5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына арналған



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142175
1   2   3   4

Дәріс №9 Матаның құрылымы.



  1. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамасы

  2. Қарапайым тігістер

  3. Майда өрнекті айқаспалар

  4. Ірі өрнекті айқаспалар

Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады.

Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.

Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды. Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.

Қарапайым (тегіс) айқаспалар

Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.

Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.

Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.

Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.

Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады.иСаржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталынады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жаарқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.



Майда өрнекті айқаспалар.

Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.

Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады.

Күрделі айқаспалар

Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.

Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.

Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.

Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі.

Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана отырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.

Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.

Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады.

Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.

Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.

Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады.

Ірі өрнекті айқаспалар.

Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.

Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, сонымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.

Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады.

Тоқыма өндірісінің ақаулары

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда пайда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді.

Матаның ақауларына төмендегілер жатады:

- жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

- өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

- негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде, арқаумен айқаспаған түрінде жатады;

- сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен

айқаспаған;

- кем тоқылғаны - арқау жағынан сирек жерлері;

- жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері;

- қосарлы жұп - негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда;

- арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол - арқау жібі бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда болады;

- арқаулық ілмектер, ілмек - ширатылмалар арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;

- кірлену мен май дақтары - матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;

- түрлі арқау - ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;

- тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) - суреттің кейбір жерлерінде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Тоқыманың айқаспа түрлері

  2. Қарапайым тігістің ерекшелігі

  3. Ірі өрнекті айқаспалар

  4. Майда өрнекті айқаспалар

  5. Тоқыма өндірісінің ақау пайда болу себебі



Дәріс №10. Трикотаж өндірісі.


  1. Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы

  2. Трикотаж бұйымдарын өндірудің тәсілдері

  3. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері

  4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері

Трикотаж - бұл ілмектерден тұратын, бойлай және көлденең бағытта

өзара айқасқан, бір немесе бірнеше жіптерден іліп тоқылған тоқыма бұйымы немесе жайма. «Трикотаж» ұғымы бұйымдардың кең көлемін қамтиды: жасанды үлбір, шұлық-ұйық, іш және сырт киімі, пальто, кілемдер мен шілтер және балық аулау торлары.

Трикотаждың құрылымы ілмектердің мөлшері мен форма- сы, олардың өзара байланысы және орналасуымен сипатталынады. Трикотаждың негізгі элементі - ілмек, оның құрылысы әр түрлі болуы мүмкін, және осы жай трикотаждың құрылымы мен қасиетіне маңызды әсер етеді.

Тағайындалу мен шикізаттың түріне қарамастан, трикотаждың кез келген түрі іліп тоқу арқылы алынады.

Іліп тоқу - бұл трикотаждан бірмезгілде біртіндеп, бойлай немесе көлденең бағытта ілмектердің құрылуы.



Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы

Ілмек екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5-6) тұрады. 2-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-7 созылманы пла- тиналы доға деп атайды.

Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар деп атайды.

Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен белгілейді.

Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) және негізжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді.

Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылынады. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауы- сады, сонан соң үшіншіге.

Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль бағытпен) тез сөгіледі. Негізжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (негізжіп) құралынады.

Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.

Сонымен, негізжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді. Негізжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады.

Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан (а-б), ілмек басы (б-вг) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан (д-е мен д^-е1) тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен

бірігеді.

Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек. Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады.

Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды. Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдарлама

бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және формасы бір бірінен өзгеше болу мүмкін.

Трикотажды, матаға ұқсас метражды құбырлы жайма, ұзындығы мен ені белгілі құбырлы купон ретінде және формасы лекалоға жақын жазық немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады.

Трикотаж бұйымдарды өндірудің негізгі үш тәсілі бар: пішілген, жүйелі, жартылай жүйелі.

Пішу тәсілі матаға ұқсас, тоқылған трикотаж жаймасын пішеді, яғни жаймада бұйым бөлшектерінің контуры бойынша пішіп, содан кейін тігу арқылы қажетті форма беріледі, бұл тәсілде, пішу кезінде, қалдықтардың мөлшері 18-23% дейін болады.

Жүйелі тәсілінде трикотаж бұйымдардың бөлшектері әдетте пішуді қажет етпейді. Сондықтан бұл тәсіл шикі затты тиімді пайдала-нумен сипатталынады. Жартылай жүйелі тәсіл жоғарыда көрсетілген тәсілдерден айырмашылығы, трикотаж құбырлы немесе жазық купон түрінде тоқылады. Купонды бір бірінен бөлгіш ілмектер қатары арқылы ажыратады, оның төменгі қатары әдетте тарқатылмайды тігуді талап етпейді. Купонды жазық және шеңберлі тоқу машиналарында өндіреді. Әдетте оларды қолтық, мойын ойындысы мен жең түбі бойынша сәл пішеді. Трикотаждың осы өндіру тәсілі пішу тәсілімен салыстырғанда

тиімді, бұйымға жұмсалған жайманың шығыны 2-5 % төмендейді және сырт трикотаж бұйымдарын шығаруда ең кең таралған тәсілі болып та-

былады.


Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері.

Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады. Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады.

Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.

Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары басым болады).

Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады.

Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады.



Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері

Басты негізжіптік өрімдерге тізбекше, трико, атлас жатады. Тізбекше - жалаң өрім, оның ілмектері бір бағанада бір жіптен және әрбір келесі ілмегі алдыңғының үстінде орналасады. Тізбекше ашық және жабық ілмектерден тұрады. Тізбекше оң жағына шиыршық (спираль) түрде бұрылады, бұл өрімнің созылымдылығы шамалы. Тізбекше тек басқа өрімдермен бірге бірігіп қолданылады, өйткені жеке өзі жайманы құрамайды.

Трико - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас екі ілмек бағанада кезегімен ирек орналасады. Өрімнің оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады. Трико жеңіл формасын өзгертеді және жіп үзілген кезде ілмек бағанасы бойымен жеңіл тарқатылады. Әдетте жиі басқа өрімдермен бірге қолданылады.

Атлас - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас ілмек бірнеше (кемінде үшеу) бағанада кезегімен ирек орналасады. Атластың оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады.

Трикоға қарағанда айырмашылығы, атластың көлбеу созылмалары неғұрлым жайпақ орналасқан. Жіп үзілген кезде атлас ілмек бағанасы бойымен тарқатылады және кесілген шеті бойынша бұрылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер


  1. Трикотаж ұғымы

  2. Трикотажды ілмек түрлері

  3. Трикотаж бұйымдарын өндірудегі негізгі тәсіл

  4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері


Дәріс №11. Беймата жаймаларын өндіру.



  1. Беймата жайма өндірісі

  2. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

  3. Инетесімді беймата жайма өндіру

  4. Желімді беймата жайма өндіру

Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.

Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады. Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.

Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.

Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.

Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.



Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру.

Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады.

Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту- түту агрегаттарында орындалады.

Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орындалады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау маши- наларында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған.

Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салынады. Талшықтары көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігетін машинаға жіберіледі.

Жайғақтың ені және қалындығы тордын (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты.

Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады.

Жайғақтарды тоқыптігу Маливатт және Арахне типті машина- ларда орындалады.

Тізбеорауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалуқұрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды. Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон, хлорин, лавсан құрама жіптерді қолданады.

Инетесімді беймата жайма өндіру.

Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады. Жайғақ (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге конвейер 2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зона- сына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары біресе төмен жүріс орындайды.

Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар

жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады.

Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады. Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы бай- ланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процесстің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне байланысты болады.

Желімді беймата жайма өндіру

Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт - мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар.

Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды

немесе құрғақ тәсілмен орындалады.

Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1-ГН, СКН- 40, БНК латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыратумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады.

Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет.

Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен болады.

Одан басқа тағыда ылғалды тәсіл - қағаз жасау тәсілі - қолданылады. Оның мәні иіруге жарамсы, ұзындығы 2 мм дейін (әдетте тез балқитын) талшықтардың немесе фибридтартардың және байланыстырғыштың суспензиясы қағаз жасау машинасының торына жіберіледі. Торда белгіленген қалыңдықпен жайма түрінде материалдың қабаты қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен өңдеуге кейде каландрлеумен бірге өңделетін жайма алынады. Фибридтар негізгі талшықты материалға қарағанда тез балқитын болғандықтан жібіп жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерін жасайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Беймата бұйымдарының түрлері

  2. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

  3. Желімді беймата жайма өндіру



Дәріс №12. Тоқыма материалдарды өңдеу.


  1. Тоқыма материалдарды өңдеу

  2. Бояуға және сурет жасауға дайындау.

Тоқыма станогынан түсірілген матаны сұр немесе өңделмеген мата деп

атайды. Оның құрамында әртүрлі табиғи серіктес заттар, кір және қосымша

қоспалар болады, сырт түрі өңсіз болып келеді және тігін бұйымдарын өндіруге жарамсыз болады. Сондықтан сұр матаны өңдеу қажет.

Маталарды өңдеу - олардың сапасын жақсарту, тауарлық түр беру, тігін өндірісінде пішуге дайындау, қыртыстанбағыш, суға төзімділік қасиеттерді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін көптеген химиялық, физика-механикалық операциялардың жиынтығынан тұратын технологиялық процесс.

Маталарды өңдеу процессі төрт кезеңнен тұрады матаны тазарту және дайындау, бояу, сурет басу, соңғы өндеу.

Әрбір кезең өз алдына бірқатар физика-механикалық және химиялық операциялардан тұрады.

Ол операциялардың түрлері және олардың орындалу тәртібіне маталардың талшық құрамы әсерін тигізеді. Әрбір операцияны жүргізгенде қолданылатын химиялық заттардың концентрациясын және өңдеу режимінің температурасын қатаң түрде қадағалайды. Ол мата талшықтарының сапасын жоғалтпау үшін өте маңызды. Маталардың талшық құрамына байланысты химиялық реагенттердің құрамы және өңдеу тәртібі тағайындалады.



Бояуға және сурет жасауға дайындау.

Мақта - маталарды өңдеу. Мақта - маталарды тазарту және дайындау келесі технологиялық операциялар орындалу арқылы орындалады: сұр матаны қабылдау және талдау; отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту; мерсерлеу; түктеу.


Барлық маталар үшін тазарту және дайындау сұр матаны қабылдаудан және талдаудан басталады. Бұл кезеңде тоқымашылықтың түрлі ақауларын анықтау және оларды жою, өңдеудің келесі опера- цияларын жүргізуге өндірістік партия құрастыру орындалады. Өңдеу операциялардың барлығынан өткізу үшін мақта маталары бірнеше жүздеген бөліктерден тұратын ұзын үздіксіз таспаға біріктіріп тігіледі. Әрбір бөлікті алдын-ала жуғанда кетпейтін бояумен белгілейді.

Мата қабылдау және талдаудан өткенен кейін отпен шарпу операциясына жіберіледі. Отпен шарпу матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтарды күйдіріп жою үшін жүргізіледі, бұл операцияны конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі.

Операцияның мәні матаны 2,5 - 3,0 м/сек жылдамдықпен қатты қыздырылған беттен өткізу болып саналады. Нәтижесінде матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтар күйіп кетеді, матаның беті тазарады. Түкті және түктелетін маталар, сонымен қатар дәке отпен шарпылмайды, осылай өңделген мата шлихтасыздандыру операция- сына жіберіледі. Шлихтасыздандыру келесі жүргізілетін операциялардың орандалуын жеңілдетету мақсатымен шлихтадан және басқа табиғи қосымша заттардан матаны ажырту үшін жүргізіледі. Матаны шлихтасыздан- дыру үшін оны 30-400С температурада суға салып арнайы жәшіктерде матаның тығыздығына

қарай 4 - 24 сағатқа жатқызылады. Шлихтасыз- дандыруды тездету үшін қышқыл немесе сілті ертіндісінде өңдейді. Суланған матадағы крахмал гидролизденіп сумен жақсы жуылып шай- ылады. Сонымен қатар матаны ферменттермен өңдеу арқылы жедел шлихтасыздандыру кеңінен қолданылады.

Шлихтасыздандырылған мата жұмсарады және суды сіңіру қабілеті жоғарлайды.

Ақ түсті мата алу үшін ағарту операциясы жүргізіледі. Ағарту кезінде матаға сұр немесе сарғыш түс беретін табиғи бояғыш зат- тар бұзылады және түссізденеді. Ағартқыш заттар ретінде әртүрлі тотықтырғыштар қолданылады. Оларға сутек пероксиді, натрий хло- риты және гипохлориты жатады. Ағартқыштармен малып сығылған мата біршама уақыт арнайы жатқызылады, одан кейін жуылады, сығылады және кептіріледі. Сутек пероксидін қолданғанда ағарту процесі хлорлы ағартқыштарды қолданғанмен салыстырғанда тез өтеді. Ағарту процесі үздіксіз тәсілмен арнайы агрегатта немесе ар- найы қазанда өткізіледі.

Ағартылған матаның гигроскопиялық қасиеттері өте жоғары және ашық түске жеңіл боялады. Ағартудан өткен маталар мерсерлеу немесе түктеу операцияларының біріне жіберіледі. Мерсерлеу деп керілген түрде матаны 15-180С температурада 30 - 50 секунд уақытта 25 % күйдіргіш натр ертіндісімен өңдеуді айтады. Операцияның атауы белгілі Француз химигі Мерсердің реакциясының

атымен аталады. Сұр өңделмеген мата 2 - 3 минут уақытта өңделеді, мерсерленген мата жылтырланады, жібек тәріздес, гигроскопиялығы және беріктігі жоғарлайды,

мерсерленген маталар бояуды жақсы сіңіреді және бояуы берік, ашық түсті болады.

Матаның бетінде талшықты түк жасау үшін түктеу операциясын жүргізеді. Түктеу арнайы инелі түктеу машинасында орындалады. Машинаның инелері матаның арқау жіптерінен талшықтарды шығарып оларды бір бағыттан екінші бағытқа тарайды. Жақсы түк жасау үшін матаны түктеу машинасынан бірнеше рет өткізеді. Түктеуге мата сұр және ағартылған түрде жатады.

Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды тазарту және дайындауды мақта - мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді. Бірақ. оларға қарағанда байқастап, технологиялық операцияларды бірнеше рет қайталап орындайды. Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес заттар, әсіресе лигнин, көп мөлшерде бо- лады. Олар әдетте қиын ыдырайды. Осының салдарынан зығыр ма- талар қайнатудан, ағартудан және басқа өңдеуден қиындықпен өтеді. Сонымен қатар, талшықтарды бұзып алмау үшін, матаның қасиеттерін жоғалтпау үшін технологиялық процесстерді қатаң қадағалау қажет. Зығыр маталар көбіне біршама ағартылған жіптерден шығарылады. Осылардың бәрі зығыр маталарын өңдеу технологиясын жасағанда ескеріледі.

Зығыр маталарын тазарту және дайындау технологиялық процессі келесі сұлба бойынша орындалады: отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту. Шлихтасыздандыру матаны жылы суға салып, одан кейін 10 - 12 сағатқа қалдыру арқылы орындалады. Қайнату әдетте екі рет қайталанады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Тоқыма материалдарды өңдеу

  2. Бояуға және сурет жасауға дайындау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет