Тамақ өнімдері өндірісіндегі тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар
Несие саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: тамақтық және биологиялық белсенді заттар жөнінде қажетті теориялық білім қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Тағамдық қоспаларды қолданудағы бақылау, нормалаудың гигиеналық принциптері, жіктелінуі. Өнімдердің сақтау мерзімін ұзартатын заттар. Антитотықтырғыш мен консерванттарды қолдануда технологиялық нұсқаулар, негізгі қасиеттері мен құрамы. Табиғи және синтетикалық бояғыш заттардың сипаттамасы мен қасиеттері. Тағамдық хош иістендірушілердің жіктелінуі. Хош иіс және дәм беруші күшейткіштер. Қышқыл түзушілер және тұз алмастырғыш заттар. Гель түзушілер, қоюландырғыштар тұрақтандырғыштар. Эмульгаторлардың сипаттамасы және қасиеттері. Оларды қолдануға технологиялық нұсқаулар.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: тамақтық қоспалардың (ТҚ) негізгі кластарын, ТҚ негізгі өкілдерінің химиялық табиғатын, ұсынылатын мөлшерлері мен ет және балық өндірістеріне арналған тамақтық және биологиялық қоспаларды қолдану әдістерін, қазіргі тамақтанудағы биологиялық белсенді қоспалардың рөлін біледі.
Іскерлік: тамақ өнімінде болатын әр тағамдық қоспаның тағайындалуын, ет және балық өнімдеріндегі тағамдық және биологиялық қоспалар мөлшерін қолдану мен бақылай алады.
Дағды: алған білімдерін тамақ өнеркәсіптерінде ары қарай қолдана алады.
Құзіреттілігі: білімін тамақ өнеркәсібі өнімдерінің ассортименттерін көбейту үшін жаңа тамақтық қоспалар аумағында пайдалана алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
17
|
ONIPPP 0217
|
Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми зерттеулердің негіздері
Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: тамақ өндірісінде ғылыми зерттеудің теориялық негізін, ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түсініктерін үйрету.
Қысқаша мазмұны: ЖОО-да студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары,ғылыми зерттеу жұмыстарының жіктелінуі. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері – ақпараттарды жинақтау және талдау. Жұмысшы гипотезаны және тәжірибе жасау тәсілдерін ойластыру, алынған мәліметтерді өңдеу және талдау. Ғылымдардың жіктелінуі. Техникалық ғылымдар. Қазақстан республикасының техника саласы бойынша саясаты. Университетте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Техникалық жоғарғы оқу орындарында ғылыми кадрларды даярлау. Ғылыми зертеу жұмыстары тақырыптарын нәтижелігі жағынан бағалау. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Ғылыми зерттеулердегі ақпараттың рөлі. Ғылыми ақпараттарды өңдеу, жинақтау және іздестіру. Ғылыми құжаттар мен басылымдар. Мемлекеттік және халықаралық теорилық ғылыми зерттеу жүйесі. Теориялық зерттеулердің мақсаттары және әдістері. Теорилық әдістерді зерттеуде қолдану. Математикалық, аналитикалық және болып қалуы мүмкін статистикалық әдістер. Тәжірибе мақсаты және типі, жіктелінуі. Тәжірибелік зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз ету. Тәжірибе жасаушының жұмысшы орны. Тәжірибе сапасы және оның жүруіне психологилық факторлардың әсері. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижесін өңдеу. Тәжірибе нәтижесі өңдеудегі статистикалық және графикалық әдістер. Теориялық шешімдердің адекваттылығына баға беру.Экспериментті теорилық жоспарлаудағы элементтері. Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін даярлау. Ғылыми жұмыстардың мазмұны. Әдебиеттердің кіріспесіне, белгіленуіне, алғы сөздеріне шолу жасау. Рефераттарды аннотациялау. Басылымға шығатын статьялардың шығарылым тәртібін реттеу.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдерін, теориялық, тәжірибелік зерттеу жүргізудің реттілігін, ғылыми-зерттеу жүргізу құрамын, тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістерін біледі.
Іскерлік: патенттік ізденіс жүргізуді, ғылыми зерттеудің жұмыс гипотезасын пішіндеуді, тәжірибелік зерттеуді жоспарлауды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерін құруды біледі.
Дағды: тәжірбе жүргізуге дағдыланған, тәжірибелік мәліметтерді математикалық өңдеу жүргізе алады.
Құзіреттілігі: ғылыми-зерттеу жұмыстары аумағында базалық білімін көрсете алады, білімін сараптамада ұштастыра біледі.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
18
|
Pat 0218
|
Патент тану
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – Тамақ өнімдері өндірісіндегі ғылыми зерттеулер негізі, Тамақ өнімдері өндірісіндегі тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар.
Оқыту мақсаты: патенттанудың теориялық негіздерін үйрену, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында патенттік ізденіс аумағында сараптамалық білімін қолдана білуге үйрету.
Қысқаша мазмұны: Интелектуалды меншік (өндірістік) объектілерді қорғау аймағында шет елдерде және Қазақстан Республикасында заңдар шығару. Патенттік құжаттамалардың ерекшеліктері мен құрылымдары. Жеке меншік өндірістердегі объектілерге өтініш құру. Патенттік құқықтадың көлемдерін анықтау үшін ойлап табынды формулаларының мағынасы. Патентке жарамды техникалық шығармашылықты объектілердің материялдарын дайындау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: патенттану кезеңдерін, интеллект меншіктерін қорғау аумағы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын біледі.
Іскерлік: өнертабысқа тапсырыс беруді, өнертабыс формуласын құруды, патенттік ізденіс жүргізуді біледі.
Дағды: патенттану білімін игерген, ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс істей алады.
Құзіреттілігі: патентану аумағында базалық білімін көрсете алады, білімін сараптамада ұштастыра біледі.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
19
|
OTTBO 0219
|
Еңбекті қорғау және саланың техника қауіпсіздігі (курстық жұмыс)
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздікті терең сезетін, мамандарды дайындау.
Қысқаша мазмұны: Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері. Төтенше жағдайлар. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері. Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар. Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау. Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері. Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторларын, олардың әсер ету салдарын, адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптерін, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет.
Іскерлік: төтенше жағдайларды бағалау әдістерін және олардың салдарын жою, төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық нысандарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен әдістерін меңгеру, зақымдану ошағының техникалық есептерін жүргізе білу, өндірістің техникалық үрдістерін және өндірістік қызметтің экологиялығын және қауіпсіздігін жоғарлату бойынша қажетті шараларды түсіну, травмалық, зиянды және зақымдаушы факторлардың адамға анатомо-физиологиялық салдары туралы түсіне білу, травматологиялық зақымдану, аса қауіпті инфекциялық аурулар белгілерін ажырата білу және алғашқы медициналық көмек көрсете алуы керек.
Дағды: өмір сүру ортасында адамның тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздерін, халықты қорғау әдістерін, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативті – техникалық негіздерін тиімді пайдалану дағдылары болуы керек.
Құзіреттілігі: тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында базалық білімін көрсету.
Бағдарлама жетекшісі: ауылшаруаш.ғ.д., проф. Жанадилов А.Ю.
|
20
|
OPS 0220
|
Құрылыс өндірісінің негізі (курстық жоба)
Несие саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – Ет және балық өндірісі кәсіпорындарын жоспалау және жобалау негіздері, Қоғамдық тамақтану орындарын жоспарлау және жобалау негіздері, Тамақ саласының шағын кәсіпорындары.
Оқыту мақсаты: Әрекет ететін құрылыс нормалары мен ережелері сәйкес жобалау және құрылыс бойынша әдістемелер, жобалау каталогы, құрылыстық құрылым бөлшектерін тану, ғылым және техника дамуына байланысты өндіріс саласына сәйкес өнеркәсіптер жобалау.
Қысқаша мазмұны: Нормативті құжаттар, өндіріс орындарының жобасы жайлы ұғым, жобалардың технико-экономикалық көрсеткіштері, өндіріс орындарының жоспарлары, құрылыс материалдары және сантехникалық жабдықтар, СанЕжН талаптарын сақтау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Әрекет ететін құрылыс нормалары мен ережелері сәйкес жобалау және құрылыс бойынша әдістемелер, жобалау каталогы, құрылыстық құрылым бөлшектерін тану, ғылым және техника дамуына байланысты өндіріс саласына сәйкес өнеркәсіптер жобалау, желдер бағытын құру.
Іскерлік: «Өнеркәсіп өндірістерінің санитарлық нормалары» инструкциялары және басқа да нормативтік құжаттамалармен жұмыс жасай алады, өздігінен «Жел бағыты» диаграммасын қоя алады.
Дағды: тамақ өндірісі және қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінің құрылыс, ғимараттарын жобалау;
Құзіреттілігі: өндірістік ғимаратты жобалауда өндірістік ғимараттың және құрылыстың басты жоспар сұлбасын жасау.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Қасымов С.Қ.
|
21
|
OGPST 0221
|
Санитарлы техника және өндірістегі гигиена негіздері (курстық жұмыс)
Несие саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – Ет және балық өндірісі кәсіпорындарын жоспалау және жобалау негіздері, Қоғамдық тамақтану орындарын жоспарлау және жобалау негіздері, Тамақ саласының шағын кәсіпорындары.
Оқыту мақсаты: Әрекет ететін құрылыс, санитария нормалары мен ережелері сәйкес жобалау және құрылыс бойынша әдістемелер, жобалау каталогы, құрылыстық құрылым бөлшектерін тану, ғылым және техника дамуына байланысты өндіріс саласына сәйкес өнеркәсіптер жобалау.
Қысқаша мазмұны: Өндірістегі гигиена және санитарлы техниканың жалпы жағдайы. Стандартизация және сертификация органдарымен өзара қарым-қатынас. Нормалар мен талаптар. Лаборотория орнына және өндіріс объектілеріне талаптар қою. Өндірістік санитария және гигиена. Өндіріс орындарындағы құрылыс экологиясы.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Нормалар және талаптар. Өндіріс нысандарына және зертхана бөлмелеріне арналған талаптар. Өндірістік санитария және гигиена. Өндірістік өнеркәсіптердің құрылыс экологиясы.
Іскерлік: «Өндірістік өнеркәсіптердің санитарлық нормалары» нұсқауларымен және басқада нормативтік құжаттамалармен жұмыс істей білу, «Жел бағыты» диаграммасын құра білу.
Дағды: тамақ және өндеу өндірісі нормативтік-техникалық құжаттамаларымен, санитарлық нормалармен жұмыс істеу.
Құзіреттілігі: санитарлық және гигиеналық ережелерді есепке ала отырып өндірістік ғимаратты жобалауда өндірістік ғимараттың және құрылыстың басты жоспар сұлбасын жасау.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Қасымов С.Қ.
|
22
|
ATP 0222
|
Технологиялық процесстерді автоматтандыру (курстық жұмыс)
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер –жоқ.
Оқыту мақсаты: Әр түрлі өлшеу түрлері мен әдістерін оқыту, қолданылатын өлшеу құралдарының дәлдік класы мен қателіктерін анықтауды, сонымен қатар кейбір аспаптарды техникалық параметрлері сай келетін басқа құралдармен ауыстыруды үйрету.
Қысқаша мазмұны: Автоматтандыру құралдары және өндірістік аспаптар мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдары және олардың сипаттамалары. СИ классификациясы. СИ жүйесінде өлшеу дәлдігін арттыру әдістері. Температура, қысым, сұйық, газ және сусымалы материалдар шығыны.Зат салмағын өлшеу. Дозаторлар. Деңгей өлшеу және шығынды бақылау және реттеу аспаптарының конструкциясы мен жұмыс істеу принциптерін меңгеру. Сұйық тығыздығын өлшеу. Тығыздық өлшеу аспаптарының классификациясы. Сұйық тұтқырлығын өлшеу.Тұтқырлық өлшеу аспаптарының классификациясы. Концентрацияны өлшеу. Өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу. Өндірістік реттеуіштердің реттеу құрылғылары. Атқарушы механизмдер және жұмысшы органдар. Функционалды сұлбаны автоматтандыру. Технологииялық процесті автоматтандыру жүйесін жобалау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Өлшеу теориясының негізгі түсініктерін, физикалық шамалар мен өлшем бірліктерін білу; практикалық есептерді шешуде физикалық шамаларды дұрыс таңдай білу; өлшеу нәтижесінің қателігін анықтауды,өлшеу нәтижесінің қателігіне әсер етуші факторларды және оларды жоюды.
Іскерлік: Технологиялық процесстердегі параметрлерді реттеу және бақылау үшін өлшеу жүйелерін таңдай алуы керек; таңдалған өлшеуіш жүйенің экономикалық тиімділігін және сенімділігін бағалауды жүргізу; сыртқы факторлармен шақырылған өлшеу қателіктерін компенсациялау әдістерін таңдауды жүргізе алу.
Дағды: Өлшеу жүйесі элементтерінің параметрлерін есептеуде, өндіріс жағдайында зерттеу жүргізу және эксплуатациялауда өлшеу құралдарын және біріншілік түрлендіргіштерді тексеру және күйге келтіруде практикалық тәжірибе болуы.
Құзіреттілігі: Автоматтандырылған қондырғыларды эксплуатациялауда, автоматтандыру тұрғысынан технологиялық процесстердің анализін, белгілі бір процессте қолданылатын автоматтандыру құралдарын таңдауда базалық білімін көрсете алуы.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент - Золотов А.Д.
|
23
|
AASU 0223
|
Автоматика және автоматтандырылған басқару жүйелері
(курстық жұмыс)
Несие саны – 2 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Өлшеу түрлері мен тәсілдерін, қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктері мен дәлдік кластарын, технологиялық процестерді автоматтандыру құралдырын таңдауды игеру.
Қысқаша мазмұны: Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Өлшеу құраладары мен олардың сипаттамалары. Өлшеу құралдары мен өлшеу мәліметтері жүйесінің типті құрылымдық элементтері. Өлшеу құралдарының элементтері мен типті құрылымдық сызбалары. Технологиялық параметрлерді өлшеуге арналған құралдар. Реттеуші қондырғылар. Автоматты реттегіштер теориясы. Автоматты реттеу жүйелерінің негізгі түрлері. Автоматты функционалды сызбалар. Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесін жобалау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Өлшеу теориясы, физикалық өлшем мен бірлік негіздерін, өлшеу нәтижелерінің қателіктерін анықтау тәсілдерін, өлшеу нәтижесінің қателігіне әсер ететін факторларды және оларды болдырмау тәсілдерін, реттеу заңдарын таңдау тәсілдерін және реттегіштердің оңтайлы баптауын анықтауды біледі.
Іскерлік: Технологиялық процестердің параметрлерін бақылау және реттеуге арналған өлшеу жүйелерін таңдау, таңдалған өлшеу жүйесінің экономикалық тиімділігі және сенімділігін бағалау, сыртқы факторлар (электрлі және магнитті өріс әсерінен қоршаған орта температурасының өзгеруі және т.б.). әсерінен болатын өлшеу қателіктерін компенсациялау тәсілдерін таңдау сияқты іс шараларды жүргізе алады.
Дағды: Өлшеу құралдарын пайдалануға дағдысы қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Өлшеу жүйесі элементтерінің параметрлерін есептеу, өндірістік жағдайда қолдануға және зерттеу жүргізуге жеткілікті мөлшерде өлшеу құралдары мен бір ретті түрлендіргіштерді баптау және тексеру, автоматты реттегіштерді есептеу салалары бойынша базалық білімдерін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Р. Бекбаева
|
24
|
SMSPP 0224
|
Тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық қасиеттері
Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 31 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық қасиеттері туралы, қасиеттерді анықтау, сапалық көрсеткіштерді анықтау әдістері.
Қысқаша мазмұны: Инженерлік физико-химиялық механиканың ғылыми негізі. Жалпы жағдайы. Құрылым типтері. Дисперсия түрлері. Дайын өнім мен шикізаттың негігі құрылымдық механикалық қасиеттері және реологиялық денелердің жіктелінуі. Тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық сипаттамасын өлшеуге арналған приборлар мен әдістер.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: өндеу өндірістерінің технологиясында прогресивті физикалық тәсілдерді және инженерлік реология әдістерді қолдану; техникалық шешімдер және оларды есептеудің негізгі әдістерін дәлелдейтін теориялық және экономикалық сипатты мәліметтер, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
Іскерлік: тамақ өнімдерінің электрофизикалық, құрылымдық-механикалық, оптикалық, акустикалық сипаттамаларды анықтау және олардың арасындағы сапалық және сандық байланыс құру; үрдістер және жұмысшы органдар инженерлік есептеу және аппаратура тандау.
Дағды: өнімдер қасиеттерін сапалық бағалау, бұл әдістерді өндірісте қолдануға жол ашатын технологиялық және биохимиялық зерттеулер, бұл бағыттын болашағы.
Құзіреттілігі: компоненттік құрамды және шикізатты тиімді қолдануды теорялық және тәжірибелік негіздеме негізінде тамақ өнімдерінін технологиясын және өндеу әдістерін жетілдіру.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Қасымов С.Қ.
|
25
|
OKPP 0225
|
Тамақ өнімдерінің сапасын бағалау
Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 31 несие.
Постреквизиттер – Шикізат пен азық-түлік өнімдерін бақылау және сапасын бағалау, Метрология, стандарттау, сертификаттау негіздері, Азық-түлік өнімдерінің тауартануы.
Оқыту мақсаты: ғылыми, өндірістік және технологиялық әрекеттер орындау үшін қажет студенттермен білімді қабылдау.
Қысқаша мазмұны: Тамақ өнімдерінің сапасына әсер ететін негізгі физикалық және химиялық факторлар. Тамақ өнімдерінің физико-механикалық қасиеттері және химиялық құрамы. Шикізаттың қасиеттері және оның сапасын анықтаудың әдістері. Тамақ өнімдерінің сапасына әсер ететін технологиялық процестер мен операциялар параметрлері.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: тамақ өнімдерін сапасын анықтау әдісі және әдістемесі, нормативтік-техникалық құжаттамалар, реактивтермен жұмыс істеу.
Іскерлік: тамақ өнімдерінің органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық, құрылымдық-механикалық көрсеткіштерін анықтау.
Дағды: тамақ өндірісінде қолданылатын тәжірибелік дағдылар.
Құзіреттілігі: әртүрлі әдістермен тамақ өнімдерін жасау және сапасын бағалау.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Қасымов С.Қ.
|
26
|
SMK 0226
|
Сапа менеджментінің жүйесі
Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – Метрология, стандарттау, сертификаттау негіздері.
Оқыту мақсаты: сапа менеджмент жүйесін әсерлі қолдану арқылы тұтынушылардың қанағаттануын көтеру.
Қысқаша мазмұны: Өнімнің сапасы басқару объектісі ретінде. Өнімнің сапа көрсеткішінің жүйесі және сапа мәні. Сапаны басқарудың эономикалық эффектісі. өнім сапасының методологиялық жоспарлау негізі. Сапаны басқарудың теориялық негізі. Тамақ өндірісі өнеркәсібінде және қоғамдық тамақтану орындарында өнім сапасын басқару. Стандартизация, метрология және сертификация, халықаралық стандарттар ИСО – 9000 и ИСО – 14000 негіздері. Сапаны басқару және сапа жүйесін басқарудағы ИСО – 9001 талаптар. ҚР стандартизация және метрологиясы нормативтік базасы және заңдылықтары. Сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) қолдану аумағы және мақсаты мен міндеттері. Сапа менеджменті төңірегіндегі ұйымдардың жұмысын жақсарту ұсыныстары. Өнімнің сертификациясы және сапа менеджментінің жүйесі.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: СМЖ құжаттамаларындағы нормативтік талаптар мен заңдылықтарды біледі.
Іскерлік: СМЖ талап ететін құжаттамалар мен жазбаларды басқара алады.
Дағды: Сапа аумағында ойлап табу саясаты мен мақсаттын қамтамасыз етеді. Талдау мен іске асыруды және де құжаттарды қайта бекіте алады.
Құзіреттілігі: сапа менеджменті жүйесі аумағында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. - Асенова Б.Қ.
|
27
|
PAРР 0227
|
Өңдеу өндірістерінің процестері және аппараттары
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Инженерлік графика, Теоретикалық және қолданбалы механика.
Постреквизиттер – Жылутехника, Өндеу өндірістерінің машиналары мен жабдықтары, Технологиялық үрдістерді автоматтау.
Оқыту мақсаты: Инженерлік ойлау қабілеті кең, процестерді аппаратты-технологиялық рәсімдеудің ғылыми принциптерін түсінетін, жабдықтардың негізгі техника-экономикалық сипатын бағалай алатын және тіректісін таңдай алатын, процестердің интенсивтілігі мен үнемділігінің жоғары резервтерін таба алатын, өнімнің өзіндік құны мен шығын нормаларын азайта алатын, өндірістің әсерлігін жоғарлату үшін ғылыми зерттеу әдістерін білетін мамандарды дайындау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |