтар дайын органикалық заттарды пайдаланады. Сонымен Жер биосферасын қалыптастырып тұратын екі себеп – фотосинтез бен зат айналымы болып табылады.
Әдебиеттер: 1-17

Қосымша: 1-13

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны олардың сағат санындағы көлемі


Тақырып 2. Популяцияның биоценотикалық деңгейі.

Популяциялар экологиясы – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі.

Популяция – белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы. Кейде популяцияны бір тұқымдас бір белгілі кеңістікті аймақта тіршілік ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы деп те түсінеді.

Тақырып 3. Биосфера деңгейі

Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) – тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік блған және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.



Тақырып 4. Биосфера туралы ілім

Биосфера адамның және басқа да тірі ағзалардың жалғыз мекендеу ортасы болып табылады. В.И.Вернадский мен басқа да бірқатар ғалымдардың тұжырымдарынан биосераның ауыстырылмайтындығы заңы шығады. Осы заңнан табиғатты қорғаудың түпкі мақсаты – бұл биосфераны адамзат қоғамының жалғыз ғана өмір сүретін ортасы ретінде сақтау екені көрініп тұр.



Тақырып 5. Тірі ағзалардың әр алуандылығы-биосфера құрылымымен тұрақтылы-ғының негізі

1. Жер геосферасында ультракүлгін радиация әсерімен қарапайым жай органикалық заттардың – сутегінің, метанның, аммиактың, су буларының синтезделуі. Этаптың басталуы – 3,5-4,5 млрд жыл бұрын.

2. Биогенез – жер геосферасындағы өлі заттардың тірі заттарға айналуы (геофизикалық факторлардың әсерінен жай заттардың күрделі органикалық заттарға айналуы). Этаптың басталуы – 2,5-3,5 млрд жыл бұрын (биосферада тірі заттың пайда болуы) .

Тақырып 6. . Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

Атмосфера – бұл қабатталған құрылысы бар және бірнеше сфералардан (тропосфера, стратосфера, мезосфера т.б.) тұратын, жердің өзімен бірге айналатын газды қабығы, биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера құрамын азот (78,08%), оттегі (20,95%), көмірқышқыл газы (0,03%) және аз мөлшерде (0,01%) басқа газдар құрайды.



Тақырып 7. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау

Биосфераның түзілуінде өсімдіктер шешуші роль атқарады. Бұлар энергиялары аз минералды заттардан көмірқышқыл газын, суды және күн энергиясын пайдалану арқылы тіршілік әлемінің негізін салушы құрамы күрделі энергиясы мол органикалық заттарды синтездеуге қабілетті бірден-бір ағзалар тобы. Жер бетіндегі барлық басқа тіршілік иелері негізінде осы органикалық заттардағы химиялық байланыстардың биохимиялық энергиясын пайдаланады.

Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)
Зертханалық жұмыстардың мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Тақырып 5. Тірі ағзалардың әр алуандылығы-биосфера құрылымымен тұрақтылы-ғының негізі

Тақырып 7. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау

Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)


8.Өздік жұмыстардың тапсырмалары

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

Тақырып 1.Кіріспе

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Жаратылыстану туралы ғалымдардың пікірін, жаңалығын жазып келу



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)

Тақырып 2. Популяцияның биоценотикалық деңгейі

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Биоценотикалық деңгейлерге кроссворд құрастыр..



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)

Тақырып 3. Биосфералық деңгей

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Биосфераның деңгейлерін кесте түрінде көрсет..



Әдебиеттер (2,3,4,5,6,7,8,9)

Тақырып 4. Биосфера туралы ілім

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Ілімнің негізін қалаған ғалым туралы мәлімет жинау.



Әдебиеттер (3,4,5,6,7,8,9,10)

Тақырып 5. Тірі ағзалардың әр алуандылығы-биосфера құрылымымен тұрақтылығының негізі

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Тірі ағзалардың сан алуандылығы туралы сурет құрастыру.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6)

Тақырып 6. Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Ноосфера саналы қабат туралы мәлімет жинап келу.



Тақырып 7. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

Табиғи қорлардың жіктелуі туралы кесте толтыру.

Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)
Әрбір тақырыпқа арналған СӨЖ жұмыстары

Реферат жазу

Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.



Рефераттың аттестациясы.

Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:

1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту



3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау



10. СӨЖМ консультация графигі (СӨЖМ СӨЖ-ден 25% құрайды)

Барлық сұрақтарға консультациялар ағымды семестрге СӨЖМ графигі бойынша.



11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 балмен бағаланады



Студенттің өздік жұмыстрының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі

р/н

СӨЖ түрі

Есеп беру түрі


Бақылау түрі

Сағат көлемі.

11

Дәріс сабақтарға дайындық




Сабаққа қатысу

10

22

Тәжірибелік жұмыстарға дайындық

конспект

ТЖ-ға жіберу

20

33

Зертханалық сабақтар

жұмыс жасау

Қорытынды жазу

20

44

Бақылау шараларына

дайындалу



тест

МБ1,МБ2

20

55

Аудиториялық сабақтарға кірмейтін тақырыпты дайындау

конспект

Ауызша

20

Барлығы

90


Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен міндеті

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру күні

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тірі ағзалар әлемі

1.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.

3 апта



3-ші апта

2

Реферат

Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

1. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

6 апта




6-ші апта

3

Межелік бақылау

Тест





8- ші апта




8- ші апта

4

Реферат

Табиғи қорлар

1.Ермолаев Б.В. Основные положения о ноосфере. Единство биосферы и человека. – М., 1999.


11апта




12 пата

5

Реферат

Биосфера және оның ресурстары

1.Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому развитию, Рио-де-Жанейро, 1992. Том 1, Нью-Йорк, 1993.

14 апта




14 пата

6

Межелік бақылау

Тест





15апта




15 апта



12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері
Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.


  1. Тұрмыстық құрал-жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экологиялық талаптар.

  2. Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері.

  3. Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар.

Егер де қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеген болса, онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағасымен сәйкескеледі.

Емтихан қорытындысы сол күні белгілі болады немесе келесі күні, себебі, егер емтиханның екінші кезеңі сол күні түстен кейін жазбаша түрде өтілген болса.

ЖБ, ҚБ және ЕҚ 0 ден 100 пайыздық мөлшермен есептелінеді.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағамен және межелік бақылау бағасымен есептеледі.

Оқу жетістіктері, яғни студенттік білімдері біліммен, дағды-машықтармен, пән бойынша келесі әріптік жүйе және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквмваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі баға шкаласымен

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.


Студенттердің өздік жұмыстарын (СӨЖМ) мұғаліммен орындау кезіндегі төрт негізгі қызметтері қарастырылып отырады. Бұлар:

Бірінші - оқу пәні бойынша бастапқы сессия кезеңіндегі мұғалімдерден алынған мәліметтер бойынша студенттердің белсенді қабылдауының негізін іске асыру

Екінші - курстық және бақылау жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауы, әдеби кітап тізімдерін, оқу-әдістемелік нұсқауларын оқып тануының барлығы мұғалімнің айтуы бойынша студенттің өздік жұмысымен істелінетін қызметі болып табылады. Осы деңгейде студенттің өзінің білімін, жұмыс істеу әдістерін байқап, іске асыруы қажет. Өз-өзін ұйымдастыра білуі керек.

Үшінші – өздерінің қиын жағдайларындағы оқу материалдарын талдау және жүйелеу. Өздерінің түсінбеген тақырыптарын мұғаліммен келіп сұраулары қажет. Өздерінің берілген тапсырмаларын реттеп оқуы керек.

Төртінші – студент мұғалімге келіп кеңес, түсіну үшін қосалқы материалдар алуы керек.

Сіздерге сәттілік тілейміз!!!
Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 С. Д. Фазылов , З. М. Молдахметов, А. М. Ғазалиев. Қазiргi заманғы жаратылыстану концепциялары: оқулық, Ғылым. 2003.


2Горелов, А. А. Концепции современного естествознания: учеб. пособие для вузов

АСТ: Астрель 2003.

3 Горелов, А. А. Экология: учебник для студ. для вузов, обучающихся по гуманитарным спец. Академия.2007.

4 Н. А. Мұхажанова., Жаһандық экология:оқу құралы. Экономика.2011.

5 А. Қ. Саданов [және т. б.]. Экология және тұрақты даму:жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Агроуниверситет.2010.

6 М. Ш. Әлинов. Экология және тұрақты даму:[оқу құралы]. Бастау.2012.

Қосымша

7 Н. Түменбаева. Қоршаған ортаны бақылау:практикум [техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына ұсынады]. Фолиант, 2009.

8 Данилова В.С., Кожевников Н.Н., Основные концепции современного естествознания. М.: Аспект Пресс, 2001. 256 с.

9 С. Ж. Колумбаева, Р. М. Білдебаева, М. Ә. Шәріпова., Экология және тұрақты даму:оқу құралы. Қазақ университеті. 2012.




Силлабуспен танысу парағы



Ф СО ПГУ 4.01.2/02





Ф.И.О. студента

Дата ознакомления

Подпись

1










2










3










4










5










6










7










8










9











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет